Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:6.10.14

Білім саласы: «Денсаулық»

Түрі:Дене тәрбиесі.

Тақырыбы «Шынықсаң , шымыр боларсың»жарыс түрінде

Мақсаты:Балаларға түрлі жаттығулар жасау арқылы дене мүшелерін шынықтыру.Жаттығу жасау кезінде ептілік пен төзімділікке тәрбиелеу.

Билингвизм: Жүру-ходить

Көтеру-поднять

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балаларды үлкен залға апару.   Саппен жүріп келіп тұру.Денені тік ұстау,түзелу сәлемдесу.   Армысың алтын күн! Армысың асыл жер! Армысың көк аспан! Армысың жан досым. Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым бос.
Ұйымдастыру кезеңдері Балаларға оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстыру. Жалпы дамыту жаттығуларын жасату. -Тік қалыпта тұрады. -Үлкен шеңбер құрып,бір орында тұрып жүреді. -Бір орында жүгіру. -Қайталау. 1-кезең «Жүгіріспен өткізілетін тура эстафета» Шарты:Әр команданың алдына сөре сызығынан бірдей қашықтықта жалаушалар бекітіліп қояды.Эстафетаны команда капитандары бастайды.Төрешінің белгісі бойынша олар жоғары сөреден жалаушаларға қарай жүгіріп қайта оралады,келесі қатысушының алақанына қолын тигізеді де орынына барып тұрады.Эстафетаны төрешілердің белгісі бойынша тоқтатады.Эстафетаның ережесін бұзбай бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.   2-кезең «Ойын ойнайық!» «Кім тезірек допты алады?» Мақсаты:Балаларды шапшандыққа,допты дұрыс ұстауға ұйрету. 3-кезең «Кедергілер алабы» Командалар бір сапқа тұрады. Залда шамалы ғана кедергілер болады. -6м дейін жүгіру. -Түбі тесік қапшықтан өту. -Сөре сызығына дейін жүгіріп келу.   3-кезеннен тұратын ойын жаттығуымызды аяқтаймыз жеңіске жеткендерді құттықтаймын Балалар ойынға қызығушылық танытады.   -Балалар ойынды аяғына дейін бұзбай ойнайды.     -Балалар ойынды ережесін бұзбай орындайды.  
Рефлексивті-түзетушілік   Оқу іс-әрекет соңында жақсы жаттығу жасаған балаларды мадақтау.       Балалар өздеріне ұнаған жаттығуларды қайталап көрсетеді.

 

Күтілітін нәтиже:

Білу керек: Әр түрлі ойын жаттығуларды.

Түсінеді:Жаттығу кезінде бір-біріне кедергі келтірмей алшақ тұруды.

Меңгереді:Жүгіруді,секіруді,ойынды аяғына дейін жеткізуді.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:9.10.14

Білім саласы: «Денсаулық»

Түрі:Дене тәрбиесі

Тақырыбы: «Түзу сызық бойында қойылған кедергілер арасымен допты домалату»

Мақсаты: Салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру.Әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерімен таныстыру,үйрету.Жаттығу жасау кезінде ептілік пен төзімділікке тәрбиелеу.

Билингвизм: Жүру-ходить

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балаларды үлкен бөлмеге саппен жүріп апару.   Барлық бала көңілді, Жақсы көрер ойынды.-деп Хормен айтады.   -Балалар сапта жүріп келе жатып дәқпақ жолдарын айтады.  
Ұйымдастырушы кезеңі Жалпы дамыту жаттығуы жасату:   -Бастапқы жағдай.Тік қалыпта тұрады. -Бір орында жүреді. -Бір орында секіреді. -Аяқтарының ұшында тұрады. -Бастапқы жағдайға келу.   Ойын: «Қояндар секіреді» Мақсаты:Балаларды шапшандыққа,батылдыққа, Қызығушылыққа тәрбиелеу.     Негізгі жаттығу: -Саппен түзеліп тұру -Саппен айнала жүру -Жүріп келе жатып кедергілер арасымен допты домалатып өтуді үйрету. -Бастапқы қалыпқа келу. -Қайталау   «Біз қандаймыз?»өлен жаттығуын жасату.       Балалар барлығы саппен келіп,дайын тұрғандарын айтады.   Негізгі жаттығуды қызығушылықпен жасайды.   Біз көңілді боламыз 1,2,3,4 Сау болса денеміз, Үлкен болып өсеміз. Аяқты аяққа тигізіп Жанымызбен жүреміз Денемізді тік ұстап, Пирамида жасаймыз. «Жыланша»бізге жүр дейді Ал енді «қоянша» Секірейік бәріміз.  
Рефлексивті-түзетушілік Оқу іс-әрекет қортындылау.Мақтау мадақтау. Балалар ұнаған жаттығуларын көрсетеді.

 

Күтілетен нәтиже:

Білу керек:Түзу сызық бойында допты домалатуды.

Түсінеді:Ойында ойынның шартын бұзбай ойнау керек екенін.

Меңгеруі: Ойын мақсатымен танысты.