Ломустин, кармустин 5. циклофосфан, меркаптопурин 9 страница

3. Әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданылатын дәрілік қалыптарды таңдау, оларды қолдануға көрсетулер, препараттарға рецепт жаза білу;

4. Препараттарды қолдануға қарсы көрсетулерді анықтау, дәрілердің жағымсыз әсерлерінің дер кезінде алдын алу;

5. Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу мақсатында және емдік әсерді күшейту үшін тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жұптастырып қолдануды таңдау.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жіктелуі.

2. Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың әсер ету механизмі.

3. Органикалык нитраттардың әсер ету ұзақтығына байланысты ажыратылатын ерекшеліктері.

Енгізу жолдары. Жанама әсерлері.

4. Жүректің ишемиялық ауруын (ЖИА) емдеуде антикоагулянттар, антиагреганттар, фибринолитиктердің қолдануға негізгі көрсетулер.

5. Антиангиналды әсер көрсететін басқа фармакологиялық топтың препараттары.

6. Миокард инфарктын емдеудің негізгі принциптері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:тақырыптың негізгі маселелерін ауызша қарастыру, тест тапсырмаларын орындау, жағдайлық есептерді шешу, кесте, сурет, сызбаларды талдау, рецепті талдаумен жазу, бір реттік дозасын есептеу, интерактивті бағдарлама бойынша мультимедиялық оқулар жүргізу.

Бағдарламалық препараттар:нитроглицерин, нитронг, изосорбид мононитраты, изосорбид динитраты, пропранолол, метопролол, валидол, верапамил, дилтиазем, нифедипин, триметазидин, милдронат, никорандил, алинидин, ивабрадин, ацетилсалицил қышқылы, морфин гидрохлориді, промедол, гепарин, стрептокиназа, стрептодеказа, альтеплаза, фентанил, дроперидол, мезатон

Дебиеттер

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии .\ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

7. Бақылау

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау

2. Тесттік тапсырмаларды орын

Тесттік тапсырмалар:

Тест №1. Кардиопротекторлық препараттарға жатады:


1.Пропранолол

2. Триметазидин

3. Валидол

4. Нитроглицерин

5. Изосорбид мононитраты

Тест№2. Стенокардия ұстамасын жоюға арналған антиангинальді зат:


1. Дигоксин

2. Триметазидин

3. Нитроглицерин

4. Пропранолол

5.Дилтиазем

Тест№3. Препаратты анықтау: антиангиналды әсері бар органикалық нитрат, әсері 1-3 мин басталып 30 мин. созылады, шеткі қарсыластықты төмендетеді, артериялық қысымды түсіреді, миокардтың оттегіге қажеттілігін азайтады, жүректің жұмысын төмендетеді, бас ауруы, АҚ төмендеуі мен рефлекторлы тахикардия шақырады:

1. Пропранолол

2. Дилтиазем

3. Валидол

4. Нитроглицерин

5.Изосорбидмононитраты

Тест №4.Триметазидинге тән:

1. Тәждіктамырларды кеңейтеді және миокардқа оттегінің келуін жоғарылатады

2. Кардиомиоциттердің энергетикалық балансын қалпына келтіреді

3. Кардиомиоциттердіңгипоксияға тұрақтылығын жоғарылатып, кардиопротекторлық әсерің көрсетеді

4. Стенокардия ұстамасының тоқтату үшін тағайындалады

5. Стенокардияұстамасының алдын алу үшін тағайындалады

Тест №5 «Антиангиналды әсер» терминіне дұрыс анықтама беріңіз:

1.Миокардтың оттегіге қажеттілігі мен оттегінің миокардта жұмсалуының арасындағы сәйкессіздікті жояды.

2. Жүрек ритмінің қалыптасуы

3.Оттегінің миокардпен жұмсалуын азайту

4.Артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі.

5.Мидың гипоксияға және басқа жайсызфакторларға қарсы қорғанышы.

Тест №6. Органикалық нитраттардың әсер ету механизмін көрсетіңіз:

1. Баяу кальций каналдарынтежелуі

2. Кальций, натрий каналдарыныңжәне де адренорецепторлардың тежелуі, тәждік тамырлардың рефлекторлы кеңеюі.

3. Азот монооксидінің жеткіліксіздігін толықтыру кальцийдің мөлшерінің азаюына алып келеді

4. Миокардқа жүктеменің азаюы, тегіс салалы бұлшықеттердің қантамырларының кеңеюі

5. Миокардтық энергетикалық зат алмасуын күшейту.

Тест №7. Стенокардия ұстамасының тоқтату үшін қолданылатын зат

1. Дилтиазем

2. Нитроглицерин

3. Триметазидин

4. Гепарин

5. Нифедипин

Тест№8. Нитроглицериннің әсері басталады

1. 2-6 сағаттаң кейін

2. 1-2 мин кейін

3. 30 мин кейін

4. 1 сағаттан кейін

5.5-10 мин кейін

Тест№9. Органикалық ниттраттарға тән, молекуласында никотинамид және –О-NO2 тобының фрагменттері бар антиангиналды зат

1. Дилтиазем

2. Пропранолол

3. Валидол

4. Никорандил

5. Нифедипин

Тест№10. Триметазидиннің әсер ету механизмі:

1. Аденозиндік рецепторларды тежейді

2. 3-кетоацил КоА тиолаза ферментінің изоформасының ингибиторы

3. М-холиноблокатор

4. Кальций өзекшелерінің тежегіші

5. Бета-адреноблокатор

№ 2 Сабақ

1.Тақырыбы: «Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын заттар»

2.Мақсаты: Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы ерекшеліктеріне сәйкес препараттарды таңдау принциптерін үйрету.

3.Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция

1.Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін үйрену.

2.Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын заттарды ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылыстарына байланысты емдік әсерін күшейту мақсатында қолдануды үйрену. 3.Препараттардың дәрілік қалыптарды таңдау, оларға рецепт жаза білу.

4.Препараттарды қолдануға қарсы көрсетулерді анықтау, дәрілердің жағымсыз әсерлерінің дамуының дер кезінде алдын алуға үйрену.

5.Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу мақсатында және емдік әсерді күшейту үшін артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын заттарды жұптастырып қолдануды үйрену.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын заттардың жіктелуі.

2.Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін заттар, әсер ету механизмдері, қолдану ерекшеліктері.

3.Вазопептидаза тежегіштері, сипаттамасы.

4.Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын диуретиктер, препараттарының салыстырмалы сипаттамасы.

5.Кальций каналының тежегіштері, әсер механизмдері, қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері.

6.Нейротропты заттар – бета-адреноблокаторлар, сипаттамасы, таңдау принциптері.

7. Гипертензивті кризде қолданылатын препараттар.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:тақырыптың негізгі маселелерін ауызша қарастыру, тест тапсырмаларын орындау, жағдайлық есептерді шешу, кесте, сурет, сызбаларды талдау, препараттарға рецепт жазу және талдау

Бағдарламалық препараттар:пропранолол, метопролол, нифедипин, каптоприл, гидрохлортиазид, амлодипин, фуросемид, атенолол, небивалол, бисопролол, эналаприл, фозиноприл, лозартан, индапамид, омапатрилат

Есте сақтауға арналған препараттар:эналаприл, метопролол, нифедипин, фуросемид, индапамид.

 

Дебиеттер

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2015. - 1056 б.

2. Клиническая фармакология \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012. - 488 б.

6. Антигипертензивные средства. Аксенов Н.А. «СпецЛит». -2011. -47 бет.

7. Бақылау:

Келесі компетенциялар бағаланады: когнитивті, операционалды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау және тесттік тапсырмаларды орындау.

5. Артериалдық гипертензия синдромында қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жазу және

талдау.

Тесттік тапсырмалар

Тест №1. Пропранололдың антигипертензивті әсері байланысты:

1. Бета-адреноблокаторлық әсеріне

2. Тыныштандырғыш әсеріне

3. Кардиотоникалық әсеріне

4. Антиангиналды әсеріне

5. Ганглиоблокаторлық әсеріне

Тест №2. Ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторлары:

1. Лозартан

2. Варфарин

3. Каптоприл

4. Дипиридамол

5. Метопролол

Тест №3. Бета адренорецепторлардың тежегіштеріне жататын препараттар:

1. Пропранолол

2. Нитроглицерин

3. Валидол

4. Дилтиазем

5. Индапамид

Тест №4. Кальций каналдарының тежегіштерінің әсер ету механизмін көрсетіңіз:

1. Тәждік тамырлардың рефлекторлы кеңеюі

2. Орталық имидазолиндік рецепторлардың тежелуі

3. Азот монооксидінің жеткіліксіздігінің орнын толықтыру, жасуша ішіндегі кальцийдің мөлшерінің азайып, тамырлардың кеңеюіне және жүректің жұмысының төмендеуіне әкеліп соғады.

4. Кальций иондарының баяу кальций өзекшелерімен ағуының тоқтауы.

5. Пресинапстық мембранадағы норадреналиннің қорының азаюы.

Тест №5. Су-тұз алмасуына ықпал ететін зат

1. Гепарин

2. Варфарин

3. Каптоприл

4. Дипиридамол

5. Гидрохлортиазид

Тест №6. Нифедипинге тән әсерлер:

1. Тыныштаңдырғыш

2. Кардиотоникалық

3. Гипотензивті

4. Аримияға қарсы

5. Зәр айдағыш

Тест №7. Ангиотензинге айналдырушы ферменттің ингибиторлары

1. Эналаприл

2. Каптоприл

3. Омапатрилат

4. Фозиноприл

5. Гидрохлортиазид

Тест №8. Лозартан:

1. Ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы

2. Ангиотензин ІІ-нің рецепторлардың тежегіші

3. Симпатолитик

4. Кальций каналдарының тежегіші

5. Диуретик

Тест №9. Фозиноприлдің әсер ету механизмі:

1. Ангиотензиндік рецепторлардың тежегіші

2. Бета-адренорецепторлардың тежегіші

3. Аденозиндік рецепторлардың тежегіші

4. Ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы

5. Альфа-адреноблокатор

Тест № 10. Ренин- ангиотензин жүйесіне өсер ететін препарат

1. Лозартан

2. Гепарин

3. Дипиридамол

4. Фозиноприл

5. Пропранолол

№3 сабақ

1. Тақырыбы: «Жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттар».

2. Мақсаты: негізгі жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция

1. Жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

4. Аритмияны емдеудің тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

5.Аритмияның түрлерінде дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (100 мин)

· Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

· Студенттердің өзіндік жұмысы -30 мин

· Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -35 мин

· Білімнің соңғы деңгейін тексеру -25 мин

· Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

· Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 2 мин

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттардың жанама әсерлері, басқа препараттармен өзара әсерлесуі.

 

2. Білім беру және оқыту әдістері:ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, Жүрек ырғағы бұзылыстарының түрлері.

3. Жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттардың жіктелуі.

4. Препараттардың жеке топтарының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы.

5. Жүрек ырғағы бұзылыстары фармакотерапиясының негізгі принциптері.

6. Жүрек ырғағы бұзылысы синдромында қолданылатын заттардың әсер ету механизмі.

7. Жүрек ырғағы бұзылыстарының түрлерінде қолданылатын препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

5.Жүрек нұсқаулықтар бойынша тапсырмаларды шешу және қорытынды беру, талдауымен және бір реттік мөлшерін анықтауымен бірге рецепт жазу, пікірталастар, кіші топтарда жұмыс жасау, көрнекті құралдармен жұмыс жасау.

 

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии .\ Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

 

Бағдарламалық препараттар: хинидин сульфаты, новокаинамид, лидокаин, амиодарон, флекаинид, этмозин, верапамил, аймалин, дифенин, фалипамил, пропранолол, атенолол, метапролол, изадрин, адреналин гидрохлориді, эфедрин гидрохлориді, дигоксин, аденозин, атропин сульфаты, калий хлориді, аспаркам, панангин.

7. Бақылау.

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2. Тесттік тапсырмаларды орындау

Тесттік тапсырмалар

Тест №1. Хинидин сульфаты:

1. I топтың, ІА топшаның мембрана тұрақтандырушы заттар

2. Ганглиоблокатор

3. α 1 – адреноблокатор

4. Кальций каналының тежегіші

5. β-адреноблокатор

Тест №2. Новокаинамид

1. Натрий өзекшесінің (каналының) тежегіші

2. Ганглиоблокатор

3. α 1 - адреноблокатор

4. β-адреноблокатор

5. М – холиноблокатор

Тест №3. Лидокаин

1. Реполяризация ұзақтығын арттыратын зат

2. β-адреноблокатор

3. Натрий каналыныңтежегіші, IВ топшасы

4. Калий каналының тежегіші

5. Кальций каналының тежегіші

Тест №4. Верапамил

1. Бета - адреноблокатор

2. Калий өзекшесінің (каналының) тежегіші

3. Кальций өзекшесінің (каналының) тежегіші

4. Ганглиоблокатор

5. α 1 - адреноблокатор

Тест №5. Дифенин

1. Калий каналының тежегіші

2. Натрий каналының тежегіші, IВ топшасы

3. Кальций каналының тежегіші

4. α 1 - адреноблокатор

5. Ганглиоблокатор

Тест №6. Верапамилдің жанама әсерлері

1. Ұйқы безінің дисфункциясы

2. Артериялық қан қысымының жоғарылауы

3. Жүрек жетіспеушілігі

4. Жүрекше-қарыншалық тосқауыл

5. Ототоксикалық әсер

Тест№7. Амиодаронның жанама әсерлері

1. Қалқанша безінің дисфункциясы

2. Шамадан тыс брадикардия

3. Зәрдің қою сары түске боялуы

4. Фотодерматиттер

5. Тахикардия

Тест №8. «Аритмияға қарсы әсер» терминіне дұрыс анықтама беріңіз:

1. Жүрек ырғағының артуы

2. Жүрек ырғағының баяулауы

3. ЖИА симптомдарын жою

4. АҚ төмендеуі

5. Жүрек ырғағының қалыпқа келуі

Тест №9 Аритмияға қарсы әсері бар кальций антагонисті

1. Амиодарон

2. Верампамил

3. Дилтиазем

4. Новокаинамид

5. Хинидин

Тест №10 Фалипамилдің аритмияға қарсы әсерінің механизмі

1. Синустық түйінде натрий мен калийдің ағысын бөгеу

2. Кальций өзекшесінің тосқауылы

3. Бета-1-адренорецепторларды бөгеу

4. Симпатикалық иннервацияны ынталандыру

5. Циклдық АМФ жинақталуы

«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1. Тақырыбы: «Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттар»

2. Мақсаты: артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың фармакокинетикасы мен және фармакодинамикасының ерекшеліктері бойынша білімді қалыптастыру, артериалды гипотензия кезінде тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу

3. Оқыту міндеттері:

1. Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың қолданылуын және жанама әсерлерін анықтау

3. Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың жеке препараттарының негізгі әсерлерін күшейту және жанама әсерлерін жою мақсатында препараттарды жұптастыруды таңдау

4. Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың дәрілік қалыптарын және енгізу жолдарын таңдау.

4. Оқыту әдістері:барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Артериалды гипотензия фармакотерапиясының негізгі принциптері

2. Артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттартардың жіктелуі . Әсер ету механизмі және орны

3. Негізгі артериалдық гипотензия синдромын емдеуге арналған заттардың жалпы сиппатамасы (адреномиметиктер, ангиотензин рецепторларды ынталандыраттын заттар, жалпы тонусты жоғарылататын заттар)