Азақстан тарих пәні және оның міндеттері

Тарих- бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын ұғынуға, өзінің азаматтық ұстанымын дұрыс анықтауға, орын алған құбылыстар мен оқиғаларға өз көзқарасын білдіруге және олардың маңызы мен бағытын терең ашуға мүмкіндік беретін тарихи ойлау болып табылады.

Тарих ғылым ретінде халықтың ұлттық санасын қалыптастыруы, әсіресе, өз тәуелсіздігін жариялаған кезде орнықтыруы және әлемдік қауымдастықта өзін тең құқылы мүше ретінде сезінуі тиіс.Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі міндеттері мыналар:

Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу;

Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу;

Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау.

Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді.

Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.

Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаттары мынадай:1.тарихи дәуірлерге талдау жасау;2.этностық тарихқа талдау жасау;3.түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;4. түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.

Қазақстан тарихы келесі кезеңдерге бөлінеді:

- ежелгі дәуірлерден б.д. VI ғ. дейін - Қазақстанның ежелгі тарихы;

- б.д. VI ғасырынан б.д. XVIII ғ. дейін - ортағасырлық Қазақстан тарихы;

- XVIII ғасырдан XX ғ. басына дейін - Қазақстанның жаңа тарихы;

- 1917-1991 жж. - Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тарихы.

- 1997 жылдан тәуелсіз Қазақстан тарихы. Қазақстан тарихы мол дерек көздеріне ие. Оған мыналар енеді:

- археологиялық деректер;

- этнографиялық деректер;

- жазба дерек көздері;

- халық ауыз әдебиетінен алынатын ақпараттар.

Ежелгі жазба дерек көздеріне ежелгі парсы сына жазумен жазылған кітаптар және Ахеменид патшаларының жазбалары жатады.

Көне түркі дәуірі, этникалық және әлеуметтік-саяси құбылыстар туралы ақпараттар түркі қағандарының руникалық жазбаларынан алынады. Кейіннен Қазақстанда ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша көптеген материалдардан құралған бай ислам әдебиеті пайда болды.Қазақ халқының тарихы М.Х.Дулати, Қ.Жалаиридың (XV-XVI г.ғ) еңбектерінде көрініс тапқан.ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі Ресей зерттеушілері тарапынан (Рычков, Левшин, Радлов, Бартольд) жүргізілді.

Ш.Уәлиханов, С.Асфендияров, М.Тынышпаев қазақ халқының тарихын зерттеуде мол үлес қоса білді.

№2 «Тас дәуіріндегі Қазақстан»

Адамзат тарихындағы ең алғашқы кезең тас дәуірі деп аталады.Ежелгі тас ғасыры (ерте палеолит) б.з.б 2млн жыл б.з.б140мың жылдықты қамтидыОрта палеолит б.з.б 140мың жыл б.з.б 40мың жылдықты қамтиды (мустьер)Кейінгі палеолит б.з.б 40мың жыл б.з.б12мың жылдықты қамтиды.Тас дәуірі үш кезеңнен:палеолит, мезолит, неолиттен тұрады. Жер бетіндегі ежелгі адамды – епті адам деп атайды. Алғаш рет осы алғашқы адамдардың қалдықтары Шығыс Африка жеріндегі Кения жерінен табылған.«Тік жүретін адам» оларды ғалымдар питекантроп пен синантроп деп атаған. Бірінші питекантроп 1891ж Ява аралынан табылған. Синантроп 1927ж Пекин маңындағы Чжау коу дянь үңгірінен табылған қазақстан территориясында табылған алғашқы адамдардың іздері ежелгі тас дәуіріне жатады. Палеолит кезеңінің тұрақтары Қаратау жотасы аумағынан алаш рет табылды. Қол шапқы, үшкір тас құралдар ерте палеолитте жасалды.Палеолит дәуірінде ең көп тараған жануар – мамонт..

Ежелгі адамдардың ұйымы – үлкен қауым орта палеолитте (мустьер) дәуірінде қалыптасты. Бұл дәуірге жататын ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Қаратаудан табылды. Мустьер дәуірінің еңбек құралдары Сарысу өзенінің орта ағысындағы Мұзбел деген жерден табылды. Орта палеолитте өмір сүрген адамдарды неандерталь деп атады. Неандерталь адамы Германиядан табылды. 1938ж Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9жастағы неандертальдық баланың сүйегі табылған. Ол неандерталь баланың бет әлпетін белгілі антрополог ғалым М.М.Герасимов қалпына келтірді.Кейінгі палеолит дәуірінде «саналы адам» қалыптасты. «Саналы адам» Франциядан Кроманьон үңгірінен табылды. «Саналы адамды» кроманьондық деп те атайды. Бұл дәуірде пышақ тіліктер, балықтарды аулауға ыңғайлы ілмекті сүңгілер,ретушь(түзету) әдісі мен өңделген қырғыштар, кескіштер, дротиктер(ағаш сапты жеңіл найза) қолданыла бастады. Бұл дәуірдегі адамдар рулық қауым болып өмір сүрді. Кейінгі палеолитте адамдар көбінесе қолдан салынған баспаналарда тұрды және өнер пайда болды.Бетпақ, Қарабас – кейінгі палеолит тұрақтары Орталық Қазақстаннан табылды.Шульбинка тұрағы- Шығыс Қазақстаннан табылды. Орта тас (мезолит) дәуірікезеңі шамамен жеті мың жылға созылды.Жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келді. Бумеранг 100м қашықтыққа дейін ұшатын. Аңшылықпен садақ пен жебенің пайда болуынан бастап аздаған адам топтары мен жеке аңшылар айналыса алатын болды. Бұл кезеңде жебе мен садақтың доғал және домалақ ұштары терісі бағалы аңдарды аулау үшін пайдаланылды. Адамдар мезолитте жануарларды қолға үйретіп, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасай бастады. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошель, шель, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошельді қамтитын ежелгі кезең бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.з.б. 2,6 млн. жылдан басталады.Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шель мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.Кейінгі тас (неолит) дәуірі.Неолит дәуірінің басты ерекшелігі - өнімді еңбектің пайда болуы. Адамдар мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналыса бастады және саз балшықтан, отта күйдіріп жасалатын – керамика қыш ыдыс жасауды үйренді. Ыдыстарға неолит дәуірінде геометриялық ою- өрнектер салынды. Тас өңдеу әдістері неолит дәуірінде жоғары дәрежеге жетті, яғни тас өңдеудің жылтырата тегістеу әдісі қалыптасты. Ғылымда бұл құбылыс «неолиттік төңкеріс» деп аталды. Және бұл дәуірде граниттен – дән үккіштер, кетпен, микролит дайындау меңгерілді. Аналық ру неолитте қалыптасты.

Қарақұдық Оңтүстік Қазақстаннан, Усть- Нарым Шығыс Қазақстаннан, Қаратомар Солтүстік Қазақстаннан табылды. Көктүбек, Жағабұлақ, Темір Батыс Қазақстаннан табылды.(ескерткіштер)Неолит дәуірінде өлгендерді өзі өмір сүрген тұрағына жерледі. Ертедегі адамзат қоғамында еңбекке бейімі бар, адам ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады.Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған, Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.«Homo erectus» - тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Қытайдағы Чжоу-коу-дян-үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал б.з.б. 45-35 мың жылдықта Франциядағы Креманьон жотасында қазіргі адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды.

Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы 12-5 және 5-8 мың жылдықтардың арасын қамтиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі).Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.