М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Факультет: Тарих,экономика және құқық

Кафедра: Құқықтық пәндер

Шифр, мамандық: 5В030100 - Құқықтану

Пән: Мемлекеттік қызмет

 

Нұсқа

 

1. Мемлекеттік саяси қызметшімен алынған саяси лауазым құзыреттері келесі жағдайларда тоқтатылады:

А)әкімшілік құқықбұзушылық жасаған кезде
В)басқа жұмысқа ауысқан кезде
С)жоғары оқу орнына түскен кезде
Д)жедел әскери қызмет өтеуге шақырту алған кезде

 

2. Тестілеу нәтижелеріне шағым беру тәртібі анықталады:

А)өкілетті органмен
В)жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органмен
С)Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерімен құрылған комиссиямен
Д)ҚР Президентімен

 

3. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуді уәкілетті комиссия ... айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады:

А)конкурстық комиссия
В)бірінші басшы
С)Қазақстан Республикасының Президенті
Д)уәкілетті орган

 

4. Кімдерге сынақ мерзімі белгіленбейді:

А)Құқық қорғау органдарына қызметке кірген мемлекеттік қызметшілер үшін
В)Мемлекеттік әкімшілік қызметке оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін
С)Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін
Д)Басшылық лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер үшін

 

5. Мемлекеттік қызметкерлер міндетті:

А)қарамағындағы мемлекеттік қызметкерлерден олардың лауазымдық құзыреттерінен тыс тапсырмаларды орындауын талап етуге
В)басшының кез келген тапсырмаларын орындауға
С)жалпымен қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға
Д)мемлекеттік қызметтің беделін түсіруге

 

6. Теріс қылық жасаған күннен бастап тәртіптік жаза қолданыла алмайды:

А)екі айдан кейін
В)бір айдан кейін
С)алты айдан кейін
Д)үш айдан кейін

 

7. Мемлекеттік қызметкерлерге келесі көтермелеулердің бірі қолданыла алмайды:

А)құрметті атақтың берілуі
В)ведомстволық сыйлармен марапаттау
С)грамотамен марапаттау
Д)қызметкерді және оның отбасы мүшелерін ақшалай марапаттау

 

8. Тұлға «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымға ішкі конкурс қорытындысы бойынша орналасуға құқылы, егер ол өзге жеке немесе заңды тұлғалармен еңбек шартын жасамаса, және сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс елдерге жол сапар жасамаса:

А)әкімшілік мемлекеттік қызметтен босатылуынан 1 жылдан соң
В)әкімшілік мемлекеттік қызметтен босатылуынан 90 күнтізбелік күннен соң
С)әкімшілік мемлекеттік қызметтен босатылуынан 60 күнтізбелік күннен соң
Д)әкімшілік мемлекеттік қызметтен босатылуынан 30 күнтізбелік күннен соң

 

9. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер басқа жергілікті жерге ауыстырылуы барысында:

А)қызметтік көлікпен қамтамасыздандырылады
В)жекешелендіру құқығынсыз тұрғын үймен қамтамасыздандырылады
С)жекешелендіру құқығымен қызметтік үймен қамтамасыздандырылады
Д)үстемақы белгіленеді

 

10. Мемлекеттік қызметкерлер міндетті:

А)қарамағындағы мемлекеттік қызметкерлерден олардың лауазымдық құзыреттерінен тыс тапсырмаларды орындауын талап етуге
В)басшының кез келген тапсырмаларын орындауға
С)қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына дегн сенімін сақтауға және нығайтуға
Д)мемлекеттік қызметтің беделін түсіруге

 

11. Мемлекеттік саяси қызметшімен алынған саяси лауазым құзыреттері келесі жағдайларда тоқтатыла АЛМАЙДЫ:

А)мемлекеттік орган таратылуы (жойылуы)
В)сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасау
С)Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген міндеттемелер мен шектеулерді сақтамау
Д)Қазақстаннан шеткері тыс аймаққа бір айдан артық мерзімге шығу

12. ... өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға беруге міндетті:

А)Жоғарғы Сот төрағасы
В)Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері
С)мемлекеттік органдардың бірінші басшылары
Д)Премьер-Министр

 

13. Үш жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі барысында мемлекеттік органды тарату (жою) жағдайында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметтен босағанда берілетін жәрдемақы төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:

А)орташа екіайлық жалақы
В)орташа үшайлық жалақы
С)орташа төртайлық жалақы
Д)орташа бірайлық жалақы

14. Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері ... белгіленеді:

А)Қазақстан Республикасының Конституциясымен
В)Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен
С)«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімнің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен
Д)«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен

 

15. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің аттестациясын жүргізу үшін комиссия құрылады, оның құрамына кіруі тиіс:

А)сегіз адам
В)бес адамнан кем емес
С)жеті адам
Д)үш адамнан кем емес

 

16. Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау -:

А)мемлекеттік қызметкермен жүргізілетін өзін-өзі оқыту
В)олардың біліктіліктерін жетілдіру үшін оқыту семинарлары
С)жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша академиялық және ғылыми дәреже алу үшін оқыту үдерісі
Д)қосымша кәсіби білімдер алу үшін оқыту курстары

 

17. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының күші ... қолданылмайды:

А)Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде реттелмеген бөлігінде жергілікті өкілді органдар тағайындайтын немесе В)Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге
С)Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заңнамалық актiлерiнде олар үшiн өзгеше құқықтық мәртебе айқындалған жағдайларды қоспағанда, барлық мемлекеттiк қызметшiлерге
Д)Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктері бар құқық қорғау қызметін өткеріп жүрген мемлекеттiк қызметшiлерге
Е)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілеріне

 

 

18. Мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін теріс қылық жасаған күннен бастап тәртіптік жаза қолданыла алмайды:

А)алты айдан кейін
В)бір жылдан кейін
С)екі айдан кейін
Д)бір айдан кейін

 

19. Халықаралық ынтымақтастық келесі бағыттардың бірінен тұрады:

А)шетелдерде мемлекеттік органдардың комитеттерін құру
В)мемлекеттік қызметкерлерді шетелдерде оқыту
С)шетелдік мемлекеттік органдарға инвестициялар
Д)мамандармен халықаралық алмасу

 

20. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары кеңесшілерінің немесе көмекшілерінің, пресс-хатшыларының әкімшілік мемлекеттік бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасу:

А)аталмыш мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс негізінде іске асырылады
В)аталмыш мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында жалпы конкурс негізінде ғана іске асырылады
С)мемлекеттік орган, оның ведомствосында, сонымен қоса олардың территориалды бөлімшелері ішінде ауыстыру тәртібінде конкурсты өткізусіз рұқсат етіледі
Д)конкурсты өткізусіз рұқсат етіледі

 

21. Б» корпусының мемлекеттік лауазымына алғаш рет түсуші немесе мемлекеттік қызметті тоқтаған соң қайта түсуші азаматтар үшін кезеңдердің бірі:

А)шетел тілін білуге арналған тестілеу
В)жеке қасиеттерді бағалау
С)мемлекеттік органның бірінші басшысымен сұқбаттасу
Д)тұлғалық құзыреттерді бағалау

 

22. Мемлекетік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуға негіз ретінде болып табылады:

А)мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметтен кетуі
В)еңбек шартының мерзімі аяқталуы
С)әкімшілік құқықбұзушылықты жасау
Д)жұмыс орнында екі сағаттан артық табылмау фактісі

 

23. Қазақстан Республикасы Президентімен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер зейнеткерлік жасқа жетуі барысында өздерінің құзыреттерінің Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша келесі мерзімдер бойынша жалғастыру алады:

А)үш жылға дейін
В)екі жылға дейін
С)он жылға дейін
Д)бес жылға дейін

 

24. Орталық атқару органдарының жауапты хатшылары қызметінің бағалауын жүргізеді:

А)мамандар қызметі
В)Қазақстан Республикасының Президенті
С)Қазақстан Республика Президентінің Әкімшілігі
Д)Мемлекеттік органның бірінші басшысы

 

25. Мемлекеттік қызметкердің өкімді заңсыз атқаруының салдарына жауап тартады:

А)осы өкімді растаған басшы
В)өкілетті орган
С)ішкі қауіпсіздік қызметі
Д)атқарушы

 

26. Антты ... қабылдамайды:

А)мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер
В)әкімшілік немесе өзге мемлекеттік лауазымнан мемлекеттік саяси лауазымға ауысуы кезінде мемлекеттік қызметші
С)әкімшілік немесе өзге мемлекеттік қызметке ауысуы жағдайда мемлекетік саяси қызметшілер
Д)мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер

 

27. Мемлекеттік лауазымы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысқан және мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кеме емес мемлекеттік қызметкердің бас тарту жағдайында жұмыс орнынан:

А)ол өзге мемлекеттік органға ауыстырылады
В)оның лауазымы көтеріледі
С)ол лауазымынан төмендетіледі
Д)оған орташа төртайлық еңбекақы көлемінде өтемақы төленеді

 

28. Еңбек демалысы кезінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлемі құрайды:

А)екі лауазымдық жалақы мөлшерінде
В)бір лауазымдық жалақы мөлшерінде
С)мемлекеттік орган басшысымен бекітілген жалақы мөлшерінде
Д)Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген жалақы мөлшерінде

 

29. Мемлекеттік қызметшілерге жылсайынғы ақылы еңбек демалысы келесі ұзақтықпен беріледі:

А)31 күнтізбелік күн
В)23 күнтізбелік күн
С)30 күнтізбелік күн
Д)24 күнтізбелік күн

 

30. Мемлекеттік лауазымы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысқан мемлекеттік қызметкердің бас тарту жағдайында жұмыс орнынан:

А)ол жұмыстан босатылады
В)ол лауазымынан төмендетіледі
С)оған орташа екі айлық еңбекақы көлемінде өтемақы төленеді
Д)ол өзге мемлекеттік органға ауыстырылады

 

«Құқықтық пәндер» кафедрасының шешімімен құрастырылды және бекітілді.

Хаттама №____ «__»________2016ж.

Каф.меңгерушісі ___________________________Серикова Л.С.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және бекітілді.

Хаттама №____ «__»________2016ж.

Факультет ОӘК төрағасы _________________Утешова С.М.