Ауа электр желілерін салу.

Ауа электр желілері арнаулы жобалау мекемелерінде дайындалған жоба бойынша салынады. Желі жобасы – негізгі құжат. Ол барлық техникалық, ұйымдастыру және финанс мәселелірін толық қамтиді. Электр желілерін жобалаған кезде оның мүмкіндігінше қысқа және бұрылыстарының аз болуына көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, желі жол арнасына мүмкіншілігінше елді мекендерден, орман алқаптарынан, батпақты жерлерден, егіс танаптарынан және суландыру каналдарынан алшақ өтуіне де көңіл бөлінеді.
Кернеуі 10 кВ-ке дейін электр желілері жол арналарын жергілікті жер жағдайларын зерттеп отырып, таңдап алады. Жоғары кернеулі желілер жол арнасын алдымен карта бойынша таңдайды. Содан кейін оны тікелей жергілікті жағдайларға байланысты анықтайды. Осымен бірге картада белгіленбеген желіні тартуға кедергі болуы мүмкін жағдайларды да анықтайды. Осыдан кейін белгіленген жол арна зерттелінеді.
Жобаға күрделі учаскелердегі бағаналар орны мен түрі көрсетілген электр желісі жол арнасының пішіні беріледі.
Ауа электр желілері “Электр қондырғыларын құру ережелері” және “Құрылыс мөлшерлері және ережелері” талаптарына сәйкес салынады.
Ауа электр желілерін салу жұмыстары мынадай тәртіппен орындалады: дайындық жұмыстар, құрылыс жұмыстар, монтаждау жұмыстар, электр желісін іске қосуға дайындау және оны пайдалануға тапсыру.
Дайындық жұмыстарына электр желісі жол арнасын және бағаналар орындарын белгілеу, орман басқа да жасыл алаптар бойымен өткенде жол арна бойымен жол жасау электр желісі кесіп өтетін инженерлік құрылыстарды қайта құру, сондай-ақ уақытша құрылыстар жатады.
Дайындық жұмысында бағаналар орындарына белгілер орнатылады, олардың әрқайсысына бағананың нөмері мен түрі жазылады.
Жол бойына және өзендер мен көлдер бойына орналасқан орман қорғау алаптарында, сондай-ақ елді-мекендер маңындағы орман-тоғайлар мен жасыл алқаптарды ағаш кесіп, жол аршу үшін оларға иелік ететін ұйымдардың келісімін алу керек.
Ауа электр желісі кесіп өтетін инженерлік құрылыстарды қайта құрудағы жиі орындалатын жұмыстар: жаңа салынатын ауа электр желісі маңайынан кіші кернеулі ауа электр желісін байланыс және радио желілерін шығару, не оларды кабель тораптарымен ауыстыру; желі жол арнасына жақын құрылыстарды көшіру; желі бағаналарының ірге тастары орнатылатын жерлерден кабель торабын және басқа жер астындағы тораптарды қайта тарту және т.б. жұмыстарды орындау.

13.7 Бағаналарды құрыстыру.
Бағаналарды чертеж сызбасы бойынша дайын бөлшектерден арнайы алаңдарда құрастырады.
Бағаналардың ағаш бөлімдерін дайындау үшін электр аралар, электр тескіштер және т.б. кескіш құралдар сондай-ақ әртүрлі такелаждық құралдар мен жабдықтар пайдаланылады.
Ағаш бағаналар негізнде кернеуі 35 кВ-тан және одан төмен ауа электр желілерінде қолданылады. Олардың негізгі тіреулері антисептік сіңдірілген ағаштан, ал қосалқы тіреулері темір бетоннан дайындалады.
Негізгі тіреу мен қосалқы тіреуді бір-біріне жалғау үшін сым құрсаулар не темір қамыттар пайдаланылады.
Негізгі тіреудің жоғарғы ұшы конус не сына түрлі болып өңделеді. Ағаш тіреудің қосалқы темір бетон тіреумен жалғанатын орнын балтамен шауып тегістейді. Бұл жалғаудың тығыз, саңылаусыз болуы үшін керек болады. Егер ағаш қисық болса, оның қисықтығын желі бойын бағыттап, негізгі тіреу мен қосалқы тіреуді жалғау керек. Ол үшін сызбасы бойынша негізгі және қосалқы тіреулерде сым құрсаулардың не темір қамыттардың орындары белгіленеді.
Сым құрсау жасау үшін, сымның бір ұшын майыстырады да, оны ағаш тіреуге балғамен соғып 20 ... 25 мм кіргізеді. Содан соң сымды тіреулердің белгіленген жеріне бірнеше қатар қылып тығыздап орайды. Орау кезінде сым орамдарын балғамен соғып, тегістеп тұруы керек. Орамдар саны негізінде пайдаланылатын сымның диаметріне байланысты келеді. Тиісті орамдар саны оралғаннан кейін сымның ұшы кеседі де, оын оралған орамдар астына тығып, қайырып тастайды. Содан кейін сым құрсауды сүйменмен қаттылап тартады. Осы кезде орамдардың дұрыс төселуін тергеп, тартылған құрсауды балғамен түзету керек.
Күрделі бағаналар бірнеше негізгі және қосалқы тіреуерден тұрады. Оларды бір-бірімен жекелеп жалғайды да, содан кейін күрделі бағананы құрастырады.
Күрделі бағаналардың мынадай қосымша бөлшектері болуы мүмкін: траверстер, траверстерді тіреуіштер, көлденең және қиғаш тіректер және ригельдер. Оларды сызба бойынша бөренелерден дайындайды. Дайындамалар жасап, штырьлерге не аспалы изоляторлар тізбектерін бекіту түйіндеріне арналған тесіктер тесіледі. Қажетті шаппа және ойық орындар жасалынада. Содан соң траверске оның тіреуіштерін және штырьлерді не аспалы изоляторлар тізбектерін бекіту түйінділерін бекітеді.
Кернеуі 35 кВ-ке дейін изоляторларды ілмектерге бекітілетін ауа электр желілерінің аралық бағаналары мынадай тәртіппен құрастырылады: негізгі және қосалқы тіреулерді жалғайды, ілмек орнатылатын тесіктерді теседі, ілмектерді бұрап орындарына орнатады, ілмектерге изоляторларды бекітеді. Изоляторларды штырьлерге бекітілетін аралық бағаналары мынадай тәртіппен құрастырылады: негізгі және қосалқы тіреулерді жалғайды, ілмек орнатылатын тесіктерді теседі, ілмектерді бұрап орындарына орнатады, ілмектерге изоляторларды бекітеді.
Изоляторларды штырьлерге бекітілетін аралық бағаналарды мынадай тәртіппен құрастырады: негізгі және қосалқы тіреулерді жалғайды, бағанаға дайын траверсті бекітеді.
А – тәріздес бағаналарды құрастырғанда олардың дайындалған тіреулерінің жоғары ұштарын металл бастартпалар мен болттар арқылы тартып бекітеді. Негізгі тіреулерге көлденең тіректі, ал қосалқы тіреулерге ригельдерді бекітеді. Тіреуіштерін пайдаланып, траверсті бағанаға тартып орнықтырады.
Кернеуі 1 кВ-ке дейін ауылдық электр желілерінде пайдаланылатын бұрыштық және ақырғы бағаналардың, сондай-ақ кернеуі 6 ... 35 кВ желілерде қолданылатын үш аяқты бағаналардың тіреуіштері жеке жиналады. Оларды бағанаға орнықтыру кезінде бекітеді.
Темір-бетон бағаналарды технологиялық карта бойынша құрастырады. Картада әртүрлі бағаналарды құрастыру тәртібі беріледі. Кернеуі 10 кВ-ке дейін ауа электр желісінің бір тіреулі аралық бағаналарын құрастыру тіреуге траверстерді, траверстер тартпаларын, арқан сым тіреуіштерін және ригельдерді бекітуден, сондай-ақ жермен қосу құрылғыларды орнықтырудын тұрады. Траверстерге штырьлер не аспалы изоляторлар тізбектері бекітілетін түйінділер бағананы құрастырудан бұрын бекітіледі.
Кернеуі 10кВ-ке дейін ауа желілерінің бұрыштық А – тәріздес бағаналарын мына тәртіппен құрастырады. Екі темір-бетон тіреулерді көтергіш механизммен төсеніштердің үстіне салады. Олардың жоғары ұштарын түйістіреді, ал төменгі ұштарын сызба бойынша тиісті қашықтыққа ажыратады. Жоғарғы ұштарын трапеция тәріздес екі жалпақ темір тіліктердің көмегімен 4 болтпен тартып бекітеді. Тіліктерге штырьлер пісіріліп бекітілген. Содан кейін бағанаға траверстерді бекітеді. Штырьлерге изоляторларды бұрап орнықтырады. Бағананы көтеріп орнықтырудың алдында көлденең тіреуішті бекітеді.
Кернеуі 10 кВ-ке дейін ауа электр желісінің анкерлік А – тәріздес бағаналары бұрыштық тәріздес бағаналар сияқты құрастырылады. өзгешелігі траверстен бұрын олардың тіреуіштері бағанаға бекітіледі. Содан кейін оларға траверстерді бекітеді.
Кернеуі 10 кВ-ке дейін ауа электр желісінің қосымша тіреуіштері бар бағаналары мына тәртіппен құрасытырылады: темір бетон тіреуге траверстер бекітіледі, жермен қосу құрылғылары тартылады. Қосымша тіреуішке оны негізгі тіреуішке бекітуге арналған кронштейндер бекітіледі. Бағананы орнықтыру кезінде оған қосымша тіреуіш бекітіледі.
Темір бағаналыр монтаждау схемасымен технологиялық карта бойынша құрастырылады.
Темір бағаналар негізінде діңгектен, траверстен және арқан сым тіреуіштен тұрады. Діңгек төменгі, ортаңғы және жоғарғы секциялардан жиналады. Жалғыз тіреулі бағаналарды мына тәртіппен құрастырады. Төменгі, ортаңғы және жоғарғы секцияларды бір-бірімен жалғайды, ал соңғы секцияға арқан сым тіреуішін жалғайды. Содан кейін құрастырылған діңгекке төменгі, ортаңғы және жоғарғы траверстерді жалғайды. Құрастырылған бағананы сызба бойынша салыстырып тексереді. Анықталған ақауларды сызбаға сәйкес түзейді.

13.8 Бағана орнатылатын шұңқырдың орнын белгілеу және оны қазу.
Шұңқырлар орнын белгілеу сызба не схема бойынша орындалады. Бұл жұмысты орындау үшін қажетті мәліметтер: бағананың түрі, оның ірге тасының түрі мен геометриялық мөлшері, жердің сипаттамысы, шұңқырдың тереңдігі мен қазылу тәсілі.
Жалғыз тіреулі ағаш және темір бетон бағаналарды орнатуға арналған шұңқырлардың орындарын арнайы белгілемейді. Өйткені, шұңқырлар орынын ауа электр желісі жол арнасын белгілегенде бағаналар орнатылатын орындарға қағылған кіндік белгілер көрсетеді. Күрделі бағаналар орнатылатын шұңқырлар орындарын геодезиялық аспаптарды (теодолит, рулетка т.б.) пайдаланып белгілейді. Шұңқырларды қолмен, не бұрғы машинамен, экскаваторлармен қазады. Таулы жерлерде жару тәсілдері пайдаланылады.
Күрделі бағаналарды орнатуға тұтас не жиналатын, не қадалық ірге тастар қолданылады.

13.9 Бағаналарды орнату.
Ауа электр желілерінің бағаналары кранмен және тракторлармен, А – тәріздес құлама сырықтармен және тракторлармен, ал таулы және транспорт жүруге қиын жерлерде вертолетпен орнатады.
Бағаналарды орнату жауапты жұмыс. Оған дайындық жұмыстары, бағаналарды көтеру, дәлдеп орнықтыру және бекіту, сондай-ақ бағаналарды орнатуда пайдаланылған қосымша жабдықтар мен құралдарды орнынан босатып алу және жинау кіреді.
Дайындық жұмыстарына бағаналарды көтеріп орнатуға қажет крандарды, тракторларды, блоктарды, лебедкаларды, зәкірлерді, А – тәріздес көтерме сырықтарды орын-орындарына орналастыру жатады.
Кернейуі 10 кВ-ке дейін ауа электр желілерінің бір тіреулі ағаш не темір бетон бағаналарын мынадай тәртіппен орнатады. Бағананың ауырлық орталығынан 1 ... 1,5 м-ден жоғарғы жеріне ілме болат арқанды бекітеді де оны кранның ілмегіне іледі. Бағананы кранмен көтеріп, шұңқырға ептеп түсіреді. Осы уақытта бағананы бұрып, оның траверсінің не ілмектерінің жүйелі осіне перпендикуляр орналасуын қамтамасыз етеді. Содан кейін бағананың тік және желілік осі бойында тұрғандығын дәлдеп тексереді де шұңқырға топырақ тастайды. Салынған топырақты арнайы құралдармен соққылап тығыздайды. Содан соң ілме болат арқанды босатады.
Кернеуі 10 кВ-ке дейін ауа электр желісінің анкерлік және бұрыштық ағаш не темір бетон бағаналарын мынадай тәртіппен орнатады: бағананы көтерудің алдында оның тіреулерінің түптерін дайынлаған шұңқырлардың жиектеріне тақап орналастырады. Көтеру кезінде бағана қисайып кетпеуі үшін ілме болат арқанының тарамдарын тіреулердің жоғарғы ұштарынан тең қашықтықта орналасқан жерлерге бекітеді. Содан кейін ілме болат арқанды кранның ілмегіне іледі. Бағананы кранмен көтеріп, оның тіреулерін шұңқырға ептеп түсіреді. Осы уақытта бағананы бұрап, оның жоба бойынша орналасуын тексереді де, шұңқырларға топырақ тастайды. Шұңқырлардағы топырақты арнайы құралдармен соққылап тығыздайды. Содан соң ілме болат арқандарды босатады.
Кернеуі 10 кВ-тен жоғары ауа электр желісінің ағаш темір бетон, металл бағаналары жоба бойынша тракторлардлың, машиналардың, механизмдердің және қосымша құралдардың көмегімен орнатылады.
Найзағайдан қорғау және жермен қосу.
Әдеттегі жағдайда ауа электр желісінің изоляциясы есептелген жұмыс кернеуінің әсерінде болады. Бірақ сыртқы не ішкі себептердің әсерінен электр желісінде кернеу өзінің номинал мәнінен бірнеше рет жоғарылауы мүмкін. Электр желісінің изоляциясына қауіпті кернеу асқан кернеу деп аталады. Осындай кернеудің әсерінен электр желісінің изоляциясы тесіледі де зақым болады. Сымдар қысқаша тұйықталады да желіде апат болады. Желідегі асқан кернеу адам өміріне де қауіп туғызады.
Электр қондырғыларындағы асқан кернеуді шектеу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныштық жермен қосу жасалынады. Бұл үшін электр қондырғыларының әдеттегі жағдайда кернеу әсерінде болмайтын, бірақ изоляция зақым болғанда кернеу әсерінде болуы мүмкін металл бөлшектерін жермен қосады. Қорғаныштық жермен қосу асқан кернеудің шамасын төмендеткенімен, оның әсерінен толвқ қорғамайды.
Атмосфералық асқан кернеуге төзетін изоляция дайындау өте қымбатқа түседі, ал кей жағдайларда ондай изоляция жасауға тіпті мүмкіншілік болмайды. Осы себептен, асқан кернеу әсерінен қорғау үшін, ауа электр желілеріне арнайы құрылғылар орнатылады. Олардың қатарына жай тартқыштар, найзағайдан қорғайтын арқан сымдар, қорғаныштық аралықтар, түтік және вентильдік зарядсыздандырғыштар жатады. Бұл құрылғылар қорғаныштық жермен қосуға жалғанады.