Бөлiмшенiң бiр қатардан екi қатарға қайта тұруы.

 

 

№10. Лекция сабағының тақырыбы: «Жайылма саптар.»

Жоспары:

1.Жайылма сап.

2.Взводтын жайылма және жорық сабына тұруының және қозғалыс жасауы тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:Студенттердің жайылма сапқа тұруды қалыптастыру.

Қысқаша мәтіні: Взводтын жайылма және жорық сабына тұруының және қозғалыс жасауы тәсілдерін үйрету.

Жайылма сап.

Взводты жайылма сапқа үйрету үшін алдымен бір қатарлы сапқа тұрғызудан бастаған жөн. Взводтың командирі немесе әскери оқытушы саптық тұрысқа байланысты Саптық жарғыдағы талаптарды түсіндіріп, әр бөлімшенің өз орнын көрсетеді.

Взводтың жайылма сабы бір немесе екі қатарлы болуы ғажап емес. Взводтың жайылма сапқа тұруы «Взвод, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» пәрменіне байланысты жүзеге асырылады. Осы пәрмен бойынша взвод командирінің жағына таман бір қатарға бірінші бөлімше, одан солға таман – екінші және сол қапталда – үшінші бөлімше орналасады, взвод командирінің орынбасары взводтың сол қапталында тұрады.

Бұл орайда, барлықтарында аяқ киім ұштары бір сызықта, ал дененің қалпы саптық тұрыстағыдай болуы керек. Взводтың жеке құрамы осы талаптарды бірінші бөлімше Жарғының барлық талаптарын сақтай отырып тұрғанда ғана орындай алады. Сондықтан, взводтың командирі бірінші кезекте бірінші дұрыс тұруын талап етеді, сонан соң барып – екінші және үшіншіге кезек келеді.

Жаттығудың басында взводты алаңда белгіленген сызықтың бойында бірнеше рет тұрғызуға болады. Дегенмен, жеке құрам жабдықталмаған орындарда дұрыс сапқа тұра алатындай жаттықтырылуы керек.

ЗК
В
С
ПГ
СГ
С
С
СС
П
В
С
ПГ
СГ
С
С
СС
В
С
ПГ
СГ
С
СН
СС
П
К
Бiр қатарлы саптағы взвод.

Взводтың сапқа тұруы кезінде, бөлімше командирлері оз бөлімшелеріне сапқа тұруларына пәрмен бермейді. Жеке құрам саптағы өз орындарында взводтың командирі берген пәрмен бойынша тұрады. Бастапқыда бөлімше командирлеріне өз орындарынан қарамағындағылардың іс-қимылдарына қадағалауға және кемшіліктерді түзеуге рұқсат беруге болады.

Жеке құрам бір қатарлы сапқа тұрудан жеткілікті жаттығу алғаннан кейін, взводтың командирі взводты екі қатарлы сапқа тұруды үйретуге кіріседі.

Мұнда «Взвод, екі қатарға - САПТАЛ» пәрмені бойынша бөлімше взвод командирінен солға таман, әрқайсысы – екі қатарға орналасады. Бөлімшелердің ара қашықтығы, жанында тұрған екі әскери қызметшінің арасындай алақан көлемінде болады. Қатарда студенттер (артқы қатардағылар) бірінші қатарда тұрғандардың ту сыртында болуы керек.

Екінші қатардағы әскери қызметшілердің аяқ киім ұштары да бір сызықта болуы тиіс.Бөлімшелерге екі қатарлы сапта әр бөлімшенің соңғы қатары толық болу керектігін ескерту керек.