Жүрек ақаулары кезіндеі диагностикалау алгоритмі

$$$043

Атриовентрикулярлы тарылуда қандай жүрек ырғағының бұзылысы ЕҢ тән?

A) Экстрасистолия

B) Жүрекше жыпылықтауы

C) Жүрекше тыпырлауы

D) Синусты брадикардия

E) Пароксизмалды тахикардия

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO

 

$$$044

30 жасар әйел, жүрек қағысына, жүрек тұсындағы шаншып ауруға шағымданады. Қарап тексергенде: Пульсі 95 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, төстің сол қыры бойымен мезосистолалық сыртыл және үрлеуші систолалық шу естіледі, шу тік қалыпта, Вальсальва сынамасында күшейеді және жүресінен отырғанда азаяды. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, жүректің соғу жиілігі 100 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең. II, III, aVF әкетпелерінде T тісшесі теріс.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал жүрек ақауы қайсысы?

А) Қолқа кіре берісінің тарылуы

B) Екі жармалы қақпаша жетіспеушілігі

C) Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі

D) Екі жармалы қақпаша пролапсы

E) Жүрекше аралық перде дефекті

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$045

24 жасар әйел, жүрек тұсындағы шаншып ауруға, жүрек қағысына, ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: Пульсі 92 рет минутына. Жүрек шекаралары: оң жағы – төстің оң жиегі бойымен, жоғарғы - III қабырға бойымен, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығынан 1см сыртқа орналасқан. Жүрек ұшында I тон шамалы әлсіреген, систоланың көп бөлігін алатын, нәзік систолалық шу естіледі. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, 95 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең. P-mitrale, сол қарынша гипертрофиясы.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал жүрек ақауы қайсысы?

А) Қолқа кіре берісінің тарылуы

B) Екі жармалы қақпаша жетіспеушілігі

C) Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі

D) Екі жармалы қақпаша пролапсы

E) Жүрекше аралық перде дефекті

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

$$$046

29 жасар әйел, ентігуге, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 14 жасында полиартритпен ауырған. Қарап тексергенде: акроцианоз. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы-ІІ қабырғааралықта, сол жағы - ортаңғы бұғана сызығымен. I тон күшейген, ұшында диастолалық шу. Электрокардиограммада: ырғақ синусты, минутына 95 рет. Электрлік өсі қалыпты. P-mitrale, оң қарынша гипертрофиясы. Жүрек рентгенографиясы: контрасталған өңеш кіші радиус доғасымен ауытқуы.

А) Қолқа кіре берісінің тарылуы

B) Екі жармалы қақпаша тесігінің тарылуы

C) Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі

D) Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

E) Жүрекше аралық перде дефекті

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM

 

 

$$$047

28 жасар ер адам. Шағымдары жоқ. Профилактикалық тексеруге келген. Қарап тексергенде: акроцианоз. Жүректің соғу жиілігі минутына 89 рет, пульсі 75 рет минутына. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы-ІІ қабырғааралықта, сол жағы - ортаңғы бұғана сызығымен. I тон күшейген, өкпе артериясында ІІ тон акценті, диастола басында жоғарғы жиілікті тон, ұшында қатаң диастолалық шу естіледі.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қандай?

A) Рентгенография

B) Эхокардиография

C) Допплерография

D) Фонокардиография

E) Электрокардиография

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$048

36 жастағы әйел ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: тынысы минутына 28 рет. Пульсі минутына 92 рет. Оң тізе буыны ісінген, ауырсынумен, қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 2 см сыртқа, жоғарғы-ІІ қабырғааралықта, сол- ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа орналасқан. І тон ұшында күшейген, өкпе артериясында ІІ тон акценті, жүрек ұшында пресистолалық және барлық систоланы алатын үрлемелі систолалық шу естіледі.

Көрсетілгендер ішінде қандай зерттеу ЕҢ информативті болып табылады?

A) Серомукоид

B) Сиал сынамасы

C) Жалпы қан талдауы
D) Антистрептолизин-О
E) Ақуыз және оның фракциялары

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA