АМБУЛАТОРЛЫҚ – ЕМХАНАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯ - 180

~ 47 жастағы науқаста 2 апта бұрын 4-ші қабатқа жылдам көтерілгенде тоқтағанда басылатын төстің төменгі үштен бір бөлігінде ауырсыну пайда болған. Бұл ауырсыну бірінші рет байқалған. Кейін мұндай жағдай жылдам жүргенде, 2-ші қабатқа көтерілгенде байқала бастады. Стенокардия түрін анықтаңыз және жүргізу тактикасын таңдаңыз:

| ЖИА. Алғашқы пайда болған стенокардия. Ауруханаға жіберу, антиангиналді терапия тағайындау +
| ЖИА. Үдемелі стенокардия. Ауруханаға жіберу
| ЖИА. Күштемелі стенокардия. ФК 2. Антиангиналді терапия тағайындау
| Кардиалгия коронарлық аурумен байланысты болмауы мүмкін. Тексеру жүргізу

| ЖИА. Принцметал стенокардиясы. Нитраттар тағайындау
~ Бірнеше жыл бұрын анықталған гипертрофиялық кардиомиопатиямен науқаста есінен танып қалу пайда болған. ЭКГ-сында алты ай бұрын түсірілген ЭКГ-мен салыстырғанда өзгерістер жоқ. Келесі тағайындау қажет диагностикалық әдіс:

| тәуліктік ЭКГ мониторлеу +

| эхокардиография
| бас миының компьютерлік томографиясы
| коронароангиография

| қан ферменттерін зерттеу

~ 73 жастағы науқас ер адам ентігуге, кезеңді жүрек тұсында қолайсыз сезімге, жүрек үзіліспен соғуына, жүрегі жиі соғу эпизодтарына шағымданып қаралды. АҚҚ 154/80 мм сын.бағ. деңгейінде. ЖСЖ - минутына 82 . ЭКГ - да – сол қарынша гипертрофиясы. Тәуліктік ЭКГ мониторлеуде – орташа ЖСЖ – минутына 78 (ең төмен – 58, ең жоғарғы - 147). ST сегментінің нақты ишемиялық өзгеруі анықталмаған. Мониторлеудің барлық кезеңінде арасында жиі, топтасқан қарыншаүстілік экстрасистолалар тіркелген. Осы фонда жүрекше фибрилляциясы ұстамасының 4 эпизоды байқалған. Емдеу тактикасын таңдаңыз:

| эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) дилтиаземді қосу
| эналоприл мөлшерін 10 мг-ға дейін көтеру және гипотиазид 25 мг
| эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) тәулігіне 5 мг бисопрололды қосу
| эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) седативті препараттар (назепам) қосу
| эналоприлмен 5 мг және гипотиазидпен 25 мг емдеуді өзгеріссіз қалдыру

~ Өкпе артериясының тромбоэмболиясының ең нақты электрокардиографиялық белгілеріне жатады:

| V4-V6 тіркемелерінде терең Q тісшесі
| І, ІІ және aVL тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы

| ІІ, ІІІ және aV F тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
| S1- Q 3 синдромы және ІІІ, V1, V2 тіркемелерінде ST сегменті жоғары ығысуы
| кеуде тіркемелерінде Т тісшесінің инверсиясы
~ Жүрек ырғағы жиілігінің ауытқуы ... көрсетеді.

| вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық белсенділік арасындағы тепе-теңдікті +

| миокардтың жиырылу қызметін
| синус түйіні қызметін

| атрио-вентрикулярлық түйін қызметін
| жүректің өткізгіштік жүйесі қызметін

~ Дене жүктемесімен ЭКГ- сынама жүргізуге қарсы көрсеткішке жатады:

| жіті миокард инфаркті (48-72 сағатқа дейін)+

| ФК стенокардияның ФК бағалау
| жүрек ишемиялық ауруы анықталған науқас болжамын бағалау

| симптомдар қайта пайда болған жағдайда реваскуляризация жасалған науқастарды зерттеу

| жиілік-бейімділік кардиостимулятор жұмысының көрсеткіштерін бекіту қажеттілігі

~ Канадалық жіктемеге сәйкес күштемелі стенокардияның II функционалдық класы ... сипатталады.
| ұстама күнделікті күштеме кезінде дамуымен +

| ұстама тек экстремалді күштеме кезінде дамуымен

| ұстама аздаған күштеме кезінде дамуымен
| күштемені орындау қабілеті барынша төмендеуімен

| ұстама тыныштық күйде пайда болуымен
~ Науқаста стенокардия ұстамасы 500 метрден аз қашықтықта орташа ырғақта жүргенде, 1-2 сатыға баспалдақпен көтерілгенде, кейде ұстама тыныштық күйде пайда болады. Канадалық жіктемеге сәйкес науқасқа тұрақты күштемелі стенокардияның ... анықталды.
| III функционалдық класы +

| I функционалдық класы
| II функционалдық класы
| IV функционалдық класы
| 0 функционалдық класы

~ Үдемелі стенокардия диагнозын қоюға негіз болатын негізгі белгіні таңдаңыз:
| стенокардия ұстамаларының ауырлығы және жиілігі артуы +
| типтік ауырсыну ұстамасы бір ай бұрын алғашқы рет дамыған
| типтік ауырсыну ұстамасы ЭКГ –да қарыншалық комплекстің соңғы бөлігі өзгеруімен бірге байқалады
| ауырсыну ұстамасы түнде тыныштық күйде пайда болады

| ауырсыну ұстамасы алғашқы рет жарты жыл бұрын пайда болған
~ Тұрақсыз стенокардияға жүректің ишемиялық ауруының ... түрі жатпайды.
| күштемелі (3 ФК) +
| алғашқы дамыған
| ерте инфарктан кейінгі
| ерекше
| үдемелі
~ Алғашқы дамыған стенокардия диагнозын қоюға негіз болатын негізгі белгіні таңдаңыз:
| ауырсыну ұстамасы алғашқы рет үш апта бұрын пайда болған +

| ауырсыну ұстамасы алғашқы рет жарты жыл бұрын пайда болған
| дене жүктемесі кезінде төс артында ауырсыну пайда болуы
| төс артында ауырсыну түнде (тыныштық күйде) пайда болады

| стенокардия ұстамаларының ауырлығы және жиілігі артуы

~ Қолқа стенозымен науқас ер адамның ЭКГ-сында: жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, көшпелі зона оңға ығысуы, V 5, V6 тіркемелерінде R тісшесі биіктенуі, ST сегменті төмендеуі, теріс T тісшесі. ЭКГ- өзгерістерді интерпретациялаңыз:

|.систолалық күштенумен сол қарынша гипертрофиясы +

| күштенуімен оң қарынша гипертрофиясы
| сол қарынша гипертрофиясы

| оң қарынша гипертрофиясы

| екі қарынша гипертрофиясы

~ Артериялық гипертензияның қатер тобын анықтауда ассоцирленген ауруларға жатпайды:

| созылмалы пиелонефрит +

| жіті ми қан айналымы бұзылысының транзиторлы атакасы

| тұрақты күштемелі стенокардия
| диабеттік нефропатия
| миокард инфаркті
~ Ұзақ әсерлі нитраттардың ішінде қазіргі кезде ең нәтижелі антиангиналді препаратқа ... жатады.
| изосорбид -5- мононитрат +

| нитролонг
| нитросорбид
| нитролонгранулонг
| сустонит
~ Холестерин мен триглицеридтер деңгейін төмендететін ең нәтижелі препаратқа жатады:
| ловастатин (мевакор) +

| никотин қышқылы (эндурацин)
| холестирамин (квестран)
| гемфиброзил (гевилон)
| пробукол (липомал)
~ Жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқас келесі жұмыс түрін орындай алады:
| есеп-канцелярлық жұмыстар +

| айқын дене жүктемесімен байланысты жұмыстар
| биіктікте орындалатын жұмыс
| улы заттар әсерімен байланысты жұмыстар
| көлік айдау кәсіптері
~ Асқынбаған төменгі миокард инфарктінің жеделасты кезеңінің (10 күннен 8 аптаға дейінгі) негізгі ЭКГ белгілері:
| III және aVF тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі, теріс "коронарлық" Т тісшесі +
| V2-V4 тіркемелерінде ST сегменті изолиниядан төмен ығысуы
| V1-V4 тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі, теріс "коронарлық" Т тісшесі

| V5-V6 тіркемелерінде теріс "коронарлық" Т тісшесі
| V2-V4 тіркемелерінде монофазалы қисық болуы
~ Асқынбаған миокард инфарктінің жіті кезеңінің ұзақтығы ... созылады.
| 10 күнге +

| 2 сағатқа дейін

| 8 тәулікке
| 5 тәулікке
| 3 тәулікке
~ Фибринолитикалық препараттар қолдануға көрсеткіш болып табылмайды:
| майда ошақты миокард инфаркті +

| ірі ошақты миокард инфаркті (алғашқы 4-6 сағат)
| массивті өкпе артериясының тромбоэмболиясы
| жіті терең сирақ венасының тромбозы
| ST көтерілуімен жіті коронарлық синдром
~ Ірі ошақты миокард инфарктімен ауырған науқас өлімі төмендеуі ... қолданғанда байқалады.
| бета-блокаторлар +

| хинидин
| милдронат
| этацизин

| предуктал

~ 50 жастағы жиі өршитін шылым шегуші бронхитімен ауыратын науқаста алғашқы рет тыныс алумен байланысты емес 2-3 сағатқа созылған мойынға берілетін төс артында қысып ауырсыну ұстамасы, күрт әлсіздік және тершеңдік пайда болған. Сіздің диагнозыңыз:

| миокард инфаркті +

| мойын остеохондрозы
| спонтанды пневмоторакс
| өкпелік жүрек
| өкпе инфаркті
~ Трансмуралді миокард инфарктінің негізгі электрокардиографиялық белгісі:
| екі және одан көп тіркемелерде QS комплексі пайда болуы +

| ST сегментінің бірнеше тіркемелерде көтерілуі
| ST сегментінің бірнеше тіркемелерде төмендеуі

| Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

| ST сегментінің тостақ тәрізді ығысуы

~ Миокард инфарктімен ауырған науқаста қарыншалық фибрилляция дамуы мүмкіндігі бойынша болжамдық жағынан қолайлырақ қарыншалық экстрасистолаларға жатады:
| монотопты +
| политопты
| ерте T-ға R түрі
| қосарланған

| топтасқан
~ Миокард инфарктінде ... белсенділігі артуы ең спецификалық белгі болып табылады.
| ЛДГ1-2
| АСТ
| АЛТ
| МВ-КФК

| тропонин
~ Жіті ірі ошақты миокард инфарктінің клиникалық тұрғыда нәтижелі аяқталуын қамтамасыз ететін емдеу әдісіне ... қолдану жатпайды.
| кальций антагонисттері +
| аспирин және бета-блокаторлар
| ААФ ингибиторлары
| тромболитиктер
| алғашқы баллонды коронарлық ангиопластика

~ Артқы миокард инфарктінің тікелей ЭКГ белгілері келесі тіркемелерде тіркеледі:
| ІІ, ІІІ, aVF +
| aVL, V1-V4
| І, aVL, V5-V6

| aVL, V1-V2

| V1-V6
~ Миокард инфарктінің зақымдалу кезеңінің негізгі ЭКГ- белгілеріне жатады:
| монофазалы қисық қалыптасуы +

| патологиялық Q тісшесі
| ST сегменті изолиниядан төмен ығысуы
| теріс "коронарлы" Т тісшесі
| QRS комплексі кеңеюі
~ Ірі ошақты миокард инфарктінің тыртықтану кезеңінің негізгі ЭКГ- белгілеріне жатады:
| патологиялық Q тісшесі +
| ұзақ уақыт ST сегменті изолиниядан төмен ығысуы сақталуы
| QRS комплексі кеңеюі
| R тісшесі амплитудасы ұлғаюы

| теріс "коронарлы" Т тісшесі
~ Инфарктан кейінгі кардиосклероз диагнозы науқасқа асқынбаған миокард инфарктінен ... кейін қойылады.
| 2 айдан +

| 4 аптадан
| 3 айдан
| 5 айдан

| 6 айдан
~ Миокард инфарктімен ауырған науқаста 4 айдан соң қайта дамыған миокард инфаркті ... деп саналады.
| қайталанған +
| рецидивирленген

| созылмалы

| алғашқы дамыған

| тұрақсыз

~ Сол қарыншаның жіті аневризмасын анықтауға көмектесетін аспаптық зерттеу әдісі:
| вентрикулография +
| велоэргометрия
| холтерлік мониторлеу
| төс торының рентгенографиясы
| коронарография
~ Атропин қолдану миокард инфаркті ... асқынғанда көрсетілген.
| II дәрежелі атриовентрикулярлы блокадамен +
| нақты кардиогенді шокпен
| қарыншалық фибрилляциямен
| Дресслер синдромымен

| жүрекшелік фибрилляциямен

~ Трансмуралді миокард инфарктінің ең ерте электрокардиографиялық белгісіне жатады:
| ST сегменті жоғарылауы+

| QRS комплексі өзгеруі
| Т тісшесінің инверсиясы
| жүрек ырғағы бұзылуы
| Q тісшесі пайда болуы

~ Төс артында қолайсыз сезім пайда болуының алғашқы 2-3 күнінде гиперферментемия (КФК, ЛДГ, АсТ жоғарылауы), нейтрофилді лейкоцитоз, дене қызуы 38 С жоғарылауы, сонымен бірге ЭКГ- өзгерістер байқалуы ... тән.
| миокард инфарктіне +

| пневмонияға
| қолқа аневризмасы ыдырауына
| стенокардияға

| ревматизмге
~ Хирургиялық ем жоспарланған науқас үшін жүрек күйі жағынан ең қолайсыз болып табылады:
| жиі политопты қарыншалық экстрасистолалар +

| Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы
| инфаркттан кейінгі кардиосклероз
| жүрек түрткісінде қатал систолалық шу
| бір-екі қарыншалық экстрасистолалар
~ Пароксизмалді тахикардияның қайталануының алдын алу үшін ең нәтижелі препаратқа ... жатады.
| кордарон +

| нифедипин
| ритмилен
| анаприлин
| этмозин
~ Толық көлденең жүрек блокадасына ... тән.
| толық жүрекшелік-қарыншалық диссоциация +
| PQ интервалы 0,20 сек-тан жоғары ұзаруы
| Самойлов-Венкебах кезеңдері пайда болуы
| QRS комплексі кеңеюі

| Р тісшесі жоғалуы
~ II дәрежелі атриовентрикулярлы блокаданың негізгі ЭКГ белгілері:
| Самойлов-Венкебах кезеңдері +
| ЖСЖ минутына 60 реттен баяулауы
| Р тісшесі жоғалуы
| QRS комплексі кеңеюі (0,14 сек-тан жоғары)

| толық жүрекшелік-қарыншалық диссоциация

~ Науқаста пароксизмалді қарыншалық тахикардия дамығанда антиаритмиялық препараттардың ішінде таңдаулысына ... жатады.
| лидокаин +
| изоптин
| дигоксин
| обзидан

| этмозин
~ Жүрекшелік фибрилляция жиі байқалатын ауруларға жатады:
| жүректің ишемиялық ауруы, митралді стеноз, тиреотоксикоз +
| қолқалық жетіспеушілік, гипертрофиялық кардиомиопатия
| экссудативті перикардит, митралді стеноз, гипотиреоз
| өкпелік жүрек, алкоголді кардиомиопатия, тиреотоксикоз
| гипотиреоз, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия
~ Миокард инфарктінің жіті кезеңінде қарыншалық экстрасистолия пайда болғанда ... қолданады.

| лидокаинді +
| жүрек гликозидтерін
| верапамилді
| аденозинді

| хинидинді
~ Тез арада электроимпульстік терапия (ЭИТ) жүргізудің абсолютті көрсеткішіне жатады:

| қарыншалық фибрилляция +
| қарыншаүстілік пароксизмалді тахикардия
| жыбыр аритмиясы
| III дәрежелі атриовентрикулярлы блокада

| жүрекше дірілі
~ Қарыншалық экстрасистолаларының электрокардиографиялық белгілеріне жатпайды:
| толық емес компенсаторлық үзіліс +
| өзгерген QRS комплексі уақытынынан ерте пайда болуы
| кезектен тыс қарыншалық комплекстің кеңеюі (0,14 с-тан жоғары)
| кезектен тыс қарыншалық комплекстің алдында P тісшесі болмауы
| толық компенсаторлық үзіліс
~ Селективті емес бета-блокаторларды тағайындауға қарсы көрсеткішке жатады:
| бронх демікпесі +
| күштемелі стенокардияның I-II функционалдық класы
| артериялық гипертония
| қарыншалық аритмиялар
| тахикардия
~ Жүрекше фибрилляциясының ЭКГ- белгісіне жатпайды:
| QRS комплексі алдында өзгерген Р тісшесі тіркеледі Р+
|тіркемелерде Р тісшесі болмауы
| f жыбыр толқындары тіркеледі
| өзгермеген қарыншалық комплекстер
| жүрек ырғағы дұрыс емес

~ Инфарктан кейінгі кардиосклероз және жүрек жетіспеушілігінің І және ІІ кезеңімен 68 жастағы науқасқа қатысты жыбыр аритмиясы (4 жыл бойы тұрақты) бойынша дәрігерлік тактиканы таңдаңыз:
| жүрек гликозидтері көмегімен жыбыр аритмиясын нормасистолиялық формада ұстап тұру, ал нәтиже жеткіліксіз болса бета-адреноблокаторлармен бірге қолдану +

| синус ырғағын қалпына келтіру мақсатында ритмилен немесе изоптинмен профилактикалық ем
| хинидин немесе ЭИТ көмегімен стационарда жыбыр аритмиясын синустық ырғаққа көшіру

| тұрақты электростимуляцияға көшірген тиімді

| мұндай науқас тұрақты терапияны қажет етпейді

~ Сол жүрекше гипертрофиясында ЭКГ-да анықталады:
| І, aVL, V5-6 тіркемелерінде екіөркешті кеңейген Р тісшесі +
| ІІ, ІІІ, aVF, V1 тіркемелерінде ұшқырлан биік Р тісшесі
| І, aVL, V5-6 тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі
| ІІ, ІІІ, aVF тіркемелерінде терең S тісшесі
| І, aVL тіркемелерінде терең S тісшесі

~ Жүрекшелік экстрасистолаға тән емес ЭКГ- белгісін таңдаңыз:
| Р тісшесіз QRS комплексінің ерте пайда болуы +
| Р тісшесі мен QRS комплексінің ерте пайда болуы
| ерте пайда болған Р тісшелері синустықтардан жиі ерекшеленеді

| компенсаторлық үзіліс толық емес
| кеңеймеген қарыншалық комплекстер

~ Жыбыр аритмиясының тахисистолиялық түріне тән:
| пульс дефициті +
| парадоксалді пульс
| альтернирленген пульс
| яремді веналар пульсациясы
| қарыншалық комплекстер кеңеюі

~ Кенеттен ентігу пайда болуы (ортопноэсыз) ... болуы мүмкінірек.
| өкпе артериясының тромбоэмболиясы +
| миокард инфаркті
| қолқа аневризмасы ыдырауы
| жіті плеврит

| жіті перикардит
~ Кенеттен ЭКГ-да I тіркемеде терең S және III тіркемеде Q (Макджин-Уайт синдромы), сонымен қатар көшпелі зона солға ығысуы пайда болатын ауру:

| өкпе артериясының тромбоэмболиясы +
| төменгі миокард инфаркті
| перикардит
| сол қарынша аневризмасы

| сол қарынша күштенуі

~ Қан айналымының солқарыншалық жетіспеушілігі бар науқасқа нитроглицеринді қолданудың негізгі емдік нәтижесі ... байланысты.

| шеткі венозды жүйе кеңеюіне +

| коронарлық артериялар кеңеюіне

|шеткі артериялар кеңеюіне
| жүрек соғу жиілігі жоғарылауы салдарынан коронарлық қан айналымы артуына