Тақырыбы: «Оқу орында жаппай қорғаныс әдісін және түрлі формаларды пайдалану».

Жоспары:

1.«Қалқан», «Ұлан» және тағы басқа әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ денешынықтыру бойынша «Президенттік тест» талаптарын орындау.

Сабақтың мақсаты.«Қалқан», «Ұлан» және тағы басқа әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ денешынықтыру бойынша «Президенттік тест» талаптарын орындау.

Қысқаша мәтіні: .«Қалқан», «Ұлан» және тағы басқа әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ денешынықтыру бойынша «Президенттік тест» талаптарын орындау.

Оқу орында жаппай қорғаныс әдісін және түрлі формаларды пайдалану

Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.

Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қасысы барынша сәйкес келетіндігіне мән ьере отыра, халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жағдайына жедел аудару үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, дәрігерлік қорғау, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап, іске асыру қажет.

Осы шаралардың мәнін қысқаша қарастырайық.

а) Инженерлік шаралар.

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру – шабуыл жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалалар мен шаруашылық объектілеріне панаханаларды дер кезінде салу мақсатында қалалар мен селолық жерлерді радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрістету болып табылды.

ә) Көшіру шаралары.

Төтенше жағдайда болсын, заманғы зақымдау құралдарын қолдануда тұрғындарды қорғау мақсатында көшіру шараларын дер кезінде жүргізудің маңызы өте зор.

б) Радиация мен химиядан қорғау шаралары.

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай Азаматтық қорғаныстың құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:

1. Қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау:

- радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-21);

- химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ПХР, ХУЗ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1); дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24);

- залалсыздандыруда осы құралдарды әзірлікте ұстау;

- радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалау;

- халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды; азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру;

- радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеу;

- жердегі ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ суды, азыұ-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлерін пайдалану;

- радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою.

в) Медициналық шаралар.

Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау бойынша дәрігерлік шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улы заттармен, газдармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі.

Ол мыналарды қамтиды:

- санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізу;

- халық пен АҚ бөлімшелерінің жасақшыларын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйрету;

- халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру;

- объектілердің радиоактивті, химиялық заттармен және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

- санитарлық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.

г) Өрттен қорғау шаралары.

Бұл – халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мқсатында жүргізілектін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды:

- ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болдап, анықтау;

- қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөнінде инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шраларын жүргізу;

- өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын қамтамасыз ету;

- өрттің көлемі мен мөлшерін бағалау мен оны бақылауға алу;

- өрт ошақтарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалау;

- өрттің алдын алу және оның өршуіне жол бермеу мен сөндіру.

Сонымен, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас ғана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздндырады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас.

2. Инженерлік шралар.

3. Көшіру шаралары.

4. Радиациядан қорғау шаралары.

5. Химиядан қорғау шаралары.

6. Медициналық шралар.

7. Өрттен қорғау шаралары.

Лекциялық сабақ №25,26

Тақырыбы: «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді одан әрі жетілдіру ісінің міндеттері мен мәселелері және оның тиімді жолдарын іздеу».

Жоспары:

1.Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері.

Сабақтың мақсаты Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері.

Қысқаша мәтіні: Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері.

Жастар – бұл біздің қоғамымыздың болашағы және оның қандай болып қалыптасуынан біздің қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мемлекеттілігі байланысты.

Қазақстандық отансүйгіштік және ұлттық келісім Қазақстан республикасының азаматын тәрбиелеудегі негіз болып табылады.

Қазақстанда патриоттық тәрбиенің біртұтас жүйесі жасалып, әсіресе қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі шынайы бағалануы тиіс. Сондықтан да үкімет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылдануы тиіс. Олар мерзімді баспасөздерде толығымен жарияланып, сол қабылданған бағдарламалардың жүзеге асырылуының нәтижелері басылым беттерінен көрініс тауып жатса, жастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыруда оң шешім болар еді.

Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан біз өз зерттеуімізде патриотизм, әскери патриотизм, ұлтаралық қатынас мәдениеті тұрғысынан интгеративті құрылым ретінде қазақстандық патриотизмнің мәнін ашып көрсеттік (сурет 1).

 

 


Сурет 1 – Қазақстандық патриотизмнің мәні

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.

Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасадыдей келе, Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:

Қазақстанда 130–дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.

Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.

Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық сапаларының қалыптасуы.

Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылдыру мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.

Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.

Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.

Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасының тәрбиелік білім беру жүйесінде бұл бағытсыз болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай азаматтар және қандай патриот болып шығатынын толғандыратын мәселе болып отыр.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.

Отан - әрдайым туған анамызбен бір деңгейде тұратын, тіпті мазмұны жағынан одан әлдеқайда биік бағалануға тиісті ең қасиетті, ең ұлы анамыз.

Белгілі ақын және саяси қайраткер М. Шахановтың айтуынша қазақстандық патриотизмнің бастауында қазақ халқының еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресінің белгісі болған үш ірі тарихи оқиға тұр:

Отырар шайқасы. Шыңғыс хан әскеріне қарсы алты ай күрес қазақ халқының зор рухани күшін әлемге танытты.

Еркіндік пен ұлттық мемлекетілікті сақтап қалу үшін болған бір жарым ғасырға созылған жоңғар басқыншыларына қарсы күрес.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Тоталитарлық режимге қарсы алғашқы бас көтеру қазақ жерінде болып, әлемге өлмеген ұлттық рухты паш етті.

Біздің тарихымыз өте бай. Сол тарихта орын алған тұлғалар, батырлар өмірі, саяси қайраткерлер, қиын-қыстау кезіндегі халықтың ерлігі қазіргі жастарда отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеуде үлгіге айналуы тиіс. Өз елінің тарихы үшін, ата-бабаларының жасаған ерліктері үшін үлкен мақтаныш сезімін тәрбиелеу арқылы отансүйгіштік қасиетті бойға сіңіре білу. Өзінің тіліне, дініне, тарихына, діліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Тіл, діл, дін - тұтас ұғым. Осы тұтас ұғым ұлттық өлшем. Осының бірінен ажырағанда ұлт ұлт болып қалыптасудан қалады.

Сабақта патриоттық тәрбиеге байланысты барлық жайларды толығынан қамту мүмкін емес. Сондықтан, біздің ойымызша, міндетті түрде қосымша іс-шаралар жүргізу керек. Мысалға, сыныптан тыс жұмыс. Біз сыныптан тыс жұмысты оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Оның мазмұны жан-жақты болуға тиіс. Ол оқушылардың мүдделік жағынан бірігуіне әсер етіп, олардың шығармашылық талабын және өзіндік тәуелсіздігін арттырып, жалпы мектеп ұжымын біріктіре отырып, жолдастық қатынастарды бекітіп, жеке тұлғаның және қоғамның мүддесін қорғауға бағытталуы тиіс. Біз неге жоғарғы сынып оқушыларын алып отырмыз. Себебі Г.В.Мизиковскийдің пікірінше: "Бозбалалар мен қыздарды 15-17 жаста дүние танымның және өмірге бағытталуының негізі қаланады, олар өмірде өзінің орнын табуды белсенді іздестіреді, олардың таным үрдісі белсенді жүреді" екен. Отан туралы оның әлемдік тарихи үрдістегі орны, жолы туралы қөзқарасы тереңдей түседі.

Жастар өз елінің тарихын зерделей отырып, өз бойларынде келесі қасиеттерді қалыптастырады: көрнекті қайраткерлердің, қарапайым халық өкілдерінң тарихтағы орнын бағалау;

халықтар тағдырының ортақтығына, әдет ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің ортақтығына назар аудару;

ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарымызды бойына сіңіру.

Сонымен қатар жастады отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру қажет. Ұлттық сана-сезім. Деген туған-туысыңның, ағайыңныңның жағдайын емес, ұлтыңның қамын ойлау деген сөз. Ең алдымен жастарда ұлтжандылықты тәрбиелеу керек. Жас отансүйгіш-қазақстандық - ол ұлтжанды азамат болуы тиіс. Олар ең алдымен елім, жерім, ұлтым аман болса екен деп ойлайтындар.

Ұлттық қасиеттеріміздің ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Студенттерге ұлттық патриоттық тәрбие беру жоғары оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілікпен дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы - өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан студенттер ұлттық патриотизммен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беруді жүйелі талдап, зерттеп, жоғары оқу орындарында патриот студенттер тәрбиелеуде енгізілуі керек. Ұлттық патриоттизмді қалыптастырудың құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тб. Осыған сәйкес біз ұлттық патриотизм ерекшеліктерін айқындайтын маңызды мәнін ашып көрсеттік (сурет 2).

 

Сурет 2 – Ұлттық патриотизмнің мәні

Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті отанының қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ең басты бағыттардың бірі болып табылады? Білім беру мекемелері қазіргі заман талаптарына сай, кәсіби дайындығы жоғары маманды дайындап қана қоймай, рухани-адамгершілігі жоғары мамандарды дайындау қажет. Оқу орындарының түлектері біздің қоғамда тек қана білікті маман ғана емес, патриот – азамат ретінде де қажет. Бүгінгі күні мемлекеттік білім беру бағдарламасында тәрбие жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпы азаматтық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде сапа қасиетін қалыптастыру деп атап көрсетілген. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен азаматтылық» жас ұрпақтың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып табылады. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор.

Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.

Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.

кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.

Сонымен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Тәрбиенің күрделі процесінің маңызды бір қыры студенттердің патриоттылыққа бағдарланған тұлғасын тәрбиелеу болуы тиіс. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу тек қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына ғана емес, әрбір студенттің дара тұлғалық дамуына бағытталған педагогика ғылымының қазіргі бағыттарына да сәйкес келуі қажет. Өйткені отанға сүйіспеншілік адамның өзін тұлға ретінде сезінуіне, өз елін мақтан тұтуына, өзін онымен байланысты сезінуіне мүмкіндік береді, ал бұл болса, оның өмірде өзіне сенімді болуына, рухани және адамгершілік құндылықтарының артуына септігін тигізеді.

Осыған байланысты жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, адамгершілікке, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу қажет.

Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстандық патриотизмнің ерекшеліктері

2.Ұлттық патриотизмнің ерекшеліктері

3.Қазақстандық патриотизмнің мәні

4.Ұлттық менталитет туралы білімі

5.Қазақстандық патриотизмнің негізі

6.Тәрбиенің негізі.

7.Тәрбиенің құралдары

8.Тәрбиенің мақсаты.

9.Тәрбиенің міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері.

Лекциялық сабақ №27,28

Тақырыбы: «Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтарында жетілдіру мәселелері».

Жоспары:

1.Оқыту әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері

Қысқаша мәтіні: Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері

Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері

 

Әскери патриоттық тәрбие жастардың әскери іске деген қызығушылығын арттыруға, әскери мамандықтарды игеруге және оларды Қазақстан Қарулы Күштері қатарында азаматтық борышын өтеуге дайындауға бағытталған. Әскери-патриоттық тәрбиенің өзегіне Отан қорғаушы жастарда моралъдық-саяси және психологиялық сапаны қалыптастыру жатады. Отан қорғаушы жастарға қажетті моральдық-саяси және психологиялык сапаны қалыптастыруға салыстармалы түрде бір-бірінен дербес және сонымен қоса бір-бірімен тығыз байланыстағы 2-элемент моральдық-саяси .және психологиялық дайындық кіреді. Саяси-моральдық және психологиялық дайындықтың біртұтас процесінде саяси-моральдық шынығу маңызды орынға ие болады. Бұл жастардың бойында Отанды қорғаудың саяси-моральдық сапасын қалыптастырады, бұдан қоғамдық және мемлекеттің құрылымның саясатпен байланысы, саяси идеялық, өнегелік көзқарастар мен сенімдер өз Отанын қолына қару алып қорғауға дайындығы, патриоттығы, интернационалдығы, саяси қырағилығы өз елін қарулы соғыста қорғауға ішкі дайындығы көрінеді. Жоғарғы саяси-моральдық сапалықтың негізінде жастардың өз Отанын қорғауға деген психологиялық дайындығы іске асады.

Әскери-патриоттық тәрбиенің келесі бағытына әскери патриоттық тәрбиені жүргізу барысында оқушыларда жауапкерлік, өжеттілік қалыптасатын әскери-техникалық дайындық және соның құрамына кіретін әскери білім, жауынгерлік шеберлік, тәртіптілік және ұйымшылдық, Әскери және Теңіз-Флотының жолдастығы әскери ант, әскери жарғы, бұйрықтар мен жарлықтарды командирлер мен басшылардың талаптарын мүлтіксіз орындау, және т.б. жатады. Бұл жерде жастарды алғашқы әскери даярлау және көпшілік-қорғаныс жұмыстары үлкен рөл атқарады.

Әскери-патриоттық тәрбиенің үшінші бағытына жастарды дене жағынан тәрбиелеу жатады. Оның мақсатына жастарда дене жағынан шыдамдылықты, күнделікті өмірде және әскери қызметте, сонымен қатар соғыс жағдайында аса зор дене күшін қажет ететін еңбекті қажырлылыкден көтеруге қабілеттілікті қалыптастыру жатады.

Патриотизм идеясының дамуы Аристотель. Платон, Цицерон есімдерімен тығыз байланысты. Рухани дүниенің басты қасиеттері - адамгершілік, т.б. дәстүрлері Аристотель : «Адамның қалыптасуына, оның жер бетіндегі міндетін атқаруына сабақтас қасиеттер» - деп қарастырады.

Цицеронның пайымдауынша, Отан деген ұғымға ең алдымен, саяси орта, құқықтық қатынастармен байланысты бар адамдар бірлестігі және мемлекет кіреді.

Патриотизм туралы идеялары кезінде өздерінің шағармаларында екінші Аристотель атанған Әбу-Насыр ә-Фараби, Махмуд Қашқари, ақын-жыраулар: Асан қайғы, Доспанбет жырау Аймауытұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы да айтқан болатын. Халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын – Махамбет өз өлеңдерінде шаруалар көтерілісіне, әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білген. Ол өзінің жалынды өлеңдерімен халықты озбырлыққа қарсы күресуге шақырады.

ХХ ғасырдың ортасына дейін қазақ халқы өз тарихында талай-талай заман тақыметін тартып, жер бетінен жоңғар елі сияқты құрып кету қаупіне де душар болған. Мәселен, академик М.Қ.Қозыбай дерегі бойынша қазақ жерінде XVII ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілістер болған. Осының өзі ата-бабаларымызыдыңе елге деген, туып өскен жерге деген патриоттық сезімдерінің шынайы үлгілері бола алады.

Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің тарихында жас ұрпаққа саяси-патриоттық тәрбие берудің бай тәжрибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәміздерін қалыптастырды. Дала тұрғындарының өздерінің өмір сүрген ортақ әлеуметтік-экономикалық, мәдениеті мен тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбас талап-тілектерін дүниеге әкелді. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің жалпыға ортақ моральдік-психологиялық нормасы белгіленіп, дала тұрғындарыныңа биік талаптар қойылды. Олардың ең бастылары – атамекенді, ел намысын қорғаудағы ержүректілік, жаудан беті қайтпау, ата-тегін жадында сақтау, отаншылдық.

Отан сүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының ой-пікірі Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.

Қазақ халқының бұрынғы дәстүрлі қоғамынан қалған тарихи-рухани мұралардағы басты мәселе – қоғамның жағдайы адамның өзіне байланысты қарастырылған. Олай болса, бүгінгі Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуының объективті шарттарының бірі – патриотизм. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру турасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды...» және «біз Қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елінің тарихын құрмет тұту, бостандығы мен құқығын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау», - деп атап көрсеткен.

Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни қазақстандық отансүйгіштік қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық және мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология дегеніміз-қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбастаушы болуы тиіс. Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы, көш бастауы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз-ол қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты. Дәлірек айтсақ “Идеология (идея және логия)-таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, саяси, праволық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы”.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- Президент.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен түркі тектес халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топрағында түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұларалық татулықтың, қазақстандық патритизмнің темірқазығы іспеттес.

Бақылау сұрақтары:

1.Әскери-патриоттық тәрбиенің үшінші бағытына жастарды дене жағынан тәрбиелеу

2.Әскери-патриоттық тәрбиенің келесі бағытына әскери патриоттық тәрбиені жүргізу

3.Отан сүйгіштік сезімі

4.Отанын қолына қару алып қорғауға дайындығы,

5. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері

6.Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру турасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы.

7. Отанын қорғауға деген психологиялық дайындығы.

Лекциялық сабақ №29,30

Тақырыбы: «Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтарында жетілдіру мәселелері».

Жоспары:

1.Қазақстан Республикасының әскери доктринасы ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтары мен талаптары және басқа да басқару құжаттарын басшылыққа алу.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының әскери доктринасы ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтары мен талаптары және басқа да басқару құжаттарын басшылыққа алу туралы.

Қысқаша мәтіні: Қазақстан Республикасының әскери доктринасы ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтары мен талаптары және басқа да басқару құжаттарын басшылыққа алу туралы.

1.Қазақстан Республикасының әскери доктринасы ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтары мен талаптары және басқа да басқару құжаттарын басшылыққа алу.

 

Әскери доктринаның бұл бөлімінде:

- Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындығы саясаты баяндалады;

- Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі үшін негізгі қауіп-қатер айқындалады;

- Мемлекеттік әскери қауіпсіздігін қамтамсыз ету жөніндегі міндеттер тұжырымдалады;

- Әскери қауіпсіздікті қамтамсыз етуге басшылық жасаудың мәні ашып көрсетіледі.

Құжатта атап көрсетілгендей, қазіргі заманғы геосаяси жағдай блоктар тайталасы аяқталып, халықаралық қарым-қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуына орай әлемдік қоғамдастықта болған принцпті өзгерістермен сипатталады.

Дүние жүзілік соғыс ашу және жаппай қырып жоятын қарудың ядролық та, басқа да түрлерін қолдану қатері төмендеді. Көп жақта әлемнің қалыптасу үрдісі дәйекті даму үстінде. Қару-жарақты бақылау, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту саласында айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді.

Сонымен бірге әлемде болып жатқан орасан зор өзгерістерге кейбір күрделі және қарама-қайшы үрдістер тән: бір жағынан, - әлемдік қоғамдастық Ынтымақтастықты кеңейту және даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу, жанталаса қарулану және ядролық қарудың таралуын шектеу жөнінде нақты шаралар қолдануда; екінші жағынан, -қауіпсіздіктің жаңа тәуекелдері мен қатерлері пайда болуда, олардың ішінде әр түрлі әскери қақтығыстардың туындау мүмкіндігінің артуы, экстремизмнің, халықаралық терроризмнің, ұйымдасқан қылмыстың таралуы, қару мен есірткінің заңсыз айналымы мейлінше қауіпті болып табылады.

Осы жағдайда Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясат мынадай көзқарастарға негізделеді:

- мемлекетаралық және ішкі қайшылықтарда шешу құралы ретіндегі қандай да болмасын қақтығысқа жол бермеуге болмайды;

- Қазақстан Республикасының өзіне және өзінің одақтастарына қарсы агрессия жасалған жағдайда қарулы қорғануға, жеке және ұжымдық қорғанысқа құқығы бар.

Әскери доктринада Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мынадай негізгі принциптерге негізделетіндігі атап көрсетілген:

- басқа мемлекеттердің егемендігін, мемлекеттік шекарасының мызғымастығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі істеріне қол сұқпау;

- өзара тиімді ынтымақтастық пен өзара түсіністік негізінде барлық елдермен достық қарым қатынаста болу;

- басқа елдердің қауіпсіздігі және жалпыға ортақ қауіпсіздікке залал тигізбей Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- аймақта сенім шаралары мен әскери саладығы ашықтықты нығайту;

- халықаралық дау-дамайды бейбіт реттеу;

- Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды халықаралық құқыққа және ұлттық заңдарға сәйкес қолдану;

- Халықаралық міндеттемелерді сақтау және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын шарттардың мақсатқа қол жеткізуіне жәрдемдесу;

- Әскери қақтығыстардың алдын алуға, бейбітшілік қолдау мен қалпына келтіруге бағытталған пәрменді ғаламдық және аумақтық қауіпсіздік жүйесін құруға қатысу;

- Республика Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының құрылысын “Қазақстан-2030 жылға дейін даму стратегиясы” саяси бағытына сәйкестендіру;

- Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпаудың халықаралық келісімдерін бекітуге жан-жақты жәрдемдесу;

- Қару-жарақпен, әскери техникамен, әскери және қос қолданысты технологиялармен сауда жасаудың халықаралық нормаларын сақтау;

Қазақстан Республикасы мемлекеттің пәрмені әскери ұйымдастырылуына сүйене отырып, өз қарамағындағы күштердің, құралдар мен ресурстардың күллі жиынтығымен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы елдің әскери қауіпсіздігіне қатерлердің алдын алудың, тұмшалаудың және саяси-дипломатиялық және бсқа да әскери емес құралдарына ден қояды.

Елді қарулы қорғауды Қазақстан Республикасының қарулы Күштері басқа да әскерлері мен әскери емес құралымдары жүзеге асырады.

Агрессия жасалған жағдайдағы ел қорғанысы Қазақстан Республикасының қарулы қорғауды, мемлекеттің күллі әскери және экономикалық потенциалын жұмылдыруды, азаматтық және аумақтық қорғанысты жүзеге асыруды, одақтас мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлескен іс-қимылдарды көздейді.

Қазақстан Республикасы әскери қақтығыстардың алдын алу, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту ісінде:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт шеңберінде, сондай-ақ екіжақты және көпжақты негізде;

- Аймақтық деңгейде – Орта Азия мемлекеттерімен, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдермен, сондай-ақ “Шанхай бестігі” шеңберінде;

- Ғаламдық ауқымда – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттер халықаралық құқық нормалары негізінде ынтымақтасады.

 

Құжатта Қазақстан Республикасы әскери қауіпсіздігінің негізгі қауіп-қатерінің сипаттамасы берілген.

Орта мерзімді кезеңдегі негізгі қауіп-қатерлер ретінде мыналар қарастырылады:

- республика шекарасына тікелей, таяу жерде болып жатқан және ықтимал әскери қақтығыс ошақтары;

- республика аумағында бандалық құрылымдарының, экстремистердің, халықаралық терроршылардың ену мүмкіндігі;

- жекелеген елдердің әскери қуатын сандық та сапалық жағынан шектен тыс арттыру нәтижесінде аймақтық тұрақтылықтың әлсіреу мүмкіндігі;

- жаппай қырып-жоятын қарудың, оны жеткізу құрлдарының және қазіргі заманғы әскери технологиялардың Азия аймағында таралу қаупі және олардың терроршыл топтардың қолына түсу мүмкіндігі.

Әскери қауіпсіздікті ішкі қауіп-қатерлері мыналар болып табылады:

- елдің әскери өндірістік потенциалының жеткілікті дамымауы, Қарулы Күштерді техникалық жарақтандыру, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді ұйымдастыру мәселерінде басқа мемлекеттерге тәуелділік;

- заңсыз қарулы құрылымдардың, терроршыл топтар мен бандалық құрылымдардың мемлекеттік немесе әскери объектілерге шабуылдауды;

- қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттар және басқа да құралдардың заңсыз таралуы;

- Қазақстан Республикасының аумағында террорлық актілер мен диверсияларды жүзеге асыру үшін қарулы құрылымдар құру;

- Мемлекет ішінде экстремизм мен сепартизмнің таралуы.

Әскери доктринада Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекет қызметінің аса маңызды бағыты болып табылатындығы атап көрсетілген.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты мақсаты – елдің аумағын, егемендігін, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, агрессияның немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет мынадай міндеттерді шешеді:

бейбіт кезеңде:

- әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында біріңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру тетігін жетілдіру;

- қорғаныс әлеуетін неғұрлым ықтимал соғыс қатеріне сайма-сай және елдің экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін деңгейде ұстау;

- Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды олардың сыртқы және ішкі қатерлердің алдын алу мен жолын кесу жөніндегі үйлесімді іс-қимылдарға әзірлігін арттыру мақсатында жан-жақты қамтамасыз ету және сапалық тұрғыда жетілдіру;

- Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және басқа да өмірлік маңызды мүдделеріне қол сұғушылық және арандату әрекеттерін анықтап, жолын кесу;

- Елдің мемлекеттік органдарын, ұйымдары мен халқын әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндгі міндеттерді шешуге, азаматтық және аумақтық қорғанысқа қатысуға жан-жақты дайындау;

- Экономиканың жұмылдыру даярлығын қамтамасыз ету;

- Әскери инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру;

- Әскери қызметтің беделін арттыру, әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндеге мемлекеттік шаралар кешенін жүзеге асыру;

- Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ел азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау мен әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауға моральдық-психологиялық әзірлігін қалыптастыру.

- Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігіне, сондай-ақ іс-шаралардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;

қатерлі кезеңде және әскери қақтығыс басталғанда:

- әзірленіп жатқан қарулы шабуылды немесе жағдайдың қатерлі дамуын уақытында ашу және оларды тұмшалау жөнінде шаралар қолдану;

- соғыс жағдайын уақытында жариялау, елде немесе оның жекелеген аудандарында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу;

Қарулы Күштерді стратегиялық орналастыруды жүргізу;

- мемлекеттік органдардың агрессияға, қарулы қақтығысқа тойтарыс беру мен оның жолын кесуді ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекетін үйлестіру;

- соғыс уақытының нормативтік құқықтық актілерін қолданысқа дереу енгізу, соғыс қимылдарын даярлау мен жүргізу жөнінде шешім қабылдау және іске асыру;

- ел экономикасын, көлік пен коммуникацияларды соғыс уақыты жағдайында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралардың барынша қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз ету;

- азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

- мемлекет қарамағында бар күштердің, құралдар мен ресурстардың күллі жиынтығымен сыртқы агрессияға тікелей тойтарыс беру немесе қарулы қақтығысты тұмшалау.

 

Доктрина мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етугебасшылық жасаудың тәртібі мен мемлекеттік органдардың міндеттерін айқындайды.

Елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басшылықты Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкметі және басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының негізінде жүзеге асырады.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жағдайында ұстауға, оларды жан-жақты қамтамасыз етуге, экономиканы, аумақты және халықты, елді қорғау мен қорғанысқа әзірлеуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды.

Әскер доктринаға сәйкес әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау:

- Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды әзірлеуді, әскерлердің жедел, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының талап етілетін деңгейін ұстауды;

- Қазақстар Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етуді, азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын дайындау мен жүзеге асыруды;

- Әскери-техникалық саясатты, қару-жарақ пен әскери-техниканы, әскери ғылымды дамыту бағдарламаларын іске асыруды;

- Экономиканы, мемлекеттік органдарды, ұйымдарды соғыс уақытындак жұмыс істеуге жұмылдыру даярлығының іс-шараларын жүзеге асыруды;

- Елдің халқы мен инфрақұрылымын қорғанысқа әзірлеуді;

- Мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінде материалдық құралдар қорын жасауды;

- Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке әзірлеуді, соғыс уақытында жұмылдырылушы адам ресурстарын жинақтауды;

- Мемлекеттік органдардың қызметін, соғыс уақытындағы іс-әрекетті үйлестіруді;

- Бейбіт кезеңдегі әскери қызметке байланысты айналадағы ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды;

- Қарулы Күштерді, басқа да әскелер мен әскери құрылымдарды мемлекеттік инспекциялауды көздейді.

Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы басқарады.

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтардың, қоғамның және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы шешімдерін әзірлеуді жүзеге асыратын, қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қорғаныс қаблеті мен әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуге, қарамағындағы атқарушы билік органдарының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыруға; ел экономикасының жұмылдырушылық даярлығына, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен жарақтандыруға, оларды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуге, қорғаныс мақсатында ел аумағын жедел жабдықтауға; азаматтық және аумақтық қорғанысты ұйымдастыруға жауапты.

Басқа да мемлекеттік органдар, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құқықтарының, міндеттері мен өкілеттерінің шеңберінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындауды ұйымдастырады және толық жауапты болады.

Бейбіт кезеңде қарулы қүштерге басшылық Қазақстан Республикасының Бас штабы арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ел қорғанысына, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру мен дамыту тұжырымдамаларын әзірлеуге байланысты міндеттерді шешеді, мемлекетте біріңғай әскери-техникалық саясат жүргізеді, қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, мемлекеттік қорғаныс тапсырмасы мен қорғаныс мұқтажына қажет қаржы жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Қарулы Күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және елдің қорғаныс мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы мемлекет Қарулы Күштерінің бейбіт және соғыс кезеңіндегі басты басқару органы бола отырып, қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларды құру және дамыту, олардың жедел, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жөніндегі жоспарлардың әзірленуін үйлестіреді, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қолданылуы мен өзара іс-қимылын жедел – стратегиялық жоспарлауды ұйымдастырып, жүзеге асырады, сондай-ақ қорғаныс мақсатында ел аумағын жедел жабдықтаудың жоспарын әзірлейді.

Басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға тікелеей басшылық жасауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті қолбасшылар (бастықтар) ж