Ішкі суда жүзу кемелерін сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

318. Кемелерді сумен жабдықтау көздеріне орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су құбырлары, су құйғыш кемелер, борттың сыртындағы су (шартты таза қара сулар, теңіз суы) жатады. Кемеге шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суды жағадағы орталықтандырылмаған су көздерінен қабылдауға жол берілмейді.
319. Шаруашылыққа және ауыз суға қажеттілік үшін № 209 бұйрыққа сәйкес келетін су беріледі.
320. Ауыз су тұрғын үй-жайлардың, ас блогының, медициналық үй-жайлардың, барлық су тарату нүктелеріне, сатураторларға және ас блогының су қайнатқыштарына, тағам қоймасының тамбурларына беріледі.
321. Кемедегі ауыз сумен жабдықтау жүйесі бірыңғай және санитариялық жабдықтың шаю құрылғысына, жүзу бассейндеріне берілетін, палубаның сыртын жууға арналған борттық су жүйесінен бөлек болады.
322. Шлангілер айына бір реттен сиретпей дезинфекцияланады, жеке үй-жайларда немесе арнайы әбдірелерде сақталады, ұштары қапталады және тиісті таңбасы болады. Сақталу кезінде ұшындағы бұрама гайкалары көлеміне бітеуішпен жабылады. Кемеге су қабылдаған кезде судың қайталама ластануын болдырмайтын барлық жалғауыштардың тұтастығы қамтамасыз етіледі. Шлангілерді және су сорғыларды басқа мақсатта пайдалануға жол берілмейді.
323. Су құйылған кеме цистерналарында «Ауыз су», «Техникалық су» деген таңба болады.
324. Борттың сыртынан су дайындауға арналған кеме станцияларының жабдығы мен құбырлары, суды тазартуға және зарарсыздандыруға дейінгі құрылғылар тексеру және жөндеу үшін қолжетімді болып көзделеді.
325. Кеменің бес тәуліктен астам су қорын сақтау үшін ауыз су мен техникалық суға арналған резервуарлары зарарсыздандыру құралдарымен жарақтанадырылады.
326. Кемелердің шаруашылық және ауыз сумен жабдықтауға арналған суын зарарсыздандыру үшін бортқа суды қабылдау және қорытынды дезинфекциялау кезеңінде жүргізіледі.
327. Суды зарарсыздандыру үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген әдістер мен құралдар пайдаланылады.
328. Кеменің сумен жабдықтау жүйесіне зарарсыздандырылмаған суды беруге, сондай-ақ танкілерде зарарсыздандырылмаған дайындалған суды жағадан алынған сумен араластыруға жол берілмейді.
329. Дайындалған суды зарарсыздандыру дайындалғаннан кейін тікелей, оны сақтау үшін цистерналарға беру алдында жүргізіледі.
330. Борттың сыртындағы теңіз суынан алынған ауыз суды дайындау станциясында суды тұщыту, минералдау және зарарсыздандыру қондырғыларының болуы көзделеді. Шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суды дайындау үшін теңіз суын алу кеме жағадан кемінде 25 миль қашықтықтан және кеме түбінен тереңдік кемінде 2,5 м болғанда жүргізіледі.
Кемелердің тұрағы ұзақ (үш күннен артық) болған жағдайда, бес кемеден артық кеме жиналған аумақта, кемелер аралары 50 м қашықтықта керуенмен жылжығанда теңіз суын қабылдауға жол берілмейді.
331. Кеменің тұщытылған судың минерализаторы орналасқан үй-жайда салқын және ыстық су келтірілген қолжуғыш орнатылады, жеке гигиена құралдарымен (сүлгі, сабын), тұз жинағы салынған қаптамаларды таратып салатын және ашатын үстел, жинақты ашуға арналған аспаптармен жабдықталады.
332. Теңіз суын тұщыту кезінде судың тұзы және минералдануын бақылау көзделеді. Судың тұзы 20 мг/л, минералддануы – 250-500 мг/л-ден артық болмауы тиіс, техникалық суды 100 мг/л төмендетуге жол беріледі.
333. Кеме станциясында теңіз суынан дайындалған су бес тәуліктен артық сақталмайды. Суды бес тәуліктен артық сақтау кезінде пайдалану алдында су қосымша зарарсыздандырылады.
334. Кемеде минералдауға арналған тұздың қорын сақтайтын сөрелермен жабдықталған, ауа температурасы 25ҮС-тан жоғары емес үй-жай көзделеді. Тұздың жиынтық қорын жоғарыда көрсетілген талаптар сақталған кезде кеменің тағам сақтайтын қоймаларының бірінде сақтауға жол беріледі.
335. Шаруашылық-ауыз суды сақтауға арналған цистерналарды, гидро фораларды, сүзгіштің ішкі қуыстарын тексеру ластануына байланысты, бірақ жылына екі реттен сиретпей (көктемде және күзде) жүргізіледі.
336. Сумен жабдықтау жүйесі:
1) суды сақтауға арналған сыйымдылықтарды тексеру, тазалау, бояу аяқталған кезде;
2) кеме салу немесе сумен жабдықтау жүйесін қайта жабдықтау аяқталған кезде;
3) навигация арасындағы тұрақ аяқталған кезде;
4) екі мәрте зарарсыздандырғаннан кейін судың микробиологиялық қасиеттері бойынша талаптарға сәйкес болмаған кезде;
5) эпидемиологиялық көрсеткіштер бар болған кезде дезинфекциялануға жатады.
337. Сумен жабдықтау жүйесін тексеру, дезинфекциялау, жуу аяқталғаннан кейін судың сапасына зертханалық бақылау жүргізіледі.

Ішкі суда жүзу кемелерінің жылыту, желдету, ауаны баптау және жарықтандыру жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

338. Кеме үй-жайларында осы Санитариялық қағидаларға 22-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес микроклимат жағдайы жасалады.
339. Жылыту аспаптарының конструкциясы шаңнан ыңғайлы тазартуды қамтамасыз етеді.
340. Ауамен жылыту жүйесінде ауаның кіруін қолмен реттеу көзделеді. Үй-жайға берілетін ауаның температурасы +40ОС-тан жоғары емес температураны ұстап тұрады.
341. Барлық кеме үй-жайлары табиғи немесе жасанды іске қосылатын алмастыратын тарту-шығару желдеткішпен жабдықталады. Жылы кезеңде үй-жайға берілетін (есептелетін ауа алмасуы) ауаның көлемі осы Санитариялық қағидаларға 22-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес есептеледі немесе қабылданады.
342. Жылыту және желдету жүйелерімен жабдықталған кеме үй-жайларындағы микроклиматтық жағдайлар осы Санитариялық қағидаларға 22-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес қабылданады.
343. Бас қозғалтқыштардың қуаты 1500 киловаттан (бұдан әрі – кВт) жоғары кемелерде, климатта шектеусіз жыл бойы пайдалануға арналған кемелерде ауа баптау жүйесі көзделеді.
344. Ауа сору құрылғылары оларға ластанған ауаның, газдың және судың түсуіне жол берілмейтін орындарда орналасады.
345. Жасанды желдеткіштің ішке сору жүйелерінің, егер олардың ауа өткізгіштері ауамен жылыту үшін пайдаланылмаса, жылдың салқын мезгілінде ауаны жылыту және температураны реттеуге арналған құрылғысы болады.
346. Ауаны ішке сору табиғи түрде көзделген каюталарда және жолаушылар салонында ауа алмасуды реттеу үстелге қойылатын немесе төбеге қондырылған желдеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Каюталардан және жолаушылар салонынан ауаны ішке сорып сыртқа шығару есіктің желдеткіш саңылаулары (торлары) арқылы көзделеді.
347. Асханаларда және мейрамханаларда ішке сору-сыртқа шығару саңылауларын орналастыру үй-жайдың жалпы көлемін біркелкі желдетуді қамтамасыз етеді. Камбузда жасанды ауаны ішке сору-сыртқа шығару желдеткіші ауаның сыртқа шығарылуының ішке кіруден басым болуын қамтамасыз етеді.
348. Кеменің кезекші үй-жайларында тұрмыстық электр плиталары болғанда тұрмыстық электрлі ауа тазартқыштар орнатылады. Камбуздағы плиталардың үстіне иілген, ауа соратын шатырларды орнатуға жол берілмейді.
349. Машина (машина, қазандық, сорғы бөлімшелері, тоңазытқыш машиналарының үй-жайлары) үй-жайларында ауа алмасуды ұйымдастыру кеменің тұрғын, қоғамдық, қызметтік үй-жайларына ластанған сору ауасының түсуін болдырмайды.
350. Медициналық үй-жайларға орталық желілерден ішке сору-сыртқа шығару ауа өткізгіштерімен ауа беру кезінде жүйе жұмыс істемей қалған кезде медициналық үй-жайлардан ауаның шығарылуын болдырмайтын құрылғы көзделеді.
351. Барлық кеме үй-жайларында аралас немесе ортақ жасанды жарықтандыру көзделеді. Ішкі жүзу кемелерінің негізгі үй-жайлары мен жұмыс орындарында жасанды жарықтандыру осы Санитариялық қағидаларға 25-қосымша нормаларына сәйкес болады.
352.Тұрғын, қоғамдық және қызметтік үй-жайларда табиғи жарықтандыру коэффициентінің мынадай мәндері қамтамасыз етіледі: кеменің корпусына орналасатын экипаждың тұрғын үй-жайларында – 0,2, қондырмада – 0,5, экипаждың қоғамдық үй-жайларында – 1,0, штурман бөлмесінде және радиорубкада – 1,5.
353.Жасанды жарықтандыру үшін қызу шамдары және люминесценттік шамдар пайдаланылады. Жүріс және штурман рубкаларында лоцман карталарының және аспаптарының жергілікті жарығы көзделеді.