Азақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы

1930-1950 жылдары кеңестік қоғамда орнаған саяси режім кезінде мемлекеттің жеке адам үстінен абсолюттік билігі орнады. Қазақстанда да барлық одактағы сияқты, мемлекеттік билік бір партияның қолына жинақталды. Тоталитарлық режімнің өзіне тән белгісі экономикада мемлекеттік-партиялық билік белең алды. Меншіктің мемлекеттік формасы Коммунистік партияға республиканың экономикалық, өмірін алдымен одақ мүддесіне сай құруға мүмкіндік әперді. Өнерқәсіпті құру және ауыл шаруашылығындағы ұжымшар-кеңшар жүйесі халық шаруашылығы жоспарының есебі бойынша жүргізілді. Тоталитарлық мемлекеттік жүйеге тән рухани сала күндылықтарын қалыптастыру Үшін Кеңес өкіметі алғашқы күндерден бастап мәдени революция міндеттерін шешумен айналысты. Халықтың санасезімін Коммунистік партия белгілеген идеологиялық ұстанымдармен сәйкестендіру әрекеті үздіксіз жүргізілді. қазақстандағы білім беру жүйесі, ғылым және мәдениет мекемелері мемлекет пен партия тарапынан қатаң бақылауға алынды. Тоталитарлық жуйе халықтың қоғамдық, экономикалық және саяси өтрін уысындастады. Қазақстанда коғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу 20-30-жылдары үзіліссіз жүргізілген саяси қуғын-сүргін шараларына ұласты. Еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары Бас басқармасы (ГУЛАГ) сол кездегі мемлекеттік жүйенің ажырағысыз бөлігіне айналды. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т.б. ұшырады.

Сонымен қатар 1937-1938 жылдары жазалау шаралары өте күшті өтті. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:

- Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтиев, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Меңдешев, С. Арғыншиев, А. Асылбеков т.б.

- қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, I. Жансүгіров, С. Сейфуллин, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Аспандияров, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Төлеповт.б.Ә. Бөкейханов 1866жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әкесі оны Қарқаралыға апарып, медресеге оқуға берген. 1879 – 1886ж Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886 – 1890ж Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890 – 1894ж Санк – Петербургтегы Орман иниститутының экономика факультетінде оқиды. Студент болып жүрген кезінде – ақ саяси талас – тартыстарға белсене араласып, ұлт – азаттық қозғалыстарға қатысты. Сол кездің өзінде «саяси белсенділігі үшін» патша жандармериясының қара тізіміне іліккен.сол себептен 1937ж ату жазасына іліккен.А.Байтұрсынов 1873жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сартүбек ауылында туылған. Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс – қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909жсаяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910ж Орынборға жер аударылады және сонда 1917ж дейін болады. 1921 -1928ж Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929ж 2маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік облыстарына жер аударылады.Кейіннен босап шығып, бірақ 1937ж қайтадан қамауға алынып, атылған.Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты. Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг т.б. Осылардың ішіндегі ең ірісі «ЧСИР» - халық жауларының отбасы мүше-леріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері атанды. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселке-обсервацияда Ресейден «халық жауы» ретінде жазаланғандар орналастырылды. 1930 ж. 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ деп атала бастады. Қазақстанда 30-жылдардың басынан лагерьлер жүйесі құрылды.