А – үш адам; б – төрт адам.

екі лекті сапқа) қайта сапқа тұруы взводтың оңға бұрылуы мен жүзеге асырылады. Взводтың екі қатарлы жайылма саптан бір лекті (бір қатарлы саптан екі лекті сапқа) сапқа тұруы «Взвод, оң-ҒА», «Белдік-КЕ» (иық-ҚА), «Бір (екі) лек бойынша, АДЫМДА» (жүріс кезінде - «АДЫМДА») пәрмендері беріледі.

«АДЫМДА» пәрмені бірінші бөлімшеге жүріс барысында бір лекті сапқа қайта тұруына міндеттейді, қалған бөлімшелер бір (екі) лекті сапқа кезекпен тұра отырып, бірінші бөлімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүруі тиіс екенін ұмытпаған жөн.

ә) Взводтың екі қатарлы жайылма саптан бір лекті сапқа қайта тұруы. Бұл тәсілді көрсету үшін взвод командирі өзіне бөлімше командирлерінің біреуін шақырады және оған өзінің алдына екі қатарлы саптағыдай тұруға бұйрық береді. Сонан соң пәрменді бере отырып «Взвод, оң-ҒА», «Бір лекті саппен АДЫМДА», екеуіде қозғалыс жасайды. Бұл орайда студент толық адыммен, ал взвод командирі – жартылай адыммен. Осыдан кейін студент алға қарай бір адымға жылжиды, взвод командирі студенттің ту сыртына тұрып, екеуіде толық адыммен қозғалысты жалғастырды. Бұл тәсілдің орындалуын жаттығуға өтпестен бөлімшелердің біреуіне көрсетуге болады. Бұл орайда, бөлімшенің қайта тұруында реттілік қажет. Бастапқыда бірінші бөлімше бір лекті сапқа тұрады, оның артынан екінші, кейін үшінші бөлімше тұрады. Бөлімшенің қайта тұруы аяқталғаннан кейін бірінші бөлімшенің ту сыртынан қозғалысты жалғастырады.

б) Взводты бір қатарлы жайылма саптан екі лекті сапқа қайта тұруы. Қайта тұру техникасын взвод командирі дайындалған екі әскери қызметші немесе бөлімшелердің біреуімен жеке жүргізуі мүмкін. Бұл орайда «Адым-ДА» пәрмені бойынша бірінші тұрған әскери қызметші жартылай адыммен жүреді, ал екінші нөмерлі оңға шығады және адыммен қозғалып біріншінің жанына тұрадыда, «ТУРА» пәрменіне дейін жартылай адыммен қозғалысты жалғастырады.

в) Взводтың екі қатарлы жайылма саптан үш лекті сапқа қайта тұруы «Взвод оңға», «Белдік-ке» (иық-ҚА), «үш (төрт), лекті сапқа, АДЫМДА» (жүріс кезінде - «АДЫМДА») пәрмендері айтылады. «АДЫМДА» пәрмені бойынша бірінші бөлімше жүріс барысында бір лекті сапқа тұрып, жарты адым жүреді, ал қалған бөлімшелер бір лекті сапта тұрып бірінші тұрғанның сызығына белгіленген аралыққа шығады, содан кейін взвод оқытушысы «ТУРА» немесе «Взвод, ТОҚТА» пәрмендерін береді. Взводтың бір лекті саптан екі қатарлы жайылма сапқа (екі лекті саптан екі қатарлы сапқа) қайта тұруы взводтың солға бұрылуымен жүргізіледі.

г) Взводтың үш (төрт) лекті саптан екі лекті сапқа қайта тұруы «Взвод, екі лекті сапқа, АДЫМДА» (жүріс кезінде - «АДЫМДА») пәрмені бойынша жүргізіледі. Взвод үш лекті (төрт) саптан екі қатарлы жайылма сапқа қайта тұру үшін взвод алдын ала екі лекті және одан кейін қайта сапқа тұрады.

д) Взводты үш лекті саптан жайылма екі қатарлы сапқа қайта тұруы. Қайта тұру «Взвод, екі лекті сапқа, АДЫМДА» пәрмені бойынша жүзеге асырылады. Осы пәрмен бойынша алдын-ала екі лекті сапқа тұрады. Взводтың қайта тұруынан кейін «Взвод - ТОҚТА» және «Взвод, сол-ҒА» (жүріспен – «сол-ға»);

е) Взводтың үш (төрт) лекті саптан бір лекті сапқа қайта тұруы «Взвод, бір лекті сапқа, АДЫМДА» пәрмені бойынша жүзеге асырылады. Осы пәрмен бойынша бірінші бөлімше тіке жүреді, қалған бөлімшелер орындарында адым жасайды және бөлімшенің лектен кезектесіп шығуына орай өздерінің оқытушысы «ТУРА» пәрмендері бойынша алдында келе жатқан бөлімшенің ту сыртына ілесіп қозғалысты қалыпты адыммен бастайды;

ж) Взводтың бір лекті саптан үш (төрт) лекті сапқа қайта тұруы «Взвод, үш (төрт) лекті сапқа, АДЫМДА» пәрмені бойынша жүзеге асырылады. Демек, осы пәрменге сәйкес бірінші бөлімше орнында адым жасайды, сонымен қатар қалған бөлімшелер бірінші тұрғанның сызығына шығып, взвод оқытушысының «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» пәрмені бойынша өз орындарында адым жасайды;

з) Взводты екі лекті саптан үш лекті (төрт лекті) сапқа қайта тұруы «Взвод, үш (төрт) лекті сапқа, АДЫМДА». Осы пәрмен бойынша бірінші бөлімше жарты адымға қозғалады және бір лекті сапқа тұрады, екінші және үшінші бөлімше белгіленген қашықтыққа біріншінің сызығына солға шығады, сондай-ақ бір лекті сапқа тұрады. Взвод үш лекті (төрт) сапқа тұрғаннан кейін, взвод командирі «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» пәрменін береді.

и) Взвод легінің қозғалысын бағытын ауыстыру үшін мынадай пәрмен беріледі:

- «Взвод, оң (сол) иық алға - АДЫМДА». Осы пәрмен бойынша бастылар (бөлімше командирлері) солға (оңға) «ТУРА» пәрменіне дейін солға шығады, ал қалғандары лек бойынша олардың артынан жүреді;

- «Взвод, айналып – АДЫМДА». Осы пәрмен бойынша барлық әскери қызметшілер бір мезетте айналып, кері бағытта қозғалыстарын жалғастырады;

- «Взвод, артымнан – АДЫМДА». Осы пәрмен бойынша взвод командирдің артынан ілеседі.

Бөлімше командирі саптық қалыпты қабылдап және команда беріп саптын мандайшеп жағына қарап тұрады; бөлімше штатқа сәйкес командирден солға қарай,

Сапқа тұрғызу басталғанда бөлімше командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

Бөлімшені орныңда түзету қажет болған кезде «ТҮЗЕЛ» немесе «Солға - ТҮЗЕЛ» командасы беріледі.

«ТҮЗЕЛ» командасы бойынша оң жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын оңға бұрады (он кұлақ сол күлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі) және әркайсысы өзін бірінші деп санағавда төртінші адамның кеудесін көретіндей түзеледі. «Солға - ТҮЗЕЛ» командасы бойынша сол жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын солға бүрады (сол кұлақ оң қүлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі).

Түзелу кезінде әскери қызметшілер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қозғала алады.

«Аяқка» күйіндегі карабиндермен (оқшашарлармен) түзелу кезінде одан басқа, орындалатын команда бойынша сүнгі (ұңғы жағы) өзіне қарай тартылады және оң бүйірге кысьш ұсталады.

Түзелу аяқталғаннан кейін «ТТК ТҮР» командасы беріледі, ол бойынша барльщ әскери қызметші басын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер (оқшашарлар) бұрынғы күйге келтіріледі.

Бөлімше артқа бұрылып түзелген кезде командада түзелу жағы көрсетіледі.

Мысалы: «Оңға (солға) - ТҮЗЕЛ».

«ЕРКІН ТҮР» командасы бойынша және «РЕТТЕЛ» командасы бойынша орныңда тұрған әскери қызметшілер осы Жарғының 29-тармағында көрсетілгендей әрекет жасауы тиіс.

«Бөлімше - ТАРА» командасы бойынша әскери қызметшілер саптан шығады. Бөлімшені жинау үшін «Бөлімше - МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша әскери қызметшілер командир жаныңа жүгіре жиналады және оньщ қосымша командасы бойынша сапқа тұрғызылады.

Бөлімшенің бұрылыс жасауы осы Жарғының 31, 39

тармақтарында көрсетілген командалар мен ережелер бойынша түзелуді сақтай отырып, барлық әскери қызметшілер бір уақытта орындайды. Екі қатарлы саптағы бөлімше онға (солға) бұрылыс жасағаннан кейін бөлімше командирі оңға (солға) жарты адым, ал артқа бұрылыс жасаған кезде - алға бір адым жасайды.

Бөлімше орныңда жазылу үшін «Бөлімше оңға (солға, ортадан) осынша адымға алшақ-ТА (жүгіре, алшақ-ТА)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша, жазылуды жүргізу басталатыннан басқа, барлық әскери қызметшілер көрсетілген жаққа қарай бұрылады, аяқтарын коюмен бір уақытта басын саптың мандайшебі жағына бұрады және артта келе жатқанға иығы арқылы қарап және одан көз айырмастан, жиіленген жарты адыммен (жүгіріп) жүреді; артта келе жатқан адам токтағаннан кейін әр қайсысы командада көрсетілгендей осынша адым жасайды және солға (онға) бұрылады.

Ортадан жазылған кезде ортадағы адам көрсетіледі. Ортадағы болып аталған әскери қызметші өз тегін естігеннен кейін «Мен» деп жауап береді, сол қолын алға созады және оны төмен түсіреді.

Бөлімше түзелген кезде жазылу кезінде белгіленген аралық сақталады.

Бөлімшені орныңда жинақтау үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортаға) жинақ-ТАЛ (жүгіре, жинақ-ТАЛ)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша жинақталу тағайындалғаннан басқа барлық әскери қызметші жиналатын жаққа қарай бұрылады, одан кейін жиіленген жарты адыммен (жүгіре) жиналған сап үшін белгіленген аралыққа келеді және келгеннен кейін өз бетінше токтайды және солға (онға) бұрылады.

Бөлімшенің қозғалуы үшін: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иык-ҚА)», «Адым (саптық адыммен, жүгіре) - БАС» командалары беріледі.

Егер қажет болса, командада қозғалыс бағыты мен түзелу жағы көрсетіледі.

Мысалы: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иык-ҚА)», «Саптық плац бағытына

назар оңға (солға), адым (саптық адыммен, жүгіре) - БАС».

«БАС» командасы бойынша барлық әскери қызметші назарды және аралық пен арақашықтықты сақтай отырып, сол аяқтан қозғалысты бір уақытта бастайды.

Егер назар жағы көрсетілмесе, назар он жақ қапталға қарай басты бұрмай көзқараспен жүргізіледі.

Бөлімшені тоқтату үшін «Бөлімше - ТОҚТА» командасы беріледі.

Әскери қызметшілерде қарудың әр түрлі түрі болған кезде және олардьщ біреуін басқа күйге ауыстыру қажет болған кезде командада осы қарудың атауы көрсетіледі «Автоматтарды кеуде-ГЕ», «Оқшашарларды қарубау-ҒА», «Карабиндерді иык-ҚА».

Сапта тұрып орныңда шетке қарай бірнеше адымға орын ауыстыру үшін «Бөлімше, оң-ҒА (сол-ҒА)», ал сап бұрылғаннан кейін - «Бес адым алға, адым - БАС» командалары беріледі. Әскери қызметшілер қажетті адым саның жасағаннан кейін бөлімше «Сол-ҒА (он-ҒА)» командасы бойынша бастапкы күйге бұрылады.

Алға немесе артқа қарай бірнеше адымға орын ауыстыру осы Жарғыньщ 38-тармағында көрсетілгендей жүргізіледі.

Аяқ алысты ретсіз алып жүру қажет болған кезде «Ретсіз - АДЫМДА», ал аяқ алысты ретпен алып жүру үшін «Ретпен - АДЫМДА» командасы беріледі (ретпен жүру бағыттаушы бойынша немесе командирдің санауы бойынша жүзеге асырылады).

Қозғалыс бағытын орныңан иықпен еніп өзгерту үшін «Бөлімше, он (сол) иык алға, адым - БАС», жүру кезінде - «Бөлімше, оң (сол) иык алға - АДЫМДА» командасы беріледі.

Осы команда бойынша бөлімше оң (сол) иықпен алға енуді бастайды: еніп келе жатқан қапталдың шеткі адамы басын мандайшеп бойына бүрып, өзінің қозғальюын қалғандарын қозғалмайтын қапталға ығыстырмайтындай етіп толық адыммен жүреді; қозғалмайтьш қапталдын шеткі адамы орныңда адымдайды және біртіндеп енетін қапталдын қозғалысымен үйлесе отырып, солға (оңға) бұрылады; қалғандары енетін қапталға қарап, маңдайшеп бойынша түзелуді сақтай отырып (басын бүрмай) және қозғалмайтын қаптал жағында тұрған жаныңдағының шынтағын сезе отырып, олар қозғалмайтын қапталға жақындаған сайын шағын адым жасайды.

Бөлімшс қажеттілігіне қарай бұрылғанда «ТУРА» немесе «Бөлімше - ТОҚТА» командасы берілсді.

Бөлімшені бір қатардан екіге қайта сапқа тұрғызу үшін алдын ала «Бөлімше, бірінші-екіншіге - САНАЛ» командасы бойынша бірінші және екіншіге санау жүргізіледі.

Осы команда бойынша әрбір әскери қызметші оң қапталдан бастап кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге басын бүра отырып, өз нөмірін атайды және жылдам басьга тік каратады; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.

Жалпы нөмірлеу бойынша есеп те осылай жүргізіледі, ол үшін «Бөлімше, ретпен -САНАЛ» командасы беріледі.

Екі қатарлы сапта екінші қатардьщ сол жақ қапталындағы адам жалпы нөмірлеу бойынша саптың есебі аяқталғаннан кейін: «Толық» немесе «Толық емес» деп баяндайды.

Бөлімшені орныңда бір қатардан екіге сапқа қайта тұрғызу «Бөлімше, екі қатарға -САПҚА ТҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер бірінші нөмірлердің ту сыртына түру үшін сол аяғымен артқа адым жасайды, он аяғын жерге коймастан, он жаққа адым жасап, сол аяғын жерге қояды.

Егер бөлімшенің сол қапталында бір қатарлы сапта бірінші нөмірлі әскери қызметші түрса, онда екі қатарға қайта тұрғызу кезінде оның оң жағында тұрған екінші нөмірлі әекери қызметші оң аяғымен артқа бір адым жасайды, сол қапталдағы бірініпі нөмірлі

әскери қызметшінің ту сыртына тұру үшін сол аяғын жерге қоймастан, солжаққа адым жасап, оң аяғын қояды.

Бөлімшені орныңда екі қатарлы жинақталған саптан бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін бөлімше алдын ала бір адымға алшақтайды, содан кейін

«Бөлімше, бір қатарға - САПҚА ТҮР» командасы беріледі.

Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен сол жаққа бір адым жасайды, он аяғын коймастан, бір адым алға жасайды және сол аяғын жерге қоя отырып, біріншілердің қатарына шығады.

Егер бөлімшенің екі қатарлы сабындағы сонғы қатар толық болмаса, онда бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу кезінде соңғы қатарда тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші он аяғымен оң жаққа бір адым жасайды, сол аяғын жерге коймастан,алға бір адым жасап, оң аяғын жерге қояды.

Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу «Взвод, бір қатарға (екі қатарға) - САПТАЛ» командасы бойынша жүргізіледі.

Взвод командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып, саптын маңдайшебі жағына қарап түрады; белімше командирден солға қарай 18, 19-суреттерде көрсетілгендей сапқа түрадъг. Екі қатарлы сапта әрбір бөлімшенің соңғы қатары толық болуы тиіс.

Бөлімшелерді сапқа тұрғызу басталғанда взвод командирі саптан, шығады және бағынысындағылардың әрекетін. бақылайды.

Төрт және үш адамы бар бөлімше саныңан түратын взвод көрсетілгендей екі қатарлы сапқа тұрғызылады.

Взводтын өрістетілген саптағы түзелуі, бұрылуы, қайта сапқа тұрғызылуы және басқа да әрекеттері бөлімше үшін көрсетілгён ережелер мен командалар бойынша орьіндалады.

Взводты бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа немесе керісінше қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 88-90-тармақтарында көрсетілгендей жүргізіледі. Взводтың бөлімшелерінде бірінші және екіншіге санау кезінде бөлімше командирлері санауға кірмейді. Взводтын жорықтық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден түратын взводта'- төрт лекті), екі лекті немесе бір лекті болуы мүмкін.

Взводты орныңда үш (төрт) лекті сапқа тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекке - САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі. Осы команда бойьшша бөлімше көрсетілгендей жылдам сапқа тұрады.

Төрт және үш адамы бар бөлімше саныңаа түратын взводты екі лекке жорықтық сапқа тұрғызу көрсетілген.

Взводты өрістетілген бір қатарлы саптан бір лекке (екі қатарлы еаптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу взводты оңға бүрумен жүргізіледі.

Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан бір лекке (бір қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»; «Қарубау-ҒА (иык-ҚА)», «Бір (екі) лекпен, адым - БАС» (жүру кезінде - «адым-ДА») командасы бойьшша жүргізіледі.

«Адымда» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде осы Жарғының 95-тармағында көрсетілгендей бір лекке (94-тармақта көрсетілгендей екі лекке) қайта сапқа тұрғызылады; қалған бөлімшелер бір (екі) лекке біртіндеп қайта сапқа түра отырьш, бірінші белімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүреді.