Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі

} А-, сандық балама 3,67 және пайыздық 90-94%.

} Жауап толық, дұрыс. Студент оқу бағдарламасының материалдары бойынша жүйелі жəне терең білім алған, бағдарламада белгіленген негізгі жəне қосымша əдебиеттерді толық меңгерген. Пəнге сай терминологияны қолдана отырып, материалдың мазмұнын сауатты түсіндіреді, алған білімін пəндер бойынша жинаған білімімен байланыстыра алады. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады, тəжірибеден қорытынды шығара алады.

} «жақсы» В+, сандық баламасы 3,33 ал, пайыздық көрсеткіші 85-89%

} Жауап жеткілікті түрде толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі əдебиетті жетік біледі, пəнге сай терминологияны дұрыс қолданады, өмір құбылыстарындағы əр түрлі байланыстардың рөлі мен мəнін сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында бір-екі аса көңіл аудармайтын қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрєыдан дəлелдеп, талдау жасай алады, тəжірибеден қорытынды шығара алады.

} В, сандық баламасы 3.0 және пайыздық көрсеткіші 80-84%

} Жауап толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі əдебиетті біледі. Пəндік терминологияның қолданылу бағытын дұрыс түсіндіреді, бірнеше қате жібереді, бірақ оқытушының сауал қоюы арқылы оларды түзетеді. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады, тəжірибеден қорытынды шығара алады.

} С, сандық баламасы 2,0 пайыздық көрсеткіші 65-69%

} Жауабы оқу бағдарламасымен қарастырылған білімін көрсете алмайды, маңызды емес жəне маңызды бірер қателіктері бар, оны студент оқытушының сол жауапқа алып келетін (қосымша) сұрақтар қоюы кезінде түзетеді. Пəндік терминологияны қолдану дағдылары бар, аса қиын механизмдерді анықтауда қиындықтарға тап болады. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.

} С-, сандық баламасы1,67 пайыздық көрсеткіш 60-64%

} Бағдарламалық оқу материалын толық айтпайды. Студент маңызды емес жəне маңызды қателіктер жіберген, оларды оқытушының көмегімен түзете алады. Пəндік терминологияны дұрыс пайдалана алады, негізгі механизмдерді анықтауда қателіктерге тап болады, формулалар жəне т.б. жазуда қателер жібереді. Өз білімін басқа ұқсас пəндермен үйлестіре алмайды, байланыс таппайды. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.

} D+, сандық баламасы 1,33 пайыздық көрсеткіш 55-59%

} Жауап толық емес, нақтылықтар аз. Маңызды жəне маңызды емес қателіктер бар. Кейбір жағдайларда студент пəндік терминологияны пайдаланады, бірақ механизмдерге жауап беруде қындықтарға тап болады, байланыстыра алмайды, пəн бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.

} D, сандық баламасы 1,0 пайыздық көрсеткіш 50-54%

} Оқытушының қосымша сұрақтар қойғанының өзінде көптеген қателіктері бар жауап. Маңызды қателіктер: терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдар, ережелердің орналасуын білмейді, түрлерге бөле алмайды. Негізгі үрдістер, механизмдердің мағынасын түсінбейді, материалды түсіндіруде пəндік терминологияны пайдалана алмайды, күрделі қателіктер жасайды. Тəжірибе өткізудің дағдыларын толық меңгермеген, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.

} «қанағаттанғысыз» F, сандық баламасы 0, пайыздық көрсеткіші 0-49%.

} Студенттің жауаптан немесе жауап беруден бас тартуы, студент оқу бағдарламасы бойынша білімінің толықтай жоқтығын көрсетеді. Бірде бір тапсырма/тəжірибе орындалмаған, немесе тапсырма/тəжірибе/зертханалық жұмыс дұрыс орындалмаған.

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

} тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі;

} әрбір студенттің өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсінуі;

} білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

} байқалған кемшіліктерді студенттің өзі түзетуі;

} оқытушының студенттерді білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

} бағаның әділ қойылуы;

} студенттің өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

} әр тақырыпты оқудың нәтижесіне оқытушының және студенттердің баға беруі;

} бақылау-бағалау процесінің әрбір студенттің оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.

Университетте кредиттік оқу жүйесі бойынша оқитын студенттер үшін

білімі мен біліктілігін бақылау және бағалау рейтингтік жүйе арқылы жүзеге асырылады. Студенттердің оқу барысындағы жетістіктерін бақылау және бағалау ұпай-рейтингтік әріптік жүйе бойынша ағымдық, аралық және қорытынды бақылауларды 100 пайызда есептеу арқылы жүзеге асырылады. Студент қажетті пайызды алу үшін не істейді?

Күнделікті сабаққа қатысу белсенділігі мен үй, аудиториялық тапсырмаларды орындағаны үшін қойылатын бағалар – К1 (ауызша жауап беру, жазбаша бақылау жұмысы, кешенді бақылау, пікір-сайыс, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тест тапсырмалары т.т.);

5.МӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балы – К2;

6.Студенттің оқытушы басшылығымен орындайтын жұмыстары үшін алатын ұпайы – К3;

7.Күнделікті бақылау тапсырмаларының орындалуын бағалау (аудиториялық, ОБСӨЖ,СӨЖ) 100 пайыздық бағалаудың орташа арифметикалық көрсеткішін анықтау арқылы жүзеге асырылады.

8.Аралық бақылау тапсырмаларын орындағаны үшін алатын ұпайы – АБ1, АБ2 100 пайыздық бағалаудың орташа арифметикалық көрсеткішін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Күнделікті және аралық бақылау ұпайларының қосындысы студенттің рейтингтік көрсеткіші болып саналады.

9.Емтиханға жіберу рейтингі – ЕЖР = К1 +К2......К n + АБ1

10.АБ2). (ЕЖР – емтиханға жіберу рейтингі, К1,К2 ... – күнделікті бақылау, АБ1,АБ2 – аралық бақылау).

11.Қорытынды бақылау емтихан ұпайы – ҚБ = ЕЖР* 0, 6 +Е *0,4 (ҚБ – қорытынды бақылау, Е- емтихан бағасы).

12.Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды емтихан.

- Бақылау әдістері: сұрақ-жауап, жазба жұмыстары, тест тапсырмалары.

Баға қою саясаты

Бағалау объективті түрде төмендегі шкала бойынша қойылады.

Әрбір атқарған жұмысының пайызы электронды журналға қойылып, хабарланып отырады. Бұл бағалау жүйесі айқындылығымен ерекшеленеді. Пайыз әр түрлі бақылау түрлерін ескере отырып бағалауға ыңғайлы.

Жоғары дифференциациялығы (көп ұпайлық бағалау шкаласының көмегімен жоғары дифференциациялау).

Студенттерге оқу әрекетінің әрбір түрінің бағалану ережесін және ағымдық, аралық, қорытынды пайыздың критерийі уақытында хабарланып, айына бір рет электронды журналға пайыздың орташа арифметикалық көрсеткіші қойылып отырады (сабақ соңында, бақылау жұмысының алдында, семестрдің аяғына дейін 3-4 рет ).

Бағаны қою саясаты 100 пайыздық жүйеге негізделеді және пайыздар төмендегідей бөлінеді:

Дәстүрлі бағалау шкаласына сәйкестендірілген студенттердің оқу бағдарламасын орындау барысында қол жеткізген жетістіктерін бағалаудың ұпай-рейтингтік әріптік жүйесі

 

Әріптік жүйе бойынша бағалау Сандық эквивалент Ұпайдың пайыздық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
A 4,00 95-100 Өтежақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,00 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,00 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,00 50-54
F 0,00 0-49 Қанағаттанарлықсыз

10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика

Студент берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, практикалық және ОБСӨЖ сабақтарында белсенділік көрсетуі шарт. Бекітілген тәртіп бойынша студент үш сағаттан артық сабақ жіберуге болмайды. Егер үш сабақтан (еш себепсіз) қалса, онда оқытушы оның аталған оқу курсынан шығарылғаны туралы деканатқа мәлімдеуі керек.

Студенттің құқықтары: өзіне қиындық келтірген түсініксіз теориялық мәселелерді аудиторияда оқытушыдан сұрау. Үлгере алмай қалған практикалық, СӨЖ тапсырмаларын сол аптадан кешіктірмей аудиториядан тыс уақыттта тапсыру.

Студенттің өзіндік жұмысы: СӨЖ тапсырмалары 1-3 апатада және 8-9 аптада беріледі. СӨЖ тапсырмаларын қабылдау 7 және 14 апталардың бірінші жартысында кешіктірілмеуі керек. Бекітілген уақыттан кешіктірілген жұмыс қабылданбайды.

Сабаққа қатысуы:

Студенттер аудиториялық сабаққа кешікпеулері керек. Екі кешіккен сабақ бір босатқан сабақ болып есептелінеді және оны сабақтан тыс уақытта өздігінен дайындалып өтеуі қажет. Әр сабақта өткен тақырыпты қайталау және оқу материалын игеру жұмыстары міндетті түрде орындалуы тиіс. Оқу материалын меңгеру дәрежесі түрлі тапсырмалар арқылы тексеріледі. Тест ашық, жабық сәйкестендіру т.б. түрлерімен алынады және ескертусіз өткізіледі.

Сабақта өзін-өзі дұрыс ұстау ережесі:

Студент сабақта университет ережесін сақтап, өзін -өзі сабырлы ұстап, берілген тапсырмаларды уақытында орындап отыруы тиіс. Жұмыстарды міндетті түрде көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі-сессияның басталуына үш күн қалғанда. Тапсырмаларды толық тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Мадақтау және жазалау: Әрбір сабақта ерекше көзге түскен студентті атап мадақтап, теріс жағынан көзге түскен студентке ақыл-кеңес беріліп, тәрбие жұмысы жүргізілуі қажет. Аса жоғары деңгейде орындалған жұмыс түрлерін мадақтау керек.