Экологиялықваленттілік дегеніміз не ?

Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б. Жатады. Шелфорд ережеси. Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В.Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттың (төзімділік) заңында көрсетілген. Кейде мүны Шелфорд ережесі деп те атайды: - организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық (толеранттылық, латынша tolerantia - шыдам, төзім) шектері (диапазон) бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жогаргы) мәндердін аралыгында гана өмір сүре алады. Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды. Экологиялық валенттілік- организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валенттілігі де соғұрлым жоғары болады. В.Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бұл заңдылықты адамның тірі табиғатпен қарым-қатынаста болатын барлық шаруашылық салаларында (өсімдік, мал, орман, т.б.) үстаған өте дұрыс. Оптимум заңын қолдану кейде қиынга түседі, себебі әр фактордың, әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалган жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шыгып, өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. Мысалы, +20°С-та ыстық жақтың маймылы тоңатын болса, солтүстікте тіршілік ететін түлкі керісінше ыстықтайды. Күріш суда өсетін болса, бидай Бұл жағдайда тіршілігін жояды. Табиғатта оптимум аймақтары бірдей екі түр кездеспейді. Бұл жағдай түрлердің экологиялық жеке қажеттілік ережесін айқындайды. Жеке қажеттілік деп индивидтің (жеке особтын) тіршілік етуіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетгі жағдайларға мүқтаждығы. Егер түрлердің бір факторға тұрақтылықтары бірдей болса, басқа факторға олардың тұрақтылықтары міндетті түрде өзгеше болады.

2.Гигрофиттер туралы түсінік?

Гигрофиттер (гр. hygros - ылғалды, сулы, phyton- өсімдік) - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бүларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ, гигрофиттерге салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде өсетін және батпақ өсімдіктері жатады. Ауаның ылғаддылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Сондықтан су алмасу жақсы журу үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды бөлетін rugamogmap немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары көбіне жүқа, кутикула нашар жетілген болып келеді. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т.б. жатады. Бұл өсімдіктер жөғары температурамен жоғары ауа ылғыл жағдайында ғана өсіп өніп көбеюге бейімделген. Ал қоңыр жай бөлдеулерде гигрофиттер қалын орманның төменгі яростасында көлеңке мол жерлерді өседі.

Климакс ұғымы нені білдіреді және оны кім енгізген ?

Экологиялық климакс (гр. klimax — саты) — өсімдіктердің, жердің және экожүйелердің жетіліп, ең жоғары кезеңіне келген шағы. Әрбір географиялық белдемдердің өздеріне тон экологиялық климаксы болады. Экологиялық климакс биотоценогенездер заңына байланысты миллиондаған жылдар бойы дамып отырады. Экожүйелік климакс белдемдік жағдайларға сәйкес дамиды. Жүйелердің бұзылуын деклимакс деп атайды. Экологиялық климакс деген терминді Ф. Клементс белгілі аймақтағы экожүйенің тұрақты, соңғы (кульминациялық) даму сатысын белгілеуге қолданды (1916).

 

Емтихан билеті № 6 билет

Альбедо дегеніміз не?

Альбедо (лат. аіЬесіо — аппақтық) — қандай да бір дененің немесе беттің шағылдыру қабілетін сипаттайтын шама. Беттің немесе дененің шағылған радиациялық ағынының түсетін радиация ағынына қатынасымен анықталады;

Альбедоның мәні: ылғал топырақ — 5—10%, орман — 5—20%, шөп жамылгысы — 20—25%, жаңа жауған қар - 70—90%. Альбедометрмен өлшенеді.

 

2.Сандар пирамидасы туралы түсінік

Экологиялық пирамида ережесі – экожүйедегі консументтер, продуценттер және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас заңдылықтары. Экологиялық пирамида ережесі көбіне бағана түріндегі сызбанұсқалар арқылы беріліп, табиғи бірлестіктердің белгілі бір өнімділігі арқылы ерекшелінеді. Ол массалық не энергиялық өлшем бірлігі арқылы өлшенеді. Экологиялық пирамида ережесібиомасса, энергия және сан пирамидасы болып үш топқа бөлінеді.[1]

· Биомасса пирамидасы – қоректік тізбектің бірінші деңгейінен екінші деңгейіне берілетін органикикалық заттар массасы. Продуценттердің биомассасы едәуір көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Бұдан кейінгі әрбір қоректік тізбекке өткен сайын биомасса мөлшері 10 есеге дейін азая береді. Организмдердің өнімділігі белгілі бір уақыт аралығында түзілген құрғақ органикалық заттардың биомассасы арқылы өлшенеді. *Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұлэнергия мөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді.

· Сан пирамидасы – әрбір қоректік тізбек деңгейлеріндегі организмдер саны арақатынасының заңдылығы. Қоректік тізбектегі дарабастар саны келесі қоректік деңгейлерде азая түседі. Бірақ оның көбеюі де мүмкін. Мысалы, орманда өсімдікпен қоректенетін жәндіктердің дарабастарының саны көп болған жағдайда. Сан пирамидасының диаграммасы биомасса мен энергия пирамидаларының диаграммасынан басты ерекшелігі – оның төмен деңгейлеріне қарағанда, жоғары деңгейлері бірте-бірте ұлғая түседі.