Білім беру кәсіби іс-әрекетінің жүйесі мен қалыптасуының ретінде.

Мақсаты: болашақ ұстаздарға білім берудің түпкі мақсатын түсіндіру, оның философиялық мәнін, әлеуметтік-гуманитарлық сипатын, көпаспектілігін ашып көрсету.

Жоспар:

1.Қазіргі замандағы білім беру. Білім беру философиясы жайлы жалпы түсінік.

2.Білім беру кұндылық ретінде.

3.Білім беру жүйе ретінде.

4.Білім беру процесс пен іс-әрекет ретінде.

5.Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзірет-тілік – мәдениет - діл (менталитет).

Негізгі ұғымдар: білім беру философиясы, парадигма, педагогикалық парадигма, құзыреттілік, діл (менталитет), құндылық.

Қазіргі замандағы білім беру. Білім беру философиясы жайлы жалпы түсінік. Ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық категория ретіде саналган «білім беру» үғымы кең мағынада маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда. Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану тағы басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өз тұрғысынан қарастырып зерттейді. Сондықтан бүл ұғымның ауқымы кеңею үстінде.

Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған әлеуметтік тәжірибені, көп жылдық мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпақка жеткізе отырып меңгерту білім беру ұгымымен тығыз байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде «білім беру» ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады.

Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып келеді. Әрине білім беру үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда ақпаратгық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да езгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында онын бірнеше анықтамалары бар.

- Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс (А.Г.Асмолов).

- Білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі (ЮНЕСКО, 1997) .

- Педагогикалық энциклопедияда білім беру ұғымы - жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процессі {1999 ж).

- Білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (Сластенин В.А.).

Осындай және тағы басқа білім беру ұғымына берілген анықтамалардың көптігі оның кең мағыналылығының, көпқырлылығының, маңыздылығының айқын дәлелі.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан ойды өрбітетін болсақ, білім беруде тек білімді меңгерту, білік пен дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз. Керісінше білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, дене жағынан толыққанды дамуы маңызды. Білім беру барысында адам мәдени құндылықтарды, ғылыми білімдерді меңгереді. Соның нәтижесінде экономиканың, саясаттың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің дамуына зор үлесін қоса алады.

Білім берудің сапасы адамның білім алып жатқан мекемесінің (мектеп, жоғары оқу орындары) педагогикалық іс-әрекетіне тығыз байланысты болады. Ал жоғары білім берудің сапасы студенттердің кәсіби, оқу-танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, кәсіптік педагогикалық практика деңгейіне тікелей байланысты. Бұл кезде студенттердің басым көпшілігінде өз бетінше білім алу және шешім қабылдай алу іскерліктері бекіп, белсенділік, табандылық, төзімділік, зеректілік, жауапкершілік қасиеттері айырықша байқалады.

Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялык, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұлжалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп аталады. Парадигма ұғымың ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т. Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер байқалады:

- парадигманың орнығуына дейінгі кезең,

- парадигманың қалыптасуы, орнығуы;

- ғылым сапасындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.

Ал педагогикалық парадигма дегеніміз накты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын калыптасқан негізгі ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды, оларға негіз болады. Мысалы: қазіргі отандық педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы байқалады: «білімді адам» парадигмасының орнына «өмірге бейімделген, белсенді, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам» парадигмасының ауысуы айқын көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша адамға білім, білік, дағдылар жүйесін меңгерту жеткілікті деп есептелінген болса, қазір ол жеткіліксіз. Себебі адам тек дайын білімдерді меңгерген болса, бірақ оны шығармашылықпен практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейімделмеген болса, онда бұндай адам қоғам талабына жауап бере алмайды.

Сондықтан қазіргі білім беру саласында жаңа педагогикалық парадигма қалыптасуда. Парадигмалардың ауысып отыруы заңды құбылыс. Оны философиялық заңдар да дәлелдейді. Жаңа педагогикалық парадигмада «білім беру философиясы» деген ұғым кеңінен талқылануда.

Білім беру философиясы көптеген сұрақтарға жауаптар іздестіреді. Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның алатын орны қандай? Адамзаттың маңызды мәселерін шешудегі білім берудің әлеуметтік рөлінің мәні неде? Қазіргі кездегі білім беру саласы, оның даму бағыттары қандай? Ол болашақта қандай болуы керек? Білім берудің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық па?

Ал философия ертеден дамыған ғылымдардың бірі екені белгілі. Философия-грек тілінен аударғанда («филео» - «жақсы көру»,«софия» - «ақылдылық») - адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты дамуының ең негізгі заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, танып білуде, түсіндіруде қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары қалыптасқан.

Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С. Гершунский т.б.

Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:

1)Білім беру философиясы - қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылыктарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.

2)Білім беру философиясының мазмұны педагогака ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі

3)Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды.

Шығыстың атақты философы, ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби жалпы педагогика ғылымының өзін тәжірибелік философия немесе қолданбалы философия ретінде қарастырған.

Білім беру философиясының бір ғана тұтас нысанасы (объектісі) бар, ол барлық құндылықтық, жүйелік, іс-әрекеттік, нәтижелілік сипаттағы білім беру.

Білім беру философиясының пәні - білім беруге қатысты пән аралық теориялар, заңдар,заңдылықтар,категориялар,ұғымдар, терминдер, принциптер, постулаттар, ережелер, әдістер, болжамдар, идеялар, фактілер.

Б.С.Гершунскийдің пайымдауынша «білім беру философиясының мәні - білім беруге бетбұрыс алған философия», немесе «білім беру іс-әрекетінің барлық аспектілерінің өзіндік ғылыми парадигмасы».

Сонымен, білім беру философияның мәні — адам өмірінің түрлі кезеңдеріндегі оқыту, тәрбиелеу және дамытудағы құндылық-бағдарлық, мазмұндық-процессуалдық нәтижелілік компоненттері жайлы ғылым аралық білімдер жүйесі.

Білім беру кұндылық ретінде.Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды кажет етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді:

- білім беру құндылық ретінде;

- білім беру жүйе ретінде;

- білім беру процесс ретінде;

- білім беру нәтиже ретінде

Білім беруді қалайша құндылық ретінде қарастыруға болады? Әуелі құндылық дегеніміз не? Құндылық - кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар. Қазіргі кезде ұлттык кұндылықтар, жалпы адамзаттық кұндылыктар деген ұғымдар калыптасып отыр. Әр ұлт үшін не кұнды? Әрине, ол тілі, ұлтық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлт тарихы, т.б. Ұлттық кұндылықтарды менгеру негізінде жалпы адамзаттык кұндылықтарға деген көзқарастар қалыптасады. Олардың қатарына қай елдегі, қай жердегі болмасын адамдарға құнды нысаналар жатады. Мысалы: адамның бас бостандығы, денсаулығы, адамгершілігі, қадір-қасиеттері, білімі, т.б. Сондықтан да білім беру немесе әр жеке тұлға үшін білім алу үлкен құндылық болып есептеледі.

Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады.

1) Білім беру - мемлекетік қңұлдылық;

2) Білім беру - қоғамдық құндылық;

3) Білім беру - жеке тұлғалық құндылық.

Неліктен білім беру мемлекеттік құндылықболып саналады? Себебі кез келген қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық, мәдени әлеуеті білім беру саласының нақты жағдайына және оның ілгері даму мүмкіншілігіне тікелей байланысты болады. Осы тұрғыдан әрбір өркениетті дамып келе жатқан мемлекет үшін білім беруді қарқынды дамыту - оның стратегиялык міндеттерінің біріне айналған. Мемлекеттің ғылыми-техникалық прогрессі, экономикасы, саясаты, мәдениеті оның білім беру саласының даму деңгейіне тікелей байланысты.

Білім беру саласы болашакқа бағытталган. Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын күшейтуге бағытталған нақты материалдық және моральдық міндеттер мемлекет тарапынан қарастырылуы қажет. Білім беру саласы мемлекет тарапынан басқарылады, және толығымсн мемлекет бақылауында. Сондықтан ҚР «Білім туралы» заңы (2007), ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған

Мемлекеттік бағдарламасы (2004) сияқты негізгі құжаттарда жоғарыда аталған мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.

Неліктен білім беру қоғамдық құндылықболып саналады? Мемлекет пен қоғам тең мағыналы ұғымдар емес, олардың өзара қатынасы өте күрделі болып келеді. Білім беруді дамытуда олардың мақсат, мүдделері сәйкес келе бермейді. Дамыған қоғам мемлекет тарапынан қабылданған қаулылардың орындалуын талап етеді, білім беру заңын талқылап өзгертулер енгізеді. Қоғам мүшелері кезекті білім беру мәселелерін шешу үшін қоғамдық ұйымдар құрады және қозғалыстар ұйымдастырады. Қоғам мүшелерінің әлеуметтік белсенділігі,олардың өз мүдделерін қорғай алулары, қоғамдық сананың дұрыс қалыптасуы білім беруді дамытудың негізгі жолдарының бірі және оның қоғамдық маңыздылығының көрсеткіші.

Неліктен білім беру жеке тұлғалық құндылықболып саналады? Жоғарыда қарастырылып отырған білім берудің мемлекеттік және қоғамдық құндылықтары жалпы әлеуметтік мәселелерді қарастырады, бірақ жеке тұлғаның білім алуға деген өзіндік қатынасын, оның деңгейі мен сапасын көрсетпейді. Б.С.Гершунскийдің пікірі бойьнша білім беруді дамыту саясаты жеке адамның дербес ерекшеліктерін, оның қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін ескере отырып тұлғалық бағытта болуы керек.

Әрине білім беру үнемі ұжымдық сипатта болатыны анық. Бірақ сол ұжым ішінде әрбір адам өзінің дербестігін, даралығын, жеке «Менін» жоғалтып алмауы өзекті педагогикалық мәселе.

Қорыта келіп,тұжырымдайтын болсақ,білім берудің құндылығы осы аталып көрсетілген мемлекеттік, қоғамдық, жеке тұлғалық құндылықтардың өзара үйлесімді және тығыз қатынаста болуын көздейді. Тек осындай құндылықтық негізде жүргізілетін білім беру барысында ғана әр тұлғаның жан-жақты дамуына, теориялық білімдерді меңгеруімен қатар өз бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалуы мүмкін.

Білім беру жүйе ретінде.Дәстүрлі түсінігіміз бойынша білім беру дегеніміз деңгейлерімен, кәсіптік бағыттарымен ерекшеленетін білім беру мекемелерінің (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жүйесі.

Бірақ білім беру мекемелерінің мұндай алуан түрлілігі оны әлі жүйе деп тануға негіз бола алмайды. Себебі жүйе дегеніміз кез келген объектілердің жиынтығы емес, олардың элементтерінің өзара сәйкестендіріліп байланысқан жиынтығы. Қандай белгілер білім беруді жүйе ретінде сипаттайды? Ең алдымен деңгейлеріне, профильдеріне қарамастан жүйені және оған кіретін құрамды бөліктерді сипаттайтын жалпы, инвариантты сапалардың болуы қажет. Мұндай сапаларға икемділік, тұрақтылық, болжамдылық, тұтастылық, сабақтастық, вариативтілік, динамикалық сапалар жатады. Білім беру жүйесі икемді және динамикалық түрде әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделе алуы керек және өзіндік психологиялық-педагогикалық негізін берік ұстануы маңызды. Жоғарыда аталған сапалардың өзі білім беру жүйесінің күрделілігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесі ретінде өзара бірлесе іс-әрекет ететін:

1) білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының жиынтығы;

2) білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік формаларына қарамастан іске асыратын білім беру ұйымдарының жиынтығы;

3) білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар мен оқу-әдістемелік қамтамасыздандыратын білім беруді басқару органдарының және оған сәйкес инфраструктурасының жиынтығы қарастырылады.

Біріншіден, білім беру жүйесі тарихи қалыптасқан бір-бірімен сабақтасқан және біртіндеп бірі-біріне ауысатын білім беру парадигмаларынан туындайды

Екіншіден, білім беру жүйесі болашақка бағытталған, себебі білім беру мекемелерінің түлектері өздері білім алған жағдайлардан өзгеше, жаңа жағдайда өмір сүріп іс-әректпен шұғылданады.

Білім беруді жүйе ретінде анықтауда жеке тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасы маңызды орын алуда. Бұл тұрғыдан білім берудегі бұрынғы көп жылдар бойы қалыптасып қалған, қатал орталықтандырылған басқару, қатаң тәртіп орнаған жүйенің тұрақсыздығы байқалады.

Қазір білім беру жүйесі педагогикалық жаңашыл идеяларды енгізуге дайын, ашық салаға айналып келеді. Осыған байланысты білім беру парадигмасы да өзгереді: адамның еркіндігін шектейтін білім берудің қатаң жүйесінің орнына өзінің қызығушылықтарына, қабілеттіліктеріне сәйкес жеке білім алу жолын (траекториясын) саналы түрде таңдай алатын адам парадигмасының ауысуы байқалады.

Білім беру мекемелері төмендегідей деңгейлер бойынша сарапталады:

- мектепке дейінгг тәрбие мен оқыту,

- орта білім беру,

- орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.

- жоғары кәсіптік білім беру.

- жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері.

Білім беру - процесс және іс-әрекет ретінде. Білім берудің мәні - мақсаттан нәтижеге карай жылжу процесі. Процесс деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда (processus - қозғалу, жылжу) - бір нәрсенің дамуындағы құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп ауысуы; қандай болмасын нәтижеге қол жеткізудегі іс-кимыдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді.

Білім беру - педагог пен оқушы, студент арасындағы қарым-қатынас процесі. Бұл процесс барысында оқушы немесе студент оқу, тәбие, даму процестеріне жан-жақты белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады. Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың, студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі. Аталып отырған педагогикалық процесс көптеген білім беру құралдары (оқу, әдістемелік мәтіндер, көрнекілік құралдар, компьютерлер, аудио-видео кұралдар, қашықтықтан оқыту аппараттары т.б.) арқылы арнайы ұйымдастырылған (жеке, топтық, ұжымдық) түрде жүргізіледі.

Білім беру процесі үнемі мақсатқа бағытталған және күтілетін нәтижелерге байланысты. Осы тұрғыдан білім беру процесін технологияландырылған процесс деп те сипаттауға болады, себебі педагогикалық технологияларда өзара сабақтасқан шағын және жалпы мақсаттарға жетудің нақты кезеңдері, сатылары анықталады.

Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу арнасы. Сондықтан казіргі кезде білім беру саласында ақпараттық технологиялар кең таралуда.

Білім беру процессіндегі көптеген мәселелердің шешімдері табысты болуы педагогтың іс-әрекетіне тікелей тәуелді. Тіпті әрбір сабақтың өтілуі де мұғалімнің кәсіби-шығармашылық деңгейіне, талпынысына байланысты түрлі нәтиже көрсетеді. Мұғалімнің іс-әрекеті үздіксіз шығармашылық процесс. Ол балалармен үнемі ынтымақтастықта жұмыс істсуге әрекет жасайды. Осы бірлескен белсенді танымдык іс-әрекет барысында білім алушыларды табысқа жетуге бейімдей алу педагогикалық маңызы зор мәселе, себебі көп жағдайларда сабаққа қатысып отырған каншама оқушылар арасында кейбіреулері ғана жетістіктерге жетулері мүмкін.

Білім беру иәтиже ретінде: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзіреттілік - мәдениет - діл (менталитет). Білім берудің сапалық жағынан қарайтын болсақ ол тек құндылық, тек жүйе, тек процесс емес. Білім беруді нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Оқу-танымдык процесс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады.

Педагогикалық терминологиялық сөздікте «сауаттылық» ұғымы - ана тілінің грамматикалық нормаларына сай адамның оқу, жазу дагдысын меңгеру дәрежесі ретінде анықталады. Қоғам дамуындағы тарихи кезеңдерге банланысты бұл ұғымның мағынасы қарапайым оқу, жазу, есептеу дағдыларынан бастап, қоғамдық қажетті білімдер мен дағдыларды меңгеру деңгейіне дейін өзгеріп отыр. Мысалы, кампъютерлік сауаттылық, зкономикалық сауаттылық т.б.

Сауатты адам - өзінің білімдік әлеуетін ары қарай дамытуға, байытуға дайын адам. Сауатты болу адамды білім беру саласында көп бастапқы мүмкіншіліктермен қамтамасыз етеді. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық сипаты - оған барлық адамдардың қол жеткізе алуларында. Бірақ қазіргі заманда тек сауатты адам ғана болып қалу жеткіліксіз.

Сауаттылық және білімділік ұқсас ұғымдар болғанымен екеуі тең мағыналы ұғымдар емес. Бұл екі сапа адамның алған білім, білік, дағдыларының көлемі, кеңдігі, тереңдігі жағынан, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерімен ажыратылады. Адамдардың белгілі білім беру мекемелерінде алған, меңгерген білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар адам, орта білімді адам, жоғары білімді адам деп атайтынын көп естиміз. Білімділік - қоғам үшін және тұлға үшін кажетті максимумға дейін жеткізілген сауаттылық. Білімділік ұғымы қоғам мен адам өмірінің түрлі сұрақтары бойынша дүниетанымның кеңдігі. Ол тұлғаның білім алу саласындағы жетістіктерімен сипатталады.

Кәсіби құзыреттілік. Қазіргі таңда әрбір адам өзінің қызығушылықтарына,қабілеіттілігіне байланысты бір мамандықты немесе кәсіпті тандауын анықтауы кажет. Бір мамандықты игеру үшін адам арнайы жоғары оқу орындарына түсіп өзін-өзі іске асыруға тырысады. Мамандықты терең меңгеруге байланысты кәсіби құзыреттік ұғымы орын алады.

Қазіргі білім берудегі негізгі нормативті құжаттардың басым көпшілігінде «кұзіреттілік» ұғымы негізгі түйін сөздер қатарында карастырылып келеді. Алдымен «құзіреттілік» ұғымының этимологиясына тоқталатын болсақ, ол латын тілінің «соmpetе» деген сөзінен аударғанда «білу», «істей алу», «қол жеткізу» деген мағынаны білдіреді.

Педагогикалық тсрминологиялық сөздікте құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталған:

1) нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге ат салыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері;

2) танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттердің теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі

Тек білімді болу адам үшін жеткіліксіз, адам бір мамандықтың иесі болып, құзырлы маман болуға тырысуы керек және сол өзі меңгерген мамандығы арқылы өзінің тұлғалық әлеуетін жан-жақты іске асыра алады.

Әрине, кейбір адамдар өздерінің қабілеттерін бірнеше салада (ғылымда, мәдениетте, өнерде) көрсете алулары мүмкін. Бұндай жағдайда кәсіби құзіреттілікпен қатар жеке тұлғаның түрлі салаларда табысты іс-әрекет жасай алатын дарындылығы байқалады.

«Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады.

Мамандардың біліктіліктері, кәсіби құзіреттіліктері адамның жалпы мәдениетке қатынасын аньқтайтын қажетті компонент болып табылады. Мәдениет өте кең мағыналы ұғым. Мәдениет ұғымы латын тілінен аударғанда өндеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымның мәні әр тарихи-экономикалық формацияларда әртүрлі өзгеріп дамып отырған.

Педагогикалық сөздікте мәдениет - қоғамның даму тарихының жеткен сатысын сипаттайтын және адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесі процесінде калыптасатын материалдық және рухани кұндылықтар жиынтығы ретінде анықталған.

Мәдениеттің маңызды ерекшеліктері болып жеке тұлғаның өткен ғасырлар мұрасына терең, саналы түрде қастерлі қатынаста болуы, шығармашылықпен қабылдау іскерлігі, кез келген іс-әрекеттер немесе қарым-қатынастар саласындағы шынайылықты түсінуі және өзгертуі жатады. Мәдениет - адам білімділігі мен кәсіби құзіреттілігінің жоғарғы көрінісі. Адам жанын да, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке бөлейтін пәрменді ерекше кұрал - мадениет. Сондықтан мұғалім шәкірттерді тәрбиелеудегі жетекші тұлға, мәдениеттің қайнар көзі, әдебиет пен өнер шығармаларының жаршысы болуы керек.

Білім берудің ең жоғарғы құндылығы және жоғарғы мақсаты - жеке тұлғаның және социумның ділін қалыптастыру. Діл ұғымы адамның мінез-құлқының дүниетанымының, дүниені қабылдауының терең негіздерін қамтиды.

Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны.

Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани кұбылыс.

Діл қай халықтың болмасын мәдениетінен, дінінен, өмірлік тұрмысынан, философиялық идеяларынан және білім беру жүйесінен туындап қалыптасады. Адамдардың қоғамдағы түрлі кұбылыстарға қатынасы, нақты бір іс-әрекеттері олардың ділдеріне байланысты.

Сонымен білім берудің нәтижелілігін мынандай тізбек ретінде қарастыруға болады: сауаттылық - білімділік – кәсіби құзіреттілік - мәдениет - діл. Білім берудің нәтижелілік тізбегінде діл ең жоғарғы сатысында тұрады, және ол тізбектегі басқа бөліктердің мазмұнын анықтайды. Барлық сауатты адамдар білімді бола бермейді. Барлық білімді адамдар кәсіби қузіретгі болабермейді. Барлык кәсіби кұзіретті адамдар мәдениетті бола бермейді. Іштеріндегі таңдаулы адамдар ғана осы сапаларға ие бола алады. Осы ойларды қорытындылай келе мынандай проблемалық сұрақтарға жауап беріп көрейік:

- Кез келген адамды сауатты адам деп айтуға бола ма?

- Кез келген сауатты адамды білімді адам деп айта аламыз ба?

- Кез келген жоғары білімді адамды кәсіби құзіретті адам деу дұрыс па?

- Кез келген кәсіби құзіретті адамды мәдениетті деуге бола ма?

- Білімді адам мен мәдениетті адамның қандай айырмашылығы бар?

Мінеки, осындай сұрақтарға жауаптар іздестіру барысынла әр болашақ мұғалім өз білімінің қандай дәрежеде екенін, кандай нәтижелерге кол жеткізе алатынын жақсы түсіне бастайды. Сондықтан әрбір болашақ маман жоғарғы оқу орнында кәсіби даярлықтан өту барысында өз тұлгасын шығармашылық тұрғыдан дамытып, қоршаған әлеуметтік ортамен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде үйлесімділік тауып, өзін-өзі кұзіретті маман ретінде жетілдіруге ұмтылуы тиіс.