Ломустин, кармустин 5. циклофосфан, меркаптопурин 4 страница

Студенттің коммуникативті дағдыларын бағалау критерийлері

Критерий Деңгейі, балл түрінде бағалау
Өте жақсы Қолайлы Түзетуді талап етеді Қолайлы емес  
1. Өзін өзі таныстыру дағдылары 11,25 7,5  
2. Белсенді тыңдау дағдысы 11,25 7,5  
3. Ақпаратты толық және нақты беру дағдысы 11,25 7,5  
4. Өзінің ұстаным мен көзқарасын көрсете білу дағдылары 11,25 7,5  
5. Дәлелді сөйлей білу дағдылары 11,25 7,5  
6. Іске араласу және әріптеске қызығушылықты көрсете білу дағдылары 7,5  
7. Тілдесу бойынша әріптестің эмоциялық жағдайын түсіне білу дағдылары 7,5 5,62 3,75  
8. Әріптесті көндіре білу дағдыларын қалыптастыру 7,5 5,62 3,75  
  Барлығы  

Ең жоғары балл – 100

Пән бойынша максимальды балл саны = 100 балл

Әріп жүйесі бойынша баға Сандық эквивалент Баллдар Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 Үздік  
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық  
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанғысыз

2.12. Бағдарламалық препараттардың тізімі

«Жүйке жүйесі» модулі

Гемостатикалық заттар

Коагулянттар: фибриноген

Фибринолиз ингибиторлары: аминокапрон қышқылы, контрикал, транексам қышқылы

Тромбқа қарсы заттар

Антиагреганттар:ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, тиклопидин, пентоксифиллин, абциксимаб, клопидогрел

Антикоагулянттар: гепарин, фраксипарин, варфарин

Антиоксиданттар мен антигипоксанттар: токоферол, мексидол, аскорбин қышқылы

Фибринолитикалық заттар: стрептокиназа, стрептодеказа, урокиназа, алтеплаза

Ноотропты заттар: пирацетам, аминалон, пантогам, пиридитол, глицин, семакс, церебролизин

Ми қанайналымы бұзылысында қолданылатын заттар: циннаризин, нимодипин, эуфиллин, винпоцетин, ксантинол никотинаты, ницерголин, цитиколин

Диуретиктер: маннит, глицерин, диакарб, фуросемид

Ми қабаттарының қабыну ауруларында қолданылатын заттар:бензилпенциллина натриевая соль, оксациллин, уназин, карбенециллин, цефотаксим, цефтриаксон, цефтазидин, цефепим, меропенем, тиенам, ванкомицин, левомицетин, ципрофлоксацин, моксифлоксацин, метронидазол, интерферон, метилпреднизолон, гепарин, реополиглюкин

Тырысу синдромында қолданылатын заттар:фенобарбитал, диазепам, натрий оксибутират, лидокаин, магний сульфат, тиопентал-натрий, таламонал, дифенин, этосуксимид, карбамазепин, клоназепам, натрия вальпроат, ламотриджин, топирамат, тиагабин, вигабатрин

«Эндокринді жүйе» модулі

Гипергликемияда және гипогликемияда қолданылатын заттар: актрапид, хумулин-регуляр, протафан, хумалог, хумулин ультраленте, глибенкламид, гликлазид, глипизид, глимепирид, метформин, глибомет, акарбоза, пиоглитазон, розиглитазон, натеглинид, рапеглинид, глюкагон, глюкоза, адреналин гидрохлориді

Қалқанша безі гормондарының препараттары және антитиреоидты заттар: L-тироксин, трийодтиронин, тиреокомб, тиреотом, мерказолил, калий перхлораты, калий йодиді

Бүйрек үсті безі гормондарының препараттары: дезоксикортикостерон ацетаты, флудрокортизон, гидрокортизон ацетаты, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон

Семіру фармакотерапиясы үшін қолданылатын заттар:сибутрамин, олестра, орлистат

«Қан түзу жүйесі» модулі

Анемиялық, геморрагиялық синдромдарда қолданылатын заттар

Темірдің тотықты лактаты, темір фумараты (ферронат, хефенол), темір хлориді (гемофер), темірдің тотықты сульфаты (актиферрин, тардиферрон, ферроградумет), «ферроплекс», ферковен, феррум лек, мальтофер, ферлатум, эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы, цианокобаламин, фоль қышқылы

Миело- және лимфопролиферативті синдромдарда қолданылатын заттар

циклофосфан, цисплатин, хлорбутин, нитрозометилмочевина, ломустин, кармустин, миелосан, метотрексат, меркаптопурин, фторурацил, цитарабин, винкристин, доксорубицин, цитокиндер, моноклоналды антиденелер (трастузумаб, ритуксимаб).

Гемостазға әсер ететін заттар

кальций хлориді, кальций глюконаты, адроксон, серотонин адипинаты, викасол, тромбин, фибриноген, гемостатикалық жөке, этамзилат, аминокапрон қышқылы, контрикал, ацетилсалицил қышқылы, тиклопидин, клопидогрель, дипиридамол, абциксимаб, гепарин, варфарин

«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі

Антиангиналды заттар

нитроглицерин, нитронг, изосорбид мононитраты, моносорбид динитраты, пропранолол, валидол, верапамил, нифедипин, дилтиазем, триметазидин, никорандил, алинидин, кораксан (ивабрадин), ацетилсалицил қышқылы, морфин гидрохлориді, азот тотығы, гепарин, фибринолизин, стрептокиназа, стрептодеказа, мезатон.

Тромбозға қарсы заттар

Антиагреганттар

Ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, тиклопидин, пентоксифиллин, эпопростенол, абциксимаб, клопидогрель

Антикоагулянттар

гепарин, фраксипарин, фенилин, фепромарон, лепирудин, варфарин

Фибринолиздік заттар

фибринолизин, стрептокиназа, стрептодеказа, урокиназа, алтеплаза

Антигипертензиялық заттар

пропранолол (анаприлин), метопролол, нифедипин (фенигидин), каптоприл, гидрохлортиазид (гипотиазид), амлодипин, фуросемид, атенолол, небивалол, бисопролол, эналаприл, фозиноприл, лозартан, индапамид, омапатрилат, дибазол, натрий нитропруссиді.

Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде қолданылатын заттар

каптоприл, эналоприл, фозиноприл, рамиприл, гидрохлортиазид, фуросемид, спиронолактон, диакарб, метопролол, бисопролол, карведилол, дигоксин, дигитоксин, строфантин К, коргликон, целанид, жанаргүл шөбінің тұндырмасы

Зәр айдайтын заттар

гидрохлортиазид, фуросемид, спиронолактон, диакарб

Аритмияға қарсы заттар

хинидин сульфаты, новокаинамид, лидокаин, амиодарон, флекаинид, этмозин, верапамил, аймалин, дифенин, дилтиазем, фалипамил, пропранолол, бисопролол, атенолол, метопролол, изадрин, адреналин гидрохлориді, эфедрин гидрохлориді, дигоксин, аденозин, атропин сульфаты, калий хлориді, аспаркам, панангин.

Гиполипидемиялық заттар

холестирамин, гемфиброзил, пармидин, статиндер (ловастатин), никотин қышқылы, пробукол, арахиден, линетол,

Антиоксиданттар

токоферол ацетаты, аксорбин қышқылы, танакан, милдронат

Жүрек-қан тамыр жүйесінің патологияларында қолданылатын өсімдік тектес препараттар

долана, таулық арника, меруертгүл, көктемгі жанаргүл,кіші барвинок жапырақтары, валериана тамыры,сасықшөп тұнбасы

«Тыныс алу жүйесі» модулі

Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериялық заттар

бензилпенициллин натрий, калий тұздары, ампициллин, амоксициллин, уназин, аугментин, цефазолин, цефотаксим, цефамандол, цефпиром, цефтриаксон, эритромицин, спирамицин, азитромицин, меропенем, тиенам, линкомицин, гентамицин, амикацин, доксициклин, метациклин, левофлоксацин, моксифлоксацин, ципрофлоксацин, ко-тримаксозол

Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромында қолданылатын заттар

Стероидты қабынуға қарсы заттар: преднизолон, дексаметазон, триамцинолон, беклометазон дипропионаты, флунизолид

Мембранатұрақтандырушы заттар: кромолин-натрий, кетотифен, недокромил натрий

Лейкотриен жүйесіне әсер ететін заттар: зафирлукаст, монтелукаст, зилеутон

Бронходилятаторлар: қысқа және ұзақ әсерлі β-агонисттер: изадрин, сальбутамол, фенотерол, тербуталин, сальметерол, формотерол

М-холиноблокаторлар: ипратропий бромиді, тиотропий бромиді, метацин

Жұптастырылған препараттар: беродуал, дитэк, серетид

Фосфодиэстараза ингибиторлары: эуфиллин, теофиллин

Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттар: бензогексоний, пентамин, натрий нитропруссиді, нитроглицерин, этил спирті, фуросемид, маннит, морфин, фентанил, дексаметазон, экзосурф

Қақырық түсіретін препараттар: термопсис шөбінің тұндырмасы, калий йодиді, бромгексин гидрохлориді, амброксол, кристаллдық трипсин, ацетилцистеин

Жөтелге қарсы заттар: кодеин, глауцин гидрохлориді, тусупрекс, либексин

Тынысты ынталандырғыштар: бемегрид, этимизол, кордиамин

«Ас қорыту жүйесі» модулі

Асқазан-ішек жолдарының патологияларында қолданылатын антибактериялық препараттар

ампициллин, амоксициллин, амоксиклав, эритромицин, клиндамицин, кларитромицин, тетрациклин, доксициллин гидрохлориді, цефамандол, цефаперазон, стрептомицин, гентамицин, рифампицин, левомицетин, полимиксин М, метронидазол, фуразолидон, фталазол, офлоксацин, ципрофлоксацин, бисептол, сульфасалазин, месалазин, интерферондар, пегилирленген интерферондар, ламивудин, адефовир, энтекавир, рибавирин

Асқазанның секреторлық қызметіне әсер ететін заттар

Протондық насостың ингибиторлары (омепразол, лансопразол, пантопразол, рабепрозол), Н2 – гистаминоблокаторлар (циметидин, ранитидин, фамотидин, низатидин), М-холиноблокатор (пирензепин), пепсинмен сұйылтылған хлорсутек қышқылы, табиғи асқазан сөлі

Антацидтік заттар

магния тотығы, алюминий гидрототығы, магний үшсиликаты, маалокс, натрий гидрокарбонаты

Гастропротекторлар

висмут үшкалий дицитраты, мизопростол, карбеноксолон, сукралфат, алмагель

Өт айдайтын заттар

«Аллохол»таблеткалары, холензим, оксафенамид, атропин сульфаты, папаверин гидрохлориді, магний сульфаты, құмдық салаубас гүлдері, жүгері шашақтары

Холелитолитикалық заттар

Урсодезоксихоль қышқылы

Гепатопротекторлар

легалон, эссенциале, адеметионин (гептрал), ЛИВ-52, гепабене

Ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметінің бұзылыстарында қолданылатын заттар

панкреатин, панкурмен, панзинорм форте, фестал, дигестал, мезим форте, панкреофлат, панцитрат, креон, апротинин (контрикал).

Ішек диспепсияда қолданылатын дәрілік заттар

метоклопрамид, домперидон, дротаверин, пинаверия, мебеверин, симетикон (дисплатил), магний

сульфаты, белсендендірілген көмір, бифидумбактерин, лактобактерин, линекс, лактулоза, хилак

форте, колипротейлік бактериофаг, форлакс (макрогол 4000), бисакодил, сенаде, лоперамид,

прозерин, метоклопрамид, домперидон, М-холиноблокаторлар (атропин, платифиллин)

 

«Несеп-жыныс жүйесі» модулі

Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы емі:бензилпенициллиннің натрий тұзы, феноксиметилпенициллин, ампициллин, уназин (ампициллин+сульбактам), амоксициллин, аугментин (амоксициллин + клавулан қышқылы), амоксиклав (амоксициллин + клавулан қышқылы), карбенициллин, пиперациллин, рокситромицин, азитромицин, цефалексин, цефадроксил, цефуроксим, цефотаксим, цефтазидим, цефепим, цефаклор, цефиксим, гентамицин, амикацин, меропенем, тиенам (имипенем + циластатин), азтреонам, нитроксолин, фурагин (фуразидин), фурадонин (нитрофурантоин), фурамаг (фуразидин + магния карбонат), фосфомицин, фурамаг (фуразидин + магния карбонат), фосфомицин, налидикс қышқылы, пипемид қышқылы, офлоксацин, ципрофлоксацин, пемфлоксацин, ко-тримоксазол

Иммунодепрессантар: дексаметазон, преднизолон, метилпреднизолон, циклофосфамид, хлорбутин, азатиоприн, метотрексат, циклоспорин А, мофетил микофенолаты

Антикоагулянттар, антиагреганттар: дипиридамол, гепарин, варфарин, фениндион

Диуретиктер: маннитол, гидрохлортиазид, индапамид, фуросемид, этакрин қышқылы, спиронолактон, триамтерен

Антигипертензивті заттар:эналаприл, фозиноприл, рамиприл, лозартран, валсартан, верапамил, дилтиазем, амлодипин, пропранолол, атенолол, метопролол, бисопролол, небивалол, карведилол, празозин, доксазозин, метилдопа

Гипертензивті заттар: допамин

Гиполипидемиялық заттар: ловастатин, флувастатин

ҚСЖ түзету үшін қолданылатын препараттар: натрий гидрокарбонаты, глюкоза, инсулин, трисамин

Бүйректің созылмалы жетіспеушілігіне байланысты дамыған анемияларда қолданылатын заттар: эпоэтин-альфа, эпоэтин-бета, феррум Лек (III валентті темірдің полиизомальтозат гидроксиді), венофер (III валентті темір гидроксидінің сахарозалық кешені)

Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінде қолданылатын заттар: кальций карбонаты, кальций глюконаты, кальцитонин, кальцитриол, альфакальцидол, эргокальциферол, кальций-Д3, сорбит, леспенефрил

Жыныс гормондарының препараттары: эстрадиол, этинилэстрадиол, тестостерон пропионаты, менопаузалық гонадотропин, хориондық гонадотропин, фоллитропин альфа, даназол, бусерелин, трипторелин, ципротерон

Несеп-тас ауруында қолданылатын препараттар: уралит У, блемарен, солуран, магурлит, цистенал, цистон, фитолизин, аллопуринол, уросан

Бүйректің жедел жетіспеушілігінде қолданылатын заттар: глюкоза, натрий хлориді, натрий бикарбонаты, реополиглюкин, полиглюкин

 

«Тірек-қимыл жүйесі» модулі

Буындық синдромдарда қолданылатын қабынуға қарсы заттар: парацетамол (ацетаминофен), ибупрофен, диклофенак натрий, напроксен, лорноксикам, нимесулид, мелоксикам, целекоксиб, кетопрофен (кетонал), индометацин, фенилбутазон

Иммунодепрессанттар: метотрексат, лефлуномид, сульфасалазин, гидроксихлорохин (плаквенил), ауранофин, кризанол, пеницилламин, хингамин, циклоспорин, азатиоприн, циклофосфамид, инфликсимаб, ритуксимаб, преднизолон, метилпреднизолон, дексаметазон

Хондропротекторлар:хондроитин сульфаты, глюкозамин

Қаңқаның қалыптасуына әсер ететін және кальций-фосфор алмасуын реттейтін препараттар: кальций глюконаты, кальций карбонаты, кальций цитраы, эргокальциферол, кальцитриол, альфакальцидол, кальций Д3, кальцитонин, этидронат, клодронат, алендронат, памидронат, ибандронат, золендронат, эстрадиол валераты, 17 бета-эстрадиол, тиболон, нандролон

Д витаминінің гипервитаминозында қолданылатын заттар: преднизолон, метилпреднизолон, дексаметазон, токоферол ацетаты, ретинол, фуросемид, аскорбин қышқылы

 

 

Практикалық сабақтарға, студенттердің оқытушының басқаруымен жүретін өзіндік жұмыстарына, студенттің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар

«Жүйке жүйесі» модулі

«Жүйке жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1.Тақырыбы: «Жедел және созылмалы ми қанайналымы бұзылысында қолданылатын заттар»

2. Мақсаты:Патологиялық үрдістерді реттеуге бағытталған ми қан айналымы бұзылыcы кезінде қолданатын препараттар тобының фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктеріне арналған білімдерін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері

Когнитивті компетенция

1. Ми қан айналымы бұзылысы кезінде қолданатын дәрілік препараттардың жалпы сипттамасына арналған білімдерін меңгеру, әсер ету механизмін, заттардың негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін түсіну

2. Емнің тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әр түрлі мүшелерінің және жүйелерінің қызметін бағытап өзгерту үшін дәрілік заттарды таңдауға үйрену.

3. Әр түрлі патологиялық жағдайлар және аурулар кезінде дәрілік қалыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену.

4. Қолдануға қарсы көрсетулерді анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу.

5. Негізгі фармакологиялық әсерлерін күшейту үшін дәрілік заттардың жұптасуын таңдауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Бастапқы білім деңгейін бағалау – 10 мин.

· Инновациялық әдісті қолдану арқылы тақырыптың негізгі сұрақтарын бақылау – 37 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы – 25 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 20 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Мидың қанмен қамтамасыз етуін жақсартатын заттар. Жіктелуі.

2. Ми қанайналымының жедел бұзылысы кезінде қолданылатын препараттардың әсер ету принциптері. Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

3. Ми қанайналымының созылмалы бұзылысы кезінде препараттарды тағайындаудың негізгі принциптері. Негізгі препараттардың фармакологиялық тұрғыдан бағалау.

4. Ми қанайналымы бұзылысы кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде қолданылатын заттар (базистік ем). Жіктелуі.

5. Ми қанайналымының жедел бұзылысы кезіндегі патогенетикалық емнің (ауруханалық емдеу) негізгі бағыттары

6. Нейропротективті заттар. Біріншілік нейропротекция. Емдеудің негізгі бағыты. Препараттардың әсер ету принциптері.

7. Екіншілік нейропротекция. Емдеудің негізгі бағыты. Препараттардың әсер ету принциптері.

8. Нейрометаболикалық заттар. Ноотропты заттардың әсер ету ерекшеліктері. Жіктелуі.

5. Оқыту әдістері:тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, нұсқаулықтар бойынша тапсырмаларды шешу және қорытынды беру, талдауымен және бір реттік мөлшерін анықтауымен бірге рецепт жазу, пікірталастар, кіші топтарда жұмыс жасау, көрнекті құралдармен жұмыс жасау, кейс-стади.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии .\ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

 

Бағдарламалық препараттар:фибриноген, аминокапрон қышқылы, контрикал, транексам қышқылы, ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, тиклопидин, пентоксифиллин, абциксимаб, клопидогрель, гепарин, фраксипарин, варфарин, стрептокиназа, стрептодеказа, урокиназа, алтеплаза, токоферол ацетаты, мексидол, аскорбин қышқылы, пирацетам, аминалон, пантогам, пиридитол, глицин, семакс, церебролизин,циннаризин, нимодипин, эуфиллин, винпоцетин, ксантинол никотинаты, ницерголин, цитиколин, маннит, диакарб, фуросемид

 

7.Бақылау:тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу.

Тесттік тапсырмалар

Тест №1. Ми қанайналымының жедел бұзылысында (ишемиялық инсультте) қолданылатын препараттар:

1.Гепарин

2.Пирацетам.

3.Пентоксифиллин.

4.Карбамазепин

5.Викасол

6.Метилпреднизолон

7.Дибазол

8.Реополиглюкин

Тест№2. Ми қанайналымының жедел бұзылысында (геморрагиялық инсультте) қолданылады:

1. Гепарин

2. Викасол

3. Дипиридамол

4. Аминокапрон қышқылы

5. Фуросемид

Тест №3. Нимодипин жатады:

1.L-типті кальций каналдарының тежегіштеріне

2.Барвинок алколоидтарының туындыларына

3.Қастауыш алколоидтарының туындыларына

4.Никотин қышқылының туындыларына

5.Ксантин туындыларына

6.Өсімдік тектес заттарға

7.Ми қан айналымын жақсартатын заттарға

8.Ми қан айналымының ишемиялық бұзылыстарында қолданылатын заттарға

Тест №4. Тобын анықтау. Мидың зат алмасу үрдеістері мен қанайналымына оң әсерін тигізеді. Тотығу-тотықсыздану үдерістерін ынталандырады, мидың ишемияланған бөлімдерінде қанайналымды жақсартады. Жүйке жүйесінің түрлі ауруларында, тамырлық аурулар, мидың алмасу үрдістерінің бүзылуына байланысты дамыған ауруларын емдеуде, сондай-ақ геронтологиялық практикада қолданылады:

1.Тыныштандырғыш заттар

2.Психостимуляторлар

3.Ноотропты заттар

4.Нейролептиктер

5.Қабынуға қарсы заттар

6.Иммунодепрессивті заттар

7.Протеолиз ингибиторлары

8.Аналептикалық заттар

Тест №5. Ми қанайналымын жақсартатын зат:

1.Нимодипин

2.Винпоцетин

3.Ницерголин

4.Ксантинол никотинаты

5. Магний сульфаты

6. Карбамазепин

7. Токоферол ацетаты

8. Мексидол

Тест № 6. Пирацетамға тән әсерлер:

1. Тырысуға қарсы

2. Гипертензивті

3. Депрессияға қарсы

4. Тыныштандырғыш

5. Психоынталандырғыш

6. Антигипоксиялық

7. Ноотропты

8. Ісікке қарсы

Тест № 7. Миотропты спазмолитикалық әсерге ие:

1.Пентоксифиллин

2.Эуфиллин

3.Маннит

4.Церебролизин

5.Актовегин

6.Глицин

7.Гепарин

8.Кавинтон

Тест № 8. Антикоагулянттық қасиетке ие препараттар:

1.Варфарин

2.Ацетилсалицил қышқылы

3.Клопидогрел

4.Дипиридамол

5.Викасол

6.Гепарин

7.Неодикумарин

8 .Аминолон

Тест №9. Қастауыш алколоидтарының туындысы,миотроптық спазмолитикалық белсенілігі бар препарат:

1. Нимодипин

2. Циннаризин

3. Винпоцетин

4. Ницерголин

5. Пирацетам

6. Топиромат

7. Апрессин

8. Эуфиллин

Тест №10. L-типті кальций каналдарының тежегіштеріне жатады:

1.Аминолон

2.Пентоксифиллин

3.Папаверин гидрохлориді

4.Нимодипин

5. Винпоцетин

6. Циннаризин

7.Флунаризин

8. Ницерголин