Тақырыбы: Онкогенездің генетикалық табиғаты

6.2. Сабақтың мақсаты:студенттерде жасушаның ісіктік трансформациясының себептері және молекулалық-генетикалық механизмдері туралы білімді қалыптастыру.

6.3. Оқыту міндеттері:

- қатерлі ісіктердің дамуындығы сыртқы орта (канцерогендік) факторлардың рөлін оқып

үйрену;

- канцерогендік факторлардың жіктелуін оқып үйрену;

- ісіктік трансформацияның молекулалық механизмдері мен сатыларын оқып үйрену;

-қатерлі ісік жасушаларының қаситеттерін оқып үйрену;

- протоонкогендердің сипаттамалары мен қызметтерін оқып үйрену;

- протоонкогендердің онкогенге айналу себептері мен механизмдерін оқып үйрену;

- онкогенездегі вирустардың рөлін оқып үйрену;

- антионкогендердің сипаттамалары мен қызметтерін оқып үйрену;

- қатерлі ісіктердің алдын-алуда, диагностикалауда және емдеуде ісіктік

трансформацияның молекулалық-генетикалық механизмдерінің маңызын оқып үйрену.

6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

*6.4.1. Канцерогенез. Канцерогендік факторлар, жіктелуі, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

Carcinogenesis. Carcinogens: classification and their role in the occurrence of malignant transformation of cells.

Канцерогенез. Канцерогенные факторы, классификация, их роль в возникновении опухолевой трансформации клеток.

6.4.2. Протонкогендер және онкогендер жайлы түсінік, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

6.4.3. Антионкогендер, олардың ісікке қарсы қорғаныш механизмдері.

6.4.4. Онковирустар, олардың жасушалардың ісіктік трансформациясындағы рөлі.

6.4.5. Қатерлі ісіктер, даму сатылары, қасиеттері.

6.4.6. Генетиканың заманауи онкологиядағы маңызы.

* Ағылшын және орыс тілдерінде талдау үшін

6.5. Оқыту әдістері:студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру, сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау; тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

6.6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.6.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. с. 557-568.

6.6.2. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы:

Эверо, 2009. с. 201-216.

6.6.3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003, с. 501-520.

6.6.4. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006, б. 91-97 .

Қосымша:

6.6.5. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.

6.6.6. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің

орысша- қазақша сөздігі Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

6.6.7. Наследственные болезни: национальное руководство/под.ред.акад. РАМН Н.П. Бочкова.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012. б 348-370.

Бақылау

6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

6.7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.

*6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру

6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

6.7.2.1. Қатерлі ісік жасушаларының қасиетерін атап оларды сипаттау.

6.7.2.2. Протоонкогеннің онкогенге айналу механизмдерінің сызбасын сызу және түсіндіру.

6.7.2.3. Жасушаның ісіктік трансформациясының сатыларының сызбасын сызып түсіндіріңіз.

6.7.2.4. Кестені толтырыңыз:Онкогендер және ісіктің супрессор гендері

 

Геннің / ақуыздың жасушадағы қызметі Ген / ақуыз Ісік
  myc  
 
  cyclinsD, E  
pl5  
pl6  
pRB  
  p53  
Bcl-2  
  Теломераза  
  APC  
BRCA1, BRCA2  
  Репарацияның гендері  
ATM  

 

6.7.3. Бақылау сұрақтары:

6.7.3.1. Сыртқы орта факторларының (канцерогендік) жасушаның ісіктік трансформациясындағы ролі?

6.7.3.2. Жасушаның ісіктік трансформациясындағы онкогендердің ролі қандай?

6.7.3.3. Протоонкогендер мен онкогендердің ерекшеліктері неде?

6.7.3.4. Қандай вирустаржасушаның ісіктік трансформациясына алып келеді?

6.7.3.5. Қатерлі ісік жасушаларына тән қасиеттер қандай?

6.7.3.6. Антионкогендердің қорғаныштық ролі неде?

Үш тілде түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Канцерогенез– ағзаның қалыпты жасушаларының ісік жасушасына айналуына алып келетін көп сатылы күрделі үрдіс Канцерогенез– сложный многоэтапный процесс, ведущий к глубокой опухолевой реорганизации нормальных клеток организма Carcinogenesis – complex, multistep process of development of malignant tumors
Канцерогендік фактор-адамдардағы қатерсіз және қатерлі ісіктердің туындау пайда болуына немесежиілігін артыуына әсер ететін, фактор Канцерогенный фактор-фактор, воздействие которого вызывает или достоверно увеличивает частоту возникновения доброкачественных или злокачественных опухолей у людей. Carcinogenic factor –a factor which causes or increases frequency of appearance of benign or malignant tumours in humans.
Қатерлі ісіктер –жасушаның бақыланусыз бөлінуімен, инвазивті өсіумен және моноклондылығымен сипатталатын ісіктер Злокачественные опухоли– опухоли, характеризующиеся бесконтрольным делением клеток, инвазивным ростом и моноклональностью Malignant tumors –tumors characterized by unlimited division of cells, invasive growth and monoclonality
Протоонкогендер – жасушаның бөлінуін, өсуін және жасушалардың өзара әсерін реттейтін гендер, олардың мутациясы қатерлі ісіктің дамуына әкеледі Протоонкогены – гены, регулирующие деление, рост и взаимодействие клеток, мутации которых приводят к развитию злокачественной опухоли Proto-oncogenes –specific group of genes, regulating cell division and growth, mutations of which result in development of malignant tumor
Супрессор гендері –жасушаның бөлінуін және жіктелу үрдісінен шығуына тежеуші әсер ететін гендер Гены-супрессоры оказывают тормозящее влияние на процессы клеточного деления и выхода из процесса дифференцировки Suppressor-genes – group of genes suppressing action of oncogenes and preventing process of oncogenesis
Вирустық онкогендер-бұлжоғары сатыдағы ағзалардың жасушасына вирус геномы еніп, модификацияланған гендер. Вирусные онкогены-это модифицированные гены высших организмов, когда-то попавшие в вирусные геном. Viral oncogenes– modified genes of superior organisms introduced there by viral genome.
Мутация– генетикалық материалдың тұрақты өзгерісі Мутация - стойкое изменение генетического материала Mutation – persistent changes in genetic material.
Транслокация – хромосома бөлігінің немесе геннің жаңа, өзіне тән емес орынға ( локус) сол немесе басқа хромосомаға ауысуынан хромосоманың қайта құрылу типі Транслокация – тип хромосомной перестройки (мутации), заключающийся в переносе гена или участка хромосомы в новое, необычное положение (локус) в той же или другой хромосоме Translocation – a type of chromosomal aberration when a gene or a fragment of chromosome is transferred to a new location on the same or different chromosome.
Амплификация-протоонкогендердің көшірмелерінің көбеюі, белсенділігінің жоғарлауына алып келеді.Үнемі белсенді болудың нәтежиесі трасформацияланған ісік жасушаларына алып келеді Амплификация- увеличение числа (копий) протоонкогенов, которые в норме обладают небольшой активностью. В итоге общая активность может привести к опухолевой трансформации клетки. Amplification –increasing number (copies) of proto-oncogenes which have moderate activity. As a result overall activity can lead to malignant transformation of a cell.
Теломераза – сызықты ДНҚ молекуласының жаңа тізбегін ұзартатын, қатерлі ісіктерде және басқа жасушаларда белсенді болатын арнайы фермент Теломераза – специфический фермент, удлиняющий дочерние цепи линейных молекул ДНК, активны в злокачественных опухолевых и других клетках Telomerase – specific enzyme that extends daughter chains of linear DNA molecules, active in malignant tumour cells and some other cells.
Моноклоналдылығы-қатерлі ісікбір генетикалық өзгерісі бар жасушадан пайда болады. Олар бір ізашар жасушадан пайда болған, генетикалық бірыңғай жасушалар клоны болып саналады. Моноклональность-злокачественная опухоль развивается из одной генетически измененной клетки, т.е. представляет собой клон, потомство генетически однородных клеток, возникших из одной клетки. Monoclonality –malignant tumour develops from a single genetically transformed cell, a generation of genetically identical cells produced from a single cell.
Инвазивті өсу-бұл ұлпа кедергілері арқылы ісік жасушаларының белсенді ену болып табылады. Инвазивные рост- - это активное проникновение опухолевых клеток через тканевые барьеры. Invasive growth – active penetration of tumour cells through tissue barriers.
Автономдылығы-ісіктік жасушалардың ағзаға бағынбай өсуі Автономность - это самостоятельный, независимый от организма рост опухоли. Autonomy– independent of an organism growth of a tumour.
Тіршілігін жоймауы-қалыпты жасушалар тіршілігін жояды, олардың тіршілік циклінде бағдарланған өлім- апоптоз болады. Бірнеше бөлінуден кейін олар өледі.Ісік жасушасы кез келген ағзада бөліну шегі болмайды, ағзадан тыс - олар тіршілігін жоймайды. Бессмертие -нормальные клетки смертны, их жизненный цикл включает запрограммированную смерть - апоптоз . Будучи высажены в культуру, они погибают, пройдя несколько циклов деления. Клетки опухоли не знают предела для размножения ни в организме, ни вне его - они бессмертны Immortality –normal cells are mortal, their life cycle includes programmed cell death – apoptosis. In a culture they die after several cell division cycles. Tumour cells do not stop dividing, i.e. they are immortal.
Метастаз беру-алғашқыісік ошағынан басқа ұлпаларға жасушалардың таралуы нәтежиесінде екіншілік ісік ошақтарының пайда болу үдерісі. Метастазирование- процесс образования вторичных очагов опухолевого роста (метастазов) в результате распространения клеток из первичного очага в другие ткани. Metastasis – tumour implants that have lost anatomical connection with primary tumour location.

 

Құрастырушы: оқыт. Г.Т. Танеева

18 - тәжірибелік сабақ