Кіші жүз қазақтарының С. Датұлы бастаған көтерілісі

Сырым Датұлы басқарған көтеріліс патша үкіметіне қарсы бағышталған ең алғашқы көтерілісіміздің бірі еді. Осы көтерілістің әр-алуан шығу себептері бар. Соларға тоқтала кетейік.Көтерілістің негізгі себебі жер мәселесі еді.Патша үкіметінің отаршылары Кіші жүз жеріне бірнеше қорғандар салған еді. Сол қорғандар арқылы олар осы құнарлы жерлерді иелене бастады. Негізгі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар бірте-бірте өз жерлеріиен айырыла бастады. Жер қазақ халқы үшін ең бірінші, басты, үлкен мәселе болды.Екінші себебіне тоқтала кетсек онда қазақ халқы өз жерінде еркін жүре алмады, бірте-бірте бас бостандығынан айырыла бастады. Кейбір феодалдар патша үкіметінің жарлықтарына бас ұрып, өз халқының мүддесін ойлаудан аулақтана түсті.Үшінші бір себебі - Кіші жүздің солтүстігінде орналасқан ондаған қамау қоршаулардан әлсін-әлсін жасаған казак-орыс шабуылдары қазақ халқының ауылдарын талап, маза бермеді. Төртінші себебі ең негізгі еді. Кіші жүз ханы Нұралы билер жиналысын өткізбей, барлық мәселелерді өзі шешуге тырысты. Осыйдай себептерге байланысты Кіші жүз халқы арасында толқулар бола бастады. 1783 жылы патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы көтерілісті Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан старшина, халық арасында беделі мол, соғыс тәсілін жете меңгерген, өзінің, ерлігімен, батылдығымен көзге түскен, халықтың ой-арманын білдіре алатын Сырым Датүлы басқарды. Сырым Датүлының сарбаздары онша көп емес еді, бірақ көп кешікпей Кіші жүздің әр руынан көптеген кол келіп қосылды. Олар: Көтібар сұлтан, Бекет батыр, Жоламан Тіленшіұлы бастаған сарбаздар еді. Жалпы көтерілісшілер саны 6 мың адамға жетті. Алайда шабуыл жасалар күні Нұралы хан патша үкіметіне хабарлап қойған еді. Жаудың күні бүрын әзірленуіне байланысты көтерілісшілер қамалдарды ала алмады. 1786 жылы Нүралы хан қолынан ешқандай іс келмейтін, қауқары жоқ дәрменсіз ханға айналды. Қолынан ешқандай іс келмейтін, дәрменсіз ханды екінші Екатерина арнайы жарлықпен ханның тағынан тайдырды Кіші жүздің губернаторы Игельстромның реформасы жүзеге аса бастады. Игельстром реформасының мақсаты жойылған хандық үкіметінің орнына патша үкіметі тағайындайтын старшиналардың басқаруын кіргізу еді.. Игельстром реформасы бойынша Кіші жүзде шекаралық сот пайда болды. Сол шекаралық соттың көпшілік құрамы патша үкіметінің адамдары болды. Игельстром реформасы жүзеге аса берді. Алайда Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы ірі сұлтандардың наразылығын қоздырды. Еуропадағы француз революциясынан корқып қалған патша өкіметі қазақ жерінде хандықты калпына келтыругетырысты.1790 жылы Уфа қаласында Нұралы хан өлгеннен кейін Кіші жүзге патша өкіметі Ералы сүлтанды хан қылып сайлады. Ералы сүлтан Абылхайырдың екінші баласы, Нүралы ханның бауыры болған еді. Ералы хан болып сайланысымен Кіші жүзде хандық үкіметке қарсы күрес өршй түсті. Қаруланған кіші жүз шаруалары билердің ауылдарына шабуылды күшейтті. Патша үкіметінің Кіші жүз территориясына жазалаушы отрядтар жіберуі халық бүқарасының наразылығын одан әрі өрістете түсті. Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілер керек кезінде жеңіл жасақтарға бөлініп көтеріліске қарсы шыққан, патша үкіметінің малайына айналған сүлтандар мен билердің, өз халқының мүддесін сатқан старшиналардың, хан түқымының ауылдарын шабуға кірісті. 1794 жылы жаз айында Ералы хан дүние салды. Патша үкіметі Ералы ханның өлімінен соң ұзақ уақыт келесі хан тағайындауға асықпады.Тек 1796 жылы қазан айында жекелеген аз топ билердің үйғаруымен Кіші жүз ханы болып Нүралы ханның ұлы Есім сайланған еді. Жаңа сайланған хан Сырым Датұлы басқарған қозғалысты толық басып тастауға барлық күш-жігерін пайдаланды. Алайда осы жағдай халық қозғалысын тоқтата алмады. 1795 жылдан 1796 жылдары қыс айларында Кіші жүзде халық үшін стихиялық үлкен апат -«жұт» басталды. Осы жүттың нәижесінде жүздеген ауыл адамдарының көптеген малының қырылуына әкеліп соқты.26-27 наурыз күндері көптеген жасақтарының бірі хан ордасына шабуыл жасап, ханның ауылын ойрандап, Есім ханды өлтіріп тынды. Ханның туысқандары қашуға мәжбүр болды. Ханның өлтірілуін ести сала патша үкіметі орал казак-орыстарының" атаманы Донсковқа көтерілісшілерді жазалап, хан туыстарын қорғауды бұйырды. Кіші жүздін ханы Есімнің көтерілісшілердің қолынан қаза табуы патриархалдық феодалдық билеуші топты қатты қорқытты. Сондықтан Кіші жүздің билеуші Ірі феодалдары патша үкіметімен ымраға келуге әзір екендігін, егер патша үкіметі жаңадан хан тағайындаса, сол ханды хан деп тануға әзір екендігін білдірді.Сырым Датұлы басқарған көтерілістің аяқталуы 1796 жылы желтоқсан айында патша үкіметі Орынбор губерниясын, Сібір және Уфа губерниясын калпына келтіруге жарлық берді. Осыдан кейін әскери губернатор болып барон Игельстром қайтадан тағайындалды. Әскери губернаторға Кіші жүздегі қозғалыстарды басу тапсырылды. Патша үкіметі халықтың көңілін табу үшін хан кеңесін үйымдастырды. Кіші жүзде хандық кеңестің қүрылуы қарапайым халықты алдау мақсатында патша үкіметінің түлкібұлаң саясаты еді. Хан кеңесіне 1797 жылы тамыз айында 1000 жасағы бар Сырым Датұлы келді. Хан кеңесінің осы бір мәжілісінде халықтың ауыр жағдайын ескере келіп, Сырым Датұлы өзінің көтерілісін тоқтатуға мәжбур болды. 1802 жылы Хиуа хандықтарына барып келе жатқан Сырым Датұлы қазаға ұшырады. Сырым Датұлы қасиетті адам. Оның моласына қонған адам дертті болса, тез жазылып кеткенін ел аузынан естуге болады.