Дәріні тері астына енгізудің медбикелік технологиясы

Тері астына дәрі жіберу сыйымдылығы 1-2мл шприцпен орындалады,

иненің ұзындығы 30-40мм. Тері астына 3мл дейін сұйықтық жіберуге

болады.

Мақсаты:емдеу мақсатымен дәрілік заттарды жіберу.

Көрсеткіштері: дәрігердің нұсқауы.

Қарсы көрсеткіштері: дәрілік заттарға аллергиялық реакциялар,

иньекция жасалатын орынның тері аурулары және тері асты май

қабатының ісінулері.

Асқынулары: инфильтрат, дәрілік заттарды қателесіп енгізу, вирустық

гепатит, ЖИТС, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок, сепсис.

Жабдықтау :

бір рет қолданылатын 1-2 мл шприц, залалсыздандырылған орамдағы

ауыстыратын ине, 4 қабатты залалсыздандырылған дәкемен жабылған

залалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған пинцет, тану

материалдары бар бикс, 70% этил спирті, дәрілік заттар, қолданылған

заттарға арналған контейнерлер (класс А және Б)

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз.

2.Тағайындалған дәрі жайында білетін-білмейтінін анықтаңыз, оны

қолдануға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

1. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, сақтау мерзімін

тексеріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигімен өңдеп,

залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

3. Сыртқы орауын ашып , шприцті жинаңыз, шприцке дәріні сорып

алыңыз.

6. Шприцті лотоктағы залалсыздандырылған дәкенің арасына қойыңыз.

7. Пациентті жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

8. Ине салатын орынды саусағыңызбен басып көріңіз, ине салатын жердің

терісін 70% спиртке малынған мақта түйіршікпен екі рет өңдеңіз:

алдымен үлкен аймақта, содан соң – инъекция жасалатын орынды.

9. 3-ші спиртті мақта түйіршігін сол қолдың 4-ші және 5-ші

саусақтарының арасына орналастырыңыз.

10. Оң қолыңызға лотоктағы шприцті алыңыз, ине салатын жердің терісін

сол қолыңыздың екі саусағымен қысып ұстаңыз.

11.Шприцті теріге 450С бұрышта ұстай отырып, иненің 2/3 бөлігін

енгізіңіз.

11. Сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын цилиндрдің ұстайтын

бөлігіне орналастырып, 1-ші саусақпен поршенді итеріп, дәрілік затты енгізіңіз.

12. Ине салынған орынға 70% этил спиртіне малынған мақта түйіршікті

қойыңыз, инені тез суырып алыңыз.

14. Қолданылған шприцті арнайы қорапқа салыңыз.

15.Қолғапты шешіп, арнайы қалдықтарға арналған контейнер-ге (ҚАК)

салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

17.Пациенттің хал-жағдайын сұраңыз.

 

Инсулинді енгізу ережесі

Инсулинге тәуелді қант сусамырын емдеуде инсулин препараттарын қолданады (инсулин - ұйқы безінің гормоны, көмірсулар алмасуына қатысады). Ағза клеткалары глюкозаның сіңірілуіне мүмкіндік туғызады, жасуша мембранасы арқылы глюкозаның тасымалдануын жеңілдетеді, глюкозадан гликогеннің пайда болуын және оның бауырға жиналуын жандандырады.

Инсулин препараттары әсер ету ұзақтығына қарай үш топқа бөлінеді:

- Қысқа мерзімдік (6-8сағат-моноинсулин, инсулрапт,актрапид, инсулин- реттеуші-илетин, Н- инсулин,қарапайым инсулин );

- Әсер ету мерзімі орташа ұзақтықта (14- 18 сағат) – инсулин - семиленте,семилонг, инсулонг, илетин және т.б.

- Ұзақ мерзімге әсер ететін (20-24-36 сағат) – инсулин - ультралепте, ультралонг, ультратард;

Әрбір препараттың нақты комбинациясы және енгізу жиілігі әртүрлі болуы мүмкін.

Инсулиннің тәуліктік дозасын гликемия деңгейін ескере отырып, эндокринолог тағайындайды. Тәулік ішінде инсулин дозасын глюкозуриялық және гликемиялық профильдерді ескере отырып, түзетіп отырады.

Инсулин препараттары сүйық түрде флакондарда болады. Әрбір мл – 40Б, 80 Б немесе 100 Б болады. Инсулин дозасын қандағы және зәрдегі қант мөлшерінің көрсеткіштеріне сәйкес есептеп береді. Инсулиннің бір бірлігі 2 грамнан 5 граммға дейін қантты қосып алады.

Инсулинді енгізу үшін арнайы инсулин шприцтері қолданылады:

- Флаконда 40 Б инсулиннен сорып алуға белгіленген арнайы шприцтер.Бұл шприцтің әрбір бөлшегінде 1Б инсулин болады.

- Флаконда 100 Б инсулиннен сорып алуға белгіленген арнайы шприцтер. Бұл шприцтің әрбір бөлшегінде 2Б инсулин болады.

- Сыйымдылығы 1,0-2,0мл инсулиндік емес шприцтерге инсулинді дұрыс сорып алу үшін оның бөлшегінің бағасын білу керек; 1,0мл шприцтегі бөлшек санын білу керек.1мл- 40 Б инсулин болады. 40 Б бөлшек санына бөлу керек. 40:10 = 4 Б, яғни бір бөлшекте 4Б инсулин болады. Өзіңізге қажет инсулин мөлшерін шприц бөлшегінің мөлшеріне бөлесіңіз, мысалы: 36:4 =0,9мл.

- 100 Б инсулинді сорып алуда шприцтің бір 1Б болады деп алады. Осыдан, мұндай шприцтің 0,1мл 10Б болады, 0,2мл-20Б, 0,3мл-30Б болады.

Инсулинді енгізу

Мақсаты: қандағы глюкозаның деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің нақты дозасын енгізу.

Көрсеткіші: инсулинге тәуелді қант сусамыры, кетоацидозды және комалық жағдайларды емдеу.

Қарсы көрсеткіші: гипогликемиялық кома, осы инсулинге аллергиялық реакцияның дамуы.

Асқынулары: аллергиялық реакция, липодистрофия, ісінулер.

Енгізу орындары: иықтың сыртқы жоғарғы 3/1 бөлігі, санның алдыңғы жағының ортасы, құрсақ қабырғасының алдыңғы бүйір беті.

Жабдықтау: инсулин ерітіндісі бар флакон, тері антисептигі, залалсыздандырылған: мақта түйіршіктері, бір рет қолданылатын инсулин шприці, қолғап, қолданылған заттарға арналған контейнерлер (класс А және Б), дезинфекциялық ерітіндіге салынған пинцет.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке іс –шараның мақсатымен орындалу барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Гигиеналық деңгейде қолыңызды өңдеп, тері антисептигімен сүртіңіз, қолғапты киіңіз.

3.Флакон сыртындағы дәрінің атын оқып шығыңыз, дозасын, концентрациясын, жарамдылық мерзімін тағайындау парағымен тексеріп шығыңыз.

4.Екі қолдың алақанымен флаконды жылжыта отырып қозғаңыз, ерітінді біркелкі бұлыңғыр болғанша (флаконды сілкуге болмайды). Қысқа мерзімдік инсулин мөлдір болады, оны қозғап араластырудың қажеті жоқ.

5. Флаконды жылы суға орналастырып, 36-37˚С дейін жылытыңыз.

6.Орамдағы инсулин шприцін алыңыз. Орамның бүтіндігін және жарамдылық мерзімін анықтаңыз. Орамды ашып, шприцті жинаңыз.

7.Залалсыздандырылған пинцетпен флаконның темір қақпақшасын ашыңыз.

8.Тері антисептигімен ылғалданған мақта түйіршігімен флаконның резеңке қақпағын екі рет сүртіңіз. Спирт кепкенше, флаконды қоя тұрыңыз.

9.Инсулин шприцін қолыңызға алыңыз, поршенін өзіңізге қанша бірлік инсулин қажет болса, сонша мөлшерге кері тартыңыз.Бұл кезде шприцке ауа сорылады. Сорып алынған ауа мөлшері енгізілетін инсулин мөлшеріне тең болады.

10.Шприцке сорып алған ауаны инсулин флаконына жіберіңіз.

11.Пациентті отырғызыңыз немесе жатуын сұраңыз.

12.Инъекция жасалатын орынды екі рет тері антисептигімен өңдеңіз:

алдымен үлкен, содан кейін кіші аймақта. Терінің құрғауын тосыңыз.

13.Иненің қалпақшасын шешіңіз, енгізер алдында ауасын шығарыңыз

және инсулиннің қажет дозасын белгілеп алыңыз.

14.Шприцті оң қолыңызға алыңыз.

15.Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің өңделген жерінен ұстаңыз,

үшбұрыштың негізі төмен қарап тұруы керек.

16.Кесіндісін жоғары қаратып үшбұрыштың негізіне 30-45˚С бұрышта

ұстап, иненің 3/2 бөлігін енгізіңіз.

17.Сол қолыңызды босатыңыз.

18.Ине тамырға түспегенін тексере отырып, инсулинді баяу енгізіңіз.

19. Инені жылдам алып, орнына құрғақ мақта түйіршігін қойыңыз,

қолғапты шешіңіз.

20. Пациентке 20 минуттың ішінде тамақ ішуін сұраңыз.

21. Қолданылған заттарды қолданылған заттарды контейнерге салыңыз;

22. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- Инсулин дозасы бірлікпен өлшенеді: инсулиннің үш түрлі концентрациясы болады: 40Б/мл; 80Б/мл; 100Б/мл. Шприцтегі белгілерді түсіну маңызды, өйткені енгізілетін инсулин мөлшері оның концентрациясына байланысты болады, яғни мл бірлік саны. Сондықтан, енгізілетін инсулиннің концентрациясына арналған шприцті қолданған жөн. Шприцті дұрыс таңдамауы инсулин дозасының дұрыс болмауына әкеліп соғады, бұл қандағы глюкоза концентрациясының шамадан тыс артық (гипергликемия) немесе кем (гипогликемия) болуына әкеледі.

- Кейде инсулинді бір орынға енгізе берсе, липодистрофияға әкелуі мүмкін;

- Инсулин жақсы әсер етуі үшін таңертеңгісін оны құрсақ терісіне

(осы жерде ол жақсы сіңеді), күндіз-иықтың жоғарғы сыртқы бөлігіне, кешке санға немесе жамбасқа салған жөн.

106.Дәріні бұлшық етке енгізудің медбикелік технологиясы

Салатын орындары:иықтағы дельта тәрізді бұлшық еті, санның алдыңғы сыртқы аймағы, жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі. Бұлшық етке инъекция жасағанда дәрілер қанға біртіндеп сіңеді, әсіресе антибиотиктер. Иненің ұзындығы майлы қабатының көлеміне байланысты, себебі ине эпидермис, дерма, майлы қабаттарынан өтіп бұлшық етке жетеді. Сондықтан иненің ұзындығы 60 – 80мм болу керек.

Мақсаты: Емдеу мақсатымен дәрілік заттарды бұлшық етке енгізу.

Көрсеткіштері: дәрігердің нұсқауы.

Қарсы көрсеткіштері: бұлшық ет атрофиясы, дәрілік заттарға аллергиялық реакциялар, иньекция жасалатын орынның тері аурулары және тері асты май қабатының ісінулері.

Асқынулары: инфильтрат, иненің сынып кетуі, жүйке талшықтарының зақымдануы, майлы эмболия, абсцесс, дәрілік заттарды қателесіп енгізу, вирустық гепатит, ЖИТС, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок, сепсис.

Жабдықтау:

-бір рет қолданылатын 5-10 мл шприц, иненің ұзындығы 40-60мм,

4 қабатты залалсыздандырылған дәкемен жабылған залалсыздандырылған

лоток, залалсыздандырылған пинцет, таңу материалдары бар бикс, 70%

этил спирті, дәрілік заттар, қолданылған заттарға арналған контейнерлер

(класс А және Б)

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз.

2.Тағайындалған дәрі жайында білетін-білмейтінін анықтаңыз, оны

қолдануға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

3.Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, сақтау мерзімін

тексеріңіз.

4.Пациентті ыңғайлы жағдайға орналастырыңыз: дәріні жамбасқа

енгізетін болсаңыз- пациентті ішіне немесе қырымен; ал санға енгізетін болсаңыз- оны арқасымен, аяқтарын тізе буында аздап бүге жатқызыңыз немесе отырғызыңыз, иыққа енгізгенде- жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

5. Инъекция жасалатын орынды анықтап, киімінен босатыңыз.

6.Пальпация арқылы инъекция жасалатын орынды тексеріңіз.

7. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсыздандырылған

қолғапты киіңіз.

8.Сыртқы қорабын ашып, шприцті жинаңыз, дәріні сорып алаңыз, шприцті

залалсыздандырылған лотокқа дәкенің арасына орналастырыңыз.

9.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

10.Инъекция жасалатын орынды тері антисептигімен бір бағытта екі рет

өңдеңіз: алдымен үлкен аймақты, сосын кіші – инъекция жасалатын

орынды. 3-ші спиртті мақта түйіршігін сол қолдың 4-ші және 5-ші

саусақтарының арасына орналастырыңыз.

11.Шприцті оң қолыңызға ұстаңыз: бесінші саусақпен иненің канюлясын

ұстаңыз; екінші, үшінші, төртінші және бірінші саусақтармен шприцтің

цилиндрінен ұстаңыз.

12.Сол қолыңыздың 1-ші және 2-ші саусақтарымен ине салатын жердің

терісін тартыңыз.

13. Жамбастың сыртқы жоғарғы бөлігіне шприцті тік 900 С градуста ұстап,

иненің түбінен 0,5см қалдырып, бұлшық етке енгізіңіз.

14. Сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын цилиндрдің ұстайтын бөлігіне

орналастырып, 1-ші саусақпен поршенді итеріп, дәрілік затты енгізіңіз.

15. Ине салынған орынға 70% этил спиртіне малынған мақта түйіршікпен

басыңыз. Инені тез суырып алыңыз.

17. Қолданылған шприцті арнайы қалдықтарға арналған контейнер-ге (ҚАК)

салыңыз.

18.Қолғапты шешіп, арнайы қорапқа салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:егер пациент дәріні бірінші рет алып отырса, оның жағдайын 30 минутқа дейін қадағалап отырыңыз. Инъекция жасаған жеріне массаж жасамайды. Инъекцияны пациент ұзақ мерзімде қолданса, бір сағаттан кейін жылытқыш беріңіз немесе йодтық тор сызығын жасаңыз.

Іс –әрекет алгоритмі:

-Иньекцияны бұлшық етті 4ке бөліп жоғарғы шетіне салу қажет.

- Иньекция жасар алдында щприцтің тамырға түсіпегенін анықтау қажет.

-Инфильтрат кезінде иньекция салған жерге иойдпен өңдеу жасау керек

- майлы дәріні жіберу алдында жылыту керек,жылы судатемпературасы – 370 – 380 С.