Оқыту әдістемесі.

Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған.

1-сынып мұғаліміне арналған көмекші құрал бастауыш мектепте математиканы оқып-үйренуге арналған оқу-әдістемелік топтаманың құрамды бөлігі болып табылады және оны құрайтын құралдарды үйлесімді пайдалануда жүзеге асыру тұрғысынан нақты көмек көрсетуді көздейді.

Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған.

Мұғалімге арналған бұл көмекші құрал бастауыш мектептің екінші сыныбында математиканы оқып үйретуге арналған оқу әдістемелік топтамасының құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан мұнда екінші сыныпта оқытылатын математиканың білім мазмұны және оны оқытып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар қарастырылады. Мұның бәрі «Математика-2» оқулығына қосымша көмекші құралдарды үйлесімді пайдалану жолдарын анықтайды.

Жалпы білім беретін мектептің 3- сынып мұғалімдеріне арналған.

Мұғалімдерге арналған бұл көмекші құрал 3-сынып математикасын оқытып – үйретуге арналған оқу әдістемелік топтамасының құрамды бөлігі болып табылады және топтамаға енетін басқа құралдарды да үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан нақты көмек көрсетуді көздейді.

Жалпы білім беретін мектептің 4-сынып мұғалімдеріне арналған.

Мұғалімдерге арналған бұл көмекші құрал бастауыш буында төрт жыл бойы оқытылып үйретілетін математикалық бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының мазмұнына сай дайындықты жүзеге асыратын , оны қорытындылап, жинақтайтын және дамыта түсетін 4-сынып математика курсы бойынша дайындалған оқу әдістемелік топтаманың құрамды бөлігі болып табылады.

3.Бастауыш мектепте оқушылардың біліміне іскерлік және дағдысын тексеру – бұл білімді қайталаудың, тереңдетудің, жүйелеудің құралы болып табылады. Математика сабақтарында оқушылардың білімін, білік, дағдысын тексеру 3 түрге бөлінеді:

1. Алдын – ала тексеру

2. Күнделікті тексеру

3. Қорытынды тексеру

Алдын – ала тексеру оқу жылының басында немесе жаңа тақырыпты үйренудің алдында жүргізеді. Оның міндеті оқушылар жаңа материалды оқып үйренуге дайын ба соны айқындау.

Күнделікті тексеру оқу жұмысының барысында ұйымдастырылады. Ол – мұғалімге жаңа материалды меңгерудің барысы қандай екенін, оқушылардың бәрі бірдей жұмысқа кірісті ме, жоқ оларға қандай қиыншылықтар кездесті, соны тексеруге мүмкіндік береді. Яғни өзінің жұмысының қаншалықты табысты екенін оның математиканы оқытуда қолданып жүрген әдістерінің қаншалықты дұрыс және тиімді екнін тексереді.

Қорытынды тексеру не тақырыпты, бөлімді оқып үйрену соңында, не тоқсанның , оқу жылының аяғында жүгізіледі. Оның міндеті – оқыту нәтижелерін айқындау, оқушылардың алған білімдерінің, біліктерінің, дағдыларының сапасын тексеру.

Оқушылардың материалды меңгеруінің тексерудегі әдістер ауызша сұрау мен жазбаша жұмыстар болып табылады.Оқушылардан ауызша сұрағанда мұғалім олардың оқу материалын қаншалықты меңгеріп алғандарын тексеруге сонымен бірге оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға тырысады. Ал, жазбаша жұмыстар оқушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын күнделікті және қорытынды тексеру жүргізу мақсатымен жүргізіледі.Оқушылардың білім, білік және дағдысын тексеруде әнқашан баға қойылып отырады. Бағалау оқушылардың өз-өзіне беретін бағасымен бірдей болу керек.Бағалауда:

-егер қатесіз орындалса «5»

-ал жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате жіберілсе «4»

-егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел және 1-2 өрескел емес қате жіберілсе«3»

-ал өрескел қате 3-тен, өрескел емес қате 2-ден арытса «2» қойылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Математикадан білім мен құзыреттілік нәтижелерін тексеру түрлерін ата.

2. Математикадан білім мен құзыреттілік нәтижелерін бағалау дегеніміз не?

3.Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі дегеніміз не?

4.Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұны қандай?

5.Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістері, құралдары мен ұйымдастыру формаларының жүйесін ата.

6.Математикадан оқу-әдістемелік топтама және оның құрамына енетін әр құралдың мәні, кызметі, ерекшеліктері қандай?

7.Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін ата.

Әдебиеттер:

1.Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.

2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.

3.Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. - Алматы, 2000.

4.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.

 

Лекция 4