ЖСЖ баяулауы және миокардтың оттегіне қажеттілігі

~ Нитраттарға толеранттылықты жоюға бағытталған «интервалді терапия» түсінігіне жатады:

|нитраттарды қабылдауда 8-12 сағатқа үзіліс жасау +
| нитраттарды қабылдауда 4-6 сағатқа үзіліс жасау
| нитраттарды қабылдауда 24 сағатқа үзіліс жасау
| нитраттарды қабылдауда 3 тәулікке үзіліс жасау
| нитраттарды қабылдауда 1-2 сағатқа үзіліс жасау

~ 40 жастан жоғары науқастардағы жүрек жетіспеушілігінің ең маңызды белгісі:
| жүректің ІІІ тоны +
| жүректің ІV тоны
| өкпедегі сырылдар
| асцит
| ісіктер
~ Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің емінде ұсынылмайды:
| қысқа әсерлі кальций антагонисттері – нифедипин +
| ААФ ингибиторлары
| несеп айдаушы препараттар
| бета-блокаторлары
| жүрек гликозидтері
~ β-адреноблокаторлармен бірге қолданған тиімді емес препаратты көрсетініз:

| верапамил +
| гипотиазид
| каптоприл
| аспирин

| мевакор

~ Инфаркттан кейінгі кардиосклероз салдарынан дамыған 1-ші дәрежелі жүрек жетіспеушілігі бар науқасқа ... тағайындаған тиімдірек.
| периндоприл +
| изоланид
| сустак
| фуросемид
| дигоксин
~ СЖЖ –нің Нью-Йорк функционалдық классификациясы бойынша келесі жағдайлар: дене жүктемесі айқын шектелуі, науқас тек тыныштықта өзін қолайлы сезінуі, үйреншікті дене жүктемесінен аз жүктеме әлсіздік, жүрек жиі соғуы, ентігу немесе ангинозды ауырсыну тудыруы … сәйкес.

| ФК ІІІ +
| ФК І
| ФК ІІ
| ФК ІV
| ФК ешқандай дәрежесіне сәйкес емес
~ Дигитализацияның ең тиімді ырғағына жатады:
| 7-10 күн ішінде баяу жылдамдықпен +

| 12-24 сағат ішінде жылдам
| 24-36 сағат ішінде жылдам

| 3-4 күн ішінде баяу жылдамдықпен
| 20-30 күн ішінде өте баяу жылдамдықпен
~ Науқаста қатты басы ауырып, айқын тершеңдік және жүрек жиі соғуымен ("пароксизмалді триада") бірге байқалатын гипертониялық криздер пайда болуы ... тән.
| феохромоцитомаға +
| біріншілік альдостеронизмге
| Иценко-Кушинг синдромына
| тиреотоксикозға

| қолқа коарктациясына
~ Науқастарды артериялық гипертониямен емдеудегі бета-блокаторлардың негізгі әсер ету механизміне жатады.

| жүректің қан айдауы төмендеуі +
| ангиотензин-конвертирлеуші фермент ингибициясы
| айналымдағы қан көлемі төмендеуі
| ренин бөлінуі төмендеуі

| шеткі тамырлар кедергісі төмендеуі
~ Миокардтың сол қарыншасы гипертрофиясын анықтауға көмектесетін аспаптық зерттеу әдісі:
| жүректі УДЗ +
| жүреті катетеризациялау (Swan-Ganz бойынша)
| ЭКГ (вольтажды критерилер)
| коронароангиография
| холтерлік мониторлеу
~ Жедел көмекті қажет ететін гипертензивті күйлерге ... дамуы тән емес.
| өкпе инфаркты +
| қолқа ыдырауы
| жіті жүрек жетіспеушілігі
| жіті миокард ишемиясы
| миға қан құйылуы
~ Артериялық гипертензияның 4 қатерлілігінің негізгі критериіне жатады:
| ассоцирленген аурулар болуы +
| артериялық қысым деңгейі
| тіршілікке маңызды органдардағы өзгерістер
| гипертониялық криздер дамуы

| қатерлі факторлар болуы
~ Екіншілік артериялық гипертензия дамуы ... тән емес.

| микседемаға +
| феохромоцитомаға
| Иценко-Кушинг синдромына немесе ауруына
| біріншілік гиперальдостеронизмге (Конн синдромына)
| тиреотоксикозға
~ Гипертониялық криздерді тоқтатуға қолданылатын негізгі препараттарға жатпайды:
| адельфан +
| клофелин
| нифедипин
| каптоприл
| натрий нитропруссиді
~ Гипотензивті препараттар ішінде ... ангиотензин II рецепторларының антагонисттері тобына жатады.
| лозартан +
| клофелин
| капторил
| верошпирон

| метопролол
~ Гипертрофиялық кардиомиопатия кезінде дамыған жіті солқарыншалық жетіспеушілікті емдеуде таңдаулы препараттарға жатады:
| бета-блокаторлар +

| диуретиктер
| вазодилататорлар
| жүрек гликозидтері
| кальций антагонисттері
~ Кеуде тұсында терең тыныс алғанда, жөтелгенде, жұтынғанда, арқаға жатқанда күшейетін ауырсыну, ЭКГ-да барлық тіркемелерде (aVR-дан басқа) ST сегменті көтерілуімен бірге пайда болуы жиі ... белгісіне жатады.

| құрғақ перикардит +
| рецидивті миокард инфаркті
| инфарктан кейінгі стенокардия
| өкпе артериясы тромбоэмболиясы
| сол қарынша аневризмасы
~ Жіті перикардитте байқалатын электрокардиографиялық өзгерістер:

| aVR-дан басқа барлық тіркемелерде ST сегменті конкордантты көтерілуі +
| көптеген тіркемелерде SТ сегменті депрессиясы
| патологиялық Q тісшелері

| көкірек тіркемелерінде R тісшесі амплитудасы ұлғаюы

| көкірек тіркемелерінде R тісшесі амплитудасы төмендеуі
~ Созылмалы жүрек жетіспеушілігі дамуының жиі себебі:
| жүректің ишемиялық ауруы +
| қақпақшалық ақаулар
| кардиомиопатиялар
| коллагеноздар
| артериялық гипертензиялар

~ Сол қарынша гипертрофиясының ЭКГ – белгілеріне жатады:

| V 5-6 тіркемелерінде R тісшелері жинағы ұлғаюы және V 1 тіркемесінде S 38 мм +

| ІІІ, aVF, V 1-2 тіркемелерінде R тісшесінің вольтажы ұлғаюы

| І, ІІ, aVL тіркемелерінде Р тісшесінің вольтажы ұлғаюы

| көшпелі зона оңға ығысуы

| R тісшесінің өрлеу бөлігінде тісшелену болуы

~ Созылмалы жүрек жетіспеушілігімен науқастарды емдеудің заманауи тактикасының басты мақсаты:

| терапияны барынша ертерек, аурудың ең ерте кезеңінде бастау, мүмкіндігінше ең жоғарғы нәтижеге жету және процесс үдеуін тоқтату +

| терапияны созылмалы жүрек жетіспеушілігінің алғашқы клиникалық белгілері пайда болғанда бастау

| терапияны созылмалы жүрек жетіспеушілігінің айқын клиникалық белгілері пайда болғанда бастау

| симптоматикалық ем

| емді объективті аспаптық зерттеу әдістерін жүргізу кезінде өзгерістер анықталғаннан соң бастау

~ Митралді стенозға тән ЭКГ өзгерістерін көрсетіңіз:

| Р – mitrale, V 1-2 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 5-6 тіркемелерінде терең S тісшесі +

| ЖЭО солға ығысуы

| V 5-6 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 1-2 тіркемелерінде терең S тісшесі

| Р-pulmonale, V 1-2 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 5-6 тіркемелерінде терең S тісшесі

| V 5-6 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 4-6тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы

~ СЖЖ –нің Нью-Йорк функционалдық классификациясы бойынша келесі жағдайлар: дене белсенділігі шектелмеген, үйреншікті дене белсенділігінде тез шаршау, ентігу немесе жүрек жиі соғы байқалмауы, жоғарғы жүктемені науқас жақсы көтеруі, бірақ ентігу және/немесе баяу қалпына келу … сәйкес.

| ФК І +
| ФК ІІ
| ФК ІІІ
| ФК ІV
| ФК ешқандай дәрежесіне сәйкес емес
~ Миокардиттерге тән емес ЭКГ өзгерістер:

| І, ІІ, aVL тіркемелерде ST көтерілуі +

| QRS амплитудасы төмендеуі

| тахикардия

| қарыншалық экстрасистолия

| АВ-блокада

~ СЖЖ –нің Нью-Йорк функционалдық классификациясы бойынша келесі жағдайлар: дене белсенділігі шектелуі айқын емес – тыныштық күйде белгілері болмауы, үйреншікті дене белсенділігінде шаршау, ентігу немесе жүрек жиі соғуы байқалуы … сәйкес.

| ФК ІІ +
| ФК І
| ФК ІІІ
| ФК ІV
| ФК ешқандай дәрежесіне сәйкес емес
~ СЖЖ –нің Нью-Йорк функционалдық классификациясы бойынша келесі жағдайлар: қандай да болсын дене жүктемесін орындауда қолайсыз сезім пайда болуы – тыныштық күйде жүрек жетіспеушілік белгілері байқалуы және аздаған дене белсенділігінде күшеюі … сәйкес.

| ФК ІV +
| ФК І
| ФК ІІ
| ФК ІІІ
| ФК ешқандай дәрежесіне сәйкес емес
~ Лауна бойынша қарыншалық экстрасистолия классификациясына жатпайтын экстрасистолиялар:

| сирек монотопты қарыншалық экстрасистолия +

| жиі қарыншалық экстрасистолиялар

| қосарланған қарыншалық экстрасистолиялар

| ерте қарыншалық экстрасистолиялар (T-ға R)

| политопты қарыншалық экстрасистолиялар

~ ST көтерілуімен миокард инфарктінің алғашқы 12 сағатында болжам үшін ең нәтижелі емдік іш-шараны таңдаңыз:

| фибринолитикалық терапия +

| наркотикалық анальгетиктерді венаішіне енгізу

| нитраттарды венаішіне енгізу

| антикоагулянттар енгізу

| бета-блокаторлар енгізу

~ Синустық тахикардияның ЭКГ белгілері:

| ырғақ дұрыс: Р – Р мен R- R жиілігі сәйкес +

| R- R жиілігі ретсіз

| f толқыны болуы

| компенсаторлық үзіліс болуы

| QRS алдында формасы өзгермеген Р болуы

~ Созылмалы жүрек жетіспеушілігі салдарынан туындаған синустық тахикардияда жүргізілетін ем:

| бета-адреноблокатор мен ААФ ингибиторлары +

| статиндер мен нитраттар

| аспирин мен нифедипин

| статиндар мен предуктал

| аспирин мен пропранолол

~ Артериялық гипертензиямен науқасқа ангиотензин айналдырушы ингибиторларымен монотерапия жеткілікті гипотензивті нәтиже бермеген жағдайда диуретиктік препараттардан ... бірге қолданған тиімді.

| гипотиазидті +

| фуросемидті
| триамтеренді
| верошпиронды
| урегитті
~ Синусты түйін әлсіздігімен жүретін жүрек ырғағы бұзылыстарына жатпайды:

| тыныс аритмиясы +

| жүрекше бойымен ырғақ ошағы миграциялануы

| асистолиия

| тахибрадикардия синдромы

| конституцияналдық ерекшеліктер

~ Синусты түйін әлсіздігімен науқасты емдеу принциптері:

| электрокардиостимулятор орналастыру +

| атропиннің жоғарғы дозасын тағайындау

| жүрек трансплантациясы

| жүрек гликозидтерін тағайындау

| антиаритмиялық препараттардың күштемелі дозасын қолдану

~ І дәрежелі АВ-блокадасының ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:

| қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы +

| Р тісшесі болмауы

| F толқыны болуы

| QRS комплексінің деформациясы

| PQ интервалы біртіндеп ұзаруы

~ ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Мобитц І түрінің ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:

| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы +

| қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы

| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы

| Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы

| әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы

~ ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Мобитц ІІ түрінің ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:

| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы +

| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы

| қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы

| Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы

| әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы

~ ІІІ дәрежелі АВ-блокадасының ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:

| Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы +

| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы

| қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы

| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы

| әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы

~ Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасымен науқасты емдеу тактикасы:

| электрокардиостимулятор имплантациялау +

| антиаритмиялық препараттардың күштемелі мөлшерін қолдану

| антиагреганттарды ноотроптармен бірге қолдану

| ангиопротекторлар қолдану +

| атропинді ұзақ қолдану

~ Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасының ЭКГ белгілеріне жатпайды:

| оң кеуде тіркемелерінде S тісшесі тісшеленіп кеңеюі +

| QRS комплексі кеңеюі

| оң кеуде тіркемелерінде QRS комплексі М-тәрізді ажырауы

| сол кеуде тіркемелерінде S тісшесі тісшеленіп кеңеюі

| QRS комплексіне қатысты ST сегментінің дискордантты орналасуы

~ Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасының ЭКГ белгілері:

| сол кеуде тіркемелерінде кеңейген ажыраған R тісшесі және оң кеуде тіркемелерінде кеңейген тісшеленген S тісшесі +

| өзгермеген QRS комплексі

| сол кеуде тіркемелерінде кеңейген тісшеленген S тісшесі

| оң кеуде тіркемелерінде QRS комплексі М-тәрізді ажырауы

| барлық кеуде тіркемелерінде ST көтерілуімен кеңейген QRS комплексі

 

~ Дене жүктемесін тоқтатқанда басылушы, жүгіру барысында пайда болатын төс тұсында қысып ауырсыну ... тән.

| тұрақты күштемелі стенокардияның I ФК-ына +

| тұрақты күштемелі стенокардияның II ФК-ына

| тұрақты күштемелі стенокардияның III ФК-ына

| тұрақты күштемелі стенокардияның IV ФК-ына

| тұрақсыз стенокардияға

~ 57 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында 30 минутқа созылған, нитроглицеринге басылмайтын қысып ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілуіне шағымданды. Электрокардиограммада ІІ, ІІІ, aVF, V5-V6 тіркемелерінде Q тісшесі және монофазалы қисық анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

| сол жақ қарыншаның артқы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті +

| сол жақ қарынша түрткісінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

| сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

| сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

| сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

~ 38 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге физикалық күш түскенде пайда болатын ұзақтығы 20 минутқа созылатын, соңғы 2 күнде күшейген, нитроглицеринмен нашар басылатын кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. ЭКГ-де: ST сегменті 2 мм ығысқан, Т тісшесі теріс. Диагнозды дәлелдеуге ... көмектеседі.

| кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы +

| холестерин, үшглицеридтер деңгейінің жоғарылауы

| жалпы қан талдауы

| физикалық жүктемемен сынама

| эхокардиография

~ Миокард инфарктімен ауырған 62 жастағы ер адам басы ауруы мен басы айналуына шағымданып дәрігерге қаралды. Тексергенде: пульс – минутына 86 рет, артериялық қысым – 200/100 мм сын. бағ., жүрек жетіспеушілік белгілері жоқ, аяқ тамырларының облитерленген атеросклерозы байқалады. Науқасқа артериялық гипертензияны емдеуде ... қолданған тиімді.

| верапамил+

| анаприлин

| коринфар

| гипотиазид

| капотен

~ 50 жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге 2-3 сағатқа созылған төс артында тыныс алумен байланыссыз мойынға берілетін күйдіріп ауырсыну пайда болуына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып қаралды. Анамнезінде жиі өршитін созылмалы бронхиті бар. Темекі шегеді. Ұстама бүгін түнде бірінші рет пайда болған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| миокард инфаркті +

| мойын остеохондрозы

| спонтанды пневмоторакс

| өкпелік жүрек

| өкпе инфаркті

~ 30 жастағы науқас ер адам кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқасқа ... жүргізу қажет.

| тәуліктік ЭКГ мониторлеу +

| вентрикулография

| коронароангиография

| электроэнцефалография

| эхокардиография

~ 42 жастағы науқас ер адам төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің диагнозыңыз:

| ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия +

| ЖИА. Үдемелі і стенокардия

| ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II

| ЖИА Күштемелі стенокардия ФК III

| ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК IV

~ 62 жаста нақас ер адам кеуде артындағы тыныс алуға байланыссыз және ұстама тәрізді үдемелі қысып ауырсынуға шағымданады. Нитроглицеринді қабылдағанда нәтиже болмаған. Бұл науқасқа ... жасау қажет.

| тропонин Т анықтау, ЭКГ +

| сцинтиграфия Tl201- мен

| ЭхоКГ добутаминмен

| физикалық жүктемемен ЭКГ

| тәуліктік ЭКГ мониторинг

~ Дәрігерге 63 жастағы науқас ер адам қаралуға келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыбыр аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, НКІІБ диагнозымен диспансерлік бақылауда тұрады. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағымданады. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформацияланған, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистолалар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлау себебіне ... жатады.

| гликозидті интоксикация +

| гипертоникалық криз

| қайталанған инфаркт миокардісі

| декомпенсацияланған жүрек жетіспеушілігі

| ми қан айналымының бұзылуына ауысуы

~ Дәрігерге 55 жастағы ЖИА. Атеросклероздық кардиосклероз, СЖЖ ФК II диагнозымен диспансерлік бақылауда тұратын науқас әйел қаралды. Анамнезінде - стенокардия ұстамалары. ЭхоКГ- да сол қарыншаның диастолалық дисфункциясы анықталды. Жүректің функционалдық күйін жақсарту үшін ... қолданған тиімді.

| селективті бета-адреноблокаторларды +

| жүрек гликозидтерін

| альдостерон антагонисттерін

| ілмекті диуретиктер

| гликозидті емес инотропты препараттар

~ Науқас мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып істейді, анамнезінде жіті миокард инфаркті, жүрек жетіспеушілігінің І дәрежесінің белгілері анықталған. Еңбекке жарамдылығы дәрежесі туралы сұрақ шешімі:

| еңбекке жарамды +

| мүгедектіктің I тобы

| мүгедектіктің II тобы

| мүгедектіктің III тобы

| 2-3 күн еңбекке жарамсыз

~ Жіті миокард инфарктімен ауырған науқасқа басқа климаттық аймаққа (санаторлық-курорттық емге қарсы көрсеткіші болмаса) шығуға ... айдан соң рұқсат етуге болады.

| 12 +

| 3

| 6

| 18

| 24

~ Науқасты ... диагнозымен алыс курортқа жіберуге болады.

| ЖИА, күштемелі стенокардия, II функционалдық класс, ЖЖ 0 – кезеңі +

| АГ, кризді ағымы

| созылмалы активті гепатит

| созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

| ЖИА, күштемелі стенокардия, III функционал дық класс, ЖЖ I- кезеңі

~ Емхана кезеңіндегі миокард инфарктінен кейінгі реабилитация жүргізілуі қажет:

| барлығына миокардтың функционалдық күйін ескере отырып жеке бағдарламамен +

| 40- жастағы науқастарға ғана

| қосалқы аурулары жоқ жағдайда

| тек асқынбаған ағында

| 50 - жастағы науқастарға ғана

~ 38 жасар науқастың емханада қабылдау кезінде көкірек тұсында кенеттен ауырсыну пайда болды. ЭКГ-да жіті миокард инфаркті белгісі. Сіздің тактикаңыз:

| ауырсыну синдромын басу және жедел ауруханаға жатқызу +

| жедел кардиология бөлімшесіне жатқызу

| науқасты толық тексеруді жалғастыру (қан анализі, холестерин), сонан соң ауруханаға жатқызу

| ауырсыну синдромын басу және емді әрі қарай жалғастыру

| емхананың күндізгі стационарына жедел жатқызу

~ Стенокардияға ... тән.

| төс артының ауырсынуы және ЭКГ -да SТ сегментінің 1 мм және одан да жоғары депрессиялануы +

| физикалық күштемеге байланыссыз төс артының ауырсынуы

| күштемеден кейінгі қарыншалық экстрасистолия

| SТ сегментінің 1 мм және одан да жоғары көтерілуі

| ІІІ және аVF тіркемелерінде Q тісшесінің ұлғаюы

~ Жүрек ишемиялық ауруы бойынша тұқымқуалаушылық бейімділік және семіздік байқалатын клиникалық тұрғыда дені сау ер адам диспансерлік бақылау ... тобына жатады.

| ДII +

| ДI

| ДIIIА

| ДIIIБ

| ДIIIВ

~ ФК ІІІ тұрақты стенокардиямен науқаста тыныштық күйде стенокардия ұстамасы пайда болды, ұстама жиілігі және қуаты мен ұзақтығы жоғарылады, ЭКГ-да бұрын байқалмаған өзгерістер пайда болып бірнеше күн сақталған және вегетативтік ауытқулар (терлеп кету, жүрек соғуы), демікпе қосылған, ал ЭКГ динамикасы мен ферменттер белсенділігін зерттеу миокард инфарктін анықтауға көмектеседі. Сіздің диагнозыңыз:

| тұрақсыз стенокардия +

| тұрақты күштемелі стенокардия ФК IV

| Принцметал стенокардиясы

| тұрақты стенокардия ФК II

| тұрақты стенокардия ФК III

~ 47 жастағы ер адам жүйкелік-психикалық күштемеден кейін кеуде тұсында ауырсыну, әлсіздік, бетінің жабысқақ термен жамылғанын сезінді. Өзі машинасымен ауруханаға келді. Тексергенде бозарған, ары қарай төс артында қатты ауырсынуға шағымданады. ЭКГ -да синустық тахикардия, PQ 0,14 с, V1-V3 тіркемелерде ST сегменті R ортасынан басталады және биік Т тісшесіне жалғасады. Жедел түрде қандағы ферменттер анықталды (қалыпты), перифериялық қан өзгермеген. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| миокард инфаркті +

| күштемелі стенокардия

| тұрақсыз стенокардия

| спонтанды стенокардия

| миокардит

~ 47 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм сынап бағанасы. Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауырады. Бұл жағдайда науқасқа ... тағайындауға болмайды.

| карведилолды +

| верапамилды

| индапамидті

| лизиноприлді

| амлодипинді

~ 57 жастағы науқас ер адам дәрігерге демікпе ұстамасымен ентігу, көбікті қызғылт қақырықпен жөтелге шағымданып қаралды. Жағдайы нашарлауын дене жүктемесімен байланыстырады. Анамнезінде: 5 жыл бойы артериялық гипертензиямен диспансерлік бақылауда тұрады. Тексергенде: Ортопноэ. Өкпесінде екі жақты ылғалды әртүрлі калиберлі сырылдар. Жүрек аускультациясында тондар тұйықталған, ритм ырғақсыз. АҚҚ 160/100 мм сын.бағ.ЭКГ: жыбыр аритмиясы, ЖСЖ минутына 120 рет. Сол қарынша гипертрофиясы күштенуімен. Сіздің диагнозыңыз:

| жіті солқарыншалық жетіспеушілік +

| бронх демікпесі ұстамасы

| өкпе артериясының тромбоэмболиясы

| спонтанды пневмоторакс

| өкпе инфаркті

~ 42 жасар ер адам жалпы тәжірибелі дәрігерге соңғы 4 ай ішінде жиі бас ауыруына шағымданып келді. 3 жылдан бері 2 типті қантты диабетпен отбасылық дәрігерге қаралады, барлық нұсқауларды орындайды.

Объективті тексергенде: артериялық қан қысымы 150/100 мм сынап бағанасына дейін көтерілгені анықталды. 15 минуттан кейін тексергенде және қайта тексерулерде қан қысымы өзгермеді. Қандағы қант мөлшері 6,1 ммоль/л. Бұл жағдайда науқастың қан қысымын төмендету ... .

| науқас өмірінің болжамын жақсартады +

| қандағы қант мөлшерін тұрақтандырады

| аурудың симптомдарын жояды

| қажет емес, себебі қан қысымы өзі реттеледі

| қажет емес, себебі қантты диабетті емдеу жеткілікті болады

~ 50 жастағы ер адам бөлімшелік дәрігерге медициналық тексеруге келді. Шағымдары жоқ. Объективті: Қан қысымы 160/100 мм сынап бағанасына дейін, жүрек соғу жиілігі минутына 72 рет, ырғағы дұрыс, жүрек түрткісі күшейген, дене температурасы қалыпты. Көз түбінің тамырларын тексергенде артериолалардың тарылуы және тамыр суретінің иректенуі анықталды. Көкірек торы қалыпты. Қалған физикалді белгілер өзгеріссіз. Электрокардиограммада сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Электролиттер мен креатинин талдауы өзгеріссіз. Дәрігердің тактикасы:

| гипотензивті терапия тағайындау, симптоматикалық гипертензияға тексеру +

| жедел түрде гипотензивті препараттар енгізу

| «Артериалық гипертония» диагнозын қою, гипотензивті ем тағайындау

| қан қысымын 3 күн бойы өлшеу және науқасты қадағалау

| тексерілуге стационарға жіберу

~ 45 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек айнуына, жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Екі жыл ішінде артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Артериялық қан қысымының ең жоғарғы деңгейі 150/95 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Клиникалық зертханалық тексеру нәтижелері өзгеріссіз.

Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қатер тобын анықтаңыз:

| артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV+

| артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III

| артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV

| артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III

| артериялық гипертензия, III дәрежесі, қатер тобы IV

~ 67 жастағы науқас әйелде 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарылауы байқалады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ 160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:

| АГ 3 дәреже, 2 кезең, қауіп 4 +

| АГ 2 дәреже, 3 кезең, қауіп 3

| АГ 2 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

| АГ 1 дәреже 2 кезең, қауіп 4

| АГ 3 дәреже, 3 кезең, қауіп 4

~ Артериялық гипертензия емінде ... комбинациясы тиімсіз деп есептелінеді.

| бета - адреноблокаторлардың верапамилмен +

| бета - адреноблокаторлардың диуретиктермен

| ангиотензин айналдырушы ферменттер ингибиторлары мен нифедипиннің

| ангиотензин айналдырушы ферменттер ингибиторлары мен диуретиктердің

| бета – адреноблокаторлармен амлодипиннің

~ ДЖДСҚ – ХГҚ (2003 ж.) эксперттерінің артериялық гипертензия жіктемесіне сәйкес гипертонияның І-ші дәрежесіне ... жатады.

| 140/95 мм сын. бағ.+

| 125/85 мм сын. бағ.

| 135/85 мм сын. бағ.

| 145/105 мм сын. бағ.

| 160/85 мм сын. бағ.

~ Жүкті әйелдердегі артериялық гипертензияда бірінші қатардағы антигипертензивті препаратқа ... жатады.

| допегит +

| эналоприл

| индапамид

| метопролол

| диован

~ 78 жастағы науқас ер адам артериялық гипертензиямен ауырады. Урологта аталық без аденомасымен тіркеуде тұрады. Науқасқа АҚҚ түсіру және несеп каналы обструкциясын азайту үшін ... тағайындау ең тиімді.

| доксазозин +

| эсмолол

| урегит

| периндоприл

| верапамил

~ 65 жастағы науқас ер адам соңғы 2 жыл ішінде бастың айналуына, әлсіздікке, көздің қарауытуына, жүрген кезде теңселуідің байқалатынын айтты. Соңғы 2 ай ішінде жалпы жағдайы нашарлаған: 2 рет жедел жәрдем шақырған, онда жүрекшенің жыпылық ұстамасы анықталған, жалпы қарау кезінде ЖСЖ 50 рет/ минутына, АҚҚ – 160/70 мм с.б.б., ЭКГ-да синустық брадиаритмия 50-58 рет минутына. Миокардтын дифузды өзгерістері. Науқасты жүргізу тактикасы:

| жасанды ритм беруші имплантациясы +

| калций антоганистері мен АПФ ингибиторлары

| амиодарон мен калий препараттары

| коронаролитиктер, аорто-коронарлы шунтирлеу

| бета-блокаторлар мен жүрек гликозидтері, диуретиктар

~ 60 жастағы ер адам 4 сағат бұрын басталған жедел миокард инфарктісімен интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. ЭКГ –қарыншалық қысқа тахикардия жиілігінің өсуі. Бұл жағдайда ең тиімді ... тағайындау.

| лидокаин +

| флеканид

| амиодарон

| хинидин

| верапамил

~ 30 жастағы әйел, дәрігерге жүрек айнуымен, іш кебуімен, қатты терлеумен бірге байқалатын және көп зәр шығарумен аяқталатын жүрек соғысы жиілеу ұстамасына шағымданды. Алғашқы ұстама үш ай бұрын мазалаған, дәрігерге қаралмаған. Объективті тексергенде ішкі органдар жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. АҚҚ 110/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 78 рет. Электрокардиограммада PQ интервалының қысқаруы, QRS комплексінің кеңеюі мен деформациясы, QRS комплексінің алдыңғы тармағының «сатылы» деформациясы, ST интервалының дискордантты жылжуы анықталды. Сіздің клиникалық және ЭКГ қорытындыңыз:

| Уайт-Паркинсон-Вольф синдромы пароксизмалды жүрекшелік тахикардия ұстамасымен+

| Қарыншалық экстрасистолия

| Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық блокадасы

| Синустық түйіннің әлсіздік синдромы

| II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасымен

~ 67 жастағы ер адам соңынан әлсіздік пайда болатын жүрек соғуы жиілеуі ұстамасына шағымданады. Ұстама бір ай бұрын ауыр вирустық инфекциядан кейін пайда болған. ЭКГ-да: тахикардия кезінде бір-бірінен әртүрлі уақыт аралығында пайда болатын әртүрлі формадағы және амплитудадағы Р тісшелері байқалады, Р тісшелері аралығында- изоэлектр сызығы; ұзақтығы PQ 0,20-0,24 с; аберрантты қарыншалық комплекстер бар; қарынша жиырылу жиілігі минутына 140. Ритм бұзылысын анықтаңыз:

| көпфокусты, политопты жүрекшелік пароксизмалді тахикардия +

| көпфокусты, монотопты жүрекшелік пароксизмалді тахикардия

| АВ түйіндік пароксизмалді тахикардия

| қарыншалық пароксизмалді тахикардия

| жыбыр аритмиясы

~ 40 жастағы әйел адам ентігуге, жүрек қағуына шағымданып дәрігерге қаралды. Анамнездерінен: ревматикалық қызба. Объективті: акроцианоз, I тон әлсіреген, дөрекі систолалық шу оң жақ IV қабырғааралықта. ЭКГ: Р тісшесінің болмауы және (0,11 сек жоғары) деформацияланған қарыншалық комплекстің анық кеңеюі. Сіздің ЭКГ қорытындыңыз:

| қарыншалық экстрасистолия +

| жүрекшелер жыпылықтауы

| қарыншаүстілік экстрасистолия

| пароксизмальды тахикардия

| жүрекшелік экстрасистолия

~ 66 жастағы ер адам физикалық күш түскен кездегі ентігуге шағымданып дәрігерге қаралды. 4 ай бұрын сол жақ қарыншаның артқыбүйірлік қабырғасының іріошақты миокард инфарктімен ауырған. Объективті: жүрек тондары сердца тұйықталған,дұрыс емес ырғақты, ЖСС 78 рет/ мин, АҚҚ 120/80 мм.с.бб. Бауыры 10х8х7 см. Қанында: эритроциттер 4,5 х 1012/л, Нв 137 г/л, лейкоциттер 4,5х109/л, ЭТЖ 10 мм/с. ЭКГ: синусты ырғақ кезектен тыс РQRS комплексімен үзіледі. (QRS 11 сек артық емес), сол жақ қарыншаның артқыбүйірлік қабырғасының тыртықтық өзгеруі. Сіздің ЭКГ қорытындыңыз:

| жүрекшелік экстрасистолия +

| қарыншалық тахикардия

| синустық тахикардия

| жүрекшелер фибрилляциясы

| қарыншалық бигеминия

~ 25 жастағы науқас ер адам дәрігерге жүрегі соғу, басы айналу және құлағы шулауға шағымданып қаралды. ЭКГ-да: жүрекше фирилляциясы. Науқастың алдыңғы ЭКГ-да WPW синдромы тіркелген. Қарыншалық фибрилляция тудыру қаупі болғандықтан бұл жағдайда қолдануға болмайтын препаратты таңдаңыз:

| изоптин +

| амиодарон

| аймалин

| ритмилен

| пропафенон

~ Дене жүктемесі сынамасында жүректің ишемиялық ауруында қолайсыз болжам тудыратын белгіге ... жатпайды.

| сирек қарыншалық экстрасистолалар пайда болуы +

| бірнеше өрістерде ST сегментінің депрессиясы

| ST сегментінің 2 мм - ден жоғары депрессиясы

| қарыншалық тахикардия пайда болуы

| жүктемені тоқтатқаннан соң 6 минуттан кейін де депрессияның сақталуы

~ Санаторлық-курорттық емге қарсы көрсеткішке жатады:

| ЖИА, тұрақсыз стенокардия +

| түбірлік синдромсыз остеохондроз

| өт жолдары дискинезиясы

| артериялық гипертензия, 1 қатер тобы

| созылмалы гастрите

~ Науқасқа төс артында арнайы ауырсыну синдромы және ЭКГ зерттеу деректері негізінде сол қарыншаның артқы қабырғасының жіті іріошақты миокард инфаркті диагнозы қойылды. ЭКГ-дағы тән өзгерістер:

| II, III, AVF – тіркемелерінде кеңейген және терең Q тісшесі, ST және Т тісшесі изолиниядан көтерілуі байқалады. I стандартты тіркеме мен АVL тіркемесінде ST сегменті 3 мм-ге депрессиясы тіркелген +

| I тіркемеде терең S тісшесі, III тіркемеде терең Q тісшесі, ST - изолинияда, T – оң мәнді

| V3R- V6R тіркемелерінде ST сегментінің 1 мм-ге көтерілуі

| I, AVL, V1 және V2 тіркемелерінде изолиниядан жоғарылаған ST мен бірге QS комплексі тіркелген

| AVL, AVF, I, II, III, V3 ,V4 тіркемелерінде QrS комплексі тіркелген, ST сегменті изолинияда

~ Кеуде торында айқын ауырсынумен бірге ЭКГ-да V1-V3 тіркемелерінде Q тісшесі монофазалы қисықпен бірге байқалуы ... дәлелдейді.

| сол жақ қарыншаның алдыңғы-перделік аймағының Q тісшелі жіті миокард инфарктін +

| сол жақ қарынша түрткісінің Q тісшелі жіті миокард инфарктін

| сол жақ қарыншаның алдыңғы-перделік және бүйірлік аймағының Q тісшелі жіті миокард инфарктін

| сол жақ қарыншаның бүйірлік аймағының Q тісшелі жіті миокард инфарктін

| артқы - диафрагмалық Q тісшелі жіті миокард инфарктін

~ Оң мәнді дене жүктемесімен сынаманың ЭКГ – белгілері:

| ST сегментінің 1 мм-ден жоғары 80 мс-тан ұзақ горизонталді депрессиясы +

| ST сегментінің қиғаш өрлеу депрессиясы

| ST сегментінің қиғаш құлама депрессиясы

| айқын емес синусты тахикардия

| ST сегментінің 0,5 мм -ден жоғары горизонталді депрессиясы

~ ЭКГ-да «митралді» Р тісшесінің белгілері ... болмайды.

| жүрекше фибрилляциясында +

| айқын өкпелік гипертензияда

| өкпелік жүректе

| оң жүрекше гипертрофиясында

| үшжармақты қақпақша жетіспеушілігінде

~ ЭКГ –да көршілес циклдік QRS комплекстері арасындағы интервал 0,10 с –тан көп емес, Р тісшелері әр QRS комплекстерінің алдында (I,II,AVF тіркемелерде) оң мәнді. Сіздің қорытындыңыз:

| синусты ырғақты ритм +

| синусты ырғақсыз ритм

| жыбыр аритмиясы

| атриовентрикулярлы ырғақты ритм

| атриовентрикулярлы ырғақсыз ритм

~ ЭКГ-да синусты ритм, R-R -0,95 с, P-Q-0,22 с, QRS-0,09 с. Дене жүктемесінен соң: R-R- 0,65 с, P-Q - 0,18 с, QRS-0,09 с. Қорытынды:

| ваготония салдарынан толық емес атриовентрикулярлы блокаданың I – ші дәрежесі +

| жүрекшеішілік өткізгіштік бұзылуы

| синоатриалды өткізгіштік бұзылысы

| жүрекше бойынша ритм көзі миграциясы

| қарыншаішілік өткізгіштік бұзылуы

~ Верапамилді тағайындауға қарсы көрсеткішке ... жатады.

| ВПВ синдромы кезіндегі жыбыр аритмиясының ұстамалы түрі +

| жүрекшелік экстрасистолия

| жүрекше дірілі

| жыбыр аритмиясы

| қарыншалық тахикардия

~ 2 апта бұрын ауыр вирустық инфекциямен ауырған (гриппен) 24 жастағы науқас әйелде әлсіздік, ентігу, жүрек тұсында ауырсыну, жүрек соғуы байқалды. Тексергенде: АҚҚ 110/70 мм сын.бағ., ЖСЖ тыныштық күйде минутына 80 рет. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. ЭКГ – да PQ интервалы ұзарған, ұзақтығы 0,28 с, QRS комплексі өзгермеген. ЭКГ деректерін интерпретациялаңыз:

| АВ - блокада І дәрежелі +

| АВ - блокада ІІ дәрежелі Мобитц 1

| АВ - блокада ІІ дәрежелі Мобитц 2

| АВ - блокада ІІІ дәрежелі

| Синоатриалды блокада ІІ дәрежелі

~ Бета-адреноблокаторлар қолдануға болатын көрсеткішті таңдаңыз:

| синустық тахикардия +

| синустық брадикардия

| АВ блокада

| бронх демікпесі

| артериялық гипотензия

~ Миокард инфарктінің ең нақты серологиялық маркеріне жатады:

| алғашқы тәуліктерде Tn I және/немесе Tn T деңгейі жоғарылауы +

| алғашқы тәуліктерде АЛТ деңгейі жоғарылауы

| оң мәнді С – реактивті белок

| алғашқы 3-4 сағатта ЛДГ деңгейі жоғарылауы

| алғашқы тәуліктерде АСТ деңгейі жоғарылауы

~ Ангиотензин айналдырушы ингибиторларды қолдану көрсеткіштері:

| қант диабеті және артериялық гипертензия +

| жүктілік және артериялық гипертензия

| артериялық гипертензия және құрғақ жөтел болуы

| артериялық гипертензия және екіжақты бүйрек артериясы стенозы

| артериялық гипертензия және айқын қолқа саңылауының стенозы

~ Жүрек жетіспеушілігінде таңдаулы препаратқа жатады:

| ААФ ингибиторлары +

| диуретиктер

| нитраттар

| кальций антагонисттері

| бета-адреноблокаторлары

~ Миокард инфарктінде жүрек ремоделирленуінің алдын алу үшін ... қолданады:

| бета-адреноблокаторын +

| ААФ ингибиторларын

| диуретиктерді

| жүрек гликозидтерін

| кальций антагонисттерін

~ Бүйрек жетіспеушілігі кезінде антигипертензивті препараттардың (монотерапия нәтижесіз болғанда) ең тиімді комбинациясын таңдаңыз :

| каптоприл доксазозинмен бірге +

|метилдопа клофелининмен бірге

| анаприлин дилтиаземмен бірге

| каптоприл спиронолактонмен бірге

| нифедипин дилтиаземмен бірге

~ Профилактикалық тексеру кезінде 55 жастағы ер адамның ЭКГ-да V5,V6, І, aVL тіркемелерінде ұзақтығы 0,16 сек. кеңейген QRS комплексі, ұштары деформацияланған тісшеленген R тісшелері, RS-T сегментінің QRS комплексіне қатысты дискордантты ығысуы, V1,V2, ІІІ, aVF тіркемелерінде ұштары кеңейген тісшеленген QS комплексі анықталды. ЭКГдеректерін интерпретациялаңыз:

| Гис шоғырының сол аяғының толық блокадасы +

| Гис шоғырының сол аяғының толық емес блокадасы

| Гис шоғырының оң аяғының толық блокадасы

| Гис шоғырының сол артқы бұтағының блокадасы

| Гис шоғырының сол алдыңғы бұтағының

~ Бұл пероралді препарат терапияда стенокардия және гипертензия кезінде қолданылады. Осы класқа жататын басқа препараттармен салыстырғанда ол атриовентрикулярлық өткізгіштік бұзылысы бар науқастар үшін қауіпсіздеу. Дегенмен теріс инотропты әсеріне байланысты ауыр жүрек жетіспеушілігін тудыруы мүмкін. Сәйкес препаратты таңдаңыз:

|нифедипин +

|лидокаин

|нитропруссид

|гидралазин

|метилдопа

~ Подаграмен бірге артериялық гипертензиясы бар науқас емінде антигипертензивті препараттардың ішінде таңдаулы препаратқа жатады:

| ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисттері +

| диуретиктер

| кальций антагонисттері

| альдостерон антагонисттері

| ААФ ингибиторлары

~ Подаграмен бірге артериялық гипертензиясы бар науқас емінде антигипертензивті препараттардың ішінде қарсы көрсеткішке жатады:

| диуретиктер +

| ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисттері

| кальций антагонисттері

| бета-адреноблокаторлары

| ААФ ингибиторлары

~ ЭКГ-да PQ интервалының ұзақтығы 0,20 секундтан жоғары болуы ... тән.

| I дәрежелі атриовентрикулярлы блокадаға +

| толық атриовентрикулярлы блокадаға

| Гис шоғыры аяқшаларының блокадасына

| синоаурикулярлы блокадаға

| жүрекшелерде ритм ошағы миграциясына

~ Науқас 48 жаста, диагнозы: артериялық гипертензия ІІ дәрежесі, қауіп 3, сол қарынша гипертрофиясы. Науқасқа тәулігіне 5 мг-нан амлодипин тағайындалған. Науқастың артериялық қысымының тәуліктік профилін амлодипин жақсы бақылағанмен, соңғы кездері тахикардия ұстамасы жиі мазалайды. Науқасты кейінгі бақылаудың дұрыс тактикасын таңдаңыз:

| амлодипинге 2,5 мг метопролол 25 мг қосу +

| амлодипинге 2,5 мг+ валсартан 40 мг қосу

| амлодипинге 2,5 мг+ периндоприл 2 мг қосу

| амлодипинге 2,5 мг+ индапамид 1,5 мг қосу

| амлодипинге 2,5 мг+ доксазазин 1 мг қосу

~ Толық АВ-блокада фонында жыбыр аритмиясы дамуы ... деп аталады.

| Фредерик синдромы +

| Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

| Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы

| Дресслер синдромы

| синус түйіні әлсіздігі синдромы

~ Жүректің ишемиялық ауруымен науқастың өмірін ұзарту мүмкіндігін арттырады:

| бета-адреноблокаторлар +

| кальций антагонисттері

| статиндер

| ангиотензин-айналдырушы фермент ингибиторлары

| антиагреганттар

~ Қант диабеті және артериялық гипертензияда АҚҚ мақсатты деңгейі:

| <130/85 мм сын. бағ.+

| <140/90 мм сын. бағ.

| >135/95 мм сын. бағ.

| <150/90 мм сын. бағ.

| >130/85 мм сын. бағ.

~ Протеинурия 1 г/ л мен бүйрек жетіспеушілігі және артериялық гипертензияда АҚҚ мақсатты деңгейі:

| <125/75 мм сын. бағ.+

| >125/80 мм сын. бағ.

| >135/75 мм сын. бағ.

| <140/90 мм сын. бағ.

| <150/95 мм сын. бағ.

~ 47 жастағы ер адам екі ай бойы орташа ырғақпен 500 м жүргеннен соң немесе 3-ші қабатқа баспалдақпен көтерілгенде пайда болатын төс артында қысып ауырсынуға шағымданады. Кейде ауырсыну тыныштық күйде пайда болады. Стенокардияның бұл түрін ... деп жіктеуге болады.

| тұрақты күштемелі стенокардия II ФК +

| тұрақты күштемелі стенокардия I ФК

| тұрақты күштемелі стенокардия III ФК

| тұрақты күштемелі стенокардия IV ФК

| тұрақсыз стенокардия

~ 57 жастағы науқас Т. математика пәнінің мұғалімі жалпы тәжірибелік дәрігерге желке тұсында тартып ауырсынуға, жүрегі айнуға, жүрегі соғуға шағымданып қаралды. Анамнезінде: жыл бойы кезеңді бас ауруы, құлағы шулауы, ұйқысы бұзылуы мазалайды. Дәрігерге қаралмаған. Тексергенде: бойы 164 см, дене салмағы 97 кг. Тері қабаты қалыпты түсті. Өкпесінде везикулярлы дыбыс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ 170/100 мм сын.бағ., ЖСЖ минутына 92. ЭКГ: ЖЭО солға ығысқан, RV5,6 > RV4. ЭКГ өзгерістерді интерпретациялаңыз:

| сол қарынша гипертрофиясының белгілері +

| сол жүрекше гипертрофиясының белгілері

| оң қарынша гипертрофиясының белгілері

| оң жүрекше гипертрофиясының белгілері

| екі қарыншаның гипертрофиясының белгілері

~ 2-3 дәрежелі артериялық гипертензиямен науқасты (160/100 мм сын.бағ. және жоғары), қатер дәрежесіне байланыссыз жүргізу тактикасы:

| медикаментозды терапия +

| өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір жыл бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия

| өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір ай бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия

| өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды терапия (бір ай бойы)

| өмір сүру салтын өзгерту

~ Жоғарғы артериялық қысым (130-139/85-89 мм сын. бағ.),төменгі және орташа қатер тобымен науқасты жүргізу тактикасы:

| өмір сүру салтын өзгерту +

|өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір жыл бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия

| өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір ай бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия

| өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды терапия (бір ай бойы)

| медикаментозды

~ Артериялық гипертонияның 1 дәрежесінің (140-159/90-99 мм сын.бағ.), төменгі қатер тобымен науқасты жүргізу тактикасы:

|өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір жыл бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия +

| өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір ай бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия

| өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды терапия (бір ай бойы)

| медикаментозды

| өмір сүру салтын өзгерту +

~ Артериялық гипертензиямен науқастардың жалпы популяциясы үшін артериялық қысымның мақсатты деңгейі:

| < 140/90 +

| < 135/90

| < 130/85

| < 120/80

| < 125/75

~ Артериялық гипертензияның ІІ дәрежесімен науқастарға келесі еңбек түрі көрсетіледі:

| дене жүктемесі төмен жұмыс +

| айқын дене жүктемесімен жұмыс

| айқын жүйкелік-психикалық жүктемемен жұмыс

| түнгі кезеңмен жұмыс

| шу, вибрация

~ АҚҚ жоғарылауы, қандағы альдостерон деңгейі көтерілуі, бұлшық ет әлсіздігі, кейде ісінулер ... тән.

| Конн синдромына +

| біріншілік артериялық гипертензияға

| феохромоцитомаға

| бүйрек артериясы атеросклерозына

| тиреотоксикозға

~ Артериялық гипертензия және кіндік үстінде систолалық шу анықталуы кезінде диагнозды дәлелдеу үшін науқасқа ... тағайындау қажет.

| бүйрек артерияларының УДДГ- сын +

| кеуде торы органдарының шолу рентгенографиясын

| бүйрек УД зерттеуін

| көз түбірін зерттеуді

| экскреторлы урографияны

~ Дәрілік препаратты және оның мөлшерін анықтау кезеңінде амбулаторлық емде жүрген артериялық гипертензиямен науқасты дәрігер ... қарауы қажет.

| қан қысымын жатқанда және отырғанда өлшей отырып аптасына 1 реттен жиі +

| қан қысымын жатқанда және отырғанда өлшей отырып айына 1 реттен жиі

| қан қысымын жатқанда және отырғанда өлшей отырып жартыжылда 1 реттен жиі

| 3 күнде 1 реттен жиі

| диспансерлік бақылау мерзіміне сәйкес

~ Жоғарғы қатерлі артериялық гипертензиямен науқаста 10 жыл ішінде инсульт және миокард инфаркті туу қаупі:

| 20-30% жуық+

| 5 % -дан төмен

| 15%-дан төмен

| 15-20%-ға жуық

| 30%-дан жоғары

~ Көмірсу алмасуына кері әсер ететін препараттар:

| диуретиктер +

| ААФ ингибиторлары

| АТ1 рецепторлар блокаторлары

| альфа -1 блокаторлары

| орталық әсерлі антиадренергиялық

~ 27 жастағы ер адамды тексеру барысында артериялық гипертензия диагнозы қойылған. Зерттеу кезінде анықталған: минутына 90 – 100 ретке дейін тахикардияға бейімділік, АҚҚ терапиясыз 145/95-175/105 мм сын.бағ. арасында ауытқиды, басқа ерекшеліктер жоқ. Бұл науқас үшін таңдаулы препарат:

| пропранолол +

| клонидин

| нифедипин

| гипотиазид

| гидралазин

~ ААФ ингибиторларын қолдануға қарсы көрсеткіш:

| гиперкалиемия +

| жүрек жетіспеушілігі

| сол қарынша дисфункциясы

| миокард инфарктінен кейін

| диабеттік нефропатия

~ АТ1-ангиотензин рецепторларының блокаторлары мен ААФ ингибиторларын қолдануға қарсы көрсеткіш:

| жүктілік +

| жүрек жетіспеушілігі

|сол қарынша дисфункциясы

| миокард инфарктінен кейін

| диабеттік нефропатия

~ Велоэргометриялық сынама жүргізгенде миокард ишемиясының нақты белгілеріне жатады:

| ST сегментінің 2 мм –ге және одан да жоғары депрессиясы +

| Q тісшесі пайда болуы

| барлық тіркемелерде ST сегментінің 1 мм-ден төмен депрессиясы

| ST тісшесі инверсиясы

| ST сегментінің 0,5 мм-ге көтерілуі

~ Науқас іріошақты миокард инфарктінен кейін 21-ші күні стационардан шықты. Жарты жылдан кейін үйреншікті ырғақта орындалатын күнделікті аздаған дене жүктемесі кезінде (1-ші қабатқа көтерілгенде, 100 метрге жуық жүргенде) 5-10 минутқа созылатын төс артында ауырсыну қайта пайда болған. Тиімді дәрілік емді таңдаңыз:

| аспирин, статиндер, ААФ ингибиторлары, антиангиналді препараттар +

| антиангиналді препараттармен монотерапия

| антиангиналді препараттармен комбинирленген терапия

| статиндер, антиангиналді препараттар

| аспирин, статиндер, антиангиналді препараттар

~ Эргометринмен сынама ... диагностикасында қолданылады.

| спонтанды стенокардия +

| алғашқы дамыған стенокардия

| үдемелі стенокардия

| тұрақты стенокардия

| инфарктан кейінгі стенокардия

~ 57 жастағы науқас ер адам 3 жыл бойы күштемелі стенокардиямен ауырады, антиангиналді препараттар (атенолол тәулігіне 50мг, нитраттар) қабылдайды. Жоғарғы дене жүктемесі фонында стенокардия ұстамасы жиілеген, кешеден бері айқын ауырсыну синдромымен созылмалы ұстама, АҚҚ күрт төмендеуі, мұздай жабысқақ тер мазалайды. Бұл науқасты ауруханаға дейінгі кезеңде дұрыс жүргізу тактикасын таңдаңыз:

| аспиринді шайнап қолдану, ЭКГ түсіру, ауруханаға жатқызу +

| науқасты қарқынды терапия бөліміне жатқызу

| науқасты амбулаторияда 8-12 сағат бойы бақылау

| әр 10-15 минут сайын нитроглицеринді тіластына тағайындау

| антиангиналді терапияны күшейту

~ Алғашқы дамыған күштемелі стенокардиямен науқаста миокард инфаркті даму мүмкіншілігі төмен:

| егер ауырсыну үнемі бірдей дене жүктемесінде қайталанса +

| егер ауырсыну ST сегменті ығысуымен және Т тісшесі өзгеруімен бірге байқалғанда

| егер ауырсыну экстрасистолиямен бірге байқалғанда

| егер ауырсыну өткізгіштік бұзылуымен бірге байқалғанда

| егер нитроглицеринмен басылатын ауырсыну ұстамалары байқалса

~ Оң қарынша инфаркті диагностикасы үшін ең ақпаратты ЭКГ- белгілері:

| V3R и V4R тіркемелерінде ST сегменті көтерілуі+

| ІІ, ІІІ, aVF тіркемелерінде p-pulmonale пайда болуы

| оң қарынша күштенуінің белгілері ( V5-6 –да терең S )

| жүрек электр өсі күрт оңға ығысуы

| Гис шоғырының оң аяқщасының толық блокадасы

~ Миокард инфарктінде тромболитикалық терапия жүргізудің қарсы көрсеткіші:

| қолқа аневризмасының ажырауына күдіктенгенде +