Экологиялық жағдайы

Заманауи мұнай өңдеу зауыттарында жүйелі инженерлік-технологиялық және санитарлық-гигиеналық шаралардың кең көлемде өткізілгеніне қарамастан, жұмысшылардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін зиянды өндіріс факторлары бар. Бұларға көмірсутегі, күкіртсутегі, көміртегі тотығы, күкірт ангидриді, азот тотығы, бензол, фенол және басқа зиянды заттарды және де қолайсыз микроклимат жағдайлары, шу, дірілдерді, жүйке жүйелеріне ауыртпашылықтарын жатқызуға болады.Өте жиі таралған спецификалық емес ауруларға ас-қорыту ағзаларының, әсіресе гепато-билиарлық жүйенің, өкпе-бронх және жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары жатады, бұлардың пайда болуына әр-түрлі химиялық факторлар орын алады.

Атырау мұнай өңдеу зауытында әлі күнге дейін жүйелі гигиеналық зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондықтан бұл өзекті мәселелердің көптеген сұрақтары белгісіз боп қалып отыр және әріқарай зерттеуді талап етеді.

Өндірістің технологиялық қайта қалыптасуын ескере отырып, алғаш рет Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының денсаулығы және еңбек жағдайы туралы кешенді сипаттама ұсынылды, зерттелетін өндірістегі оператор, машинист және слесарлардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін гигиеналық жетекші зиянды заттардың өндірістік факторлары-кәсіби қауіпті топтары анықталды. Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмыс істейтін негізгі кәсіби топтағы адамдардың ағзасының функционалдық жағдайын бағалау бойынша кешенді өткізілген физиологиялық тексерістер, ауыспалы жұмыс істеу динамикасында физиологиялық критерилер бойынша операторлар мен машинистердің еңбегін орташа ауырлық жұмыс санатына, ал слесарьлардың еңбегін 3 класты ауыр жұмысқа және жүйке жүйесінің ауыртпалылығын дәлелдеді.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Атырау өңірі атмосфера ауасының экологиялық жағдайы бойынша мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргізу.

Мысалы, Атырау өңірінің экологиялық жағдайы нашар. Климат тым континентті, қысы суық, желі қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз, құрғақшылық басым.

Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жібереді. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы елімізге мұнай мен газ беріп келген өңірдің экологоиялық жай күйіне көңіл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жері бұрынғы теңіздің орны. Соңғы жылдары Каспий теңізі көтеріліп келеді. Орман, Жасыл желеңді алатын болсақ бұл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бұрын әр қала тұрғынына жасыл желең 5,3 ш/метрден болса, қазір бұл көрсеткіш 2 ш/метрге дейін төмендеген. Ал норма бойынша 12 ш/м болуы керек.

Азғыр, Тайсойған әскери полигондарынан ұшқан ракетаның сынықта-рынан аяқ алып жүретін жол жоқ. Оларды жинақтау, көму жұмыстарының жүрісі нашар. Облыста бірде – бір таза су көзі жоқ, уақ өзен, көлдер әбден ластанған. Оның үстіне су тазартқыш қондырғылар өте аз. Сол себепті көп ауру осы су көздерінен тарайды.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Атырау облысын маңызды өндірістік аймақ ретінде қарастыру;

- Атырау облысының өнеркәсіптерінің тастауларын бағалау;

- Тастауларды тазалау үшін қалдықсыз технологияның элементтерін пайдалану;

- Атырау өңірінің экологиялық жағдайын зерттеу.

 

 

ОРЫТЫНДЫ

 

Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта-Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін және өңдейтін аудандарға жақын орналасқан елді мекендердегі адамдарды басқа жаққа, яғни қолайлы жерлерге кешіреді.Сонымен, Қазақстандағы ірі салааралық кешендердің біріне отын-энергетикасы жатады. Оның ішінде мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады. Газ өнеркәсібі де жылдам дамуда. Бұл салаларды дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру қажет.Қаражамбастың мұнайы өте ауыр, құрамында темір көп. Ал Ембі мұнайы керісінше жеңіл, майлы болып келеді, көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш май ретінде қолданылады. Өзен мен Жетібай мұнайының құрамында парафин көп. Ол бөлме температурасында қатады. Сондықтан оны тасымалдауда арнайы жылытып тұратын құбыр орнатылды. Оны күкірттісутектен және күкірттен айырады. Қарашығанақ пен Жаңажолдағы табиғи газдан күкірттісутекті алғанда - конденсат - бағалы химиялық шикізат алынады.Атырау мұнай өңдеу зауытында әлі күнге дейін жүйелі гигиеналық зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондықтан бұл өзекті мәселелердің көптеген сұрақтары белгісіз боп қалып отыр және әріқарай зерттеуді талап етеді.Өндірістің технологиялық қайта қалыптасуын ескере отырып, алғаш рет Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының денсаулығы және еңбек жағдайы туралы кешенді сипаттама ұсынылды, зерттелетін өндірістегі оператор, машинист және слесарлардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін гигиеналық жетекші зиянды заттардың өндірістік факторлары-кәсіби қауіпті топтары анықталды.Өндірістік бақылауды жүзеге асыруда мынадай міндеттер шешіледі:қауіпті өндірістік нысандардағы қолданылатын энергетикалық және техникалық құрылғылардың сынағын өткізу, бақылау және өлшем құрылғыларының жөнделуі мен уақытында тексерілуін қамтамасыз ету;технологиялық тәртіпті сақтауды үнемі бақылауда ұстау;өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тұрақты бақылау орнату және өндірістік қауіпті факторларды анықтау.