Кәсіпорынның коммуникациясындағы кедергілер

Хабардың хатталуы. Ақпарат ұйым ішінде жоғары немесе төмен жылжығанда оның мағынасы біраз хатталады. Ол бірқатар себептермен түсіндірілуі мүмкін. Сонымен қатар, ақпаратты фильтрлеу кезінде өзгеріске ұшырау мүмкін. Ақпаратты фильтрлеудің қажеттілігі деңгейден деңгейге тек оған қатысты хабар бағытталуы үшін туындайды.

Ақпараттық толқын. Ақпарат алмасу жолындағы кедергілер коммуникация арнасының тасқынның салдары болу мүмкін. Келіп жатқан ақпараттың алмасуда ұстап тұру қажеттілігіне батып кеткен басшы барлық ақпаратқа тиімді жауап бере алмайды. Ол маңызды ақпаратты қолданып қалғанын алып тастауға мәжбүр болады. Өкінішке орай, басшы мен жұмысшылардың түсінуіндегі маңыздылық әр түрлі. Ақпараттық толқынның себебі болып қарапайым байланыстың техникалық құралдары мен ақпарат өңдеудің жетіспеуі бола алады.

Рационалды емес ұйымдық құрылым - коммуникацияда қиындық туғыза алатын себеп. Егер құрылым дұрыс қолданылмаса функция міндеттердің қайталануына әкеледі. Бұл ақпараттың қабаттасып келуін және оның үлгеруін түғызады. Ұйымдық құрылымда басқарма деңгейі көп болған сайын ақпараттың өзгеруіне ықтималдық өседі. Өйткені әр деңгей берілетін ақпаратты фильтрлеп, дұрыстап жібереді.

Рационалды емес әртүрлі бөлімшелермен жеке басшылар арасындағы қақтығыс туғызуы мүмкін, ал бұл әрине ақпарат алмасу мен басқарушылық шешім баяуда қиындық туғызады. Егер басшылар жұмысшыларын хабардар еткенде ашық, шыншыл болса, онда олар сонымен жауап береді.

Ақпаратты кодтауда қолданылатын символ сөздер адамдардың мамандығына, ұлттық мәдени айырмашылықтарына, қызметіне байлынысты әртүрлі мағына беруі мүмкін. Бұл симантикалық бөгеттің белгісі. Көптеген ұйымдарда кейде құрылымдық бөлшектерде де өзіндік «жаргон» қалыптасады, ал бұл мағыналық қатысудың көзі болуы мүмкін.

Вербалды емес кедергілер. Вербалды емес коммуникацияда айтылған сөздердің мағынасын өзгерте алатын сөздерден басқа кез-келген символ қолданылады, мысалы дене қимылы, дене қалпы, дауыс ырғағы. Психологтардың зерттеуінше сөйлегенде ақпараттың едәуір бөлігі сөз арқылы емес дене қимылы, дауыс ырғағы арқылы қабылданады. Сондықтан көптеген жағдайда біздің айтқан сөздерімізден біздің қалай айтқанымыз маңызды. Вербалды емес символдар беріліп жатқан хабардың мағынасын өзгертіп қатынаста қосымша қиындықтар туғызады.

 

Коммуникацияны жетілдіру

Ұйымдағы ақпарат алмасуды жетілдірудің кейбір тәсілдерін қарастырайық.

Ақпараттың ағымын реттеу. Басшы өзі және ұйымдағы басқа ақпарат тұтынушыларын ақпарат қажеттілігінің сандық және сапалық жақтарын былай белгілеу керек. Ол ақпараттың алмасудағы минимум мен максимумды анықтауға тырысу керек.

Басқарушылық әрекет. Жоспарлау, жүзеге асыру, бақылау ақпараттық алмасуды жетілдіруге бағытталған басқарушылық іс-әрекеттің мүмкіндігін қалыптастырады. Көздегенді тиімді жүзеге асыруға қажетті жаңа жоспарларды, стратегияның нұсқауларын, мақсаттары мен міндеттерін нақтылау - басшының билігіндегі қосымша іс-әрекеттер.

Кері байланыс ұғымындағы бақылау - басқарушылық ақпараттық жүйенің бөлігін құрайды. Кері байланыс жүйесінің бір варианты белгілі бір сұрақтарды талқылау үшін адамның, ұйымның бір бөлігінен басқа бөлігіне орын ауыстырылуы. Мысалы, қандай қиындықтарға тап болып жатыр, жұмысқа қажетті ақпаратты уақытылы және нақты алып тұра ала ма, басшы ұсыныстарды таңдауға дайын ба, жұмысына әсер етіп болатын өзгерістер туралы хабардар ма т.с.с.

Ұсыныс жинау жүйесі ақпараттың жоғарыға жетпеуін жеңілдету мақсатымен жасалған. Барлық жұмысшылар қоректің кез-келген аспектісін жеделдіруге қатысты ой қозғауға мүмкіндік алады. Мұндай жүйенің мақсаты ойдың төменнен жоғарыға жүру жолында фильтрлеу мен қабылдауды азайту.

Ақпараттық бюллетендер, жариялар. Ірі ұйымдарда барлық жұмысшыларға арналған ай сайынғы бюллетендер шығарып отырады. Мұндай жағдайда басқару, жұмыскерлердің денсаулығын қорғау, жаңа келісім-шарт, өнім мен қызметтің жаңа түрі, «ай жұмысшысын» таңдау, басшылықтың қарапайым жұмысшылар сұрақтарына, жауаптарына шолу жазылған мақалалар кіреді. Жазба материалдар бейне таспалармен толықтырылуы мүмкін.

Қазіргі заманғы ақпараттық технология. Ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктер ұйымдағы ақпарат алмасуды жетілдіруге себептер болды. Компьютер басшылар, көмекші персонал және жұмысшылар тарапынан және алатын ақпаратқа әсер етті. Электрондық пошта, ұйымдағы кез-келген адамға жазбаша хабар беруге мүмкіндік береді. Бұл телефондық әңгімені азайту керек. Сонымен бірге электрондық пошта әртүрлі офистерде, қаладағы, облыстағы, тіпті елдегі адамдар арасындағы тиімді байланыс құралы болып табылады.

Дебиеттер: 2, 3, 6, 9, 14, 18