Техникалық қауіпсіздік ережелерінің жалпы сипаттамасы

ЕСЕБІ

 

Тәжірбиені өту орны: __________________________________

____________________________________________________________

 

Мамандығы 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»

 

 

Мерзімі:

2016ж. ____ 2016ж. _____

 

 

________________________________

(студент аты-жөні)

 

 

Мекеме тарапынан жетекші __________________________

 

Кафедра тарапынан жетекші ______________________________

 

 

АСТАНА 2016

Мазмұны

 

 


Кіріспе

Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты оқу үдерісінде алған, студенттердің теориялық білімін тереңдетуден және бекітуден, сонымен қатар қазіргі ақпараттық технологияларды ұйымдастыру аймағында іс-тәжірибелік дағдыларды иемденуден тұрады. Өндірістік іс-тәжірибе барысында студенттер алушылар кәсіби және ұйымдастырушылық жұмыстардың іс-тәжірибесіне ие болулары қажет.

Іс-тәжірибе есептеу машиналарының, кешендердің, жүйелер мен желілердің, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің, ақпаратты өңдеудің және басқарудың бағдарламалық жабдықтарының математикалық, ақпараттық, техникалық, эргономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамсыздандыруларын құру үшін студенттердің теориялық білімдерін тереңдетуге және бекітуге, кәсіби шеберліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мақсаты: теориялық білімдері қолдану және тереңдету, сонымен қатар өндірістік, технологиялық және еңбек үрдістерін тиімді ұйымдастырудағы мекеменің әдістері мен формаларын үйрену болып табылады.

Міндеттері:

– «Expert» ЖШС-да қолданылатын ақпараттық технологияларды, аппараттық және бағдарламалық қамтаманың құрамы мен қызметін оқу;

– ақпараттық және бағдарламалық қамтаманы әзірлеудің арнайы аспаптық құралдарын меңгеру;

– жүйелік, желілік және қолданбалы бағдарламалық қамтаманы әзірлеу бойынша дағды алу.

Өндірістік тәжірибені өтудің негізгі қадамдары:

– кафедрадан бағдарламаға сәйкес тапсырма алу

– кәсіпорындағы еңбекті қорғау ережесі мен ішкі тәртіп ережесімен танысу

– кәсіпорынмен жалпы танысу, оның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымын, экономикалық ақпарат сипаты мен мазмұнын қарастыру. Жеке тапсырмаларды көрсетілген бөлімшелерде үйреніп, орындау.

– Студенттің тәжірибе өткен мекемеден мінездемесін алу

– Күнделікті толтыру және тәжірибе есебін жасау

– Есепті тапсыру.

 

Кәсіпорын сипаттамасы

Қазіргі кезде әр түрлі міндеттегі көптеген ақпарат жүйелері жұмыс істейді. Олардың бір-бірінен айырмашылығы келесі факторлармен анықталады: басқару объектісінің сипаты; жинақталған тәжірибе бойынша БАЖ-ды құру және оның жұмысы; деректерді жинақтау, табыстау және өңдеу құралдарының қолданылуы; БАЖ-ды басқару объектілері басшылығының ұстанымы (позициясы) және тағы басқалар.

Бұл сияқты кәсіпорындар дамыған ақпараттық инфрақұрылымы бар, есептеуіш техника мен желілердің заманауи құралдарының негізінде әртүрлі қолданбалы бағыттағы бағдарламалық қамтамаларды, дербес деректер базаларын, автоматтандырылған жұмыс орындарын әзірлейтін жекеменшіктің кез-келген формасындағы ұйымдар мен фирмалар, сонымен қатар, оқу орындары, ғылыми-зерттеу және жобалау бюросы, копмьютерлік центрлер болады.

Аталған кәсіпорын IT-шешімдерді әзірлеу мен енгізуге, ұйымның АT-жобаларының құру және дамуы жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеу, ұйымның қолданыстағы ақпараттық инфрақұрылымын және IT-жобаларды іске асыру жағдайын зерттеу мен талдауға тапсырмалар беру сияқты консалтингтік қызметтермен және Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, тапсырыс беруші жүйесінің функционалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз ету үшін қызметтер көрсету.

 

Осы жерге нақты мекеме туралы мәлімет болса жэазындар, болмаса осы жетеді.

 

 

Техникалық қауіпсіздік ережелерінің жалпы сипаттамасы

 

Еңбекті қорғау – заңдар актілерінің, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдік, аурудың алдын алу іс-шараларының, сонымен бірге еңбек үрдісі барысында адам өмірінің қауіпсіздігінің, оның денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтау жүйесі.

Практикалық іс-әрекетте заңдар актілерін және әлеуметтік-экономикалық іс-шараларын келесі ұғымдар негізінде қарастырған жөн: еңбек заңдылықтары және еңбек қорғауды басқару; техникалық іс-шаралар және өрт қауіпсіздігінен қорғану жүйесінің құралдары; гигиеналық және емдік, аурудың алдын алу шаралары мен құралдары; еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария.

Қауіпсіздік техникасы – қауіпті өндірістік аймақтарда немесе факторларда жұмыс істеуге келтірілетін зияндардың алдын алатын ұйымдастырушылық іс-шаралар мен техникалық құралдар.

Қауіпсіздік техника нұсқаунамасының 5 түрі болады:

- кіріспе нұсқаунама (білім немесе жұмыс өтіліне байланыссыз);

- бірініші реттік – жұмыс орнында (жұмысқа қабылданған күні);

- екінші реттік ( 6 айда 1 реттен кем емес);

- жоспардан тыс (еңбекті қорғау ережелері өзгерген кезде);

- ағымдық (жұмыс алдында наряд-рұқсат рәсімдеу үшін қызметкерлермен жүргізіледі).

ДЭЕМ-мен жұмыс істеген бөлмеде температура артады, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендейді, ауаның иондық және сапалық құрамы нашарлайды, ауа құрамында органикалық заттар мен көмір қышқыл газы пайда болады. Ауа құрамындағы аталмыш заттардың мөлшері рұқсат етілген мөлшерден жоғары болуы мұмкін. Сондықтан микроклиматтың келесі параметрлерін қадағалап отыру керек: ауаның температурасы 18°C-21°C арасында; ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55-62%; ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1м/с кем болуы керек.

Ауа райына байланысты бөлмені желдетіп отыру керек, ұзақтығы 10 минуттан кем емес болуы керек. Дәл осындай мақсатта терезелерге автономды кондиционерлер орнату қажет. Есептеу техникасы кешенін қоршаушы конструкциялардың дыбыстық оқшаулары да қандай да бір талаптарға жауап беруі керек. Шу деңгейін төмендету үшін бөлменің төбесі немесе қабырғасы еденнен 1.5-1.7 м жоғары және олардың беттері дыбыс жұтқыштық коэффициенті 63-8000 Гц жиілік арасында болатын дыбыс жұтқыш материалмен қапталуы керек.

Дыбысты қосымша жұтқызу үшін, қатпарлы тығыз ауыр матадан тігілген шымылдықты, қоршаудан 15-20 см қашықтықта ілу керек. Жарық жұтылуын азайту үшін, егер бөлменің төбесі мен қабырғалары дыбыс жұтқыштық материалмен қапталмаса, онда оның панельден жоғары жері 3,5-1,7 м су эмульсиялық ақ сырмен (шағылу коэффициенті 0,7-ден кем болмайтын) сырлануы керек. Қабырғаны ақшыл түсті сырлармен сырлау қажет.

Жарықтаушы қондырғылар ретінде төбелік немесе төбеге ілінетін люминесценциялық шамдар сияқты жалпы жарық жүйесін қолдану қажет.

Дербес компьютер экранына шамның шағылған жарығы түспеуі керек. ДЭЕМ-нда жарықтандырудың келесі түрлері қолданылуы керек: жалпы люминесценттік жарықтандыру кезінде бейне мониторлар бөлменің периметрі бойымен немесе экрандары бір-біріне қарама-қарсы орналасқан жұмыс орындарының екі қатар болып бөлменің ортасында орналасады; қиылысқан (табиғи + жасанды) жарықтандыру кезінде жұмыс үстелінің экраны мен беті жарық шағылатын қабырғаға перпендикуляр болатын жұмыс орындары бір немесе үш қатар болып орналастырылады.

Қабырғадан 0,8-1,0 м қашықтықта, бөлменің ұзындығы бойымен бір қатар болып орналасқан кездегі және экран қабырғаға перпендикуляр болғандағы жарықтандыру табиғи деп есептелінеді. Табиғи жарық ағымы оң жақтан, алдыңғы немесе артқы жақтан емес, тек сол жақтан түсуі керек. Экран мен адамның көзінің арасы 60-70 см болуы керек, бірақ 50 см кем емес. Сондықтан нәрсені 50 см-ге жақын қашықтықтан қарауға болмайды.

Есептеу техникасын қолдану бойынша нұсқаулар:

- тірек-қозғалыс аппараттары, көз, тері аурулары сырқаттары бар қызметкерлер, әсіресе аяғы ауыр әйелдер ДЭЕМ-мен жұмыс істеулеріне шек қою қажет;

- жоғары ажыратқыш қабілеті бар және экран өлшемі 14" (hi-resolution, non-interlaced) дисплейлер қолдану қажет;

- жоғары ажыратқыш қабілеті бар және кадрлік жиілігі 70~72гц арасында болатын бейнеадаптерді таңдау қажет;

- көздің шаршауын болдырмау, экран мониторын шаң-тозаңдардан қорғау үшін дислейге антистатикалық қабаты бар экрандар орнату қажет;

- экраннан 70 см қашықтықтан кем емес қашықтықта отыру қажет;

- дисплей экраны тура түскен жарықты шағылдырмайтындай орналасуы керек;

- дисплей жарық көзіне тым жақын немесе оның үстінде орналаспауы қажет;

- оператордың жұмыс орнының жарықталынуы бөлме жарықтануының 2/3 мөлшерінен артық болмауы қажет;

- дисплейдің артқы жағының жарықталынуы да экранның жарықталынуындай болуы керек;

- бір бөлмеде бірнеше ДЭЕМ болған жағдайда, әрбір оператордың жұмыс орнының көрші компьютердің артқы жағы мен бүйір қабырғаларының арасы 1,2 м-ден кем болмауы керек;

- жұмыс орны жұмыс істеуге ыңғайлы болуы керек;

- дисплеймен жұмыс істеу уақыты оператордың жалпы жұмыс уақыты 50%-н артпау керек;

- жұмыс жылдамдығы сағатына пернені 10 мың рет (1500 сөз) басу, осы мөлшерден арттырмау керек;

- компьютермен жұмыс істеген кезде әрбір 2 сағаттан кейін 15 минуттық үзіліс, ал ұзақ істегенде – әрбір бір сағат сайын үзіліс жасау керек.

Компьютер жұмысының қауіпсіздігі үшін электр желісінде авария болған жағдайда үзіліссіз кернеумен қоректендіретін қоректену көзі болуы керек. Сонда компьютерде сақталған, өте маңызды мәліметтер жоғалмайды. Жүйелік блоктың артқы бөлігін қабырғаға өте жақын қоюға болмайды, себебі ол жүйелік блоктың «ауыр» салқындалуына немесе қызуына әкеліп соғады. Сол сияқты, дисплей үстіне қағаз, кітап және т.б. оның желдеткішін жауып қоятын нәрселерді қоюға болмайды. Бөлмеде тиімді шаң-тозаң режимін ұстап отыру керек. Қандай да бір иіс пайда болған кезде бірден жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру керек.

Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған маңызды жалпы мемлекеттік проблемалардың, республика халқының денсаулығын нығайту, оның тіршілік сапасы мен деңгейін арттыру, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау шараларын жетілдіру мәселелерінің сәтті шешілуі мемлекеттік органдардың да, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің де өзара әрекеттестігі мен ортақ күш салуы арқасында жүзеге асырылатынын айтуға болады.


Web- технологиялар

Web-сервер түсінігі

 

Браузердің адрестік жолындағы қажетті URLді теріп болған соң, браузер пайдаланған протокол (HTTP) жөнінде мәлімет және сервер атын алады. Сервер атын IP- адреске ауыстыру үшін браузер DNS серверіне- жүгінеді. Алынған IP- адрес негізінде браузер ізделінді Web- сервермен байланыс орнатады және HTTP протоколын пайдалана отырып ізделінді ресурсты сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін жібереді. Браузер HTML- тэгтерін оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің экранында бет ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың нәтижесін көраласыз. Әдетте қарапайым Web беттерде тек текст қана емес графиктерден де тұрады, яғни әр түрлі типтегі бірнеше файлдан тұрады. Браузер ол файлдарды тану үшін, сервер қандай файлды (HTLM форматындағы текст немесе JPG форматындағы графика және т.б) жіберу керек жөнінде мәлемет береді содан соң файл мазмұны жіберіледі. Әдетте, Web беттер көптеген файлдардан түрғанына қарамастан бір рет сұраныс уақытысынды Web сервер тек қана бір файлды жібереді. Яғни, html текст алып одан графикалық элементке сілтеме тауып, браузер серверге жаңа сұраныс жібереді ( html текст келген серверге ғана жіберу міндетті емес). Әрбір жаңа файлды көшіріп алу үшін браузер жаңа HTTP сұранысын жіберу керек. Бұнда қазіргі серверлермен браузерлер көп потокты режімде жұмыс істейтіндіктен бір мезгілде бірнеше сұраныс орындалуы мүмкін. Егер берілген адресте сұранып отырған ресурс жоқ болса онда Web сервер мұнандай мәлімет береді 404/File not found ( файл табылмады). Статистикалық және динамикалық беттер. Статистикалық беттер Web сервер каталогында орналасқан файлдардың нақ копиясы болып табылады және өңдеуші өзі онда бір нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді. Дегенмен беттер динамикалық түрде қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес, белгілі бір программада сұраныстың өңделу уақытында. Осындай беттердің қалыптасуының бірнеше әдістері бар. Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру. Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге асыру үшін серверге мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар «кәдімгі» болады, ал қандайы оның программалық өңделуіне нұсқаулары болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі құрастырады ( арнайы командалар көмегімен немесе ішкі бағдарлама). Беттердің динамикалық қалыптастыратын командасы болатын программа мәтіні скрип деп аталады. Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру. Бұл жағдайда программа мәтіні динамикалық web- парағын қалыптастыру үшін алдымен тұтынушының локальдық компьютеріне беріледі, бұнда браузер web- парағын алу және өңдеу үшін оған сәкес заттар шақыру керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін бірнеше технологиялар бар. CGI- технологиясы. Біздің сұранысымызға сәйкес дайындалған динамикалық беттер «жылдам қалыптасты». Мысалы кез-келген пікірлер кітабы сізге белгілі бір форманы көрсетеді бұнда сіз өз мәтініңізді қосасыз, келесіде осы бетті ашсаңыз онда жаңа хабарлама тұрады. Web- парағына динамикалық мазмұнды қосуға мүмкіндік жасайтын технологиялардың бірі CGI (Comman Gateway Interface) болып табылады. Ол сол немесе басқа URL мен статистикалық документі емес программаны түсінуге мүмкіндік жасайды нәтижесінде нақты уақытта мәліметтер қалыптастырады. Мысалы егер сіз белгілі бір районда ауа райынын дер кезіндегі мәліметінін бергіңіз келсе онда сіз әр бір ретте жаңа бетті құруыңыз керек. Бұл CGI технологиясының негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Серверде жұмыс істеу бастағанда CGI программасы қосылады, ол цифрлы өлшеуіш құралына айналып температура,қысым және т.б мәліметтер береді. Әр кезде осы адрестен мәлімет алу үшін байланысқаныңызда сіз сол уақыттағы мәліметті аласыз. Басқа мысал: егер сіз ізденіс жүйесінен белгілі мәлімет алғыңыз келсе онда CGI программасы жұмысының нәтижесін ізделінді адрестер жыйынтығы түрінде аласыз. CGI программасын нақты уақыттағы Web сервердің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Сервер тұтынушының сұрағын CGI программасына береді ол оларды өңдеп жұмыс нәтижесін тұтынушы экранына қайтарып береді. Клиент үшін адресте URL статистикалық құжат па немесе CGI программа ма еш қандай айырмашылығы жоқ. CGI программалары жұмысының нәтижесі статистикалық құжат сияқты форматта болады. CGI терминін тек қана программа емес протокол ретін де түсінуге болады. Бұл жағдайда CGI Web сервер үшін стандартты тәсіл болып табылады– тұтынушы сұранысын бағдарламаға беру және одан мәлімет алу. Сервер мен оның қосымшасының арасындағы бір біріне мәлімет жіберу жөніндегі CGI протоколы HTTP протоколының бір бөлігі болып табылады. CGI программасының үлкен бөлігі CGI скрипталары болып табылады. Скрип дегеніміз интерпритацияланатын немесе басқа программаларымен жұмыс жасайтын ережелер жинағы. Perl, 11-4421.php">2

  • 3
  • Далее ⇒
  •