Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

CИЛЛАБУС

«Аллергологиядағы дифференциалды диагноз негіздері» элективті пән

модулі бойынша

 

Мамандығы: 5B130100 «Жалпы медицина»

 

Интернатураның «Ішкі аурулар» бағыты бойынша

 

Практикалық сабақ 240 (сағат)

 

ИӨЖ 120 (сағат)

 

Емтихан 11-12

(семестр)

 

Барлығы 360 (сағат)

 

Курс 6

 

Семестр 11 - 12

(семестр)

 

 

Астана 2016ж.

 

 

Оқытушылар туралы деректер:

Аты-жөні Дәрежесі және лауазымы Басты ғылымдық қызығушылықтары
Горлова Тамара Николаевна интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының ассистенті гастроэнтерология , ішкі аурулар
2. Абдахина Баглан Бисултановна интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к. пульмонология, ішкі аурулар
3. Айтуганова Алия Тлеутаевна интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к. гастроэнтерология , ішкі аурулар
4. Избасарова Ирина Анатольевна интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, б.ғ.к. аллергология, ішкі аурулар

 

- Байланыс ақпараты:Кафедра «ҚР ІІМ Орталық госпиталі мен емханасы» МБ негізінде орналасқан. Мекен-жайы Қабанбай батыр даңғылы 66; тел. 704958; е-mail: kaf.inter.ter@amu.kz

Оқытудың соңғы нәтижелері:

А. Білу және түсіну:

1. Негізгі терапиялық аурулардың клиникалық симптоматикасын;

2. Ішкі аурулардың синдромальды диагностикасын;

3. Ішкі аурулардың патогенезін.

В. Білімін және түсінігін қолдану:

1. Науқастың шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинау кезінде;

2. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдауда;

3. Жеке науқаста ішкі ауруларды синдромальды диагностикалауда және жетекші синдромды бөлуде;

4. Жетекші синдром бойынша дифференциалды диагностика жүргізуде.

С. Пікірін білдіру:

1. Синдромдарды негіздеуде;

2. Жетекші синдромды анықтап оны негіздеуде;

3. Жетекші синдром бойынша диффернциалды диагностика жүргізу барысында нозологияларды таңдап алуды негіздеуде;

4. Науқасты зерттеу жоспарын негіздеуде.

D. Коммуникативтік қабілеті:

1. Альтуризм, мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік, шынайылық,

дәрігерлік құпияны сақтау сияқты кәсіптік құндылықтарды меңгеру;

2. Науқастармен, дәрігерлермен, әріптестерімен жұмыс істеу барысында

дәрігерлік этика және деонтология ережелерін сақтай білу;

3. Командада жұмыс істей білуі керек және көсбасшылық қасиетке ие болу.

Е. Оқуға қабілеті:

1. Дифференциалды диагностика жүргізуге қажетті материалды өздігімен оқи

білу;

2. Болуы мүмкін этиологиялық себептер тізімін жасай білу;

3. Науқастағы аурудың патогенезін негіздей білу;

4. Науқасты зерттеу алгоритмін жасай білу;

5. ИӨЖ сабақ уақыты кезінде толық орындау.

Модульге кіретін пәндер тізімі және әр пәннің сағат саны

Пәннің/модуль компоненттерінің атауы Сағат саны Аудитори-ялық сабақ ИӨЖ Бақылау нысандары
Ішкі аурулар семиотикасы мен диагностикасы 1 кезең: билет бойынша ауызша сұрау 2 кезең: клиникалық: науқастың төсегінің жанында
Иммунтапшылығы жағдайының дифференциалды диагностикасы
Аллергодерматоздардың дифференциалды диагностикасы

 

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары