Тапсырма: Ғимараттың конструктивті элементтерін және бөліктерін жеке оқып, оларды сызыңыз

Тапсырма: Өз бетімен жеке участокты жобалау

 

Бақылау сұрақтары:

1. Бас жоспарды дегенді қалай түсінесіз?

2. Қаланың бас жоспары мен жеке участок бас жоспарының айырмашылығы неде?

3. Жел бағытын тұрғызып, бас жоспар жобалай аласызба, түсіндіріңіз?

4. Қозғалмалы ойынға арналған алаңдар тұрғын ғимараттың шығу жолына қалай орналасу қажет?

5. Қозғалмалы демалуға арналған алаңдар тұрғын ғимараттың шығу жолына қалай орналасу қажет?

 

Практикалы сабақ (1 сағат)

Тақырып:Ғимарат пен имараттың негізгі конструктивті элементтері және бөліктері. Қойылатын талаптары.

Мақсаты: Ғимарат пен имараттың негізгі конструктивті элементтері және бөліктерімен танысып, олардың түрлерін сызып, ғимарат пен имаратты жобалағандағы маңыздылығын оқып үйрену.

 

Имарат пен имараттың негізгі конструктивті бөліктері және элементтері

Ғимарат жер астыжәне жер үсті бөліктерінен тұрады.

Жер асты бөлігі:

· Іргетастар,

· Жертөлелер,

· Техникалық жертөле,

· Шұңқырлар.

Жер үсті бөлігі:

· Цоколь;

· Қабырғалар;

· Тіректер (ұстындар);

· Жабын және жамылға;

· Шатыр және жабын материалдары;

· Терезе және есіктер;

· Едендер;

· Баспалдақтар;

· Қоршаулар және т.б.

 

Цоколь – ғимарат қабырғаның шығып тұрған бөлігі немесе фундаменттің үстінгі бөлігінін жалғасы.

 

 

Ағаш қабырғаның каркасы

Тапсырма: Ғимараттың конструктивті элементтерін және бөліктерін жеке оқып, оларды сызыңыз

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Ғимарат пен имараттың негізгі конструктивті элементтерін атаңыз?
  2. Әр конструктивті элементтің атқаратын рөлі қандай?
  3. Конструктивті элементтерге қойылатын талаптар қандай?

 

Практикалы сабақ (1 сағат)

Тақырып:Тұрғын ғимараттардың көлемдік –жоспарлық шешімдері.

Мақсаты: Тұрғын ғимараттардың көлемдік –жоспарлық шешімдерін техника-экономикалық бағалауды есептеп үйрену.

 

1 Көлемдi-жоспарлық шешiм.

Көлемдi-жоспарлық шешiм деп ғимаратқа қойылатын функционалдық тағайындаулар және талаптарды қанағаттандыруға келісетін бiр кешендегi (орналастырылу) өлшемдері және формалары берілген бөлменiң құрастырылымын айтады. Көлемдi-жоспарлық шешiм жоспарда ғимараттың кескiнi және өлшемдермен, биiктiгi және қабаттардың санымен, пәтерлердiң құрамымен және орналастыруы, сонымен бiрге функционалдық аймақтарды орналастыруымен бейнеленедi. Көлемдi-жоспарлық шешiм отқа төзiмдiлiк дәрежесi және ғимарат класы сипаттамаларымен толықтырады.

2 Тұрғын пәтерлердi жобалау.

Адамдар тұратын ғимараттар тұрақты және уақытша тұруларға қолайлы пәтерлерден тұрады. Көлемдi-жоспарлық құрылымы бойынша тұрғын ғимараттар, яғни ғимараттың iшiнде пәтерлердiң орналастырылуы бойынша секция, коридор, галерея және құрастырмалы, үй-жайлық болып бөлінеді.

Пәтерлер өз кезегiнде тұру уақытында адамның қажеттiлiгін қанағаттандыруында келесi негiзгi айматары болады:

Ортақ аймақ - жанұяны қанағаттандыру, қонақ қабылдау, дербес жұмыстар үшiн арналған;

Демалыс аймағы – жатын бөлме;

Кiретiн таратушы аймақ - iлгерi, коридор;

Шаруашылық аймағы - асхана, ас үй-асхана;

Санитарлық-гигиеналық аймақ - дәретхана, ванна;

Қосалқы аймақ - қойма, погреб, гараж.

 

Бақылау сұрақтар:

1. Көлемдік жоспарлық шешім дегеніміз не?

2. Тұрғын пәтерлерді жоспарлауды қалай жүргіземіз?

3. Тұрғын ғимараттардың көлемдік-жоспарлық шешімдерін техника-экономикалық бағалауды көрсетіңіз

 

Практикалы сабақ (1 сағат)

Тақырып:Негіз және іргетастар. Негізгі түрлері және қойылатын талаптары. Жобалау ережелері.

Мақсаты: Негіз және іргетастар туралы түсіну, іргетас түрлерімен танысып, оған қойылатын талаптарды білу, топырақты беріктендіру әдістерін білу және төсеу тереңдігін анықтауды үйрену.

Іргетастар келесі түрдегідей болады (сурет1). Іргетастар жер үсті бөліктерінен жүктемелерді қабылдап және оны негіздікке беретін ғимараттың негізгі маңызды конструктивті элементтері болып табылады,. Іргетастар беріктік, төзімділік, шыдамдылық, құрылғы технологиялығы және экономикалық тиімділік талаптарын қанағаттандыру қажет.

 

Іргетастың конструктивті сұлбалар: а — таспалы қабырға астындағы, б — тағы сол сияқты, ұстын астындағы, в — қабырға астындағы бөрене тәрізді, г — жеке ұстын астындағы, д — бір тұтас балкасыз, е — тұтас балкалы, ж —қадалы. 1 —қабырға, 2 — таспалы іргетас, 3 — темірбетонды ұстын, 4 — темірбетонды іргетасты балка, 5 — бөренелі іргетас, 6 — қадалы іргетас роствергі, 7 — темірбетонды іргетасты плита, 8 — қадалар

 

Ғимараттың жер үсті бөлігі жататын іргетастың жоғарғы кеңістігін іргетастың жоғарғы беті немесе қима, ал төменгі негіздікпен түйісетін оны – іргетас тігісі деп атайды.

Жоспарланған топырақ бетінен тігіс деңгейіне дейінгі негіз қабаты жататын тереңдігіне сәйкес болатын арақашықтықты айтады. Сонымен қатар топырақтың қату тереңдігін ескеру қажет. Егер негіз ұсақтүйіршікті топырақтан (ұсақ және шаңды құм, суглина немесе саз) тұрса, онда іргетастың тігісін топырақтың қату деңгейінен жоғары болмайтындай етіп орналастыру қажет. От жағатын ғимараттардағы ішкі қабырға астындағы іргетастың бату тереңдігі топырақтың қату тереңдігіне байланысты емес; оны жер деңгейінен немесе жертөле еденінен 0,5 м төмен тағайындайды.

Iргетас жоспары деп iргетастың кеспелтегi деңгейінде көлденең жазықтықта ғимараттың қимасы деп аталады. Iргетас жоспары жүк көтергiш қабырғаның астындағы iргетас кескiнiн көрсетедi.

Iргетасты жоспарда іргатас тігіс конфигурациясын, бетонның астыңғы қабатын, бір төсеу тереңдіктен екінші тереңдікке өтетін кертпештер, құрама элементтердiң маркасы (iргетас, жастық, өлшемдерi бар блоктер), монолитті бөлімшелерді көрсетедi.

Iргетастың конструкциясын толық анықтау үшiн көлденең қималарды бередi. Қимада iргетас, қабырғаның төменгi жағы немесе цокольнiң нобайларын, бөлменiң еденi, жердiң бедерi, судан қорғауларды суреттейдi. Қимада керпештер, iргетастың жеке элементтерiнің, табан және iргетас тігісінің енi, сонымен бiрге екi өстерге олардың байланысуы бар қабырғалардың қалыңдығының өлшемдерін қояды. Қимада келесi белгiлердi қояды: 1 қабат еденінің деңгейі; қима; тігіс; жер беті деңгейi.

Бақылау сұрақтары:

1. Іргетас пен негіз дегеніміз не?

2. Іргетастың қандай түрлері бар, түрлеріне байланысты қолдану аймағы?

3. Іргетастарға қойылатын талаптар қандай және оларды берктендіру әдістерін атаңыз?

4. Төсеу тереңдігін қалай анықтаймыз?

 

 

Практикалы сабақ (1 сағат)

Тақырып:Азаматтық тұрғын үй-ғимаратының жоспары мен қималары, қасбеті.

Мақсаты: Азаматтық тұрғын үй-ғимаратының жоспары мен қималары, қасбетіг қарастыру.

 

1 Қасбеттер - бұл ғимараттың тiк жазықтыққа (сыртқы ғимараттың қабырғалары, терезе, кiретiн есiк, төбе) ортогональ проекциялары.

Қасбеттің сызбасы ғимараттың кескiн-келбетi, оның сәулеті және оның жеке элементтерiнiң байланысы туралы елестетулерді бередi. Қасбеттерді бөледі: бас, аула, бүйiрлеу (шет).

Бас қасбет - бұл ғимараттың көше немесе алаң жағынан қараған түрi. Басқа қасбеттердің анықтауы олардың атауынан шығады. Жобада әдетте ғимараттардың барлық жағының қасбеттерін бередi. Жобалардағы қасбеттердің атауы (1-17-шi қасбет немесе А-Н) шеткi басқарушы өстерiмен анықталады.

Атауын ғимараттың суретiнiң үстiне жазады. Қасбет масштабы минималды, бiрақ қабырғалардағы қабырғаның бедерiнiң көрсетуi, ойықтар (терезелiк және есiк), саңылаулары үшiн жеткiлiктi болуы керек. Сызбаларда қасбетті көрсетедi: деформация жiктерi; өрт кезіндегі шығулары; сыртқы суағардың құбырлары; қақпалардағы көлбеушелер; жалюз торлары; терезелiк түптердiң суретi немесе жармалар және ойықтардың нобайлары.

Егер қасбетте күрделi бөлiмшелер болады, оларды бөлек суретте iрiлеу масштабта көрсетеді, яғни қасбеттің бөлiгi орындалады. Қасбет сызбаларында өлшемдер қойылмайды.

Қасбеттерде көрсетедi: қасбет шетінде орналасқан басқарушы өстерi, жоспарда деформация жiктерi орындардағы және ғимарат биiктiктердiң құламаларының белгiнiң шығыңқы (метрде): жердiң деңгейі, қабырғалардың жоғарғы жағы, кiретiн алаңдар, (төменгi жағы және әр түрлi деңгейлерде орналасқан жоғары терезелiк және есiк ойықтар) алаңдардың элементтерiнiң жоғарғы жағы.

2 Тұрғын ғимараттың жоспарлары.

Жоспар – бұл есептiк көлденең жазықтықта бейнелелген қабаттың 1/3 биiктiгінде орналасқан ғимарат қимасының суреті. Тұрғын ғимараттар үшiн жорамал кесушi жазықтықты адамдар әрбiр қабаттың есiк және терезелiк ойықтарында орналастырады.

Ғимарат жоспары оның кескiнi және өлшемдер туралы түсінік бередi, жеке бөлмелер, көтеруші қабырғалар және қалқалар, басқыш торша жүк көтергiш терезелiк және есiк ойықтардың форманы және орналастырылуын айқындайды.

Жоспарда санитарлық-техникалық жабдықтар (ванналар, туалет, қол жуғыш, пештердің және түтін шығатын немесе желдеткіш каналдардың орналасуы, жиһаздардың орналасуы) көрсетіледі.

Жоспарды кіші масштабта орындаған кезде қиын бөліктері фрагмент ретінде көрсетіледі. Фрагмент ол жоспардың қандайда бір жеке бөлігі үлкен масштабта және жоғары дәрежеде бөлшектеніп көрсетуді білдіреді.

Тұрғын ғимараттар үшін жоспарлар жеке секция бойынша көрсетілуі мүмкін.

Жоспарда көрсетілуі тиіс:

Ғимараттың координационды өсі, шеткі өспен өс арасындағы арақашықтық.

Қабырға қоршау қалыңдығы олардың координационды өспен ілінісуі.

Проем (терезе, есік) өлшемдері және оларды маркерлеу.

Бөлме өлшемдері ( екі бағытта – ені, ұзындығы). Төменгі оң жақта бөлме ауданы көрсетіледі.

3 Тұрғын ғимараттың қималары

Ғимарат қимасы деп ойша тік жазықтықта сызылған ғимарат көрінісі. Сызбада қималар көлемдік және ғимараттың конструктивті шешімін,өзара жеке бөлмелер мен конструкциялар табу үшін орындалады.

Сызбаларда көлденең және бойлай қималы қолданылады. Қималардың бағытын ереже ретінде жоспар бойынша: төменнен-жоғарыға немесе оңнан солға. Көлденең қиманы орындаған кезде қима кеңістігін шатырға перпендикуляр немесе ғимараттың өлшемдеріне орналастырады. Қима кеңістігі бағытын маңызды конструкциялар мен ғимарат бөліктерінен өтетіндей етіп таңдайды: терезе және есік проемдары, баспалдақ торлары,балкон.

Қималарда кіргізеді және көрсетеді:

1 Ғимараттың координационды өстері және олардың шеткі өстермен арақашықтығы.

2 Жер деңгейінің, таза еденннің, қабаттар және алңдардың белгілері.

3 Жамылғы көтеруші конструкциясының төменгі белгісі.

4 Ққабырға қалыңдығы және олардың координационды өстемен байланысуы.

5 Проем және тесік биіктігі бойынша байланысу және өлшемдері.

Бақылау сұрақтары:

1. Қасбет дегенді қалай түсінесіз?

2. Ғимарат жоспары деген не және сызбада қалай көрсетіледі?

3. Қима дегенді түсіндіріңіз.

4. Бас қасбет дегеніміз не?

5. Қималарда нелерді көрсетеді?

 

 

Практикалы сабақ (1 сағат)

Тақырып:Азаматтық тұрғын үй-ғимаратының қасбеті. Олардың конструктивтік шешімдері

Мақсаты: Азаматтық ғимараттың жабыны мен едендерімен танысып, олардың конструктивті шешімдерін оқып үйрену.

 

Жабын және жамылғы жоспары – бұл жабын немесе жамылғы плиталарын монтаждаудан кейін сыртқы және ішкі көтеруші қабырғаларға орналастыру.

Жабын және жамылғы жоспарында көрсетеді:

- координационды өстерді, олардың арақашықтықтары;

- көтеруші қабырғалардың координационды өске байланыстыру.

ТБК дан шатыр және қабатаралық жабындардың жоспарын және ағаш балка бойынша ғимарат жоспарындағы масштабпен сәйкес етіп орындайды. Жоспарда ағаш балка бойынша көрсетеді: көтеруші қабырғалардың контуры, жабын балкаларын орнату, оларды анкерлеу, жабын қалқандар типі, люктердің орналасуы.

Балка жоспары сызбасында жеке түйістерді және бөлшектерді, қалқан балка маркасы, олардың қадамы, балка өсінен қабырға өсіне дейінгі арақашықтығы және басқа қажетті өлшемдері конструкцияларды анықтау және орналастыруды көрсетеді.

Т/б конструкцияларында жабын жоспарында көрсетеді: ғимараттың көтеруші қабырғасында сыртқы және ішкі контурлар, жабын плиталарының сұлбалары. Жоспарда жабын плиталарының маркасын, олардың саны, ені және панель шетінен қабырға кеңістігіне дейінгі арақашықтығы, олардың тіреу мәні, маркерлеуді көрсетеді.