Ндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі

Өндірістік оқыту процесінде көбінесе, қолмен және машинамен басқарылатын кәсіп салаларында шебер оқушыларға қайталау, «көшірме жасау» тәсіл арқылы іс – қимыл әрекетін көрсету жолымен үйретеді. Шебердің қимылының дәлдігі, шапшаңдығы және жұмысты сапалы атқаруда оқушыларға үлгі болады, олар да соны «дәл солай» етіп істегісі келеді. Әрине, бұл жерде өндірістік оқыту шеберінің кәсіби біліктілік деңгейі жөнінде айтып отырмыз, практикада бұл жай кейде басқа да болады. Кейде бұл іс-әрекеттерді көпшілікпен бірге мән бермей, қателіктер мен кемшіліктерге жол беруі мүмкін, қайталана берсе кейін ол дағдыға айналып, жұмысты сапасыз атқару әдеті пайда болады, бұл жас жұмыскерлердің қабілетіне, біліктілігінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, ұжымдық үйрету кезінде шебер қимылы дәл әрі нақты, үлгі түрінде жасалынып, дұрыс қабылдануы тиіс. Алғашқы үлгі олардың санасында дағдының іргетасы ретінде қаланып, көпке дейін есінде қалып қояды. Бұл тек өолмен атқаратын жұмыстарға ғана емес, ол құрал- жабдықтармен, машиналар мен аппараттар арқылы істелінетін жұмыстарға да тиесілі.

Мына төменде еңбек процесін көрсетудің жалпы сұлбасын беріп отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 
   

Бұл жағдайда тыңдаушылардың назарын мына нәрселерге аудару керек:

 

1.Еңбек тәсілдерін бастау және аяқтау процестерін біртұтас етіп көрсету қажет. Алдымен бөліктерді жайлап, сосын ара – жігін қосып іс -әрекетті тұтастай қимылға көшу арқылы ұғындырған абзал.

 

2.Педагогикалық қимылына тәсілмен жауап беру, оның қимыл элементтері бөлшектеп әрі тұтастай ұғынып алу, білік дағдыларын қалыптастыру үшін маңызды мақсат болып табылады.

 

3.Әсіресе, оқушылар көп қателік жіберетін іс - әрекет түріне басты назар аудару керек.

 

4.Жасаланатын бұйым не іс - әрекет, қимыл түрлері саналы болу үшін жақсы көрініске ие болғаны жөн: көрсетілітін жер дұрыс таңдалып алынғаны абзал, жарыс болуы керек, шебер мен оқушылардың ара қашықтығы анық көрінетіндей жағдайда болғаны дұрыс.

5.Әрбір қимыл элементтерін көрсететін үлкен плакаттар, көрнекі құралдар я мультимедиялық жүйелер арнайы экранда көрсетілсе оның тиімділігі анағұрлым артық еді.

6.Өндірістік оқыту шебері алдындағы жұмыс орнында атқарылатын іс - әрекет операцияларының әрбір қимылына нұсқау картасы болуы қажет, әрбір тәсілге арналған ұсыныс беріледі де қимыл - әрекет көрсетіледі. Сөз бен қимыл - әрекетті есту әрі көру арқылы оқушыларда қабылдау, игерту әрекетін жеңілдетеді.

7.Бұл әдісте шебердің қимыл- әрекеті мен онв сипаттап тұрған сөйлеу процесі өзара үндесіп, біртұтас көрінуі үлкен маңызға ие. Әрине, мұнда көпсөзділікке, артық қимылға әдеттенудің қажеті жоқ. Іс – қимыл нақты, оны сөзбен сипаттау бір мезгілде кезек – кезегімен іске асуы қажет.

8.Сөз бен істің бірлігі оқушылардың тәсіл мәнін сапалы игеруіне, дұрыс қабылдауына жағдай туғызады. Кейін олардың өзіне де шебердің осы істегенін сөзбен қайталау арқылы көрсетіуі қажет. Бұл олардың өзін - өзі бақылауын, қимылдың дұрыс бағытта жүргізілуіне септігін тигізеді.

Бірақ оқытушы сөзі – оларға үлгі. Сондықтан, өндірістік оқыту шеберлерінің әдістемелік қабілетін арттыруға, педагогикалық біліктілігін көтеруге айрықша мән берілуі тиіс. Оны білім жетілдіру институттары, өндірістік оқыту шеберлерінің арнайы семинарларында, педагогикалық үйірмелерде, практикумдарда ұдайы жетілдіріліп, оқушылар арасында түрлі мамандықтар бойышша байқаулар, жарыстар өткізу арқылы шеберлігін арттыруға болады.

Енді, өндірістік оқыту сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдар түрлері, оларды тиімді пайдалану әдістеріне сипаттама берейік:

1) Көрнекі құралды көрсету қимыл – тәсілдермен үйлестіріліп, техникалық – технологиялық, талаптар онда сақталуы қажет.

2) Жұмыс үлгілері, бұйымдар, құралдар, жабдықтар, аспаптар, бөлшектерді арнайы стендке орнатқан жөн, ол салыстыру, талдау, түсіндіруде тиімді, егер ұсақ үлгілері болса, әр оқушыға үлестіріп берген дұрыс.

3) Технологиялық процестерді түсіндіргенде өңдеу, жинау және бөлшектеу жұмысында дайын өңделген, құрастырылған өнімдер үлгісін пайдалану керек. Мұнда технологиялық бірізділік қатаң түрде сақталуы тиіс.

4) Көрнекі құрал ретінде көлемді қораптар, қозғалтқыштар (двигательдер), агрегаттар, аспаптар мен құрылғыларды пайдаланған кезде, олардың сыртқы қорғаныштары, қақпақтары ашылып, айшықты, түгел көрінуі тиіс.

Көрнекі құралдардың келесі түрі – экрандық (аудио, бейне) материалдарды пайдалану тәсілдері. Өкінішке орай, алдыңғы айтқан көрнекі құрал түріне қарағанда мұны пайдалану сирек. Өйткені, оқу фильмдері, диафильмдер, слайдтар т.б. экрандық көрнекі құралдар орталықтандырылып шығарылып, пәнді теориялық оқытуда көбірек қолданылады. Өндірістік оқытуда негізінен ертеректе шығарылған фильмдер мен диафильмдер қолданылады (олар көбінесе слесарлық жұмыстарды атқаруға, олардың операцияларының орындалу бірізділігін көрсететін фильмдер). Бұл салада кейінгі кезде кең өріс алған бейнефильмдер мен ақпараттық технология қызметін пайдалану мүмкіндіктері мол.