Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері.

Дәріс.

Кіріспе. Курстың негізгі мәселелрі. Тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық ұйымдастырушылық және теориялық негіздері.

Адам өзінің кез келген әрекетінің қауіпті екенін сезеді. Бірақта соңғы он жылдықтарда ғылыми-техникалық прогресстің келеңсіз салдарын, кері әсерлерін (табиғи процестердің тепе-теңдігінің бұзылуы, көптеген адам шығындарымен болып жатқан техногенді аппатар мен күйреулер, аурулардың жаңа түрлерінің пайда болуы және қалыптасқан түрлерінің асқынуы және т.б.) қауіптілік түсінігін едәуір арттырады. Соның салдарынан адамның әрекетінде «тіршілік қауіпсіздігі»аталатын ғылым саласымен оның қолданыс аясы туындады. Пәннің оқытудың міндеті адамның өзін қоршаған ортамен әрекеттесуінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және іс жүзіндегі негіздері және халықты әр түрлі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидасы, бастапқы постулаты потенциалды қауіптерді болдырмау және алдын алу болып табылады. Осыған байланысты пәннің негізгі міндеттері айқындалады:

§ Адамның тіршілігі және іс-әрекеті жағдайының сапасын өмір сүру ортасының тиімді (комфортты) жағдайындай болуын қамтамасыз ету және тұрақты ұстау;

§ Өмір сүру ортасына әсер ететін зиянды және қауіпті факторларды анықтау және соны бағалау (идентификациялау);

§ Адамды және оның өмір сүру ортасын зиянды және қауіпті факторлардың нормативтік жіберілетін шектерден асатын әсерлерден қорғау;

§ Қауіпті және зиянды факторлар әсерлердің кері салдарын жою.

Бұл міндеттерді атқару мамандардан тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін білуді, зиянды және қауіпті факторлардың әсерлері жөнінде теориялық білімді талап етеді.

«Тіршілік қауіпсіздігі» пәні – қауіпті жағдайлар мен одан сақтану жолдарын оқып үйренуге арналған ғылым саласы.

Қауіп – тіршілік қауіпсіздігі туралы ғылымның басты ұғымы. Осыған байланысты бірқатар тіршілік қауіпсіздігі теорияларының негізгі аксиомалары қалыптастырылады.

Бірінші аксиома: «Материалдық әлем потенциалды қауіпті». Бұл аксиома материалдық әлемнің барлық компонеттері, біріншіден, технологиялық қондырғылар мен технологиялық дұрыс шешімдер мен нәтижелерден басқа қауіптерді тудыру қабілетіне ие болып табылатындығын айқындайды. Онымен қоса, адамның дұрыс әрекеті немесе оның әрекетінің нәтижесі жаңа қауіптердің туындауына әкеледі. Тек техника мен технология ғана емес , сонымен қатар адамдардың дұрыс емес әрекеттері де қауіпті болады.

Екінші аксиома: «Егер заттар мен энергия ағымы немесе қауіп көздерінен ақпараттар олардың жол берілген шектерінің мәндерінен асса, онда қауіптер бар.

Нұсқандардың жоқ болауы шартымен белгіленген ағымдардың шекті жол берілген мәндері қауіпсіз жағдайда орналасқан қорғау объектісінің ең жоғарғысы болып табылады. Шекті жол берілген ағымдарды мөлшерден асыру қорғалынып жатқан нысанды жаңа сападағы, қауіпті жағдайға ұшыратады.

Үшінші аксиома:«Егер қауіп көздері мен қорғау объектілері болу координаттары бойынша кеңістікте және уақытта дәл келсе, онда қауіп жүзеге асады».

«Қауіп» түсінігінің анықтамасында қауіпті ағымдардың шығу көздерінен қорғалатын объектіге берілуінің координаттары мен уақытының сәйкес келуінің қажеттілігін көрсету формалды түрде жоқ. Бірақ бұл талап етілмейді де, себебі, адамды, адамдардың қоғамын қоршаған бүкіл материалдық әлем қауіпті. Басқаша айтқанда, адамға және басқа да материалдық объектілерге қатысты туындау мүмкіндігі әрқашан және барлық жерде бар.

Төртінші аксиома:«Қауіп көздері олардың әсер ететін аймағындағы барлық қорғау объектілеріне зиянды әсер етеді».

Сонымен, қауіптер тек қорғау объектілеріне ғана тән талдау қабілетіне ие емес. Мысалы, егер шығу көзінің ағымдары адамға да, биосфера компонентіне де қауіпті болса, онда оларға нұсқан бір мезгілде болады. Егер адамның жол берілген әсер деңгейі жоғары, яғни ШЖКадам > ШЖКбиосфера болса, онда әсер ету тек биосфера компоненттеріне және т.б.үшін қауіпті болады.

Бесінші аксиома:«Қауіптердің әсері қорғау объектісінің зиянымен қоса жүреді».

Жарақаттау қауіпі бар факторлардың әсері кенеттен адамдардың жарақаттануы мен өліміне, өзімен бірге көптеген материалдық шығындар әкелетін қоршаған орта мен техносфераның ошақтық қираулармен қатар жүреді.

Зиянды факторлардың әсерлері, әдетте ұзаққа созылады. Ол адамдардың денсаулығына зиянды әсер етеді, кәсіби және өңірлік ауруларға алып келеді. Зиянды факторлар табиғи ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның дегродациясына алып келеді, биосфера компонентінің құрамын өзгертеді.

Зиянды заттардың концентрацияларының жоғары болуы немесе энергия ағымының жоғары болуы зиянды факторларды әсер ету сипатына қарай жарақаттану қауіпі бар әсер етулерге жақындатуы мүмкін. Мысалы, ауа, су, азықтағы уытты заттардың жоғары концентрациялары улануға әкеледі.

Алтыншы аксиома:«Қауіп-қатерлерден объектіні қорғау олардың шығу көздерінен шығатын ағымдарды шығу көзімен объектінің өзара әсерлесу уақытын азайту, ара қашықтықтарын ұлғайту және қорғаныс шараларын қолдану арқылы техникамен қол жеткізуге болады».

Бұл аксиоманың негізінде техносферадағы адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігін (ӨТҚ) қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыстары мен тәжірибелік шешімдерінің негізгі кезеңдерін тұжырымдауға болады.

Адамдардың ӨТҚ саласындағы қажетті білімі мен ілімі болмаған жағдайда қауіп-қатерлермен кез келген іс-әрекеттер сферасында дұрыс жұмыс жасауы және қорғаныс құралдарын сәтті пайдалануы мүмкін емес болады. ӨТҚ мәселелері бойынша халық пен қызметкерлерді алты мамандандырылған дайындықтан өткізуге қол жеткізу – қазіргі қоғамның ғылыми-тәжірибелік мәселелерінің маңыздысының бірі болып табылады.

Жетінші аксиома:«Адамдардың қауіп-қатер әлеміндегі және олардан қорғану тәсілдерінен компоненттігі – адамдардың тіршілік қауіпсіздігіне қол жеткізудегі қажетті шарты».

ТҚ теорияларының аксиоматикасына сүйене отырып, ӨТҚ талаптарына жауап беретін, тіршілік аймағын құрудағы ғылыми-тәжірибелік әрекеттердің негізгі кезеңдерін айқындауға болады.

Адамның туғаннан өмір сүруге бостандыққа және бақытты болуға құқығы болады. Өзінің өмір сүруге демалысқа, денсаулығын сақтауға, қолайлы қоршаған ортаға, қауіпсіздік және еңбек гигиенасының талаптарына сай жағдайда еңбек етуге құқы тіршілік әрекеті кезінде іске асырады. Адамның бұл құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген.

Өмір тіршілігі – адамның күнделікті іс-әрекеті, демалысы, күн көру тәсілі.

«Адам – өмір сүру ортасы» жүйесіндегі әрекеттесу негіздері.Адамның өмір сүру ортасымен және құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуі жүйенің бөліктерінің өзара зат массаларының, оның қосылыстарының, энергияның барлық түрлерінің және ақпараттар ағымының берісуіне негізделген. Ю.Н.Куражковский тіршіліктің сақталу заңына сай: «Тіршілік тірі денелер арқылы заттар энергиялар және ақпараттар ағымы қозғалысы нәтижесінде ғана болуы мүмкін».

Адам үшін бұл ағымдар өзінің тамаққа, суға, ауаға, күн энергиясына, қоршаған орта жөнінде мәліметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Адамның өзі де тіршілік кеңістігінде механикалық, интеллектуалдық энергия, биологиялық процесстер қалдықтары түрінде қалдық ағымдары жылу энергиясы ағымы және т.б.ағымдары бөліп отырады. Заттар мен энергия ағымдарымен араласуы адамның қатысуынсыз жүретін процесстер үшін де тән. Табиғи орта біздің планетамызға күн энергиясының ағымының енуін қамтамасыз етеді, сосын нәтижесінде өсімдік және жануарлар әлемінің массалар ағымының биосфераға абиотикалық заттар ағымының (ауа,су және т.б) әртүрлі энергиялар ағымының, сонымен қатар табиғи тылсым құбылыстардың табиғи ортаға бөлінуіне ықпал етеді.

Техносфера үшін шикізаттың барлық түрлерінің, энергия, өнімдердің көптүрлі ағымдары тән: қалдықтар ағымы (атмосфера бөлінулер, су қоймаларына тасталынулар, сұйық және қатты қалдықтар, әртүрлі энергетикалық әсерлер). Қалдықтар оларды жою мүмкіндігінің болмағандығы және өндірістің қосалқы әсеріне сәйкес туындайды. Кез келген шаруашының атқарған жұмыстарда қалдықтар мен қосалқы эффектілер туындайды, оларды жоюға мүмкіндік жоқ , тек физико-химиялық бір түрінен басқа түріне ауыстыруға болады немесе кеңістікке ауыстырылады. Техносфера өрт-жарылыс, құрылыс конструкцияларының қирауы, көліктегі апаттар т.б.кезінде күтпеген жерде едәуір мөлшерде массалар мен энергия бөлуге қабілетті.

Әлеуметтік орта адамға жеке тұлға ретінде қажетті ағым түрлерінің барлығын қолданады және бөліп отырады, сонымен қатар білім беруде, қоғамды басқаруда басқа қоғамдық формациялармен қатынастарында ақпарат ағымдарын туындатады. Әлеуметтік орта табиғи және техногенді әлемді алмастыруға бағытталған, қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды қалыптастыруға темекі шегу, алкаголь, есірткі қолдану т.б.с.с ағымдардың барлық түрлерін дайындайды.

«Адам – өмір сүру ортасы» жүйесінің әртүрлі компоненттері үшін массалар, энергия және ақпараттар ағымы келесілер:

Табиғи ортаның ағымдары

¨ Күннің, жұлдыздар мен планеталар бөлінулері

¨ Космостық сәулелер, астероидтар, шаң-тозаңдар

¨ Жердің электрлік және магниттік өрісі

¨ Биосферада, эко жүйелерде, биогеоценоздарда зат алмасуы

¨ Атмосфералық, гидолсфералық, литосфералық, сонымен қатар табиғи тылсым құбылыстар

¨ Басқалар

Техносфераның негізгі ағымдары:

¨ Шикізат және энергия ағымдары

¨ Экономика салаларының өнімдер ағымы

¨ Экономика қалдықтары

¨ Ақпараттық ағымдар

¨ Көліктік ағымдар

¨ Жарық ағымдары (жасанды жарық)

¨ Техногенді апаттар ағымы

¨ Басқалар

Әлеуметтік ортаның негізгі ағымдары:

¨ Ақпараттық ағымдар (білім беру, мемлекеттік басқару, халықаралық қатынас және т.б)

¨ Адамдар ағымы (демографиялық арту, халықтың урбанизациясы)

¨ Есірткілік заттар, алкоголь және т.б.ағымы

¨ басқалар

Өмір тіршілігінде адамның қолданатын және бөліп шығаратын негізгі ағымдары:

¨ оттегі, су, тамақ және басқа заттар (алкоголь,табак,есірткі т.б.)

¨ энергиялар ағымы (мехиникалық,жылулық,күн)

¨ ақпараттық ағымдар

¨ өмір тіршілік процесінің қалдықтар ағымы

¨ басқалар

Дәріс.

Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері.

Тіршіліктің қандайда бір түрі болмасын ол қауіпті болып есептелінеді. Қауіпті жағдайлардың жасырынды болу себебінен, оның уақыт пен кеңістік ішінде қай жерде болуы мүмкін екендігінің белгісіздігінен оның болу ықтималдылығы әр уақытта сақталады. Қауіптіліктің болу ықтималдылығының нақты жағдайға өткізетін жағдай себеп деп аталады. Себептер белгілі де,белгісіз де болуы мүмкін, бірақ олар іс жүзінде барлық уақытта бар болып тұрады.

Себеп – төтенше жағдайды іске қосатын механизм. Сонымен қауіптіліктің болу ықтималдылығы себептің салдарынан нақты жағдайға көшіп, төтенше жағдай деп аталатын оқиғаны туғызады, ал ол жағдай қоғам үшін әр түрлі қолайсыздықтар әкеледі (адамдардың өлімі мен ауыруы, көптеген материалдық нұсқан болуы және т.с.с).

Төтенше жағдай дегеніміз – сырттай қарағанда күтілмеген, тосыннан болған және оның әсерінен жүйелі түрде қалыптасқан процестер немесе құылыстардың кенет бұзылуына әкеліп соқтыратын және сонымен қабат тұрғындардың тіршілігіне, экономикасына, әлеуметтік орта мен табиғатқа бірталай кері әсерін тигізетін жағдай.

Себептерді білу, оларды ұқсастығына қарай жүйелеу (топтастыру) ТЖ-ны болдырмау шараларына жатады. Қауіпті жағдай кезінде адамдар саналы түрде тіршілікті қауіпсіздендіретін бұрыннан белгіленген шараларды іске асырады.

Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері.Әрбір ТЖ-ның өзіндік физикалық мәні, тек өзіне байланысты туу себептері, қорғаушы күштері, өрістеу сипаты, адамға және ол өмір сүретін ортаға әсер ету ерекшеліктері болады. ТЖ осы себептеріне байланысты түр-түрге бөлінеді.

Шығу себептеріне байланыстыТЖ мынадай түрлерге бөлінеді: табиғат зілзалалары, техногендік апаттар, антропогендік және экологиялқ апаттар (бұлардың бәрі бейбіт кездегі ТЖ) және әлеуметтік – саяси соқтығыстар.

Табиғат зілзалалары дегеніміз бұл төтеншелік ерекшеліктері бар, халықтың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.

Техногендік апаттар деп өндірістік процестердің күрделі бұзылуына, жарылыстарға, өрт ошақтарының шығуына, үлкен аймақтардың радиоактивтік, химиялық немесе биологиялық залалдануына, көп адам өмірінің зақымдануына (өлімге ұшырауына) апаратын машиналардың, механизмдердің және агрегаттардың жұмыс істеуі кезінде кенет істен шығып қалуын айтады.

Антропогендік және экологиялық апаттар деп адамдардың шаруашылық тіршілігінен туындаған антропогендік фактордардың әсерінен биосфера сапасының өзгеріп, адамдарға,жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, қоршаған ортағатұтастай кері әсерін тигізуін айтады.

Әлеуметтік-саяси соқтығыстар деп- бұл мемлекеттер арасындағы қайшылықты ең ауыр жолмен (осы заманғы қаруларды қолдана отырып) шешудің түрін айтады.

Таралу жылдамдығына байланысты ТЖ мынадай түрге бөлінеді: кенет болатын ТЖ (жер сілкінісі, жарылыс), екпінді ТЖ (өрт, улы заттардың асып төгілуі), бір қалыпты ТЖ (су тасқыны, вулканның атқылауы), созылыңқы ТЖ (қуаңшылық, эпидемия, топырақтың бүлінуі, көл мен теңіздің суалуы).

Таралу аумагына байланысты ТЖ мынадай түрлерге бөлінеді: шектелген, жергілікті, өңірлік, өңіраралық (ұлттық), жаһандық.

Шектелген ТЖ-ның салдары ШЖО (зауыт, фабрика) көлемінде шектеліп, сол мекеменің өз күшімен жойылады.

Жергілікті ТЖ-ның жайылу мөлшері бір елді-мекен, бір немесе бірнеше әкімшілік аудан немесе облыс көлемінде орын алады, оның салдарын жою облыс қаржысы мен күшінің есебінен жүзеге асырылады.

Өңірлік ТЖ-ның салдары бірнеше облыс немесе экономикалық ауданмен шектеліп, республика күші мен қоры есебінен жойылады

Өңіраралық (ұлттық) ТЖ-ның салдары бірнеше экономикалық аудандардың көлемін қамтиды, бірақ мемлекет шегінен аспайды. Бұндай ТЖ салдарларын жою мемлекеттің өз күші мен қорының, көбінесе басқа мемлекеттердің көмегін қабылдай отырып іске асырылады

Жаһандық ТЖ-ның салдары бір мемлекеттің шегінен шығып, басқа да мемлекеттерге тарайды. Бұл зардаптар әр мемлекеттің өз күші мен қорының және халықаралық бірлестіктерді де күші мен қоры есебінен жойылады.

Бұл жоғарыдағы айтылған ТЖ-ның түрлері тек шартты түрде екендігін есте ұстауқажет, өйткені олар кейбір жағдайда араласып жатады. Мысалы: топырақтың көшуі, шөлге айналуы, орман өрті мен шымтезектің жануы, т.с.с. тек табиғат құбылыстарымен қатар адамтіршілігінің әсерінен болатын жағдайлар.

Зардап ошағы. ТЖ-ның қауіпті және зиянды фактілері орын алған аумақ сол өзіндегі ел тұрғындарымен, жануарлары мен, үй және құрылыстарымен, инженерлік тізбектері және коммуникацияларымен бәрін қоса зардап (залал) ошағы деп аталады.

Зардап ошағы жай және күрделі болып бөлінеді.

Жай зардап ошагы деn- ТЖ-ның тек бір ғана түріне байланысты пайда болған зардап ошағын айтады. Мысалы: қопарылысқа немесе өртке байланысты болған ошақтар.т.б

Күрделі зардап ошагы деn- ТЖ-ның бірнеше түріне байланысты пайда болған зардап ошағын айтады. (Мысалы: химия зауытында болған жарылыстар бұдан басқа өрт шығарады, айналасындағы ортаға улы заттарды бөледі,т.с.с.)

ТЖ-дан ойдағыдай қорғану олардың шығу себептері мен шығу жағдайларын білуге байланысты.