Адами қабілеттің жаратылысы

Адами қабілеттің жаратылысы күні бүгінге дейін ғалымдар арасында даулы талас туғызып отыр. Неғұрлым кеңінен таралған көзқарастың бірі өз тарихын Платоннан бастайды. Осы көзқарасты ұстанған авторлар, қабілеттілік биологиялық шарттастырылған және олардың айқындалуы толығымен тұқымдық сипаттамаға тәуелді деп дәлелдейді. Оқыту мен тәрбиелеу олардың пайда болуының жылдамдығын ғана өзгертеді, бірақ олар әрқашан сол немес басқа кейіпте айқындалынады. Осы көзқарастыртың делелі ретінде балашық шағында қылаң берген, оқу мен тәрбиелеудің әсерінде айқындаушы бола алмауы ықтимал дербес ерекшелік фактілері пайдаланылады. Мәселен, Моцарттың музыкалық дарындылығы үш жасында білінсе, Гайднда – төртте. Кескіндеме мен мүсіндемедегі талант сәл кешірек айқындалады: Рафаэлде – сегіз жасында, Ван Дейкада – он жасында.

Қабілет мұрагерлігінің өзіндік даму тұжырымдамасы адам қабілеттілігінің оның миының көлемімен байланысы туралы шамалау болып табылады. Бізге ересек адамның ми орташа шамамен 1400 г болатыны белгілі. Көрнекті адамдардың ми көлемін анаықтағанда, олардың миының орташа шамадан әлдеқайда көп екені көрсетілген. Сонымен, И.С.Тургеновтің ми көлемі 2012 г, Д.Байрон – 1800 г және т.б. құраған. Алайда, бұл шамалау соңынан ми көлемі орташа шамадан аз болған атақтылардың көбеюінен жарамсызданып қалды. Мысалы, белгілі химик Ю.Либихтің ми 1362 г, жазушы А.Фрнастікі – 1017 г болған. Онымен қоса, ең ауыр ми – 3000 г артық болған ол ақыл- ойы қалып қойған адамдікі болған.

Френология деп аталынған Франц Галляның оқуы қабілеті мұрагерлігі идеясымен байланысты. Френологтар адамның психикалық өзегешілігі оның бас сүйегінің сыртқы формасына тәуелділігін бақылауға тырысқан. Негізіг идеясы бас миының қабығы әрқайсысында адамның белгілі бір қабілеттілігі тоқтаған бірқатар орталықтардан құралады деп негізділінген. Бұл қабілеттердің даму дәрежесі тиісті ми бөлігінің шамасына тікелей тәуелділігінде орналасқан. Арнайы өлшеу негізінде әрқайсысы белгілі бір дербес ерекшелікке лайықталынған бас сүйектің үстіңгі қабаты 27 участоікқа бөлінген френологиялық карта құрылған. Солардың арасынан “қабілет томпағы” музыкаға, поэзияға, кескіндемеге; “дөңестер” атақұмарлық, сараңдық, батылдыққа және т.б. белгіленген. Алайда бұл тәсіл жарамсыз болып қалды. Сансыз көп ашылған жаңалықтар бас сүйек ми қабығының формасын қайталамайтынын көрсетті, сондықтан адамның ақыл-ой және адамгершілік ерекшелігін бас сүйектің томпағы және ойпаты бойынша анықтау ғылымға қарсы және тиянақсыз.

Ч.Дарвиннің эволюция теориясы ұстанымдарынан бастау алып, қабілеттілік мұрагерлігін түсіндірген Фрэнсис Гальтонның еңбегі кең танымалдыққа ие болды. Көрнекті қайраткерлердің өмір жолын талдай отырып, Гальтон адам табиғатының жоғары сатыға көтерілуін ақыл-ой және денелей дамыған адамдар, ерекше дарынды нәсілдің мұрагерлік заңдылығы негізінде сырын ашу долымен мүмкін деген қорытындыға келген. XX ғасырда Гальтонның желісін жалғастыра отырып, Коте атақты адамдардың дарындылық дәрежесін энциклопедиялық сөздіктерде оларға меншіктеп берліген жол саны бойынша анықтап, 400-ге жуық адамды бөліп алып, кімнің жоғары қабілеттілігі қаншама ұрпаққа жалғасатындығын анықтаған.

Аталмыш бекіту негіздемені жоққа шығару еместігін атап өтейік. Әсіресе, неміс музыканты Бахтың жанұя тарихына әсер етеді. Онда музыкалық зор қабілеттілік алғаш 1550 жылы анықталынған. Жанұядағы бастаудың көзі Т.Рибоның “Жан дүниелік қасиеттердің мұрагерлігі” еңбегінде көрсетілгендей, жұмыстан соң жан дүниесін музыка мен әнге аранған тоқашшы В.Бах болған. Оның екі ұлы болған, екі ғасыр аясындағы белігілі Германияның үздіксіз музыканттар қатары осылардан басталады. Бахтың жанұясында жалпысы 60 - қа жуық музыкант болған, соның ішінде 20 – көрнекті. Сонымен қатар, Л.Н.Толстайдың әжесі – Ольг Трубецкая мен А.С.Пушкиннің әжесі – Евдокия Трубецкая апалы-сіңілі болғаны белгіленген. Неміс мәдениетінің бес ірі өкілі – ақын Шиллер мен Гельдерлин, философтар Шеллинг мен Гегель, және дле физик Макс Планк туысқандар болған: олардың арғы атасы XV ғасырда өмір сүрген Иоганн Кант болған.

Қабілетті дамытудағы мұрагерліктің маңызын зерттеу мақсатымен өткізілген зерттеулердің бірінде балалардың музыкаға қабілетті ата-аналарының не екеуі де музыкант, не екеуі де музыкант емес болғанын анықтаған. Төменде осы зерттеудің нәтижесі келтірілген (кесте)