Олжазба "Садақ " журналының редакторы

А. М.Тынышбайұлы, Х.Досмұхамедұлы

Ә.Р.Дүйсенбаев, Ш.Құдайбердiұлы

Б.М.Майлин, Ж.Тiлепбергенов

В.Қ.Тоғысов, Ә.Бөкейхан

Г. Б.Қаратаев, Ғ.Қараш

 

24. ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары үзбей жазып тұрған, Қазақстанда жарық көрген татар мерзімді баспасөздері:

А. “Аң” журналы, “Ақмолла” журналы, “Ел” газетi;
Ә.“Тәржiман” газетi, “Тұрмыш” газетi, “Юлдуз” газетi;
Б.“Нұр” газетi, “Дин уә әдәб” журналы;
В.“Халық” газетi, “Уақыт” газетi, “Фикир” газетi, “Шора” журналы;

Г. “Қазан утлары” журналы, “Яңа юл” журналы.

 

25. Түркістан Автономиялы республикасының орталығы Ташкент қаласында «Бекет батыр» атты киносценарийдің жазылған жылы:

А. 1918 ж

Ә.1919 ж

Б.1920 ж

В.1923 ж

Г. 1922 ж

 

26. «Бекет батыр» киносценарий авторы:

А.С.Қожанұлы

Ә.У.Омарұлы

Б.Ә.Диваев

В.Т.Рысқұлұлы

Г. Телжан Шонанұлы

27. «Бекет батыр» киносценарийне қазақ зиялыларынан кинорецензия жазған тұлға:

А.Н. Төреқұлұлы

Ә.Х. Досмұхамедұлы

Б.Телжан Шонанұлы

В.Қ. Кемеңгерұлы

Г. C. Асфандиарұлы

 

28. Әлихан Бөкейханның «Башқұрт жері» мақаласына эпиграф ретінде «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда!» деген мәтелді пайдаланудың мәні:

А.Журналистiк шеберлiк

Ә.Башқұрт жерiне жанашырлық

Б.Ресей империясының отарлау саясатын әшкерелеу

В.Көшпелi қазақ елi үшiн жер мәселесiнiң маңыздылығы

Г. Башқұрт халқына туған жағдай қазаққа да туатындығын цензура бақылауынан астарлап, емеурiнмен жеткiзу

 

29. Данышпан Абай Құнанбайұлын алғаш баспа жүзінде күллі Ресей империясына танытқан публицист:

А.Халел Досмұхамедұлы

Ә.Ахмет Байтұрсынұлы

Б.Мiржақып Дулатұлы

В.Телжан Шонанұлы

5. Әлихан Бөкейхан

 

30. Данышпан Абайға «Қазақтың бас ақыны» деп баға берген ағартушы –қайраткер:

А.Шәкәрiм

Ә.Мұхтар Әуезов

Б.Әлихан Бөкейхан

В.Мiржақып Дулатұлы

Г. Ахмет Байтұрсынұлы

 

31. «Қазақтың өкпесі” аталатын көсемсөздің көтерген мәселесі:

А.Халықты ағарту туралы

Ә.Дiнитаным туралы

Б.Қазақтың жат қылықтары туралы

В.Ауру-сырқаудың халық денсаулығына зияны туралы

Г. Надандық пен өнерсiздiк, жер туралы

32. «Қазақтың өкпесі” деп аталатын көсемсөздің авторы:


А.Жүсiпбек Аймауытұлы

Ә.Ғұмар Қараш

Б.Мұрат ақын

В.Ахмет Байтұрсынұлы

Г. Ахмед Маметұлы

 

33. Мұхтар Әуезов «Қазақтың рухани көсемі» деп жоғары бағасын берген асыл тұлға:

А.Шәкәрiм Құдайбердiұлы

Ә. Ахмет Байтұрсынұлы

Б.Мұстафа Шоқайұлы

В.Абай Құнанбайұлы

Г. Әлихан Бөкейхан

 

34. Замандастары «Екі дос» деп құрметпен атаған рухани туысқан егіз тұлға:

А.Иса мен Досан

Ә.Ахмет пен Мiржақып

Б.Халел мен Жаһаншаһ

В.Исатай мен Махамбет

Г. Кенесары мен Наурызбай

 

35. Мағжан Жұмабайұлының жоғарғы көркем әдебиет институтына жолдама ретінде «ол біздің болашақ Пушкиніміз» деп мінездеме әрі батасын берген Алаш ардақтысы:

А.Нәзiр Төреқұлұлы

Ә.Смағұл Сәдуақасұлы

Б.Сұлтанбек Қожанұлы

В.Халел Досмұхамедұлы

Г. Сейiтқали Меңдешұлы

 

36. Алаш зиялылары арасында «Дәрігер» аталған көсем тұлға:

А.Ахмет Мәметұлы

Ә.Жұмағали Тiлеулин

Б.Халел Досмұхамедұлы

В.Санжар Асфандиярұлы

Г. Нұрғали Ипмағамбетұлы

 

37. «Біздің заманымыз– өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген ұлағатты пікірдің иесі:

А.Бейiмбет Майлин

Ә.Жаһаншаһ Сейдалин

Б.Ыбырай Алтынсарин

В.Ахмет Байтұрсынұлы

Г. Сұлтанмахмұт Торайғырұлы

 

38. Бұрынғы әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатұғын жақсы дәрі еді, бұл күнгі арам билердің қолында дәрі болмақ түгіл, у болып жұғып тұр» деп пікір сабақтаған көсемсөзші шығармасы:

А.М.Д. Сот iсi

Ә. Қыр баласы. Би Һәм билiк

Б.Шәкәрiм. Би Һәм билiк туралы

В.Сәдуақас Шорманов. Ескi һәм жаңа билер

Г. Ахмет Байтұрсынұлы. Тағы да народный сот хақында

 

39. “…Түрік халқы –батыр халық. Түрік халқы –арыстан ер халық . «Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшпанға ауызының аласы». Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек» деген жалынды ой-пікірді жат жұрттың топырағында Түркістан жастарының алдында жар салған саяси көсем:

А.Тұрар Рысқұлұлы

Ә.Зәки Уәлиди Тоған

Б.Мұстафа Шоқайұлы

В.Мiржақып Дулатұлы

Г. Жаһаншаһ Досмұхамедұлы

 

40. “Білім –бір құрал. Білімі көп адам құралы сайыста сияқты, не істесе де, келістіріп істейді» деп жазған жаңашыл-ағартушы:

А.Ахмет Байтұрсынұлы

Ә.Ыбырай Алтынсарин

Б.Жанұзақ Жәнiбекұлы

В.Жүсiпбек Аймауытұлы

Г. Жиенғали Тiлепбергенұлы

 

41. «Кеңестер билеген Түркістан» деп күллі әлемге қызыл коммунистердің жүргізіп отырған отарлау саясатын әшкерелеген тарихи тұлға:

А.Убайдулла Қожа

Ә.Махмуд Бехбуди

Б.Нәзiр Төреқұлұлы

В.Мұстафа Шоқайұлы

Г. Сұлтанбек Қожанұлы

 

42. «Бейімбет жау болса, менде жаумын!» деп жеке басына төнген қауіпті сын сәтте ардың сөзін айтқан қаламгер-қайраткер:

А.Сәбит Мұқанұлы

Ә.Ғабит Мүсiрепұлы

Б.Ғаббас Тоғжанұлы

В.Iлияс Жансүгiрұлы

Г. Сәкен Сейфоллаұлы

 

43. «Бірлік туының» газетінің 1918 жылғы 29 қаңтардағы санында «Өткен жылғы ноябрь басынан бері қарай Түркістан аймағының билігін большевиктер партиясы зорлықпен қолдарына алып, өз үкімін жүргізіп, өз айтқанын қылдырып тұр... «Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге енеді» деген осы-дағы» деп сол дәуірде шындықты өткір білдірген мемлекет қайраткері, көсемсөз шебері:

А.Тұрар Рысқұлұлы

Ә.Нәзiр Төреқұлұлы

Б.Мұстафа Шоқайұлы

В.Сұлтанбек Қожанұлы

Г. Сейiтқали Меңдешұлы

 

44. «Публицистика” терминінің қазақша баламасын «Көсемсөз» деп түпнұсқадағы мағынасының нәзік қырларын одан әрі кең аша түскен» ана тілін түрлеген» сөз зергері:

А.Елдес Омарұлы

Ә. Телжан Шонанұлы

Б.Жүсiпбек Аймауытұлы

В.Мұхтар Әуезов

Г. Ахмет Байтұрсынұлы

 

45. Төмендегі көсемсөз мақалалардың арасында Жүсіпбек Аймауытұлының жазғаны:

А.“Ашық хат”

Ә. “Темiр жол әлегi”

Б.“Партия”

В.“Заман талабы”

Г. “Қанапия–Шәрбану”

 

46. Әлихан Бөкейхан қатысқан Щербинаның қазақ жерін зерттеу экспедициясы қай жылдарды қамтиды:

А.1896–1903 жылдар

Ә.1889–1896 жылдар

Б.1889–1903 жылдар

В.1905–1907 жылдар

Г. 1913–1916 жылдар

 

47. Қазақ өмірі мен тұрмысы туралы көркем кескіндемесін Ахмет Байтұрсынұлы сынаған орыстың белгілі қалқалам шебері:

А.Серов В.А.

Ә.Шадр И.Д.

Б.Хлудов Н.Г.

В.Греков М.Б.

Г. Иогансон Б.В.

 

48. Қазақ зиялыларының арасында Жүсіпбек Аймауытұлының шығармашылығына әділ сын айтып, «ол Еуропалық жазушыларды еркін әрі жатық аударды» деп лайықты бағасын берді:

А.Мұхтар Мурзин

Ә. Мұхтар Саматұлы

Б.Смағұл Сәдуақасұлы

В.Мұхтар Әуезов

Г. Әлiмхан Ермекұлы

 

49. Төреқұлұлы сыншылдығына тән шектен тыс міншілдігінің шығармашылық ортада зияндылығын ескертіп: «Нәзірде де сәуріктің мінезі бар. Біреуді тістемей, шаншымай, найзаламай сөз жазбайды... Білім сөзінде мұндай мінез бізге ерсі көрінеді» деп оныњ кемшілігін бетіне басқан Алаштың азаматы:

А.Халел Ғаббасұлы

Ә. Мұстафа Шоқайұлы

Б.Әлихан Бөкейхан

В.Мiржақып Дулатұлы

Г. Халел Досмұхамедұлы

50. Аңызға айналған Ақан сері туралы тұңғыш ғылыми-танымдық көсемсөз мақаланың авторы:

А.Сәбит Мұқанұлы

Ә. Қошке Кемеңгерұлы

Б.Сәкен Сейфуллаұлы

В.Мағжан Жұмабайұлы

Г. Ғабит Мүсiрепұлы

 

51. Түркістан Автономиялық Республикасында саяси-экономикалық дағдарыстың салдарынан ақшаныњ айтса сенгісіз құнсызданғаны сондай, миллионның күнбе-күн қадірі кетіп, сан өлшемінің сапалық мәнін әлеуметтің есіне салуға, «миллион деген не?» деп жазуға мәжбүр болған арыс:

А.Ғазымбек Бiрiмжанұлы

Ә. Бiләл Сүлейұлы

Б.Абдолла Байтасұлы

В.Иса Тоқтыбайұлы

Г. Халел Досмұхамедұлы

 

52. « Өткен қыс аштық болды. Ашыққан адам бірінің етін бірі жеді. Елікті жегені былай тұрсын, өлмеген тірі адамдарды малша ұрлап, малша сойып жеді. Қалаларда түн болса, көшеде жүруге болмады. Мезгілсіз уақытта көшеде жүрген адамдарды жылқы сияқтандырып, бұғалық салып, буындырып ұстап, сойып жейтін болды. Анасы баласының етін жеуге жетті. Мұның бәрі аштық әсерінен адамның есі шығып, ақылы қалмайтындығын көрсетеді. Аштық ақылын алмаса, адам аң дәрежесіне жетіп, хайуандықтан да асып, бірін-бірі жер ме еді? Анасы баласын жеуге келгенде , ол анада ақылдан түк қалды деуге болар ма? Деп қазақ ұлтын аштан қатыруға жасалған қызыл империяның қасіретке толы тарихи қылмысын боямасыз әшкерелеген көсем тұлға мақаласы:

А.Мұстафа Шоқайұлы “Қазақ жерiндегi ашаршылық”

Ә. Мiржақып Дулатұлы “Қайда едiң?”

Б.Тұрар Рысқұлұлы “Қазақ даласындағы аштық”

В.Ахмет Байтұрсынұлы “Тәнi саудың – жаны сау”

Г. Жиенғали Тiлепбергенұлы “Мастық не дегiзбейдi – аштық не жегiзбейдi”

 

53. Жүсіпбек Аймауытұлының публицистикалық шығармалары жиі жарық көрген мерзімді баспасөз:

А.“Серке” газетi;

Ә. “Қазақ мұңы” газетi;

Б.“Еркiн қазақ” газетi;

В.“Сарыарқа” газетi;

Г. “Дұрыстық жолы” газетi.

 

54. Зерттеушілердің есебі бойынша Әлихан Бөкейханның қаламынан туған 250-ден астам көсемсөз мақалалары мен эпистолярлық шығармалары, аудармалары мен сыни еңбектері жарияланған мерзімді баспасөз:

А.“Ақ жол” газетi

Ә. “Айқап” журналы

Б.“Еңбекшi қазақ” газетi

В.“Қазақ” газетi

Г. “Дала уалаяты газетi”

 

55. «Мәдениет бәйгесінде алда келе жатқан жұрттың қатесі кейінгіге сабақ. Алдыңғы келе жатқан жұрттың жығылған жары, сүрінген томары кейінгінің бетін еріксіз бұрғызады. Өзге жолдағы істерінің оң, терісін қойып, осы тіл жолындағы орыс пен жапондардың істеген қателіктері бізге айқын үлгі боларлық» деп жазған сөз зергерінің мақаласы:

А.Ахмет Байтұрсынұлы “Қазақша оқу жайынан”

Ә.Халел Досмұхамедұлы“Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингармонизм заңы”

Б.Мұхтар Әуезов “Ғылым тiлi”

В.Құдайберген Жұбанұлы “Төңкерiс және қазақтың ұлт тiлi”

Г. Мiржақып Дулатұлы “Қазақ тiлiнiң мұңы”

 

56. «Қазақ» газетіндегі ұлтымыздың демографиялық өсіп-өнуіне ғылыми тұрғыда сипаттама беріп, цифр көрсеткішін сөйлету арқылы елдің саяси сауатын ашуды көздеген «Қазақ» атты мақала авторы:

А.Ахмет Байтұрсынұлы;

Ә. Әлихан Бөкейхан;

Б.Жақып Ақбаев;

В.Мұхамеджан Тынышбайұлы;

Г. Мұстафа Шоқайұлы.

 

57. «Біздің қазақ халқын шын көңілімен жақсы көріп, қолынан келген қадірінше қалам өнерімен қызмет жасағандардың алдыңғы қатарында Әбубәкір Ахметжанұлы Диваевтің аты айтылса керек» деп ғалымның ауыз әдебиетінің үлгілерін жинай бастағанына 25 жыл толуына орай «Қазақ» газетінде арнайы мақала жазған:

А.Ахмет Байтұрсынұлы

Ә. Мұстафа Шоқайұлы

Б.Әлихан Бөкейхан

В.Мұхамеджан Тынышбайұлы

Г. Мiржақып Дулатұлы

 

58. «Мырзаның күні кетті; халық енді ойланатын кезің жетті. Қара Бұқара! Аш көзіңді! Кедейлер күнің туды – байға жағынып, малға бағынып, тамаққа сатылатын заманың емес. Алсаң теңдесіп, тізелесіп отырып ал сыбағаңды! Теңдік алатын кезіңді құлқынның құлы болып кетпе!» деп жаңалыққа жаршы боп, езіліп, жаншылған бұқараның аңсаған теңдігінің қадыр-қасиетін естеріне салған Жүсіпбек Аймауытұлы көсемсөзі жарық көрген басылым:

А.“Алаш” газетi

Ә. “Абай” журналы

Б.“Сарыарқа” газетi

В.“Қазақ” газетi

Г. “Ұран” газетi

 

59. «Сөйтіп, жұрттың көбі орыс тілін, орыс оқуын білімді, өнерлі болу мақсатымен үйренбей, дәреже алу, төре болу үшін оқитын болды. Қалада оқып жүрген балалардан елге келгенде «Шырағым, қашан төре боласың?» деушілер, қалжыңы жоқ. Шынымен сұраушы еді. Мұның түбі неге соғатынын жұрттың көбі қапелімде сезген де жоқ. Көңілінде дәнеңе жоқ, школда оқып жүрген жас балалар, хатта үлкендер де, біріне-бірі орысша хат жазысатын болды. Өзара орысша сөйлейтін болды» деп азамат бүркншік атымен Міржақып Дулатұлының тіл мәселесін көтерген басылым:

А.“Ақ жол” газетi

Ә.“Шолпан” журналы

Б.“Қазақ тiлi” газетi

В.“Таң” журналы

Г. “Еңбекшi қазақ” газетi

 

60. «Жетісу қазағы» деп қол қойылған «Қазақ» газетінде жарияланған «Зайсанның Хлестаковы һәм Ферғананың Добшинскийі» деген мақала кім туралы жазылған:

А. Тәттiмбет Шыңғысов

Ә.Мұхамедияр Тұнғаншин

Б.Көлбай Төгiсов

В.Әбдiрахман Әйтiмов

Г. Ахмет Баржақсин

 

61. «Ілияс Қабылұлының ел ішінде жүріп жатқан ұлттық күресті біздің атымызбен – «Шоқай фашистерімен» – байланыстырғаны, бәрінен бұрын біздің ата мекендегі бауырларымыздан айырылып қалмағанымызды. Олармен ішкі байланысымыздың күшті екенін тағы бір дәлелдейді» деп 1937 жылдың қуғын-сүргін зұлматы қазақтың жақсы мен жайсаңын шыдатпай жалмап тұрған шақта ел ішінен жау іздеген опасыз, сатқындар пікіріне қайтарған уәжін Мұстафа Шоқайұлы шет елде шығатын қандай басылымда жариялады:

А.“Яш Түркiстан” журналы

Ә.“Жаңа Түркiстан” журналы

Б.“Йаңа йол” газетi

В.“Отлы юрт” журналы

Г. “Жұмһүриет” газетi

 

62. «Түркістандағы ұлттық идеяларға өздерінің большевиктік идеяларын қарсы қойғанымен, одан ештеңе шығара аламаған қызыл отаршылдар, соңғы кездері «қара күшке» басып «ұрда жық!» , «атып асу» «қамауға алу», «қуғын–сүргінге ұшыратулармен» айналысып жатқандарынан дерек беретін материалдар «Түркіменстан», «Йен Ферғана», «Шарих ақиқаты», «Еңбекші қазақ», «Правда Востока», «Советская степь» беттерінде көз сүрінеді» деп 1930 жылдардағы қызыл қырғынның шындығына айна-қатесіз жазып, кеңестік отаршылдық саясатты әшкерелеген көсем тұлға:

А.Ахмет Байтұрсынұлы

Ә.Жаһаншаһ Досмұхамедұлы

Б.Әлихан Бөкейхан

В.Мұхамеджан Тынышбайұлы

Г. Мұстафа Шоқайұлы

 

63. «Баспасөзіміз не күйде?» деп саяси-идеологиялық маңызды мәселені жан -жақты талдап көрсеткен Міржақып Дулатұлының Мадияр бүркеншік атымен қол қойған жарияланымы жарық көрген басылым:

А.“Өрнек” газетi

Ә. “Қызыл Қазақстан” журналы

Б.“Еңбекшiл қазақ” газетi

В.“Қызыл ту” газетi

Г. “Бостандық туы” газетi

 

64. Найманский дейтін әдеби бүркеншік атпен жазған қаламгер -көсемсөзші:

А.Отыншы Әлжанов

Ә.Райымжан Мәрсекұлы

Б.Мұстақым Малдыбаев

В.Биахмет Сәрсенбаев

Г. Көлбай Төгiсов

 

65. «Англияның кемелерінен қорқып, Германия өз кемелері тұрған судың алдына неше шақырым жерге шейін мина салды. Австрия өз кемелерінен қорғап Англия һәм Франция кемелерінің жолына мина салып отыр. Түріктер Стамбулды қорғап орыс жағында Посфор деген Қара теңіздің қиылысына. Англия һәм Франция кемелері келе жатқан Дартанел деген қиылысына мина құрып сақтап отыр» деп соғыс тақырыбына жазған Алаштың азаматының мақаласы:

А.Ахмет Байтұрсынұлы “Соғыс керек-жарағын даярлау”

Ә.Хасен Құрманғалиұғлы “Соғысқа қазақ жәрдемi”

Б.Әлихан Бөкейхан “Мәскеу хаты”

В.Мұхамеджан Тынышбайұлы “Соғыс кемелерi һәм мина”

Г. Елдес, Мырзағазы “Майданнан хат”

 

Пушкиннің ұлы шығармалары қазақ әдебиеті мен біте қайнап, Пушкин қазақ халқының сүйкімді ақыны болып отыр. Пушкинді орыс тілінде оқытып, қазақ азаматтары да ана тілінде сүйсініп аудармаларын оқып отыр.

Пушкин - әдебиеттің биік шыңы. Сол шыңды толық игеріп алуымыз керек» деп «Пушкин шығармалары қазақ аузында» атты мақала жазған Алаш азаматы:

А.Iлияс Жансүгiрұлы

Ә. Телжан Шонанұлы

Б.Мұхтар Әуезов

В.Әлихан Бөкейхан

Г. Сәкен Сейфоллаұлы

 

67. «Қазақстан ағарту комиссариаты жанында құралған жазушы- бастырушы комиссариат әдебиет жинап ең әуелі «Абай» сөзін бастырар деп сенеміз. Олай етпеске болмайды, неге десеңіз «Абай» кітабы бұл күнде... өте- өте сирек қалды. Ол сирек қалған жалғыз жарым нұсқаларының да тозып, жыртылғаны көрінеді. Енді өзімізге де «Абайды» қолға түсіре алмасқа көндік» деп Абайдың кітабын бастыруды мәселе етіп көтерген көсемсөзші:

А.Сұлтанбек Қожанұлы

Ә.Халел Досмұхамедұлы

Б.Мұхтар Әуезов

В.Телжан Шонанұлы

Г. Шәкәрiм Құдайбердiұлы

 

68. «Сәкеннің де тілі әлі зерттелмеген, зерттеу–үлкен де жұмыс. Сәкен жазғалы 20 жылдай болды. Сол ұзақ жолында ақын талай белден асып келеді. Тілі де, темалары да, шығармаларыныњ түрі де жаңарған тұрмыспен ілесіп, талай белестен өрлеп, жаңарып келеді. Сәкен тілін зерттеп, талдау – бір күннің, бір айдың, бір мақаланың аясына сыймайтын нәрсе; Бұл жылдардың, кітаптардың жұмасы» деп Сәкентанудың ірге тасын қаласқан зерттеуші –көсемсөзші:

А.Нәзiр Төреқұлұлы

Ә.Мағжан Жұмабайұлы

Б.Сәбит Мұқанұлы

В.Ғабит Мүсiрепұлы

Г. Телжан Шонанұлы

69. Смахан Бөкейханның бүркеншік аты:

А.Тоқпақ

Ә.Сұңқар

Б.Күзетшi

В.Көреген

Г. Байқаушы

70. Iлияс Жансүгірұлының мерзімді баспасөзге дарияланған алғашқы мақаласы:

А.“Жас замандастарға”

Ә.“Ақын Сара кiм едi?”

Б.“Бетiм анадай емес, мынадай”

В.“Қазан төңкерiсi һәм қазақ-қырғыз”

Г. “Бұзақылыққа дауа”

 

71. Смахан Бөкейхан мақалаларын жиі жариялап тұрған басылым:

А.“Түркiстан уалаяты газетi”

Ә. “Айқап” журналы

Б.“Қазақ” газетi

В.“Үш жүз” газетi

Г. “Алаш” газетi

 

72. Iлияс Жансүгірұлының корректор болған газеті:

А.“Жас алаш” газетi

Ә.“Тiлшi” газетi

Б.“Ақ жол” газетi

В.“Еңбекшi қазақ” газетi

Г. “Қызыл байрақ” газетi

 

73. Сәкен Сейфоллаұлы туралы алғаш мәрте Мәскеуден орыс тіліндегі «ЖЗЛ» ( «Жақсы адамдар өмірінен») атты сериямен жарық көрген кітаптың авторы:

А.Серiк Қирабаев

Ә. Сейдiл Талжанов

Б.Нығымет Ғабдуллин

В.Медеу Сәрсекеев

Г. Тұрсынбек Кәкiшев

74. Ілияс Жансүгірұлының Мәскеудегі коммунистік журналистика институтына түскен жылы:

А.1927 жылы

Ә.1925 жылы

Б.1923 жылы

В.1928 жылы

Г. 1924 жылы

75. Ілияс Жансүгірұлы жиі жазған баспасөз жанры:

А.Хабар-ошар, репортаж

Ә.Суреттеме, сұхбат

Б.Фельетон, очерк

В.Мақала, памфлет

Г. Рецензия, есеп

 

76. «Төрт-бес жылдың ішінде шығып тоқтаған һәм осы күнде шығып тұрған түрліше газет-журналдардың бәрі «Тәржіманның балалары» – деп әділ бағасын берген тұлға:

А.Шәкәрiм Құдайбердiұлы

Ә.Сұлтанмахмұт Торайғырұлы

Б.Мұхамеджан Сералин

В.Ахмет Байтұрсынұлы

Г. Мiржақып Дулатұлы.

 

77. 1910 жылы Француздың «Мұсылман әлеміне шолу» атты беделді журналы түрік қандастарының арасында көрнекті қоғам қайраткері ретінде кімнің есіміне халықаралық Нобель сыйлығын беру жөнінде ұсыныс жасады:

А.Әлихан Бөкейхан

Ә. Мұстафа Шоқайұлы

Б.Смағұлбек Гаспринский

В.Алимардан Топчибашев

Г. Юсуф Ақчора (Ақчурин)

 

78. «Алдында өткен, тәрбиесін көрген Абайдан соңғы ұстазым – «Тәржіман» газетінің иесі Ысмағұлбек Гаспринский десем бек дұрыс. Анықтық үшін сол кісінің газетін оқып, бек көп пайдаландым. Алла тағала екі дүниеде мақсатына жеткізсін. Әумин!», - деп ауызынан тастамаған данагөй тұлға:

А.Ахмет Байтұрсынұлы

Ә.Шәкәрiм Құдайбердiұлы

Б.Сұлтанмахмұт Торайғырұлы

В.Мұхтар Әуезов

Г. Әлихан Бөкейхан.

 

79. «Фікір» газеті туысқан түркі халықтарының қайсысына ортақ әрі етене жақын болуының себептері:

А.Өзбек пен қазаққа

Ә.Қырғыз бен қазаққа

Б.Башқұрт пен татарға

В.Қазақ пен татарға

Г. Әзербайжан мен башқұртқа


80. С. Торайғыровтың «Айқап» журналында жарияланған мақалалары:

А.“Әдебиет туралы ойлар”, “Оқу, оқыту мәселесi”, “Өлеңшiлер”

Ә.“Қазақ тiлiндегi өлең кiтаптары жайынан”, “Өлең және айтушылар”, “Қазақ iшiнде оқу, оқыту жолы қалай?”

Б.“Әдебиет майданы”, “Оқытудың жаңа жолы”, “Өлең айтушылар”

В.“Қазақтың көне әдебиетi”, “Ауыз әдебиетiнiң мұралары”, “Мектеп жайы”

Г. “Жастар тәрбиесi”, “Оқыту үшiн оқу керек”, “Тiлдегi шұбарлықтар”

 

81. «Сарыарқа» газеті қашан, қай қалада жарық көрді:

А.1917-1918 ж., Орал қаласында

Ә.1916-1918 ж., Ташкентте

Б.1917 ж., Қызылжарда

В.1918-1919 ж., Омбыда

Г. 1917-1918 ж., Семейде

 

82. «Сарыарқа» газетінің редакторы:

А.С.Қожанұлы

Ә. К.Тоғысов

Б.Қ.Кемеңгерұлы

В.Ж.Аймауытұлы

Г. Х.Ғаббасұлы, Р.Мәрсекұлы

 

83. «Сарыарқа» газетінің авторлары:

А.С.Садуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Тынышбайұлы

Ә.А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Б.Майлыұлы

Б.Х.Ғаббасұлы, Ж.Аймауытұлы, Ә.Ермекұлы, М.Тұрғанбайұлы

В.Ж.Тiлепбергенұлы, С.Торайғырұлы, М.Сералыұлы

Г. Н.Жолдыбайұлы, Ж.Сейдалыұлы.

 

84. Ж. Аймауытұлының «Сарыарқа» газетіндегі жарияланымдары:

А.“Сарыарқаның жаңбыры”, “Кедей жастар ұйымы”, “Қазақтардың партиясы”

Ә.“Сарыарқа кiмдiкi?”, “Кедей шаруа бiрлiгi”

Б.“Сарыарқа ажары”, “Жұмысшы шаруа одағы”, “Теңдiк келдi”

В.“Мезгіл жетті қара бұқара!”, “Партия”, “Мемлекет құрылыс”

Г. “Сарыарқаның жерi”, “Бiртұтас шаруа одағы”, “Жастық”

 

85. «Сарыарқа» газетін бастырушы серіктік:

А.“Көмек”

Ә. “Азамат”

Б.“Үміт”

В.“Теңдік”

Г. “Бірлік”

 

86. «Қазақ» газетінде жиі ұшырасатын алынып тасталған сөйлем, кейде тұтас мақала орны, ашық беттің себебі:

А.Оқырманның назарын аудару

Ә.газет материалының жетіспеуінен

Б.цензураның қайшысы қырқып тастауы

В.жауапты редактордан кеткен олқылық

Г. техникалық ақау

 

87. Алашорданың күнбатыс қанатының ресми органы:

А.“Үш Жүз” газеті

Ә.“Сарыарқа” газеті

Б.“Бірлік туы” газеті

В.“Еркін қазақ” газеті

Г. “Ұран” газеті

 

88. «Еркін қазақ» газетінің редакторы:

А.Х.Досмұхамеұлы

Ә.Ж.Досмұхамеұлы

Б.Ғ.Қараш

В.Ғ.Мұсағалиұлы

Г. А.Мамытұлы

 

89. А. Мамытұлының бүркеншік аты:

А.Ағатай Байұлы

Ә.Бөкейлік баласы

Б.Қазақ ұғлы

В.Жаңа байпақты

Г. Қарабалық баласы

 

90. «Қазақ» газетінің фирмасы, яки логотипі:

А.Көшпелілікті білдіретін сәйгүлік

Ә.Қыран бүркіт

Б.Дархандықтың рәмізі сайын дала бейнесі

В.Киіз үй

Г. Ұлттық нақыштағы ою-өрнек

 

91. «Қазақ» газетінің фирмасы, яки логотипін бейнелейтін киіз үйдің есігін күзетуші:

А.Бөрібасар

Ә.Күзетші

Б.Қызметші

В.Қазақ

Г. Сақшы

 

92. «Қазақ» газетінде эпистолярлық жанрдың ерекше даму сипаты:

А.Газеттің аудиториясымен арадағы тығыз байланыс пен жақындық

Ә.Мәдени деңгейге байланысты

Б.Оқырманның заңнамалық сұранысына орай

В. Рухани қажеттілік

Г. Ұлттық мінезге тән сипат

93. «Қазақ» газетін қаржыландыру көзі:

А.Газет таралымынан түсетін пайда

Ә.Жарнама түсімі

Б.Демеушілік көмек

В. Мемлекеттік қолдау

Г. “Азамат” серіктігі

 

94. Большевиктер контрреволюциялық насихат құралы ретінде құртуды көздеген басылым:

А.“Алаш” газеті

Ә. “Сарыарқа” газеті

Б. “Қазақ” газеті

В. “Бірлік туы” газеті

Г. “Ақ жол” газеті

 

95. Большевиктер күшпен «Қазақ» газетінің материалдық базасына бастырған газет:

А.“Жас қазақ”

Ә.“Тіршілік” газеті

Б.“Қазақ мұңы” газеті

В.“Үш жүз” газеті

Г. “Ұшқын” газеті

 

96. «Үш жүз» газетінің редакторы:

А.Б.Қаратаев

Ә.М.Тұнғаншин

Б. Ә.Ермекұлы

В.Ж.Жәнібекұлы

Г. К.Тоғысов

 

97. «Айқап» журналының аты нені меңзейді:

А.“Айдың қабы” дегенді білдіреді

Ә.Қараңғыда сәуле шашқан Айдың рәміздік белгісі

Б.“Әй, қап!” деген өкініштің символы

В.Айға қол созған романтикалық образ

Г. Айдай анық реалистік көзқарасты меңзеу

 

98. Нәзір Төреқұлұлы редакторлық еткен «Темір қазық» журналы қай қалада жарық көрген:

А.Ташкент

Ә.Орынбор

Б. Қызылорда

В.Алматы

Г. Мәскеу

99. "Қазақ мұңы" газетінің ұраны:

А. "Жасасын бейнетқор казақ елі!"

Ә."Еңбек қылсаң емерсің"

Б."Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады"

В."Барлық елдің енбекшілері бірігіңдер!"

Г. "Жойылсын қазақтың жұртты жұлып жеген жалмауыздары!"

 

100. Репрессия жылдарында «аса белсенділік» танытқан республикалык орыс тілді басылым:

А.«Степная новь».

Ә.«Казахстанская правда».

Б.«Ленинская правда».

В.«Коммунист родины».

Г. «Наш путь»