Технологиялық карта. Білім беру саласы: Шығармашылық.

Мамыр. Тобы: ересек

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Ел қорғауға әзірміз».

Мақсаты:балалардың патриоттық сезімін ояту,музыканың түрлі сипаттарын ажырата білуге дағдыландыру.Әнді таза айтуға,музыканы сезіне би қимылдарын жасай білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі:патриоттық тақырыптағы суреттер..

Сөздік жұмыс: әскери марш,жеңіс күні,мәңгілік алау.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшінің іс -әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Балаларды залда «Балдырғандар маршы» шығармасымен қарсы алады.Орындарын тұрып,жеңіл ырғақ түрімен билейді.Жетекші балаларды демалыс паркіне «9мамыр-Жеңіс күні» мерекесіне автобус көлігіне мініп баруды ұсынады. «Ел қорғауға әзірміз» әнін бірге орындайық.Аялдамадан түскеннен кейін әскери марш ырғағымен жүре ді.Бірнеше қатарға тұрып, әскери лердің қимылдарын көрсетеді. Балалар қатарласа жүріп ме рекеге аттанады.Әнші ұл бала әнді мәнерлеп айтуға талпынады,балалар қайырмасына қосылып, әскери қимылдар жасауға тырысады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Жетекші интерактивті тақта ,суреттер арқылы Панфилов паркін дегі «Мәңгілік алау» басында жиналған соғыс ардагерлерін,әске рилерді көрсетеді. Музыка тыңдау: «Жеңіс күні» әнін үнтаспада тыңдайды. Балаларды елін қорғаған батырлар мен таныстырады. Би: «Катюша» әніне көңілдене билеуді ұсынады. «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қоюды көрсетеді.Бір минут үнсіз тұрып, соғыста қаза тапқандарды еске алуды қайталайды. Ән үйрену: «Момышұлы Бауыржан» (Е.Өміров). Ардагерлерге арнап «Сарбаздар» әніне билеп беруді ұсынады. Марш екпінімен,бірде алға,бірде артқа қарай жүреді.Шеңбер бойымен айналып жүреді.Қолдарын шеке тұстарына қойып,адымдап жүреді. Балалар «Мәңгілік алау» басына ардагерлердің не үшін жиналғанын түсінуге тырысады.   «Жеңіс күн» әнін тыңдайды. Бауыржан Момышұлы атындағы ұландардың марш ырғағымен жүріп көрсеткен шеберліктеріне, «Катюша» биіне қызыға қарайды. «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қояды.   Әнді үйренеді.   «Сарбаздар» әніне билеуге тырысады. Көрсетілген қимылдарды дұрыс орындауға тырысады.
Рекфлексиялық –түзетушілік -Қандай паркте болдық? -Қандай әндер тыңдадыңдар? -Қандай би ансамбльдерін білесіңдер?     Дидактикалық үлестірмелі ойын: «Жанрларды ажырат». Балаларға текшелер таратылып беріледі. Панфилов паркінде. «Жеңіс күні», «Бауыржан Момышұлы» әндері.   Балалар текше арқылы жанрларды ажырата білуге тырысады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:музыканы тыңдап,ырғақтарды сезінуді.

 

.Меңгереді:әскери музыканы тыңдап, қосыла ырғақпен билеуді.

 

Игереді:әскери музыкаларды тыңдап,қосыла ырғақпен билеуді.

 

Технологиялық карта.

Мамыр. Тобы: ересек

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Бағдаршам».

Мақсаты:музыканы тыңдап,сипаттарын ажырата білу.Әннің мәтінін дұрыс айтып үйрену.Ойындарда эмоциясын ояту.Кейіпкер рөліне кіріп ойнау.

Көрнекілігі:бағдаршам,жаялар өткелі,қасқыр,желаяқ,тұлпар,қоян,арыстан кейіпкелерінің костюм атрибуттары.

Сөздік жұмыс: сабырлы,көңілді,жігерлі,бағдаршам,ереже,ескерту,тиым салу,көрсеткіш.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшінің іс -әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Жетекші балаларды қарсы алады. «Амандасу жаттығуын» айтуды ұсынады. Б.Бейсенованың «Жол ережесі тәртібі» әнімен балаларды залдың бойымен еркін жүруге, орындарынан тұрып билеуге, өз орындарын табуға үйретеді. -Бізге қонаққа Қасқыр келіпті.Ол жолдан өту ережесін білмей,сендер ден көмек сұрап келіпті.-деп Ж.Қалжанованың «Қасқыр келді қалаға» көрінісін кейіпкерлендіріп сахналауға шақырады.Қасқыр: Еркін өсіп далада, Келдім бүгін қалаға. Қиналдым көше тәртібін, Кіргізе алмай санама. Музыка әуенімен қимылдар жасайды. Балалар кіреді, «Амандасу жаттығуын» айтады.   Би қимылдарын еркін жасауға, жүруге, орындарына тұруға,өз жұптарын табуға тырысады     Әннің сөзін тыңдап,есіне сақтауға,шумақ қайырмасының қимылдарын білуге тырысады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Желаяқ: Бағдаршамға қараймын, Қараймын мен таңдана. Өшіп жанған көзінің, Алмай сырын аңғара. Тұлпар: Ережесін көшенің Шемішкідей шағамын. Болмай ма екен тұлпардай, Баяу өте алатын. Қоян: Ой ой,мына қасқырды Көріп тұрмын тұңғыш рет Қайдан келген бұл өзі? Қалалықтан емес бұл. Арыстан: Әй,Қоян,бері кел,бері, Әрі бері жүгіре берме! Ауылдан келген қасқырға Үйрет мына ережені. Қоян: Үшбұрыш қызыл көрінсе, Абайла,қасқыр Дөңгелек қызыл шеңберде Тоқтай қал,қасқыр! Дөңгелек көк шеңберде Жолыңыз ашық. Ән : «Жолаушылар жыры» (Ж.Қалжанова) Желаяқ сөзін әнге салып айтуға тырысады. Желаяқ мақтаншақтың кейіпін сомдайды.   Тұлпар өзінің сөзін әндете айтып,ойнайды.   Қоян қорқақтың рөлін ойнауға тырысады.   Қорқыныш,өкініш,қуаныш сезімін көрсетуге тырысады.   «Тоқта», «Жол ашық» белгілерін еске сақтауға талпынады. Әнді мәтініне келтіріп айтуға тырысады.
Рекфлексиялық –түзетушілік Жетекші балалардан жол ережелерін сұрайды. -Кейіпкерлерді сомдау сендерге ұнады ма? -Жол ережелерін естеріңе сақтаңдар,жолдан жүгіріп өтуге болмайтынын естен шығармаңдар. -Жолдан өту үшін алдымен қайда қарамыз? Балалар жол ережелеріне жауап беруге тырысады. Рольде ойнаған қнайды.     Бағдаршамға қараймыз.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:музыканы тыңдап,сипатын ажыратуды.Әнді мәтінімен мәнерлеп айтуды.

 

.Меңгереді:музыка әуенімен ауыспалы адым жасауды,рөлдегі қимылдарын әуенмен келтіруді.

 

Игереді:музыканы тыңдап,ойын арқылы аңдарды сомдауды.