Гинекологиялық науқастарды тексеру әдістері. Гинекологиялық аурулардың семиотикасы.

@ Барлық етеккір циклының барысында қарашық симптомының теріс болуы нені көрсетеді: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, С, гинекология, гинекологиялық аурулардың семиотикасы)

A. гиперандрогенемияның болуы

B. циклдің II фазасының қысқаруы

+C. ановуляторлы циклдың болуы

D. циклдің I фазасының қысқаруы

E. қалыпты етеккір циклына тән

 

@ Екі фазалы етеккір циклында I және II фазадағы базальды температура айырмашылығы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, В, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. 0,2-0,3°С

+B. 0,4-0,6°С

C. 0,7-0,8°С

D. 0,9-1,5°С

E. <0,2°С

 

@ Кариопикнотикалық индекс бұл проценттік қатынасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, А, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

+A. жұғындағы қынаптың эпителийінің беткей мүйізделген клеткаларының жалпы беткей клеткаларға қатынасы

B. жұғындағықынаптың эпителийінің базальды клеткаларының жалпы клеткалар санына қатынасы

C. беткей клеткалардың эозинофильді беткей клеткаларына қатынасы

D. жұғындағықынаптың эпителийінің парабазальды клеткаларының жалпы клеткалар санына қатынасы

E. аралық клеткаларының жалпы клеткалар санына қатынасы

 

@ Екі фазалық етеккір циклының негізгі критерийі болып табылады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. етеккірдің дұрыс ырғағы

B. алғашқы етеккірдің келуі уақыты

C. жыныстық жетілу кезеңінде етеккір қызметінің ерекшелігі

+D. овуляция

E. «қарашық» белгінің болуы

 

@ Қай заттың гипертермиялық әсеріне базальды температура тесті негізделген: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, С, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. эстрадиолдың

B. простагландиндердің

+C. прогестеронның

D. ЛГ

E. ФСГ

 

@ Дексаметазонмен функциональды сынама жүргізеді: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, С, гинекология, гинекологиялық аурулардың семиотикасы)

A. гиперэстрогенияны анықтау үшін

B. ановуляция диагностикасы үшін

+C. гиперандрогения генезін табу үшін

D. гонада дисгенезиясының типтік түрін диагностикалау үшін

E. циклдің лютеиндік фазасының жетіспеушілігін анықтау үшін

 

@ Гинекологиядағы емдік-диагностикалық лапароскопияда оптимальды жансыздандыру әдісі: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, А, гинекология, гинекологиялық науқастардың жалпы терапиясы)

+A. эндотрахеальды наркоз

B. көктамырлық анестезия

C. перидуральды анестезия

D. жергілікті инфильтрациялық анестезия

E. жансыздандыру әдісіэндоскопиялық операцияның көлеміне және науқастың жағдайының ауырлығына байланысты

 

@ Түктінің әйел типтес өсуі ол: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, С, гинекология, гинекологиялық аурулардың семиотикасы)

A. маңдайдағы шаштың доға тәрізді өсуі

B. сегізкөзде түктенудің өсуі

+C. қасаға үстіндегі түктенудің горизонтальды сызықпен өсуі

D. іштің ортаңғы сызығы бойымен түктенудің өсуі

E. сүт безі емізікшесі маңында түктенудің өсуі

 

@ Артқы күмбез пункциясына көрсеткіш: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, Е, гинекология, гинекологияда зерттеу әдістері)

A. жатырлық жүктіліктің үзілуі

B. аналық бездің ісігінің аяқшасының айналып кетуі

C. миоматозды түйін некрозы

D. жедел екі жақты сальпингоофорит

+E. жатырдан тыс жүктілікке күмән, пельвиоперитонит

 

@ Онкоцитологияға жұғынды алады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, А, гинекология, гинекологияда зерттеу әдістері)

+A. цервикальды өзектен және артқы күмбезден

B. қынаптың артқы және алдыңғы күмбездерінен

C. қынаптыңқаптал күмбездерінен

D. уретрадан, цервикальды өзектен, тік ішектен

E. эктоцервикстен

 

@ Гирсутизм дегеңіміз, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, Е, гинекология, гинекологияда зерттеу әдістері)

A. сегізкөзде шаштардың өсуі

B. іштің ортаңғы сызығымен шаштың өсуі

C. сүт безінің емізікшесі айналасында шаштың өсуі

D. «мұрттың» пайда болуы

+E. клитор гипертрофиясы

 

@ Етеккір циклының ортасында іштің төменгі бөлігінде ауырсынудың пайда болуы тән: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, А, гинекология, гинекологиялық аурулардың семиотикасы)

+A. аналық без апоплексиясы

B. жатырдан тыс жүктіліктің үзілуі

C. жатырлық жүктіліктің үзілуі

D. жатыр қосалқыларының қабынуы

E. эндометрит

 

@ Етеккір кезінде ұстама тәрізді ауырсынудың пайда болуы тән: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, В, гинекология, гинекологиялық аурулардың семиотикасы)

A. жатырлық жүктіліктің үзілуіне

B. субмукозды жатыр миомасының туылуына

C. эндометритке

D. жатырдан тыс жүктіліктің үзілуіне

E. аналық без апоплексиясына

 

@ Жыныстық қатынас басталуымен жыныс жолдарынан бөліністің және іштің төменгі бөлігінде ауырсынудың пайда болуы тән: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, А, гинекология, гинекологиялық аурулардың семиотикасы)

+A. жыныс мүшелерінің арнамалы қабынуы

B. жатырлық жүктіліктің үзілуі

C. жатырдан тыс жүктілік

D. аналық без апоплексиясы

E. аналық без кистомасының аяқшасының айналып кетуі

 

@ Гинекологиялық тексерудің арнамалы әдісіне жатады біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, гинекологияда арнайы зерттеу әдістері)

A. ректальды тексеру

B. сыртқы жыныс мүшелерін қарау

C. айнамен қарау

+D. қынаптан тазалық дәрежесіне жұғын алу

E. бимануальды қынап арқылы тексеру

 

@ Жатыр қуысын зондтау аталған барлық жағдайларда жүргізіледі, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. гистероскопия алдында

B. миоматозды түйіннің кілегей асты орналасуына күмән туғанда

C. жатыр дамуының ақауында

+D. жатыр мойнының биопсиясы алдында

E. жатыр ішілік контрацептив қою алдында

 

@ Кеңейтілген кольпоскопия дегеніміз: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, А, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

+A. 3% сірке қышқылымен өңдегеннен соң жатыр мойнын қарау

B. 30 есе ұлғайтып жатыр мойнын қарау

C. 2% Люгольмен өңдегеннен соң жатыр мойнын қарау

D. жатыр мойнын айнамен қарау

E. 250 есе ұлғайтып жатыр мойнын қарау

 

@ Санаторлы-курортты ем барлық жағдайда тағайындалады, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, Е, гинекология, гинекологияда санаторлы-курортты ем)

A. біріншілік бедеулік

B. екіншілік бедеулік

C. жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуы

D. басынан кешірген жатырдан тыс жүктіліктен кейін

+E. жатыр миомасы

 

@ Прогестероннмен сынаманың теріс болуы нені көрсетеді: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, Е, гинекология, гинекологиялық аурулардың семиотикасы)

A. аналық бездің эстрогенді белсенділігінің жеткілікті болуы

B. аменореяның аналық безді түрін

C. жатырлық аменореяның болмауын

D. аменореяның орталық генезді түрін

+E. эндометрийдің терең зақымдалуын

 

@ Эстроген және прогестеронмен оң мәнді сынама көрсетеді: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, В, гинекология, гинекологиялық аурулардың семиотикасы)

A. аменореяның аналық безді түрін

+B. жатырлық аменореяның болмауын

C. аменореяның орталық генезді түрін

D. жатырлық аменореяны

E. эндометрийдің терең зақымдалуын

 

@ Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің бұзылысының деңгейін анықтайтын функциональды сынамаларға жатады, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. люлиберинмен сынама

B. кломифенмен сынама

C. гонадотропинмен сынама

+D. үлкен дексаметазонды сынама

E. кломифенмен люлиберинмен сынама

 

@ Гистероскопия жүргізуіне негізгі қарсы көрсеткіштер, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. қынаптың III-IV тазалық дәрежесі

B. геморрагиялық васкулит

C. декомпенсация сатысындағы жедел қабыну аурулары

+D. йодқа аллергиялық реакциялар

E. декомпенсация сатысындағы жүрек-тамыр аурулары

 

@ Гистероскопия кезіндегі тән асқыну: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, С, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. тері асты эмфизема

B. контрастты затты енгізгенде анафилактикалық шок

+C. жатыр перфорациясы

D. несепағар жарақаты

E. қан кету

 

@ Организмнің эстрогенге қанығуын көрсететін функциональды диагностика тесттеріне жатады, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, D, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. «қарашық» симптомы

B. кариопикнотикалық индекс

C. «папоротник»симптомы

+D. базальды температура

E. жатыр мойын кілегейінің созылуы симптомы

 

@ Екіншілік аменореяны дәлелдеу үшін келесі тексерулер жүргізеді, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, Е, гинекология, гинекологиялық аурулардың семиотикасы)

A. ішкі жыныс мүшелерінің ультрадыбысты зерттеуі

B. екі проекцияда бассүйек рентгенографиясы

C. гонадалардың көзделген биопсиясымен лапароскопия

D. қанда гонадотропиндер мен жыныстық стероидты гормондарды анықтау

+E. кеңейтілген кольпоскопия

 

@ Жатыр қуысының қалыпты рентгенологиялық белгілеріне тән емес: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, Е, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. дұрыс үшбұрыш пішінді

B. ұшты түтікті бұрыштар

C. толу дефектісінің болмауы

D. мойындырық аймағында тарылудың болуы

+E. «контурдан тыс» көлеңкенің болуы

 

@ Гистеросальпингографияға қарсы көрсеткіш: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. эндометрий рагына күмән

B. жатырдан тыс жүктілік анамнезінде

C. созылмалы сальпингит

+D. қынаптың III-IV тазалық дәрежесі

E. бедеулік

 

@ Гистероскопия келесі ауруларға күмән болғанда жасалады, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, Е, гинекология, гинекологияда қосымша зерттеу әдістері)

A. кілегей астылық жатыр миомасы

B. жатыр ішілік синехиялардың болуы

C. эндометрий рагы

D. ішкі эндометриоз

+E. жедел эндометрит

 

Гинекологиядағы жедел іш жағдайы

 

@ Ұрықтану болады: (жабық, дәріс, 1 ұпай, С, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. іш қуысында

B. цервикальды өзекте

+C. жатыр түтігінің ампулярлық бөлігінде

D. жатыр түтігінің интерстициальдықбөлігінде

E. жатыр түтігінің истмикалықбөлігінде

 

@ Жатырға және жатыр түтігіне енгеннен соң сперматозоидтар қанша уақытқа дейін ұрықтануға қабілетін сақтайды: (жабық, дәріс, 1 ұпай, В, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. 6-12 сағат

+B. 72 сағатқа дейін

C. 3-5 тәулік

D. 10 тәулік

E. 6 сағатқа дейін

 

@ Барлық қолданылып жүрген жүктілікті анықтайтын тесттердің қайсысы ең нәтижелі: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, Е, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. Ашгейм-Цондек реациясы

B. гемагглютинацияны тежеу реациясы

C. Галли-Майнини реациясы

D. прегностигон тест

+E. β-ХГ анықтау

 

@ Жатырдан тыс жүктіліктің келесі клиникалық түрлерін ажыратады, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. түтікті

B. іш қуыстық

C. аналық безді

+D. дамымай жатқан

E. жатырдың рудиментарлы мүйізінде

 

@ Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік аборт түрінде үзілуі келесі орналасуға тән: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, А, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

+A. жатыр түтігінің ампулярлы бөлігі

B. жатыр түтігінің истимикалықбөлігі

C. жатырдың рудиментарлы мүйізінде

D. жатыр түтігінің интерстициальдыбөлігі

E. дұрыс жауабы жоқ

 

@ Қанның реинфузиясына көрсеткіш болып саналады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, А, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

+A. ауырсыну ұстамасынан соң 6 сағаттан артық уақыт өтпесе, инфекция белгілерінің және қанда макроскопиялық өзгерістердің болмауы

B. қанда майлы қосылыстардың болуы

C. науқастың дене қызуының көтерілуі

D. гемолиздің болуы

E. ауырсыну ұстамасынан соң 16 сағаттан артық уақыт өтпесе, инфекция белгілерінің және қанда макроскопиялық өзгерістердің болмауы

 

@ Жатырдан тыс жүктілікке байланысты операциядан соң науқастарды реабилитациялау кешеніне кіреді, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, D, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. физиотерапия жүргізу (дәрілік заттармен электрофорез, ультрадыбыстық терапия)

B. жүйелі энзимотерапия препараттарын тағайындау

C. контрацепция

+D. аутогемотрансфузияның қайталап курсын жүргізу

E. балшықпен емдеу

 

@ Үзілген түтіктік жүктілік кезінде науқастың ауыр жағдайында жасалады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, В, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. жедел қан құю

+B. жедел операция (жүкті түтікті алып тастау), гемостаз, аутоқан реинфузиясы

C. гемостаз

D. консервативті ем

E. анемияға қарсы ем

 

@ Түтіктік аборт түрімен үзілген жатырдан тыс жүктілік кезінде болады, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, Е, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлініс

B. іштің төменгі бөлігінде және мықын шап аймағында ауырсыну

C. қынап арқылы зерттегенде қосалқыларының ұлғаюы және ауырсынуы

D. етеккірдің кідіруі

+E. пальпация кезінде алдыңғы іш қабырғасының кернеуі

 

@ Жатыр түтігі жарылу түрімен үзілген жатырдан тыс жүктілік кезінде барлық белгілер болады, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, С, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. мықын аймағының бірінде кенеттен ұстамалы ауырсыну

B. ауырсынудың тік ішекке, иыққа таралуы

+C. ашық кезеңдермен ұстама тәрізді ауырсыну

D. коллапс

E. жүрек айну (құсу)

 

@ Жатырдан тыс жүктілік үзілген кезде дұрыс шаралар реті: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, D, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. гемотрансфузия, операция

B. терапевт, анестезиолог кеңесі, операция

C. ультрадыбысты зерттеу, гемотрансфузия, операция

+D. операция, гемотрансфузия

E. 2-3 сағат консервативті емдеу, гемотрансфузия, сосың операция

 

@ Аналық без апоплексиясыбұл: жабық, дәріс, 1 ұрай, А, гинекология, аналық без апоплексиясы)

+A. аналық безден жедел қан кету, аналық без жарылуы

B. аналық без тканінің іріңді балқуы (пиовар)

C. аналық бездің қанмен қамтамасыз етуінің жедел бұзылысы

D. аналық без тканінің некрозы

E. аналық без поликистозы

 

@ Қынап арқылы зерттегенде науқаста анықталды: сыртқы ернеуі жабық, жатыр сәл ұлғайған, жұмсарған. Оң жақ қосалқыларында жұмсақ, ауырсынатын түзіліс анықталады, жатыр мойнын қозғаған кезде ауырсынады. Мүмкін диагноз: (жабық, тәжірибелік сабақ, 3 ұпай, А, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

+A. үдемелі жатырдан тыс жүктілік

B. оң жақ аналық без апоплексиясы

C. оң жақ жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну процесінің өршуі

D. оң жақ аналық без кистомасы

E. оң жақты тубоовариальды түзіліс

 

@ Жатырдан тыс жүктілікке күмән болған науқаста қынап арқылы тексергенде анықталды: сыртқы ернеуі ашық, цервикальды өзектен ал қызыл түсті қанды бөліністер, жатыр 8 апталық жүктілікке сай ұлғайған. Қосалқылары анықталмайды. Қынап күмбездері терең, бос. Диагноз: (жабық, тәжірибелік сабақ, 3 ұпай, В, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. түтікті аборт

+B. үзілген жатырлық жүктілік

C. аналық без апоплексиясы

D. жатыр қосалқыларының қабыну процесінің өршуі

E. біреуі де емес

 

@ Аналық без апоплексиясына тән, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, аналық без апоплексиясы)

A. іштің төменгі бөлігінде ауырсыну

B. ішке қан кету

C. жүктілікке биологиялық сынамалардың теріс болуы

+D. айқын лейкоцитоз

E. іш пердесінің тітіркену симптомы

 

@ Аналық без апоплексиясында жиі қандай операция жасалады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, В, гинекология, аналық без апоплексиясы)

+A. лапаротомия, қынап үстілік жатыр ампутациясы

B. лапароскопия, аналық без резекциясы немесе қансыраған жерді коагуляциялау

C. лапаротомия, аналық безді түтікпен алып тастау

D. лапаротомия, қосалқыларымен қынап үстілік жатыр ампутациясы

E. аналық безді алып тастау

 

@ Түтіктік аборттың негізгі клиникалық белгілерін таңдаңыз: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, Е, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. іштің төменгі бөлігінде тұрақты ауырсыну, естен тану, артериялық қан қысымының төмендеуі, жыныс жолдарынан қанды бөлініс

B. жыныс жолдарынан қанды бөлініс, тік ішекке таралатын іштің төменгі бөлігінде ұстама тәрізді ауырсыну, естен тану, дене қызуының жоғарлауы

C. естен танумен кенеттен іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, тік ішекке қысым сезімі, жыныс жолдарынан қанды бөлініс

D. тік ішекке, санға, сегізкөзге берілетін іштің төменгі бөлігінде тұйық, сыздап ауырсыну, жыныс жолдарынан қанды бөлініс, жалпы жағдайында өзгеріс жоқ

+E. іштің төменгі бөлігінде ұстама тәрізді ауырсыну, ұстама арасында аралықпен, жүрек айну, жыныс жолдарынан қанды бөлініс, жалпы жағдайында өзгеріс жоқ

 

@ Үдемелі жатырдан тыс жүктілік кезінде негізгі мәлімет беретін әдіс: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. жүктілікке иммунологиялық сынама

B. УДЗ

C. артқы күмбез пункциясы

+D. лапароскопия

E. жатыр қуысын диагностикалық фракционды қыру

 

@ Жатырдан тыс жүктілік кезінде жатыр қуысынан алынған қырындыда гистологиялық анықталады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, С, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. секреция фазасындағы эндометрий

B. пролиферации фазасындағы эндометрий

+C. хорион бүрлерінсіз децидуальды ткань

D. хорион бүрлері

Е. ұрық жұмыртқасы бөліктері

 

@ Ұрық жұмыртқасы жатыр түтігінің истмикалық бөлігінде орналасса, жүктілік үзіледі: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, А, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

+A. тек түтіктің жарылу түрімен

B. жиі жарылу түрімен

C. аборт пен жарылу жиілігі бірдей

D. жиі аборт түрімен

Е. жүктілік жиі ұзарады

 

@ Түтіктік жүктілік кезінде консервативті операцияларды барлық жағдайларда жасауға болмайды, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, Е, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. түтіктің үлкен жарылуында

B. массивті қан кету

C. түтіктік жүктіліктің үзілгеннен көп уақыт өтсе

D. 35 жастан жоғары әйел

+Е. репродуктивті қызметін атқармаған жас әйел