Химиялық лабораториядағы химиялық ыдыстар, құрылғылар және қондырғылар

 

Химиялық лаборатория, химиялық зертхана - химиялық тәжірибелер мен зерттеулер жүргізуге арналған, арнайы жабдықталған бөлме. Химиялық лаборатория қолдану мақсатына қарай оқу, ғылыми-зерттеу, зауыттық, бақылау лабораториялары болып бөлінеді.

Оқу лабораторияларында оқушылар теоритикалық білімдерін толықтырып, химиялық жабдықтар мен қондырғыларда жұмыс істеуге үйренеді.

Ғылыми-зерттеу лабораторияларында ғылыми мәселелерді шешу мақсатында әр түрлі тәжірибелер жүргізіледі. Зауыт лабораторияларында өндіріске қажетті шикізаттар мен одан шығатын өнімдердің сапасы қадағаланады.

Бақылау лабораторияларында қондырғылар, технологиялық сұлбалардың жұмыс істеуі, тиімділігі, т.б. тексеріледі.

Химиялық лаборатория жұмыстарды жүргізу әдістеріне қарай аналитикалық, анорганикалық, физикалық, коллоидты химиялық, электрхимиялық, т.б. болып бөлінеді.

Химиялық лаборатория мүмкіндігінше кең, терезелері үлкен, жарық болуы және жарық жұмыс істеушінің сол немесе алдыңғы жағынан түсіп тұруы керек.

Онда өрт сөндіргіш құралдар мен алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жабдықтары болуы шарт. Лабораториялардағы приборлар мен ерітінділер бүлінбес үшін ол атмосферасы газ, шаң-тозаңдармен ластайтын өнеркәсіп орындарынан алшақ салынады. Химиялық лаборатория столының беті линолеум, пластик немесе асбовинилді плиталармен қапталады. Столдарының шкафтары мен тартпаларында лабораториялық жұмысқа қажет химиялық ыдыстар,приборлар, реактивтер сақталады. Жиі пайдаланылатын реактивтер сөрелерге қойылады. Столдың ұзындығы 1,5 - 3 м, жанында биік орындық, тәжірибелер қорытындыларын жазатын жазу орны болады.

Химиялық лаборатория ауасын таза ұстау үшін желдеткіш, тез ұшатын, агрессивті (сұйық бром, концентрациялы азот, күкірт қышқылдары) тез тұтанатын (күкіртті көміртек, эфир, бензол, т.б.) заттармен жұмыс істеуге арналған тартпалы шкафы болады.

Химиялық тәжірибелерде көбінесе дистилденген су қолданылады, сондықтан химиялық лабораторияда суды дистилдейтін қондырғылар орналастырылады.

Аналитикалық таразы, оптикалық нәзік приборлар химиялық лабораторияның қасындағы жеке бөлмелерде сақталады.

 

 

 

Аналитикалық таразы

 

 

Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Майда_кристал&action=edit&redlink=1"кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға,элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екілинзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған.

 

Микроскоп

Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673-77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872-73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған. Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.