Электр тартымдарды пайдалануға қабылдау.

Дәріс тақырыбы: Электр тартымдарын монтаждау туралы жалпы мағлұматтар

Дәрістің мақсаты: Кіріспе. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.
Жалпы нормативтік құжаттары: ЭККЕ (ПУЭ), ҚНнЕ (СНИП) және т.б. Электржабдықтардың жіктелуі. Үй-жайларды қоршаған орта жағдайындағы, қауіптілік дәрежесінің адамдар мен жануарлардың тогымен зақымдануына орай жіктелуі

Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.

Ауыл шаруашылығын электрлендіру деңгейінің жоғарылауына орай эдектр қондырғыларын монтаждау жұмыстарының көлемі көбеюде.
Монтаж дегеніміз - сызбалардан, жобалардан, белгілі жоспар арқылы дайын бөлшектерден басқа қондырғыларды және машиналардың құрылыстарының құрастыру мен орнатуы.
Электр қондырғылардың маңызды элементі электр станция болады.
Электр қондырғыларға электр энергияны белгі бір жерге беретін ауа және кабельді желілер, және электр энергия электр қондырғыларда тарап және түрлендіріп, трансформаторлардаң немесе тарату қондырғылар дан түратын трансформаторлық подстанциялар жатады.
Электр қондырғыларғдың негізгі элементері кіріспе қондырғылар, ішкі және сыртқы электр сымдар, электр энергияны түтунышылар (күштік, кыздырғыш, жарықтандырғыш және басқа тоқ қабылдағыштар) жатады.
Осы атап шықан қондырғыларда жерлендіру қондырғылар, автоматика және қорғау, есептеу және өлшеу қондырғылар болады және олардың электр қондырғылардың элементтеріне жатады.
Электр қондырғылар дегеніміз электр энергия тұтынылатың, түрлендіретің, шығаратың, тарататың және қабылдайтың құрылғылар аталады.
Кернеулік бойынша электр қондырғылар 1000 В-қа дейін және 1000 В-тан жоғарыға бөлінеді.
Норматтивті құжаттарға сәйкес келіп жобалар бойынша электр қондырғылар жасалынады.
Нормативттік құжаттар болып: “Электр қондырғылардың құрылғысының ережелері” “Правила устройства электроустановок” “ПУЭ” және ҚНжЕ“ Құрылыс нормалар және ережелер ” “Строительные нормы и правила” “СНиП.
Орналасу бойынша электр қондырғылар ашық немесе сыртқы және жабық немесе ішкі болып бөлінеді.

Й-жайларды қоршаған орта жағдайындағы, қауіптілік дәрежесінің адамдар мен жануарлардың электр тогымен зақымдану және тұтану мен қопарылыс қаупі дәрежесіне орай жіктелуі.

Электр қондырғылары мен электр жабдықтарын жіктеуді топтастыру
Ауыл шаруашылығындағы үй-жайлар қоршаған орта жағдайы бойынша - әдеттегі, ыстық, құрғақ ылғалды, дымқыл, ерекше дымқыл, шаң-тозанды, химиялық активті, өрт қауіпі және қопарылыс қаупі бар болып бөлінеді.
Әдеттегі үй-жайларда ортаның температурасы ұзақ уакыт +30?С-тан аспайды. Ортада жабдықтардың жұмысына зиян келтіретін технологиялық шаңдар, газдар және булар болмайды.
Ыстық үй-жайларда ортаның температурасы ұзақ уақыт 35?С-тан жоғары болады және жабдықтардың жұмысына зиян келтіретін технологиялық шаңдар, газдар және булар болмайды.
Құрғақ үй-жайларға (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60% -тен аспайды) кеңселер клубтар, жатақханалар, қызметкерлерге арналған бөлмелер, жылу берілген коймалар, жөндеу шеберханаларындағы қосалқы бөлмелер жатады.
Ылғалды үй-жайларға (салыстырмалы ылғалдық 60% –тен жоғары, бірақ 75% –тен аспайды) асханалардың залдары, баспалдық алаңдары, тұрғын үйлердің асханалары жатады.
Дымқыл үй-жайларға (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы ұзақ уақыт 75% -тен артып тұрады) көкөніс қоймалар, сиыр саулатын, сүт сақтайтын бөлмелер, фермалар жатады.
Ерекше дымқыл үй-жайларға ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% -ке жақын үй-жайлардың төбесі, қабырғасы жуу-шаю бөлмелер, сарайлар және т.с.с жатады.
Шан тозанды үйлерге құрғақ құнарлы жемдерді уатуға арналған үй-жайлар, қоспа жем зауытары, цемент және сусымалы жанбайтын материалдар қоймалары жатады.
Химиялық активті үй-жайларға минералдық тынайтқыштар қоймалар және микроклиматтық қондырғылармен жабдықталмаған фермалар жатады.
Өрт қаупі бар үй-жайлар П - І, П – ІІ, П - ІІ а кластарына бөлінеді.
П – І класына минералдық майлар қоймалары жатады. П – ІІ класына ағаш өндеу цехтары және астық қоймалары. П - ІІ а класына жанғыш материалдарды заттарды сақтайтын қоймалар мен шатырына шөп және сабан сақталатын мал қоралар жатады.
Қопарылыс қаупі бар үй-жайларға мұнай өнімдері сақталатын қоймалар мен аккумуляторлық цехтар жатады.
Үй-жайлардың құрылмалары қолданылған құрылыс материалдарының тұтану қаупіне орай мына топтарға бөлінеді:
1. Жанбайтын құрылмалар.
2. Әрең жанатын құрылмалар. Олар от жалынының не жоғары температураның әсерінен әрең тұтанып жанады, бықсиды және күйіп көмірленеді.
3. Жанғыш құрылмалар. Олар жоғары температураның әсерінен тұтанып жанады және от көзі сенген кезде де бықсып не жалындап жана береді.
Үй-жайлар адамдар мен жануарлардың электр тогымен зақымдану қаупі дәрежесіне орай үш топқа бөлінеді:
1. Қауіптілігі жоғары үй-жайлар. Олар қауіптілік туғызатын мынадай жағдайлардың бірінің болатындығымен сипатталады:
а) дымқылдық және ток өткізгіш шаң-тозаңдардың болуы;
б) ток өткізетін едендердің барлығы;
в) жоғары температураның тұрақты болуы;
г) адам денесі бір сәтте бәр жағынан ғимараттың жермен жалғасып жатқан металл құрылмаларымен, технологиялық жабдықтармен және механизмдермен, ал екінші жағынан электр жабдықтарының металл тұрқымен түйісетін мүмкіндіктердің болуы.
2. Ерекше қауіпті үй-жайлар. Олар мынадай жағдайлардың бірінің болуымен сипатталады:
а) ерекше дымқыл ортаның болуы;
б) химиялық активті ортаның болуы;
в) қауіп туғызатын екі не одан да көп жағдайлардың бір мезгілде болуы.
3. Жоғары қауіптілік жоқ үй-жайлар. Олар қауіптілігі жоғары және ерекше қауіпті жағдайлар туғызатын мүмкіндіктердің жоқтығымен сипатталады.
Жанатын қабықшасы бар қорғанышты және қорғанышсыз сымдарды жанғыш құрылыстық қыралмалармен жүргізген кезде құралмаларға дейінгі ара қашықтық 10 мм-ден кем болмауы керек, не оларды сымдардың екі жағынан шығып тұратын отқа төзімді материалмен бөлу керек.
Сымдар мен кабельдерді отқа жанғыш құралмалармен жабық жүргізгенде, не олар осындай құралмалармен қилысқанда, жанғыш қыралмалар қалыңдығы 10 мм-ден кем болмайтын сылақшамен не бетонмен қорғалуы керек.
Сыртқы қондырғаларды және химиялық активті орталы үй-жайларда электр тартымдарының барлық бөлшектері ортаның әсерінен қорғалуы тиіс.
Шаң тозаңды үй-жайларда шаң-тозаңның жинақталуын болдырмайтын электр тартымдарды пайдалануға кеңес беріледі.
Отқа жанатын материалдар не осындай материалдардан орауыштары бар заттар сақталатын қоймаларда, осы қоймаға қытысы жоқ электр тартымдарын жүргізуге рұқсат етілмейді. Қыздырылатын беттерде ашық та, жабық та электр тартымдарын жүргізуге болмайды.
Шатырдағы үй-жайларда түтік ішімен мыс тарамды сымдармен және кабельдермен не қорғанышты сымдармен және жанбайтын қабырғалы кабельмен, сондай-ақ 2.5 м-ден кем емес биіктікте изоляторларға бекітілген сымдармен электр тартым жүргізуге болады. Алюминий тарамды сымдармен және кабельдермен электр тартымдарын отқа төзімді арқалықтары бар шатырлардың жанбайтын қабырғаларында және арқалықтарында жабық түрде не ашық түрде болат түтіктердің ішімен, ал ауыл шаруашылық өндірістік ғимараттарының жанатын арқалықтарында винт оймамен жалғанған болат түтіктердің ішімен ашық жүргізуге рұқсат етіледі. Шатырлардағы ток қабылдағыштар мен жарық көздерін басқаратын коммутациялық аппараттар шатырдан тыс жерге орнатылады.
Науадағы және арқан сымдарға не изоляциялық тіреуіштерге бекітілген электр тартымдарын жоғары қауіптілігі жоқ үй-жайларда еденнен 2 м-ден, ал қауіптілігі жоғары және ерекше қауіпті үй-жайларда 2,5 м-ден кем болмайтын биіктікте жүргізеді.
Өндірістік үй-жайларда ажаратқыштар мен розетколарға жалғанатын қорғанышсыз сымдардың төмен түсетін жерлері 1,5 м биіктікке дейін қосымша қорғалуы керек. Тұрмыс-қажеттік, тұрғын және қоғамдық үй-жайларда тартылған қорғанышсыз сымдардың төмен түсірілген жерлерін қосымша қорғамауға да рұқсат етіледі.
Қорғанышты сымдармен және кабельдермен құрылыстық қыралмаларға бекітіп ашық түрде,сондай-ақ тілімдерге және сым ішіктерге іліп электр тартымдарын жүргізуге рұқсат етіледі.
Ашық электр тартымдарының биіктігі шектелмейді. Қорғанышты және қорғанышсыз сымдар өзара қиылысқанда олардың арасындағы қашықтық 10 мм-ден кем болмауы керек, ал ара қашықтық бұл мөлшерден кем болатын жағдайда қорғанышсыз сымға қосымша изоляция орау қажет.
Қабырғалар мен жабындардан, сондай-ақ сыртқа шығаратын жерлерде электр тартымдарын алмастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Ол үшін электр тартым өтетін жерлерде түтіктер мен қорапшаларды пайдаланады да, бет жақтарын 150 мм-ден кем емес тереңдікте отқа төзімді оңай алынатын материалмен тығыздап бекітеді.
Ішекті электр тартымдарда ішек ретінде беті мырышпен қапталған болат сымдар пайданылады. Диаметрі 3 мм-ге дейінгі ішек сымдарды тартқыш құрылғысыз бекітеді. Ішек сымдарға массасы 2 кг-ға дейін тармақтандыру қорапшалары мен арматурларын іліп бекітуге болады. Ішек сымды электр тартымдарды екі жерден (басынан және соңынан) жермен қосады, бірақ ішектің өзін жермен жалғайтын сым ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
Ішек сымды электр тартымдарды арнайы шеберханаларда дайындап, монтаждау орындарына диаметрі 1…1,5 м болатын орамдар түрінде жеткізеді. Сымдар мен қорапшалар ішек сымдарға бекітулі не жеке болуы мүмкін. Жеке жеткізілген жағдайда электр тартымды монтаждау орнында жинайды.
Науада, қорапта жүргізілетін электр тартымдар өндірістік үй-жайларда, жөндеу шеберханаларында, жемшөп дайындайтын цехтарда магистральдық және топтық электр тораптарын ашық тарту үшін қолданылады. Сымдар мен кабельдер науа мен қораптың басында және соңында, жоларнаның бұрылыстарында, тармақталынатын және жабдықтарға қосылатын жерлерінде таңбалануы керек. Науалар мен қораптар магистральдың басында, соңында және барлық тармақталынатын нүктелерде жермен қосылады.
Арқан сымды электр тартымдар арнайы шеберханаларда толығымен дайындалып, монтаждау орындарына таңбаланған түрінде жеткізіледі. Электр тартымдардың тартушы элементі ретінде диаметрі 1,95…… 6,5 мм болатын иірілген сым арқандар пайданылады. Сондай-ақ арқан сым ретінде диаметрі 5…8 мм мырышпен қапталған, суық түрінде созылған болат сымдарды да қолдануға болады. Арқан сымдар әрбір 6… 12 аралықтан соң диаметрі 1,5 … 3 мм мырышпен қапталған болат ішек сымдармен қосымша бекітілуі керек. Арқан сымды электр тартымдарда сымдар мен кабельдерді жалғау және тармақтандыру магистральді үзбей жасауға болатын арнайы тармақтандырлық қорапшаларды. Арқан сымдарды бекіту аралығында жалғауға болмайды. Арқан сымдарды тарту күштері белгіленген шамадан 10%-ке аспауы керек. Арқан сымның ток өткізгішті фазалық сым өткізгіштігінің 50%-нен кем болмаса, оны өндірістік қырғақ және ылғал үй-жайларда нөлдік жұмыстық сым ретінде пайдалануға рұқсат етілді. Арқан сымды электр тартымдардың барлық металл бөліктерін, соның ішінде арқан сымның өзін екі жағынан (басынан және соңынан) көрініп тұратын, боялған сымармен нөлдік нүктеге (сымға) қосады.
Жалпақ электр сымдарын мынадай жағдайларда ашық тартуға болады:
- құрғақ не ылғал сылақтармен жабылған, жанатын құрылыстық қыралмалардың үстімен;
- түсқағаз жапсырылған жанбайтын құралмалармен, тура түсқағаздың үстімен және астымен;
- жанатын қыралмаларға 3 мм асбест төсеп;
Жалпақ электр сымдарын жабық түрде мынадай жағдайларда тартуға болады:
- жанбайтын қыралмалардың сыланып кететін жырақшаларымен не ылғал сылақ қабатының астымен;
- жанатын құралмалармен тек қана олар ылғал сылақпен сыланып, ал сылақ қабатындағы сым астында қалыңдығы 3 мм асбест төселген жағдайда не сымның әр жағынан 10 мм-ден кем емес шығып тұратын қалындығы 5 мм сылақ шоғырымен;
- жанбайтын құрылманың каналдары мен қуыстарында не жанбайтын қыралмалардың бетіне салынып зауатарда дайындағанда.
Жалпақ сымдарды химиялық активті және қопарылыс қаупі бар үй-жайларда ашық жабық түрде жүргізуге болмайды, сондай-ақ оларда театрлардың, клубтардың, балабақшаларының, мектептердің, емдеу мекемелерінің жанатын құрылмалармен де тартуға рұқсат етілмейді.
1.3 Электр жабдықтарын монтаждауға арналған үй-жайлар мен ғимараттарға қойылатын талаптар.
Құрылыс мекемелері электр монтаждау жұмыстарын бастар алдында мынадай жұмыстарды орындаулары керек:
- қажетті уақытша құрылыстарды, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды салу ;
- уақытша не тұрақты түрде су, электр энергиясын алатын тораптарды салу;
- санитарлық-техникалық жабдықтарды (жылыту, желдету) орнату.
Электр жабдықтардын монтаждауға дайындалған үй-жайларды қабылдап алғанда, олардың көлемдерінің, бекітуге арналған бөлшектердің орналастырылу схемаларынын жобаға сәйкестігін және ойықтар мен тесіктердің дұрыс орындалғандығын тексереді.
Электрмен қамтамасыз ететін объектілер (қосалқы станциялар, кабель каналдары және т. б.) басқа құрылыс объектілеріне қарағанда ертерек салынып монтаждалуы керек.
Электр монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жайлар адеттегі қауіпсіз электр монтаждауды орындауға, монтаждалған жабдықтарды атмосфералық жауын-шашындардан, ластанудан, сондай-ақ, құрылыстық өңдеу, санитарлық-техникалық және басқа да жұмыстар жүргізгенде кездейсоқ зақымданудан қорғауға жеткілікті дәрежеде болуы керек. Бұл үй-жайлар құрылыстық қалыптардан, қоқым-соқымдардан алдын-ала тазартылуы керек.
Электр монтаждау жұмыстарды аяқталуына қарай құрылыс мекемесі осы жұмыстарға байланысты құрылыстық-өндеу жұмыстарын орындауға тиісті (ірге тастардағы, қабырғалардағы, жабындардағы тесіктерді сылап бекіту және басқа да жұмыстар).

1.4 Электр монтаждау жұмыстары орындалатын
үй-жайларды қабылдап алу
Үй-жайларды электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін қабылдауды құрылыс және монтаждау мекемелерінің өкілдері тапсырма беріушінің өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
Үй-жайларға байқау жүргізгенде мынадай жағдайларға ерекше назар аудару керек:
- бөлмелер көлемдерінің, қалқа қабырғалардың, есік және терезе ойықтарының орналасуы архитектуралық-құрылыстық сызбалармен, күштік және жарықтандыру электр тартымдарының жобаларына сәйкес болуына;
- бекітуге арналған бөлшектердің барлығына, мөлшеріне және орналасуына, сондай-ақ олардың жұмыстық сызбаларға сәйкестігіне. Тесіктер мөлшері жекелей өткелдер үшін Д+35 мм (Д – кабельдің, не түтіктің сыртқы диаметрі, мм) формалармен анықталады;
- кабельдермен жермен қосатын құрылғаларға арналған олардың барлығына, орналасуына, мөлшеріне және қалып-жағдайына көз жеткізуге;
- жабдықтарға арналған ірге тастардың барлығына, орналасуына, мөлшеріне назар аудару. Сондай-ақ, ірге тастардың нақты орналасуларының жобаға сәйкестігін, бетонның беріктігін, анкерлік болттардың дұрыстығын тексеру керек. Ірге тастардың негізгі беттерінде шамасы 10 мм-ден аспайтын ойықшалар және еңістігі 1 : 100 дейін көлбеу жазықтар болуы мүмкін деп есептеледі.
Үй-жайларды, жабдықтарды монтаждауға қабылдап алғаннан соң, монтаждау мекемелеріне үй-жайларда 30 мм-ден асатын ойықтар мен жырақшалар жүргізуге рұқсат етілмейді.
Бас мердігерлік мекеме өңдеу жұмыстарын орындау туралы монтаждау мекемелерін ескертуге тиісті, жырақшаларды және ойықтарды сылап тегістеп, электр жабдықтарын зақымданудан, ластанудан қорғауды қамтамасыз етуі керек.

1.5 Электр жабдықтарының қойлатын орындарын және электр
тартымдарының жоларналарын белгілеу
Өндірістік ғимараттарда электр жабдықтарын және электр тартымдарының жоларналарын және электр жабдықтарын және электр тартымдарының жоларналарын арнайы электрлі техникалық аймақтарға орналастырады. Аймақтар орындары индустриялық монтаждау талаптарына сай анықталады және басқа технологиялық жабдықтардың орналасуымен жақсы үйлеседі. Электр жабдықтарының орналасатын жерлері инженер-техникалық қызметкерлердің бақылауымен белгіленеді және өте жоғары маманданған монтаждауларға тапсырылады. Белгілеу жүргізгенде жұмыстық сызбаларды, электр жабдықтарының мөлшерлерін және «Электр қондырғыларын кұру ережелері» мен «Құрылыстық мөлшерлер және ережелерімен» анықталатын шамаларды басшылыққа алады. Белгілеу жұмыстарын орындаудың алдында бас мердігерлік мекеме барлық бөлмелердің қабырғалары мен қалқа қабырғаларында таза еден белгісін (ақ түстің үстіне сызылған ені 10 мм және ұзындығы 100 … 150 мм қара жолақшалар) анықтап жүргізуге керек. Электр тартымдарының жоларнасын белгілеу кезінде электр-монтажшы-өлшегіштер электр тартымдары бөлшектерін арнайы шеберханада индустриялық тәсілдермен дайындау үшін тапсырмалық құжаттар дайындайды. Өлшем жұмыстарына арнайы аспаптар жиынтығы қолданылады.

Дәріс тақырыбы: Электр монтаждық жұмыстарын ұйымдастыру. Электр қүштік, электр жарықтандыру жабдықтардың және электр сымдардың тартымының монтаждау сатысы.

Дәрістің мақсаты: Электр монтаждық жұмыстарының түрлері. Электр тартылымдарын монтаждаудың техникалық шарттары. Электр жабдықтарын монтаждауға арналған үй-жайлар мен ғимараттарға қойылатын талаптар. Электр монтаждау жүмыстары орындалатын үй-жайларды қабылдап алу. Электр жабдықтарын қойылатын орындарын және электр тартылымдарының жол арналарын белгілеу. Электр қүштік жарықтандыру және сәулелендіру жабдықтарды монтаждау.

2.1Электр монтаждау жұмыстарының түрлері.
Электр монтаждау жұмыстары әр түрлі электр жабдықтарын монтаждауға орай жіктеледі:

1. бөліп-таратқыш жабдықтар мен қосалқы станцияларды монтаждау;

2. күштік электр жабдықтарын монтаждау;

3. жарықтандыру электр жабдықтарын монтаждау;

4. ішкі электр тартымдарды мен тораптарын монтаждау;

5. ауа электр желілерін монтаждау;

6. сыртқы кабель желілері мен ток өткізгіштерді монтаждау.

Аталған монтаждау жұмыстары технологиялық тізбекті негізгі
монтаждық операциялардан тұрады. Монтаждық операциялардың тізімі жұмыс түрлеріне байланысты анықталады.

1. Бөліп тарататын жабдықтар мен қосалқы станцияларды монтаждау жұмыстары мынадай негізгі операцияларда тұрады: такелаж жұмыстары; белгілеу жұмыстары; тесікше тесу, ою және қажау жұмыстары, электр құрылмалары мен жабдықтарын монтаждау; трансформаторларды, реакторларды, конденсаторлық батареяларды монтаждау; жоғары және төмен кернеулі аппараттарды, яғни, бірінші және екінші коммутацияларды монтаждау; электрмен жабдықтау объектісінің шегінде сымдар мен кабельдерді тарту; қышқылдық және сілтік аккумулятор батареяларын монтаждау; сыртқы жазу, таңбалау, сырлау-бояу жұмыстары.

2. Күштік электр жабдықтарын монтаждау жұмыстары келесі монтаждық операциялардан құралады: такелаждық жұмыстар; тесікше тесу; дюбельдерді атып қағу; электр қозғалтқыштарды монтаждау; ірі электр машиналарын орнату, дұрыстау, дәлдеу; қосқыш-реттегіш аппаратураларды орнату және т.б.с..

3. Жарықтандыру электр жабдықтарын монтаждау жұмыстарының монтаждық операциялары: белгілеу жұмыстары; қалқан мен қалқаншаларды, жарықтандыру арматурасын және орнатылатын бұйымдарды монтаждау; таңба салу және т.б.с..

4. Ішкі электр тарамдары мен тораптарын монтаждау жұмыстарының монтаждық операциялары: сымдардың, кабельдердің және шиналардың шумақтары мен барабандарын тасымалдау; белгілеу және тесікшелер тесу жұмыстары; тіреуіш құрылмаларды орнату және дюбельдерді ату-қағу және т.б.с.

5. Ауа электр желісін монтаждау жұмыстарының монтаждық операциялары: жоларнаны белгілеу, құрама темір-бетон ірге-тастар орнатылатын жерлерді белгілеу; бағаналарды көтеру, дәлдеп орнату және бекіту; сымдарды, арқан сымдарды жалғау және монтаждау; жермен қосу жұмыстарын орындау.

6. Сыртқы кабель желілерін монтаждау жұмыстарының монтаждық операциялары: жоларнаны белгілеу; жер қазу жұмыстары; жоларнадағы әр түрлі кедергілерден өткел жасау; кабельді сынап тексеру, төсеу, жүргізу, сырлау-бояу, таңбалау.

2.2 Электр тартымдарының түрлері.
Кабельдер мен сымдардың және оларды бекітуге, ұстап тұруға және қорғауға арналған құрылмалар мен бөлшектердің жиынтығын электр тартым деп атайды.
Электр тартымдарға изоляцияланған, орнатылатын сымдар, сондай-ақ көлденен қимасының ауданы 16 шаршы мм дейін резенқе не пластмасса изоляциялы, сауытсыз, металл, резенқе не пластмасса қабықшалы күш кабельдерді пайдаланылған тұрақты және айнымалы токтың күштік, жарықтандырулық және екінші реттік тізбектері жатады.
Электр тартымдар орындалу тәсілдеріне орай ашық және жабық, ал жүргізілу орындарына орай ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ғимараттар мен құрылыстардың қабырғасының, ішкі төбесінің үстімен және олардың фермаларына және басқа құрылыс бөлшектеріне бекітіліп жүргізілген электр тартым ашық электр тартым деп аталады. Сымдар мен кабельдерді ғимараттардың қабырғалары мен ішкі төбесінің үстімен, арқан сымдарға, шығырларға, не изоляторға бекітіп, түтіктердің, қораптардың, не иілгіш металл шлангтардың ішімен және т.б. тәсілдермен тартады. Ашық электр тартым стационарлық, жылжымалық және тасымалдық болып бөлінеді.
Ғимараттар мен құрылыстардың құрылмалық бөлшектерінің (қабырғаларының, едендерінің, іргетастарының, жабындарының) ішімен жүргізілген электр тартым жабық электр тартым деп аталынады. Бұл тәсілде сымдар мен кабельдерді беті сыланатын жырақшаларға салынған түтіктердің, иілгіш металл шлангтердің, қораптардың, каналдардың, құрылыс құрылмалары куыстарының ішімен тартады.
Ғимараттар мен құрылыстардың сыртқа қабырғаларында, калқалардың астында, сондай-ақ ғимараттар арасында, көшелер мен жолдардан тыс жерлерге, бағаналарда (аралықтары 25 м-ден аспайтын төрт бағана аралық ұзындыққа дейін) жүргізілген электр тартым сыртқы электр тартым деп аталады.
Ауа электр желісінен кірме-ауа электр желісінен тарамдануды ішкі электр тартыммен қосатын, ғимараттың не құрылыстың сыртына (қабырғасына не төбесіне) бекітілген изолятордан ішкі кірме құрылғыға дейін жүргізілген электр тартым.
Электр тартымның көтеріп ұстап тұратың бөлшектеріне ішек, арқан сым, қорап, науа жатады.
Ішек (электр тартымның көтергіш бөлігі) сымдар мен кабельдерді бекіту үшін ғимараттар мен құрылысқабырғалары ішкі төбелерінің және басқа құрылмаларының бетіне тақап тартылған болат талсым.
Арқан сым (электр тартымның көтергіш бөлігі) сымдар мен кабельдерді бекіту үшін ауда тартылған болат талсым (не болат арқан).
Қорап ішімен сымдар мен кабельдерді тартуға арналған тік бұрышты не басқа түрлі көлденең қималы жабық қуыс құрылма. Қорап сымдар мен кабельдерді механикалық зақымнан қорғауы керек. Олар саңылаусыз және ашылатын қақпақты болады. Қораптарды ғимараттар ішінде және сыртқы қондырғыларда пайдалануға болады. Науа – ішімен сымдар мен кабельдерді тартуға арналған ашық құрылма. Науа сымдар мен кабельдерді механикалық зақымнан қорғамайды. Ол өртенбейтін материалдан дайындалады. Науа ғимарат ішінде және сыртқы қордырғыларда пайдаланылады.
Ғимараттар мен құрылыстарды жасанды жарықтандыру үшін электрлік жарықтандыру пайдаланылады. Электрлік жарықтандыру мынадай жүйелерге бөлінеді: жалпы – бөлмелерді жалпы жарықтандыруға арналған жарықтандыру: жергілікті (стационарлық және тасымалдық) – тек жұмыс орындарын жарықтандыруға арналған жарықтандыру; құрама – жалпы және жергілікті жарықтандырудан тұратын жарықтандыру. Жарықтандырудың мынадай түрлері пайдаланылады: жұмыстық, апаттық, кезектік. Жұмыстық - әдеттегі жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге арналған жарықтандыру. Апаттық жарықтандыру екі түрге бөлінеді: апаттық жұмысты жалғастыруға арналған – жұмыстық жарықтандыру апатқа ұшыраған кезде жұмысты уақытша жалғастыруға пайдалыналытын жарықтандыру; апаттық көшіруге арналған – жұмыстық жарықтандыру апатқа ұшыраған кезде адамдарды көшіруге қолданылатын жарықтандыру.

2.3 Сымдар мен кабельдер.
Тартылу және эксплуатациялану жағдайына орай үстінде жеңіл металл қабықшасы, талшық материалдан не талсымнан дайындалған орамасы және торламасы бар бір не бірнеше ширатылған талсымнан не бір не бірнеше изоляциялған тарамдардан тұратын бұйым – сым деп аталады. Кіші кернеулі электр тарату тораптарына арналған сымды орнатылатын сым деп атайды. Жылжымалы және тасымалы электр құрылғыларын ток көзіне қосу үшін, тарамдарының иілгіштігі жоғарылатылған және изоляцияланған сым – баулық сым деп атайды.
Сымның және кабельдің маркасы олардың ток өткізетін тарамдарының материалын, изоляциясын иілгіштік дәрежесін және қорғағыштық жамылғыларының құрылмасын көрсететін әріптік белгімен таңбаланады.
Сымдар изоляцияланған және изоляцияланбаған, қорғанышты және қорғанышсыз болып бөлінеді. Изоляцияланбаған сымдар негізінде ауа электр желілерінде пайдаланылады. Изоляцияланған сымдардың ток өткізетің тарамдары негізінде алюминийден және сирек мыстан дайындалады. Сымдарды механикалық зақымнан, жарық пен ылғалдың әсерімен сақтау үшін резенқе, пластмасса не түгісі бүктелген металл қабықша пайдаланылады. Сыртында қорғағыштық қабықшасы бар сым – қорғанышты сым деп аталады. Кейбір сымдардың шірүге қарсы құрам сіңдірілген, мақта жіптен тоқылған торламасы болады. Қорғанышсыз сым – изоляциясының үстінде механикалық зақымнан қорғайтын қабықшасыз сым.
Сымдар мен кабельдердің тарамдар саны 1-4 дейін болады. Тарамдарының стандартталынған көлденең қимасының ауданы мынадай болады (шаршы мм): 0,5, 0,75, 1, 1,5, 2,5, 4, 6, 10, 16, 25, 35, 50, 70, 95, 120, 150, 185, 240, 300, және 400.
Сымдардың маркасындағы әріп – символдардың түсініктемесі: бірінші әріп – ток өткізетін тарамның материалы (А – алюминий: А әрпі болмаса – тарам мыстан); екінші әріп П-сым; үшінші әріп – изоляцияның материалы (мысалы, Р-резенқе, В-поливинилхлорид, П-полиэтилен). Сымдар маркасында олардың басқа құрылмалық бөлшектерін таңбалайтын мынадай әріп-символдар болуы мүмкін: О-торлама, Т-түтіктер ішімен жүргізілуге арналған, П-жалпақ, Ф-тігісі бүктелген металл қабықша, Г-иілгіш және т.б.
Электр тартымдарын монтаждауда пайдаланылатын сымдардың маркалары 2.1 ... 2.4-ші кестелерде берілген.
Электр тартымдарын жүргізуге сымдармен қатар көлденең қимасының ауданы кіші келетін резенқе не пластмасса изоляцялы, қорғағыштық қабықшасы бар АВРГ, АВВГ, АНРГ және басқа маркалы кабельдер де пайдаланылады.
2.4 Электр монтаждаулық бұйымдар.
Электр тартымдарын жүргізуде көптеген электр монтаждаулық бұйымдар пайдаланылады. Электр тартымның барлық түрлерінде қолданылатын электр монтаждаулық бұйымдар туралы мағлуматтар 2,5-ші кестеде берілген.
Электр тартымдарын жүргізуге универсалды-құрама электр монтаждаулық құрылмалар пайдаланылады. Олардың құрамына 35 түрлі бөлшектер кіреді: қапсырмалар, бұрышты металлдар, табандар, пішімдер, тілімдер, топсалар, бекіткіштер, ұстағыш құрылғылар, ілгіштер, қысқыштар, көтергіштер, жалғағыштар, келте түтіктер және т.б.
Бұл бөлшектерден шеберханада не электр тартым жүргізілетін жерде пісіру-тесу жұмыстарынсыз қажетті металл құрылмаларды жинауға болады. Осы себептен, электр монтаждау жұмыстарын орындау жеңілденеді де еңбектің өнімділігі жоғарылайды.

2.5 Электр тартымдарды монтаждауғы қауіпсіздік шаралары.

Электр тартымды монтаждаудың алдында мастер не жұмысты орындаушылар жұмыстарды орындауға дайындықты, қажетті аспаптар мен жабдықтың барлығын тексеруі керек. Әрбір электр монтер өзінің жұмыс орнын, арнайы киімін тәртіпке келтіріп аспаптардың түзулігін тексеруі керек. Тек электр желісіне қосылмаған электр қондырғыларында жұмыс істеуге болады. Кернеу берілген электр жабдықтарында жұмыс істеуге болмайды.
Блоктық қондырғыларды орнықтырудың алдында олардың барлық бөлшектерінің жақсы бекітілгендігін, үстінде басқа заттардың жоқтығын, сондай-ақ олар бекітілетін құралмалардың сенімділігін тексеру керек. Егер монтаждалатын құралмарының салмағы 20 кг-нан артық болса жұмысты екі адам орындауы керек.
Түтіктік және арқан сымдық жиынтық электр тартымдарды көтерген кезде, жарықтандырғыштардың және басқа бөлшектердің үзіліп кетпеуін қамтамасыз ету керек.
Сымдарды және кабельдерді түтіктер ішімен екі жұмысшы тартуға тиіс. Бұл жұмыс ашық жүргізілген түтіктер бекітілгеннен, ал жабық тартылған түтіктер сылақталғаннан не бетондалғаннан кейін орындалады.
Монтаждау жұмысын бір уақытта екі биіктікте жүргізуге, жұмыстағы механизмдердің үстінде жұмыс істеуге, баспалдақта тұрып түтіктер ішіне сым не кабель тартуға, құралмаларға аппаратарды бекітпей қалдыруға болмайды.
Механизмдерді сынау алдында жабдықтардын барлық тораптарының бекітілуін, жабдықтар ішінде басқа заттардың жоқтығын, айналу бөлшектерінің қоршауы барлығын, механизмдердің ірге тасқа бекітілуін, электр қозғалқыштарды машиналарға қоспай жұмыс істеун тергеп бақылауы керек.

Электр тартымдарды пайдалануға қабылдау.

Барлық электр монтаждау жұмыстары біткеннен кейін, олардың сапасын жұмыс комиссиясы тексереді. Жұмыстардың сапасы мен дұрыс орындалуын тапсырма берушінің техникалық қадағалаушысы, бас мердегерліктің және жобалау мекемесінің уәкілі, электр монтаждау мекемесінің инженерлік-техникалық қызметкерлері (ИТК) бақылайды. Жабық жүргізілетін жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды байқау және қабылдау үшін тапсырма берушіге ұсынылады. Бақылау кезінде біріншіден, орындалған жұмыстардың жобалық, құжаттарға, «Құрылыстық мөлшелері мен ережелерінің» және «Электр қондырғыларын құру ережелерінің» талаптарына сәйкестігі анықталады.
Тексеру кезінде мыналар анықталады:

1. электр тартым жоларнасының дұрыс таңдап алынғандығы, тартым түрінің эстетикалық талапқа сәйкестігі:

2. арқан сымдық электр тартымның анкерлерінің, тіректік құралмалардың, түтіктердің, сымдардың және т. б. бөлшектердің бекітілуінің сенімділігі:

3. электр тартымның қабырғалар мен жабындардан өткен жерлерін бітеудің сапасы:

4. сымдар мен арқан сымдардың иілу биіктігі:

5. сымдардың, кабельдердің, түтіктердің иілу бұрыштары:

6. электр тартымды жүргізуге және бекітуге арналған нормалық мөлшерлердің сақталуы:

7. электр жабдықтары тұрқысы мен электр тартым металл бөлшектерін нөлдік сыммен қосатын сымның барлығы және көлденең қимасының ауданы:

8. электр тартымның электрлік изоляциясының жағдайы және нөлдік сыммен қосу тізбегінің үзіліссіздігі:

9. жабдықтарда, қалқандарда, жәшіктерде және т. б. құрылғыларда қажетті жазулардың барлығы.

Осылармен қатар, ішін ара пісірумен жалғанған жерлердің сенімділігін, сымдар санын, маркасын және көлденең қимасының ауданын, сымдардың қорапшаларда жалғанылуын және электр жабдықтарына қосылуын, сымдар мен кабельдердің таңбаланылуын тексереді.
Тексеруден кейін электр тартым монтаждалған электр жабдықтарымен бірге тапсырма берушіге тапсырылады. Ауыл шаруашылық кәсіпорынның электр қондырғыларын пайдалануға тапсыру үшін, техникалық құжаттар дайындалады. Олар тапсырма берушіге және Мемлекеттік энергетикалық қадағалаушыға ұсынады.
Тапсыру-қабылдау құжаттары құрамында мына құжаттық материалдар болуы керек:

1. электр қондырғыларының техникалық жобасы;

2. қондырғыларды электр торабына қосуға техникалық шарт берген мекемемен жоба туралы келісімдік құжат;

3. қондырғыларды электр торабына қосуға рұқсат беретін техникалық шарт;

4. егер техникалық шарт алғаннан кейін бір жылдан артық уақыт өтсе, қондырғыларды электр жүйесінен қосуға қосымша рұқсаттық құжат алынады;

5. жобалық мекемемен келісілген жобаға енгізілген өзгерістер тізімі;

6. жұмыстық жобаның құжаттары;

7. жұмыс сызбалары мен схемалары, электр жабдықтарының паспорттары;

8. электр жабдықтарын дайындайтын зауыта өткізілген оларды сынау нәтижесі туралы протокол, жабдықтардың техникалық мәліметтері және оларды монтаждау және эксплуатациялау туралы нұсқаулар;

9. өртке қарсы сақтық және басқа қауіпсіздік құралдар тізімі;

10. жоба бойынша бітпеген жұмыстар тізімі;

11. монтаждау мекемесінің электр қондырғыларын эксплуатациялауға қабылдағаны туралы кәсіпорын комиссиясының актысы.

Кернеуі 1000 В-ке дейін өндірістік электр қондырғыларын пайдалануға тапсыруда қосымша мына дайындалады:

1. күштік және жарықтандырулық тораптарының атқару жоспары;

2. тораптардың есептік атқару схемасы;

3. жермен қосу құрылғыларының атқару схемасы;

4. электр жабдықтары мен тартымдары изоляциясының кедергісін өлшеу протоколы;

5. электр тартымдарын жүргізуге және сымдарды жалғаудағы жабық орындалған жұмыстар туралы акт;

6. коммутациялық аппараттарды, қалқандар мен жәшіктердегі шиналар түйістерінің тығыздығын тексеру нәтижесі бойынша жазылған акт;

7. жарықтандырулық торабындағы ажыратқыштардың жұмыс істеуін, патрондар мен сақтандырғыштардың дұрыс қосылғандығын анықтау актысы;

8. электрлік жарықтандыру қондырғыларымен жарықтандырудың нормативтік мәнге сәйкестігін тексеру протоколы, сондай-ақ пайдалануға тапсырылатын қондырғылардың құрамына орай басқа құжаттар.

Дайындалған және қол қойылған барлық құжаттар жұмыс комиссиясына тапсырылады. Содан кейін электр қондырғыларын қабылдау және тапсырма берушіге өткізу актасы жазылады.