Азақстандағы 1920-30 мәдени құрылыс

Ересектер арасында сауатсыздықты жою.Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін, ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921-1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлықхалықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15-50 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді.Кеңес өкіметінің алғашқы құндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады. Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоксанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді. 1919-1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды: Халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі; Жаңа окулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі; Қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының өлсіздігі. 1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабак өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 акпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы съезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді. Мысалы, 1928 жылы ағарту ісіне 12 млн сом жұмсалса, 1940 жылы бұл көрсеткіш 682 млн сомға дейін жетті.Сауатсыздықты жою ісі бойынша Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Бұның себебі - әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты.Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретінде көмегін тигізді.Сонымен қатар қазақ зилыларыда белсене ат салысты. Мысалы: Қ.Сәтбаев алгебра оқулығын, Ә.Бөкейханов география, А.Байтұрсынов суретті әліппе оқулықтарын жазды. 1929ж араб әрпінен латын әрпіне, 1940ж латын әрпінен кириллицаға (орыс әрпіне) ауыстырылды.1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағангды, Лениногорск, Тараз,Орал т.б.). 1928ж Қазақстандағы тұнғыш оқу орны ашылды. Ол Абай атындағы педагогика иниституты еді. 1931ж Алматыда медицина иниституты ашылды. Соғыс қарсаңында Қазақстанда 20жоғары оқу орны жұмыс істеген.С.Ж. Аспандияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті (Алматы мемлекеттік медициналық институты 1931 ж.) 1931 ж. сәуір айында қазақ жастары оқып, жоғарғы медициналық білім ала алатын бірінші институт ашылды.Институттың ашылған күнінен бастап бірінші директоры (ректоры) болып Петербург әскери-медициналық академиясын бітірген, партия мен мемлекеттің ірі қайраткері, білгір ұйымдастырушы, дәрігер, профессор С.Ж. Аспандияров тағайындалды.Институт жылдан жылға көркейіп дәрігерлер даярлайтын ең алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орнына айналды. 1938 ж. - педиатриялық факультет, 1943 ж. – санитарлық-гигиеналық факультет, 1951 ж. – фармацевтикалық факультет, 1959 ж. – стоматологиялық факультет, 1955 ж. – дәрігерлерді жетілдіру факультеті (кейінірек Қазақ Мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты), 1990 ж. – профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру және мамандарды қайта дайындау факультеті, 2006 ж. – постдипломдық білім беру факультеті (интернатура мен резидентура) ашылды. 1933 жылы институт Алма-Ата Мемлекеттік медициналық институт болып қайта аталды. 1939 жылы оған С.Д. Асфендияровтың аты берілді. 1996 жылы тамыз айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақ Мемлекеттік Медициналық Университеті, 2001 жылдың маусым айында – Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті болып қайта аталды. 2001 жылы шілде айында ҚР Президентінің Жарлығымен Университетке ерекше мәртебе берілді, сондай-ақ осы жылы Университет мемлекеттік ресми аккредитациядан, 2003 жылы ҚР БжҒМ мемлекеттік аттестатталуынан өтті. Қазіргі С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті жоғары медициналық білім беру саласында республикадағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Осы университеттің 60 кафедрасында 1000 жуық оқытушылар еңбек етеді, оның ішінде 120 ғылым докторы және 448 ғылым кандидаты. 5 факультетте 7500 студент білім алады, оның ішінде алыс шетелден келген 800 студент (Үндістан, Пакистан, Қытай, Монголия, Жапония және т.б.). Университеттің құрылу күнінен бастап 50 000 жуық дәрігерлер мен провизорлар дайындалып шығарылды.