Ақуыздардың химиялық құрылысы

Элементтің құрамының қарапайымдылығына қарамастан белоктар өте күрделі полимерлік қосылыстар. Белок макромолекулалар қарапайым амин қышқылдарынан тұрады, Бұл ең алғаш 1820 ж. А. Браконноның жұмыстарынан көріне бастады. Ол желаминді қышқылдық ортада гидролизденгенде дәмі тәтті аминсірке қышқылы түзгендігін байқады. Бұл гликокол яғни глицин деп атады. Бұл аминқышқылдарының ең қарапайым өкілі:

 

1871 жылы Н.Н. Любавин сүт белогы казейынның ас қорыту сөлінің қатысуымен ферменттік гидролиз амин қышқылдарына ыдырайтындығын ашты.

1901-1902 ж. Э. Фишер белоктардың қышқылдың қатысуымен 10-16 сағат ішінде қыздырңанда гидролизге түсетіндігін ашты, міне, осы уақыттан бастап белоктың химиялық құрамын анықтау барысында жуйелі жұмыстар істеліне бастады.

Қазіргі кезде белок ыдырауының сілтінің немесе ферменттің қатысуымен жүретін жолдар да белгілі, Бұл әдістердің әрқайсысынығ өзінің кемшіліктері мен жетістңктері бар. Сондықтан белок құрамын анықтауда осы үш әдіспен алынған нәтижелерді біріктіріп барып қорытынды жасайды.

Белоктың ыдырауынан түзілген амин қышқылдарын хроматография, элекрофорез әдістерімен әрі қарай зерттейді.

Амин қышқылдар белок молекулаларының құрамды болігі. Олар органикалық қышқылдардың аминді қышқылдардың аминді туындылары болып табылады. Мысалы:

 

СН3 – COOH сірке қышқылы CH3-CH2-COOH пропион қышқылы
CH3-(CH2)2- COOH май қышқылы CH3(CH2)3-COOH Валериан қышқылы
Изовалериан қышқылы   CH3– (CH2)4 – COOH капрон қышқылы

 

Бұл қышқылдардың құрамындағы СООН тобымен байланысқан.

Альфа көміртегідегі сутек атомы NH2- тобымен байланысқан.

 

Сонымен, барлық белок құрамындағы амин қышқылы альфа амин қышқылы болып табылады. Белок құрамындағы 20–ға жуық амин қышқылдары кездеседі.

 

α-Аминқышқылдар

 

R (Радикал) Амин қышқылдары
1. H − глицин Гли -
2. CH3 − 3. (CH3)2CH − аланин валин Ала - Вал -
4. (CH3)2CH-CH2 лейцин Лей -
5. CH3-CH2-(CH3)CH − изолейцин Иле -
6. HO-CH2 серин Сер -
7. CH3-CHOH треонин Тре -
8. HOOC-CH2 аспаргин қышқылы Асп -
9. HOOC-(CH2)2 глутамин қышқылы Глу -
10. H2N-CO-CH2 аспаргин Асн -
11. H2N-CO-(CH2)2 глутамин Глн -
12. H2N(CH2)3− CH2 лизин Лиз -
13. аргинин   Арг -
14. H2S-CH2 цистейн Цис -
15. CH3-S-(CH2)2 метионин Мет -
16. C6H6-CH2 фенилаланин Фен -
17. HO-C6H6-CH2 тирозин Тир -
18. триптофан   Три -
19. гистидин   Гис -
20. пролин   Про -

 

Олар төмендегідей болады:

1. Ациклді, яғни циклді емес амин қышқылдары (14 амин қышқылы). Бұл амин қышқылдарының өзі: а) моноаминді монокарбон қышқылдары (8 амин қышқылы) лей, иле, вал, т.б.) диаминді монокарбон қышқылдары (4 амин қышқылы – орнитин, лизин, аргинин, гидроксилизин); в) моноаминді дикарбон қышқылдары (2 амин қышқылы) аспарагин, глютамин қышқылдары болып бөлінеді.

2. Циклді амин қышқылдарына 4 амин қышқылы жатады, бұлар да екі топтан тұрады: а) гомоциклді - 2 амин қышқылы (фенилаланин, тирозин; б) гетероцилді - 2 амин қышқылы (триптофан, гистидин).

3. Иминоқышқылдар – 2 (оксипролин, пролин).