Жастағы науқас бала З. 1 страница

ЕСЕП

Науқас 63 жаста .

Шағымдарыжүрек тұсында ұстама тәрізді қысып, басып ауру сезімі психоэмоционалды күштемеден және аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болады. Ауру сезімі 8-10 минутқа созылып, сол мойынға және жауырын аралығына береді. Нитроглицерин қабылдағаннан соң ауру сезімі бірнеше уақытқа басылады, бірақ бірнеше уақыттан кейін қайтадан пайда болады.

АнамнезіндеЖИА мен 5 жыл бойы терапевте Д санақта тұрады. Бұрын ұстамалар 2-3 минут болып нитроглицериннен басылатын.

Объективті : жалпы жағдай орташа ауырлықта. Тері жабындысы бозғылт ылғалды.Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 18 рет. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. АҚҚ 130/80 мм.сб. бғ., пульс минутына 76рет.

ЭКГ: синусты ырғақ,минутына76рет. ЖОЭ қалыпты. V1 - V4 әкетпелерде ST сегменті изолиниядан 2-4 мм төмен ,Т тісшесі теріс.

« Троп-Т» сынағы: теріс.

Болжама диагноз қойыңыз?

Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЕСЕП

Науқас 43 жаста .

Шағымы: ұзақтығы 40 минут қысып ауруына, жүрек тұсында күю сезімі, сол жақ иыққа беріледі, аралас түрдегі ентігу, өлімнен қорқу, қатты әлсіздік, тершеңдік. Психоэмоционалды стрестен кейін ауру сезімі алғаш рет пайда болды. Анамнезі: 2 сағат ішінде жағдайының нашарлауы. Валидол, нитрроглецерин қабылдаған- әсері жоқ. Осы уақытқа дейін АҚҚ 160/100 мм.сб.бғ, жиі көтеріліп тұрған, өздігінен гипотензивті препараттар- каптоприл, нифедипин қабылдаған. Тексерілмеген, Д санақта тұрмайды. Аэропортта диспетчер болып жұмыс істейді. Күніне 1қорап темекі тартады.

Объективті: жағдайы өте ауыр халде. Дене бітімі толық . Басын жоғары көтеріп мәжбүрлі қалыпта отыр. Тері жабындысы бозғылт, мұрын -ауыз үшбұрышында цианоз,суық ылғалды тер басқан. Өкпеде қатаң дыбыс, екі өкпенің төменгі бөліктерінде майда және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар, бірен-саран құрғақ сырылдар. ТЖ минутына 24 рет. Жүрек үндері қатты тұйықталған, ырғақты тахикардия. ЖСЖ минутына 120 рет. АҚҚ 110/80 мм. Сб. бғ. Пульсі минутына 120 рет ырғақты.ЭКГ: синусты тахикардия минутына120 рет. III, avF әкетпелерінде Q тісшесі енді, терең, R ½ үлкен, ST сегменті 4 мм изосызықтан жоғары.

« Троп – Т» сынағы: теріс

1. Болжама диагноз қойыңыз? 2. Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЕСЕП

1. Науқас 59 жаста. Шағымы:кеуде тұсында өте қатты күйдіріп ауру сезіміне, (аурудан ыңырсиды), екі қолға берілуіне, ұзақтығы бір сағаттан көп, тершеңдік, өлімнен қорқу, қатты әлсіздік.

Анамнезі:4-5 сағат ішінде жағдайы нашарлаған. Басында әлсіз ауру сезімі біртіндеп басталған, шыдатпайтын ауру сезіміне дейін күшейген. Нитроглицерин қабылдаған- әсері жоқ. ЖИА тұрақты кернеулі стенокардия ФК ІІ диагнозымен Д санақта терапевтте тұрады. Кардикет, предуктал, кардиомагнил қабылдайды. ЖОО-да мұғалім болып істейді. Күніне бір қорап темекі шегеді.

Объективті: Жағдайы өте ауыр. Есі айқын. Тері жабындылары бозғылт, мәрмәр тәрізді, денесін тер басқан. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ЖСЖ минутына 120рет. Жүрек үндері тұйық, ырғақты, тахикардия. АҚ 80/60 мм сб.сғ., пульс минутына 120 рет ырғақты,тамырдың толымы мен кернеулілігі әлсіз.

ЭКГ: синусты тахикардия минутына 120рет. I, avL әкетпелерінде терең , кеңейген Q тісшесі, ST интервалы 4 мм көтерілген, V 2- V5 әкетпелерінде QS комплексі, ST сегменті изосызықтан 6 мм жоғары.« Троп – Т» тесті - оң

Болжама диагноз қойыңыз?

Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№4 ЕСЕП

Науқас 53 жаста.

Шағымы: жүректің шалыс соғуына және тоқтап қалу сезімі, жүрек жиі соғуы, әлсіздік, жүрек аймағындағы қысып ауру сезімі.

Анамнезі: 2 сағат ішінде ырғақ бұзылысы, өздігінен 20мг анаприлин тіл астына, аспаркам қабылдаған, әсері жоқ. ЖИА, инфаркттанкейінгі кардиосклероз (2007г.), тұрақты кернеулі стенокардия, аритмия диагнозымен Д санақта терапевтте тұрады. Анаприлин, аспаркам, кардиомагнил қабылдайды. Бұрын бірнеше рет ұстамалар болған, жедел жәрдем көмектесетін.

Объективті:жағдайы орташа ауырлықта. Есі айқын. Тері жабындылары қалыпты, құрғақ. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 18рет. Жүрек үндері анық, ырғағы дұрыс емес. АҚ 110/80 мм.сб.сғ. Пульсі минутына 106рет, ырғақсыз, толуы мен кернеулілігі қанағаттанарлық. Іші жұмсақ , ауру сезімсіз.

ЭКГ:ырғағы дұрыс емес, әрбір үшінші қарыншалық комплекс 0,12сек дейін кеңейген, деформацияланған, R-R-олардың алдында қысқарған, одан кейінгі үзіліс ұзарған, Р тісшесі олардың алдында жоқ.

Болжама диагноз қойыңыз?

Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА  
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЕСЕП

Наукас 34 жаста.

Жүрегінің жиі және шалыс соғуына, әлсіздікке, бас айналуына, ауа жетпеу сезіміне шағымданады.

Анамнезі:Осы жағдайының мазалағанына 10-12 сағат болған. Өздігінен 2 рет верапамил, 1 таблетка дигоксин, валерианка экстрактасын қабылдаған. Жағдайының нашарлауын жүйке-психикалық стресспен байланыстырады. Көп жылдан бері диффузды токсикалық зобпен ауырып, жүрек жиі соғу ұстамасы мен АҚ көтерілуі оқтын-оқтын мазалайды. Эндокринологта ем қабылдайды.

Объективті : Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі айқын. Белсенді қалыпта. Дене бітімі арық. Жүрек үндері қатты, ырғағы дұрыс емес, жүрек ұшында қысқа систолалық шу. АҚҚ 130/80 мм.сн.бғ. ЖСЖ минутына 108 рет,Пульс минутына 86 рет, ырғақсыз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 20 рет. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры мен көк бауыры ұлғаймаған.

Қалқанша шеміршегінің аймағында мойында деформация бар.

ЭКГ:Р тісшесі жоқ, ІІ, ІІІ, AVF,V1 де f толқындары анықталады,қарыншалардың жиырылу жиiлiгi минутына 80-108 рет.

Болжама диагнозды қойыңыз?

Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЕСЕП

Наукас 52 жаста ер кісі.

Шағымдары: әлсіздік, кеуде қуысындағы ыңғайсыздық сезімі, жүрегінің тоқтап қалу сезімі, бас айналу.

Анамнез:осы жағдай 2 күннен бері мазалайды. Корвалол, валидол, нитросорбит қабылдаған. Жағдайының нашарлауын ешнәрсемен байланыстырмайды. 2009 жылы атриовентрикулярлы блокадамен асқынған миокард инфарктін алған, Оқтын-оқтын брадикардия ұстамалары болған, кордафен қабылдап, атропин иньекциясын алғаннан соң басылатын. Күнделікті ем қабылдамайды.

Обьективті: жағдайы орташа ауырлыкта. Есі айкын, белсенді қалыпта. Өкпесінде: тынысы везикулярлы,сырылдар жок,ТЖ 18 рет мин. Жүрек үндері айқын, ырғақсыз, брадикардия 38 рет мин. АҚ 110/60 мм.сн.бғ. пульс 38 рет мин, толуы және кернеулілігі қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған

ЭКГ: дұрыс емес синусты ырғақ, ЖЖЖ 38 рет мин, ЖЭО көлденең қалыпта. Q тісшесі V2 - V4 әкетпелерінде кеңейген, терең. ST сегменті изолинияда. P-Q интервалының біртіндеп ұзарып, QRS комплексі оқтын-оқтын түсіп қалады.

Болжама диагноз қойыңыз?

Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЕСЕП

Науқас 57 жаста. Шағымы: жүрек аймағындағы ұстама тәрізді ауру, кеуде артында шыдатпайтын, 40 минутқа дейін созылатын өте қатты күйдіріп ауру сезімі жауырын аралық аймаққа беріледі. Әлсіздік, суық тер, өлім қорқынышы.

Анамнезі: ауру сезімі 3 сағат бұрын физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Ауру пайда болған кезде қысқа уақытқа есін жоғалтқан. Кетонал, нитроглицерин қабылдаған әсері әлсіз. Оқтын-оқтын АҚ 170/100 мм.сн.бғ. дейін көтерілген, күнелікті ем қабылдамаған. Өз бетінше нифидипин, дибазол қабылдайды. Ұзақ жылдар бойы күніне 10 дана темекі шегеді. 2 ай бұрын ЭКГде өзгеріс болмаған.

Объективті: халі ауыр. Есі айқын, қозулы, аурудан өзіне орын таппайды. Тері жабындысы бозғылт цианозды реңді, суық тер. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Тыныс алу жиілигі 20/мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. АҚ 70/40 мм.сн.бғ. Пульсі минутына 86 рет, толуы мен кернеулілігі әлсіз. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаган.

ЭКГ: дұрыс синусты ырғақ. ЖЭО солға ығысқан. QRS Комплексі 0,14/секундқа ұзарған, ST сегменті барлық әкетпелерде изосызықтан 1-2 мм.ге төмендеген.

« Троп-Т» сынағы- оң.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЕСЕП

Науқас С., 40 жаста.

Шағымдары: қатты әлсіздік, бас айналу, қысқа уақытқа есінен тану, жүрек аймағындағы басып, сыздап ауру сезімі.

Анамнез: ұстама 1сағат бұрын басталған- әлсіздік,бас айналуы, құлап,есінен танған, қысқа уақытты тырысулар болып, еріксіз зәр шығарған. 1жыл шамасында миокардитпен ауырғаннан соң брадикардия ұстамасы 2-3 рет естен танумен болған. Предуктал,кордафен қабылдайды.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта.Есі айқын.Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 18рет. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ минутына 26 рет, АҚ 110/70 мм.сн.бғ., пульс минутына 26 рет, толуы мен кернеулілігі қанағаттанарлық. Іші жұмсақ,ауру сезімсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған.

ЭКГ: жүрекшенің жиырылу жиілігі минутына 80 рет, қарыншаның- 26рет. ЖЭО қалыпты. QRS 0.14сек.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЕСЕП

Науқас 67 жаста. Шагымдары: 1 сағатқа созылған ұстама тәрізді жүрек аймағында ауру сезіміне, кеуде артындағы өте күшті, шыдатпайтын күйдірген ауру сезімі жауырын ортасы аймағына беріледі. Әлсіздік, суық тер, өлімнен қорқу.

Анамнезінде: 3 сағат бұрын ауру сезімі физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Кетонал, нитроглицерин қабылдаған, әсері әлсіз. Оқтын-оқтын АҚ 160/100 мм.с.б. дейін көтеріліп тұрады. Физикалық жүктемеден кейін жүрек тұсында басып ауыратын сезім пайда болатын, жүктемені тоқтатқанда немесе нитроглицерин қабылдағанда басылатын. Күнделікті ем қабылдамаған. АҚ төмендету ушін өз бетінше нифидипин, дибазол қабылдаған. Ұзақ жылдар бойы күніне 20 темекіге дейін шегеді. Объективті: жағдайы ауыр. Есі айқын, науқас қозулы, аурудан өзіне орын таппайды.Тері жабындылары суық, бозғылт, көкшіл түсті, тер басқан. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ ,ТЖ минутына 20рет. Жүрек үндері тұйыкталған, ырғақты, тахикардия. ЖСЖ минутына 100 рет. АҚ 90/50 мм.сн.бғ. Пульс минутына 100 рет толуы мен кернеулілігі әлсіз. Іші жұмсақ , ауру сезімсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. ЭКГ жазу үшін электрод қойғанда науқас есінен танып, қысқа мерзімді клоникалық тырысулар болды. ЭКГ: жүрекшелік және қарыншалық комплекстер анықталмайды, изолинияда толқын тәрізді тербелістер, амплитудасы 10 мм дейін.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЕСЕП

Науқас 52 жаста.

Шағымдары: ұзақтығы 10 минутқа созылатын көкiрек тұсының басып, қысып ауру сезiмi сол жак иыққа беріледi, қатты әлсiздiк, жүректің жиі соғуы.

Анамнез: Жалпы жағдайының нашарлағанына 12 сағат болған. Өзiнiң ауруын жүйке- психикалық стреспен байланыстърады. Нитроглицериннің күнделікті дозасын әсерсіз болғандықтан, 2 -3 таблетка қолдануға мәжбүр болған.

Терапевтте ЖИА тұрақты кернеулі стенокардия ФК ІІ диагнозымен есепте тұрады. Кардикет, кардиомагнил қабылдайды. Мектепте мұғалiм болып iстейдi.

Объективтi: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есi айқын. Терi жабындылары бозғылт, ылғал. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 20 рет.мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты, тахикардия. АҚ 130/80 мм.с.б. пульс минутына 120 рет ырғақты, толуы мен кернеулілігі қанағаттанарлық. Iшi жұмсақ, ауру сезiмсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған.

ЭКГ: Синусты тахикардия. 120 рет мин. ЖЭО қалыпты. Т тiсшесi І, аvl, V2-V4 әкетпелерінде терiс терең, SТ сегменті изосызықта.

« Троп-Т» сынағы- терiс.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЕСЕП

Наукас 46 жаста. Шағымдары: Ұзактығы 15 минутқа созылатын кеуде артында басып, қысып ауру сезiмi сол жақ қолға берiледi, қатты әлсiздiк, тершеңдiк.

Анамнезі: Жағдайының нашарлағанына 8 -10 сағат болған. Ауру сезiмiн физикалық күштемеге және жүйке-психикалық стреспен байланыстырады. Кетонал, баралгин, валидол қабылдаған.

Осыған дейiн ауырмаған, медициналық көмекке жүгінбеген. Заводта инженер болып iстейдi. Зиянды әдеттерi жоқ.

Объективтi. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есi айқын. Терi жабындылары бозғылт, ылғал. Өкпесiнде везикулярлы тыныс ,сырыл жоқ. ЖСЖ 100 рет.мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты, тахикардия. АҚ 110/80 80 мм.сн.бғ. пульс 100 рет.мин. Iшi жұмсақ, ауру сезiмсiз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған.

ЭКГ: Синусты тахикардия 100 рет мин. ЖЭО қалыпты. ІІ,ІІІ, аvҒ әкетпелерінде SТ сегментi изосызыктан 1- 2 мм жоғары.

Троп сынағы -терiс.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЕСЕП

Науқас 68 жаста.Шағымы кеуде тұсында қысып, шаншып ауру сезімі, сол қолдың алақанына, жауырын аралығы аймағына берілетін сезім 10 минутқа созылады, әлсіздік, тершеңдік, жүректің шалыс соғуы тоқтап қалу сезімі.

Анамнезі.: Тәулік ішінде жағдайы нашарлағанын, ауа райының өзгеруімен байланыстырады. Верапамил, валидол, эналаприл қабылдаған. Ұзақ уақыт АҚ 190/100 мм.сб.сғ. дейін жоғарылайды, бірақ кінделікті ем қабылдамайды. АҚ көтерілген кезде ғана дәрілер қабылдайды. 3 жыл бойы ырғақ бұзылыстары (жүрекше жыбыры) бар.

Объективті:Жағдайы орташа ауырлықта. Есі айқын. Тері жабындысы қалыпты, құрғақ. Өкпеде везикулярлы тыныс , сырыл жоқ. ЖСЖ 100 минутына, ырғағы дұрыс емес. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс емес тахикардия. АҚ 140/90 мм.сб.сғ. Пульсі 100минутына, ырғағы дұрыс емес толуы мен кернеулілігі қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыр және көк бауыр ұлғаймаған. ЭКГ:жүрекше жыбыры қарыншаның жиырылу минутына 76-108 рет.ЖЭО қалыпты.V3 – V5 әкетпелерінде ST сегменті 2-4 мм изосызықтан төмен.

« Троп – Т» сынағы- теріс.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЕСЕП

Науқас К., 45 жаста.

Шағымыбасының шүйде-желке аймағында басып, қысып ауру сезімі, жүрек тұсының шаншып ауруы, ашушаң, мазасыз ұйқы, тез шаршағыштық.

Анамнезі:6 жыл бойы ауырады. Оқтын-оқтын АҚ 190/110мм.сб.бғ. жоғарылайды. Жағдайының кейінгі нашарлауын психоэмоционалды күштемемен байланыстырады.АҚ 130/80 мм.сб.бғ өзін жақсы сезінеді.Эналаприл, нифекард қабылдайды. Мектепте мұғалім болып істейді.

Объективті:Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары қалыпты түстес, құрғақ. Беті ісінген. Екі қолдың саусақтары ісінген. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек үндері айқын, ырғақты. Жүрек шекарасы солға ортаңғы бұғана сызығына дейін кеңейген. Пульс минутына 90рет, қатты, жоғары. АҚ 180\100 мм.сб.бғ. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Зәр шығаруы сирек, көлемі азайған.

ЭКГ: синусты дұрыс ырғақ минутына 90 рет. ЖЭО солға қарай ығысқан. R V6> R V5, RV4. Сол жақ кеуде әкетпелерінде R тісшесінің амплитудасы 20 мм.

 

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.