Ндірістегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

1. Жалпы жағдайлар

9.1.Технологиялық желісітер операторына арналған нұсқаулық. Оның міндеттеріне керекті дәрілік заттарды өлшеу, араластыру, фильтрлеу, шынымен қораптау және картон қорапқа салу.

9.2Өз бетінше 18 жасқа толған, медициналық тексеруден өткен жұмысшы жұмысқа жіберіледі. Сонымен қатар кеуде қуысын флюрографиядан өткізу керек. Дәлел ретінде, дәрігер дені сау деген қорытынды жазып береді.

9.3 Жаңадан жұмысқа кірген жұмысшы қауіпсіздік техникасы ҚТ инженерінен нұсқаулық алады, өрт сөндіргіш бөлімшесінің инструкторынан инструктаж алады.

9.4Үйрену кезіндеөту кезінде жұмысшы тек үйретушінің тексеруімен, қадағалауымен жұмыс жасайды.

9.5Үйрету біткеннен кейін әр жұмысшының білімін сынайды, жұмысты қауіпсіз жағдайда жасау мұмкіндігін тексереді. Зауыттың бекіткен заңы бойынша комиссия үйренушінің білімін тексереді. Егер қанағатандырылған деген баға алса қайтадан 1 ай үйретуден өтеді.

9.6Тексеру бағасы хаттамада жазылып коммисия оны өз бетінше жұмысқа жібермейді.

9.7Жұмысқа алынған оператор ҚТ (қауіпсіздік техникасы) бойынша 3 айда немесе 1 жылда 1 рет тексеріліп тұруы керек.

9.8Оператор медициналық бақылаудан жылына 1 рет өтіп тұруы керек.

9.9Егер оператор 1 жылдан астам жұмысқа шықпай қалған жағдайда қайтадан аттестация өтуге тура келеді.

Егер технологиялық үрдіс өзгерген жағдайда жұмысшы қосымша мағлұмат алуы тиіс.

Оператор ішкі жұмыс тәртібін сақтауы керек. Темекі шегуге арнайы жерде ғана рұқсат етіледі. Жұмысқа спирттік ішімдіктер ішкен адамдарға келуге болмайды. Өндіріс ішінде жүгіруге, айқайлауға болмайды.

Оператор жұмыстан босатылады, егер:

- бірнеше рет технологиялық режимді бұзса

- периодты түрде білімін тексеруден қашса немесе медициналық тексеруден өтуден бас тартса

- ауырған жағдайда

- жұмыс киімі жоқ болғанда

- жұмыс істеу нұсқаулықтарының талаптарын бұзса

Оператор жұмыс киімімен және арнайы аяқ-киіммен: мақта жібінен тоқылғанматериалдан тігілгенхалат, қалпақ, резеңке қолғап, респиратор, қорғаныш көзілдірікпен қамтамасыз етілуі керек. Әр жұмысшы арнайы кітапшаға арнайы киімдер алғанын растайтын қол таңбасын қояды.

Жұмыс киімдер арнайы бөлмеде, шкафта, жеке киімдерден алыс жерде тұру керек. Жұмыс киімдері арнайы жууға жіберіледі. Үйде немесе жұмыста жууға тыйым салынады. Өндіріс территориясынан тыс жерге шығаруға рұқсат етілмейді.

Жабдықтардан ақау табылған жағдайда жұмысты тоқтатып, құрал-жабдықтарды өшіріп, көрінетін жерге «ҚОСУҒА БОЛМАЙДЫ» деп жазып қою керек. Содан кейін цех басшысына хабарлау керек. Жұмыс жасамайтын құрылғымен жұмыс жасауға тыйым салынады.

Авария, келеңсіз жағдай болғанда жұмысты тоқтатып, цех басшысына хабарлап, адам денсаулығына қауіп төнбесе жұмыс орнын сол қалпында ұстап тұру керек.

Бөлме өрт сөндіргіш баллонмен, құм жәшікпен және күрекпен жабдықталуы керек.

Оператор білуі керек (нұсқаулық өндірісте міндетті түрде болуы керек):

- сұйық дәрілік қалыпты өндірудің техникалық нұсқаулығын

- өрт сөндіру қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі туралы нұсқаулықты

- қолданыс және құрал- жабдықтар туралы нұсқаулықты

- өндірістік санитария және респиратор қолдану нұсқаулығын

- келеңсіз жағдай болған кезде бірінші дәрігерлік көмек көрсету нұсқаулығын

- желдендіру құрылғы қолданысы туралы нұсқаулығын

- газға қарсы және респиратор қолдану туралы нұсқаулықты

- орамды құрғату және жуу ережелерін

- аварияны жою жоспарын

- келеңсіз жағдайда болған жағдайда өндірістің эвакуациялық жағдайының жоспарын

Жұмысты бастамас бұрын сақталатын қауіпсіздік ережелері: Киім шешетін жерде оператор сыртқы киімін (пальто, костюм, аяқ-киім) шешіп, технологиялық киімдерін киеді.

Жұмыс бастар алдында оператор қолын сабындап жуады, жақсылап электрофенмен кептіреді. Одан кейін дезинфекциялайтын ерітіндімен сүртеді.

Жұмыс орнында тамақ ішуге болмайды. Арнайы тамақ ішетін жерде ішу керек. Сол кезде оператор технологиялық киімін шешіп өз киімін киеді. Жұмыс алдында оператор құрал-жабдықтарды тексеріп алуы керек. Жұмыс басталарға 15 минут қалғанда ағынды- желдеткішті қосуы керек.

Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері: Оператор технологиялық үрдісті жүргізгенде регламенттің технологиялық талаптарына және қауіпсіздік техникасына сәйкес жұмыс жасауы керек

- оператор құрылғыны қараусыз қалдыруына болмайды

- жұмыс кезінде жұмысшыға кедергі жасауына болмайды

- өндірістік бөлмеде ағынды-сорғыш желдеткішті үнемі қосып қою керек

- әр агрегатта резеңке кілемше болу керек

- оператор сымдардың бұзылуын, құрылғының герметикалығын байқап жүруі керек

- оператор СББ анализ жасауға алынған ерітіндіге сынау жасағанда міндетті түрде қатысады. Сол кезде құрылғыларды өшіріп тастауы керек. Авариялық жағдайдағы қауіпсіздік ережелері:

- арнайы киімде жұмыс жасау

- желдеткішті қосып қойып жұмыс жасау

- күнделікті дымқыл жуып жинауды жүргізу және аптасына бір рет тиянақты жинау жүргізу керек

Егер өрт шыққан жағдайда жұмысты тоқтатып, желдеткішті өшіріп, есік -терезені жауып, өрт сөндіру шараларын жасауы керек және цех басшысына хабарлау керек

Су тоқтап қалған жағдайда шүмектерді бекітіп тастау керек.

Егер статикалық электрде ақау болса, электрикті шақыру керек

Жұмысбіткенде жүргізілетін қауіпсіздік талаптары:

- кнопканы басып құрылғыны өшіру

- жұмыс жасайтын орынды жинайды. Құрылғыны сүрту, жинауды оператор жасайды, тазалаушы адам қалған жерді жинайды

- желдеткіш жүйені ең соңынан өшіру керек