Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№98 ЕСЕП

 

Науқас В. 78 жаста. Жедел медициналық жәрдемді туыстары шақырған, себебі науқас 40 мин.бұрын үйде құлап, тұра алмаған. Қысқа уақытқа естен танды. Анамнезінде: ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК 2. Қарынша үстілік жыпылықтаушы аритмия, тахисистоликалық түрі. Артериальді гипертензия 2 дәреже. Қан айналым жетіспеушілігі 2А. Емді уақытында қабылдамаған.

Объективті көріністер: Науқас ұйқышыл, есі тежелген, берілген сұрақтарға бірнеше рет қайталаған соң іс қимыл әрекет түрінде жауап береді. Дауыс көтеріп бағытталған сөзге көзін ашады. Ауырту тітіркендіргішке бір жақтағы аяқ-қолын өзіне тартып алады. Түсініксіз сөздерді шығарады. Оң жақ аяқ-қолдарында бұлшық еттерінің күші азайған, табаны сыртқа ротацияланған. Мұрын-ерін қатпары он жақта тегістелген. Менингиальді белгілер жоқ. Қан қысымы 160/80 мм с.б. ЭКГ – жүрекшелердін жыпылықтауы, қарыншаның жиырылу жылдамдығы 112-ден – 122 дейін 1 мин. Сол жақ миокард гипертрофиясы. Миокардтың жалпы өзгерістері. Қандағы глюкозанын мөлшері – 9,2 ммоль/л.

Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз?

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№99 ЕСЕП

 

Науқас А. 80 жаста. Жағдайының 24 сағаттан бері нашарлап, бас айналуы, жүрек айнуы, сөйлеудің қиындауына, сол аяғында әлсіздік пайда болған. 1 сағат бұрын аз уақытқа есін жоғалтқан, аяқ-қолдарында аз уақыттық тонико-клоникалық тырысулар, еріксіз зәр шығару актілері болған.Обьективті тексергенде: АҚҚ – 210/110 мм с.б. тыныс алуы 18 рет мин. Терісі таза, құрғақ. Өкпеде везикульярлы тыныс, сырылдар естілмейді. Жүрек тондары тұйықталған, ритімді, қолқада 2 тон акценті. Тізесі пастозды. Үлкен, кіші дәреті өзгеріссіз. Сұраққа дұрыс жауап береді, күрмеліп сөйлейді. Даыс көтеріп бағытталған сөзге көзін ашады. Ауырту тітіркендіргішке бір жақтағы аяқ-қолын өзіне тартып алады. Сол жақ аяқ-қолдарында бұлшық еттерінің күші азайған. Сол бөлігінде Бабинск симптомы оң. ЭКГ-де синустық ритм, ЖСЖ – 88 рет 1 мин. Гипертрофия VS. Миокардте диффуздық өзгерістер бар. Қандағы қант – 11,4 ммоль/л.

Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз?

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№100 ЕСЕП

 

Науқас С. 37 жаста. Науқас ес-түссіз контактіге түспегеннен кейін жедел медициналық жәрдем шақырған. Дәрігерге қаралмаған, емделмеген. Ұзақ уақыт ішімдік қабылдаған.

Объективті: Науқас арық. АҚҚ 90/60 мм с.б. Жүрек соғу жиілігі – 62 рет 1 мин. Тыныс алуы – 20 рет. 1 мин. Тітіркендіргіштерге көзін ашпайды. Ауыртқыш тітіркендіргіштерге аяқ-қолдары тоникалық жазылады. Буынсыз дыбыстар шығарады. Менингиальды белгілер жоқ. Тері жабындылар бозғылт, құрғақ, қасыған іздер анықталады. Көздің ақ қабығы сарғыштанған. Өкпеде тынысы қатаң, сырыл жоқ. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. Іш үлкейген, кіндік аймағында көк тамырлар көрінеді. Перкуссияда- бауыр оң қабырға доғасынан 4-5 см. Балтырлары ісінген. ЭКГ- ритм синусты, ырғағы дұрыс. Жүрек соғу жиілігі – 62 рет 1 мин. Жүрек электр осі горизонтальді. Миокардтың жайылған жалпы өзгерістері. Қандағы глюкоза мөлшері – 3,0 ммоль/л.

Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз?

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№101 ЕСЕП

Науқас А. 46 жаста. Туыстары науқасты 40 мин. бұрын үйде ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Анамнезінде – нефролог дәрігерде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, терминальды сатысы диагнозымен тіркеуде тұрады. Соңғы рет гемодиализ 3 тәулік бұрын жасалған.

Объективті: Қатты ауыртқыш тітіркендіргішке - көзін ашады, аяқ-қолдарында тоникалық бұгу. Сөйлеу реакциясы жоқ. Менингиальды белгілер жоқ. Тері түсі бозарған, құрғақ, қасыған іздер анықталады. Өкпеде тынысы қатаң, екі жақтың төменгі бөліктерінде дыбыссыз майда көпіршікті сырылдар естіледі. Тыныс алу – 20 рет 1 мин. Жүрек тондары айқын әлсіреген, ырғағы экстрасистоламен үзіледі. Жүрек соғу жиілігі – 58 рет 1 мин. АҚҚ – 70/40 мм с.б. Құрсақ қуысында жиналған бос сұйықтыққа байланысты іші үлкейген. Пальпацияды бауыры анықталмайды. Беті, балтыр аймақтары ісінген. ЭКГ- синусті ритм. Жүрек соғу жиілігі 58 рет 1 мин. Жүрек электр осі горизонтальді. Миокард жайылған жалпы өзгерістер. Бірен-саран қарыншалық экстрасистолалар. Қандағы глюкоза мөлшері – 9,2 ммоль/л.

Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз?

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

№102 ЕСЕП

 

Науқас П. 39 жаста. Жұмыстағы әріптестерінің айтуы бойынша науқас 30 мин бұрын кенеттен көгеріп, есін жоғалтып құлаған. Аз уақыттық тонико-клоникалық тырысу болған. Еріксіз зәр шығару. Тәңертеңнен басының ауруына шағымданған.

Обьективті:Ауырту тітіркендіруге көзін ашпайды. Аяқтарын ауырту тітіркендіргішке бүгеді. Сөйлеу реакциясы жоқ. Мойын бұлшық етерінің айқын тартылуы байқалады. Беті қызарған. Терісі цианозды, бозарған, ылғалды. Тынысы дизритмді, ТАЖ- 17-19 рет мин. АҚҚ – 160/70 мм с.б. Басқа мүшелер мен системаларда өзгеріссіз.

ЭКГ – ритм синусты ЖСЖ – 55 рет 1 мин. Жүректің электр осі вертикальды.

Қандағы қант – 4,4 ммоль/л.

Глазго шкаласы бойынша естің бұзылуының сатысын анықтаңыз?

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.

 

 

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.