Курс «Жалпы медицина» мамандығына арналған тест сұрақтары 3 страница

 

1. Жаппай жинастыру неше рет жүргізілу керек?

А. Айына 1 рет

В. Айына 2 рет

С. Айына 3 рет

D. Айына 4 рет +

E. Ластануына қарай

 

2. Жоспарлы дезинфекцияны жүргізу үшін стационарды жылына неше рет жабылу керек?

А. жылына 1 рет

В. Жылына 3 рет

С. Квартал сайын

D. Жылына 2 рет +

E. Қажет болғанда

 

3. Босанудан кейінгі палатада ауа температурасы кем болмау керек

А. +26

В. +24

С. +25 +

D. +22

E. +23

 

4. Босанғаннан кейін алғашқы аптада нәрестені емізу саны қаншадан кем болмауы керек

А. 8-12 +

В. 4-6

С. 14-16

D. 6-7

E. 5-6

 

5. Нәрестені қоректендіру ұзақтығын реттейді

А. Ананың өзі

В. Баланың өзі +

С. Бала мейірбикесі

D. Күн тәртібі

E. Сүт көлемі

 

6. Босанудан кейінгі бөлімшелер палаталарды толтыру керек

А. кезекпен

В. Циклды +

С. таңдаумен

D. босану ұзақтығы

E. босану саны

 

7. Нәрестенің алғашқы жинағына не кіреді?

А. 2-3 жаялық

В. 2 қысқыш, 1 қайшы және 10 дәкелі шариктер +

С. 1 қысқыш, 1 қайшы және 5 дәкелі шариктер

D. 2 қысқыш, 1 қайшы және сантиметр лентасы

E. 2 қысқыш, 1 қайшы, 2-3 жаялық

 

8. Жылу цепочкасын сақтау неге мүмкіндік береді?

А. Босануды дұрыс қабылдау

В. Баланы жарақаттамау

С. Босанушының салқындауының алдын алу

D. Нәрестенің салқындауының алдын алу +

E. Жеке палатада жұмысты ұйымдастыру

 

9. Босану стационарына жүктілер госпитализациясы неге сәйкес жүргізіледі?

А. Скринингтік бақылау

В. Медициналық көрсеткіш бойынша +

С. Өздігінен бару

D. бақылау алгоритмі

E. Жеке жоспар

 

10. Босану стационарына госпитализациялау кезінде әйелге не киюге болады?

А. Өзінің таза іш киімін және босану үйінің іш киімін

В. Тек қана босану үйінің іш киімін +

С. Бір рет киетін іш киім

D. Стерильном іш киім

E. Операциялы іш киім

 

11. Босану палатасында ауа температурасы кем болмау керек

А. + 20

В. +24

С. +25 +

D. +22

E. +23

 

12. Неонатолог нәресте жағдайын бағалайды

А. Алғашқы 30 минутта +

В. Алғашқы 60 минутта

С. Алғашқы 100 минутта

D. Алғашқы 50 минутта

E. Алғашқы 40 минутта

 

13. Гонобленореяның екіншілік профилактикасын өткізеді

А. Нәресте жарақаты кезінде

В. Ұзақ сусыз кезеңде

С. Анасында хламидиялы және гонореялы инфекция кезінде

D. Барлық нәрестелерде +

E. Анасында ВИЧ-инфекция және СПИД болса

 

14. Босану палатасында ауа температурасы кем болмау керек

А. + 26 +

В. +24

С. +25

D. +22

E. +23

 

15. Бөлімшеде кір ішкі киімді уақытша сақтау артық болмау қай уақыттан аспау керек?

А. 14 сағ

В. 24 сағ

С. 18 сағ

D. 16 сағ

E. 12 сағ +

 

16. Босанудан кейін нешінші күнге таман ішкі ернеу қалыптасады?

А. 10

В. 8

С. 5

D. 14

E. 7 +

 

17. Босанудан кейін нешінші күнге таман сыртқы ернеу қалыптасады?

А. 21 +

В. 8

С. 14

D. 7

E. 10

 

18. Лохиялар қай күнде серозды-қан аралас түсті болады?

А. 7-8

В. 5-6

С. 3-4 +

D. 1-2

E. 10-12

 

19. Жатыр инволюциясы неге байланысты?

А. Әйел бойы

В. Әйел салмағы

С. Лохиялар түсі

D. Қағанақ суы бөлінуінің уақыты

E. Ана сүтімен қоректендіру +

 

20. Босанудан кейін алғашқы етеккір жиірек қандай болады?

А. Меноррагия типті

В. Гиперполименорея типті

С. Овуляторлы

D. Опсоменорея типті

E. Ановуляторлы +

 

21. Физиологиялық босанудан кейінгі кезең өтеді

А. 6-8 апта +

В. 3-4 апта

С. 4-5 апта

D. 10-11 апта

E. 9-10 апта

 

22. Босанудан кейінгі кезеңде жүктілікпен байланысты кейбір өзгерістер жоғалмайды

А. Циркуляцияланған қан көлемі

В. Жатырдың дөңгелек байламасы

С. Жатырдың ішкі ернеуі

D. Сыртқы ернеудің тесік тәрізді түрі +

E. Жатыр

 

23. Босанудан кейінгі алғашқы тәулікте жатыр түбі қайда орналасады?

А. Кіндік деңгейінде +

В. Қасағада үстінде

С. Кіндік пен қасаға арасында

D. Кіндіктен 2 см төмен

E. Қасағадан 2 см жоғары

 

24. Жатыр қысқаруы қалай жүзеге асады?

А. Жатыр түбінен төменгі сегментке дейін +

В. Мойын маңынан жатыр түбіне дейін

С. Жатыр түбінен түтіктерге дейін

D. Жатыр түтігінен түбіне дейін

E. Жатыр түтігінен жатырға және төменгі сегментке

 

25. Босанудан кейін ішкі ернеу диаметрі неге тең?

А. 6-8 см

В. 8-9 см

С. 10-12 см +

D. 7-8 см

E. 4-5 см

 

26. Босанудан кейінгі параметрит клиникасы нешінші тәулікте дамиды?

А. 2-3 тәул

В. 10-12 тәул +

С. 4-5 тәул

D. 6-7 тәул

E. 8-9 тәул

 

27. Дені сау нәрестені алғаш рет емізу қашан басталады?

А. 1 тәуліктен кейін

В. 10 сағаттан кейін

С. 3 сағаттан кейін

D. 2 сағаттан кейін

E. 1 сағат ішінде +

 

28. Босанудан кейінгі эндометриттің симптомдары қашан пайда болады?

А. Босанудан кейін бірден

В. Босанудан кейін12-24 сағаттан кейін

С. Босанудан кейін 2-3 сағаттан кейін +

D. Босанудан кейін 4-5 сағаттан кейін

E. Босанудан кейін 5-12 тәулікте

 

29. Ерте босанудан кейінгі кезеңде жатыр массасы неге тең?

А. 800 гр

В. 900 гр

С. 700 гр

D. 1200 гр

E. 1000 гр +

 

30. Сазонов-Бартельстың босанудан кейінгі септикалық аурулардың жіктелісі бойынша параметрит қай кезеңге жатады?

А. Бірінші

В. Екінші +

С. Үшінші

D. Төртінші

E. Босанудан кейінгі септикалық аурулар қатарына жатпайды

 

31. 22 жастағы алғашқы босанушы қағанақ суының кеткеніне 18 сағат және босану қызметінің басталғанына 6 сағат болғанда босану үйіне келіп түсті. Ұрықтың жүрек соғысы ырғақты, анық. Толғақ 4рет 10 минутта. Ұрықтың болжам салмағы - 3600±100,0. Дәрігердің іс-әрекеті?

А. Антибиотик тағайындау +

В. Кесар тілігі операциясын жасау

С. Босану қызметін күшейту

D. Ұрықтың басының кіші жамбасқа кіре беріске қатынасын анықтау

E. Бақылауды жалғастыру

 

32. Қағанақ суының мезгілсіз кетуінің қаупі:

А. Хориоамниониттің дамуы +

В. Босану қызметінің дискоординациясының дамуы

С. Босану жарақатының пайда болуы мүмкін

D. Қарқынды босану болуы мүмкін

E. Ұрықтың босану жолдарымен жылжуы қиындайды

 

33. Эндометрий босанудан кейін қандай уақытта қалыптасады?

А. 10-шы күні

B. 2 аптадан кейін

C. 3-4 аптадан кейін

D. 6-8 аптада +

E. 3 айдан кейін

 

34. Босанудан кейін нешінші тәуліктен бастап лохиялар серозды болады?

А. 3 тәуліктен

B. 4 тәуліктен

C. 5 тәуліктен +

D. 6 тәуліктен

E. 7 тәуліктен

 

35. Босанудан кейін 3 тәулікте 22 жастағы алғашқы рет босанған әйелде аралыққа салынған тігістер тұсында ауырсыну және қышу белгілері пайда болды. Жүктілік кезінде кандидозды кольпит, ұзақ босану, аралықтың I дәрежелі жыртылуы болған. Нәрестенің салмағы 3800,0. Дәрігердің тексеруінде аралықтың тігіс салынған жерінің ісінуі, тігістердің қиылып кетуі, іріңді бөліністер анықталды. Дәрігер қандай ем тағайындайды?

А. Жарақатты тазартып екіншілік тігіс салады

B. Антибиотик тағайындайды

C. Инфузиондық терапия, иммунокорректорлар тағайындайды

D. Тігістерді алып тастап, іріңді жараны емдеу принциптерін қолданады +

E. Құрамында антибиотиктер бар майларды қолданады

 

36. Босанудың III кезеңінде қайталап босанушы әйелде placenta adhaerens себебінен плацента қол әдісімен жатыр қуысынан шығарылды. Босанғаннан кейінгі кезеңде қандай септикалық аурудың дамуы мүмкін емес?

А. Хориоамнионит+

B. Эндометрит

C. Параметрит

D. Сальпингоофорит

E. Пельвиоперитонит

 

37. Физиологиялық босанудан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың жиілігі?

А. 4-6% +

B. 10-12%

C. 15-18%

D. 34-36%

E. 36-54%

 

38. Алғашқы рет босанушы, жүктілік мерзіміне жетілген, қағанақ суының уақытынан бұрын кетуі болды. Босанудың ұзақтығы 10 сағат 30 минут, сусыз кезең 12 сағат 30 минут. Жүктіліктің III триместрінен бастап гемоглобинның 95 г/л төмендеуі байқалған. Босанудан кейін 4-ші тәуліктен бастап дене қызуы 38-39ْ С дейін көтерілді, тахикардия, қалтырау пайда болды. Тамыр соғуы 96 рет/мин, ырғақты, артериалды қысым 105/70 мм.с.б. Тері жамылғысының түсі бозғылт. Сүт бездері жұмсақ, емізіктері таза. Пальпация кезінде жатыр ауырсынады, консистенциясы жұмсақтау, жатыр түбі кіндіктен 2см жоғары. Лохиялар түсі ірің тәріздес, жағымсыз иіспен.

Диагноз қойыңыз?

А. Хориоамнионит

B. Эндометрит +

C. Параметрит

D. Сальпингоофорит

E. Метротромбофлебит

 

39. İрі ұрықпен алғашқы босанушы босанудан кейін 4 тәулікте дәрігердің қарауы кезінде қынаптың ішіндегі ауырсынуға, ашуына шағымданды. Дене қызуы 36,9˚ С, артериалды қысым 115/70 мм.с.б. Қынапты тексерген кезде оң жақ қапталындағы қабырғасының төмеңгі үштен бір бөлігінде жыртылыс, порыт гнойным налетом, қанталайды. Айналасындағы тіндер ісінген және гиперемирленген.

Қандай диагноз?

А. Қынаптың қабырғасының гематомасы

B. Қынаптың қабырғасының тромбофлебиты

C. Қынаптың қабырғасының жыртылысы

D. Босанудан кейінгі жара +

E. Қынаптың ісінуі

 

40. Эндометритті анықтауда тиімді әдістер болып саналады?

А. Қанда молекулярлық пептидтердің деңгейін анықтау

B. Иммунологиялық зерттеулер

C. Бактериологиялық және ультрадыбыстық зерттеулер +

D. Цитоморфологиялық зерттеулер

E. Гистероскопия

 

41. Босанудан кейін 7 тәулікте қайталап босанған әйелде дене қызуы 39-40ْ С дейін көтерілді, іштің төмеңгі бөлігінде ауырсыну анықталады. Қан анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарлауы байқалады. Жатыр пальпациясы кезінде жатыр ұлғайған, оң жаққа қарай ығысқан, түбі қасаға мен кіндіктің арасында.Қынап арқылы зерттегенде жатырдың қосалқысының тұсында шектері анық емес инфильтрат анықталады, пальпация жасағанда айқын ауырсыну. Қандай диагноз?

А. Эндометрит

B. Метрит

C. Сальпингоофорит +

D. Параметрит

E. Пельвиоперитонит

 

42. 25 жасар босанушы босанудан кейін 2 тәулік өткенде дене температурасының 37,8˚С көтерілуіне шағымданды. Босану кезінде жыныс жолдарын қарағанда II дәрежелі жытыр мойнының жыртылуы анықталды, тігіс салынды. Антибиотиктер тағайындалды. Босанудан кейін 10 тәулікте әйелдің денсаулыңы күрт нашарлады, дене температурасы 39ْ С дейін көтерілді, қалтырау және іштің төменгі бөлігіндегі және беліндегі ауырсыну пайда болды. Қынаптық зерттеуде жатырдың кең байламасында шексіз инфильтрат анықталды. Қынаптың сол жақ күмбезі қысқарған. Сіздің диагнозыңыз?

А. Параметрит +

B. Сальпингоофорит

C. Тромбофлебит

D. Метрит

E. Пельвиоперитонит

 

43. Акушерлік перитониттің жиілігі:

А. 0,3%

B. 0,5-5% +

C. 3-4%

D. 6-7%

E. 10%

 

44. Акушерлік перитониттегі ана өлімінің жиілігі?

А. 11-12%

B. 15-16%

C. 22-24%

D. 26-35% +

E. 30-32%

 

45. Біріншілік перитониттің даму себебі?

А. Хориоамнионит +

B. Кесар тілігі операциясынан кейін жатырға қосымша тігіс салу

C. Параметрит

D. Кесар тілігі кезінде көрші ағзалардың жарақаты

E. Операциядан кейінгі іштің алдынғы қабырғасының тігістерінің абсцесы

 

46. Біріншілік перитониттің жиілігі?

А – 15%

B - 20%

C - 30%

D – 45% +

E – 55%

 

47. Екіншілік перитониттің жиілігі?

А – 10%

B – 15%

C - 25%

D - 35%

E – 55% +

 

 

48.Ерте перитонитте қанша уақыт консервативті емді жүргізіп көруге болады?

А – 5-10 сағат

B – 6-12 сағат

C – 12-24 сағат +

D – 24-48 сағат

E – 48-72 сағат

 

49. Ерте перитониттің жиілігі?

А – 15%

B – 20%

C – 22%

D – 25% +

E – 35%

 

50. Инфекциялық-токсикалық шоктың негізгі белгісі, ол:

А. Босанудан кейін септикалық аурудың белгілері болса, дене қызуы 40ْ С жоғарлауы

B. Босанудан кейін 1-3 тәулікте қайталанатын қалтырау

C. Қан кету болмаса, босанудан кейін септикалық аурулардың симптомдары болса, артериалды қысымның тұрақты төмендеуі +

D. Босанудан кейінгі кезеңдегі эндометрит кезінде іріңді лохиялар

E. Жүргізіліп жатқан ем кезінде айқын интоксикация

 

51. Босанушы 30 жаста, кесар тілігі операциясынан кейін 5 тәулік. Аурудың жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38˚С, тамыр соғуы 100рет/мин. İшінің төмеңгі бөлігінде ауырсыну бар. Ультрадыбыстық зерттеу жасағанда іш қуысында бос сұйықтық, жатырдағы тігістің тұсында «ниша» белгісі анықталады. Қандай диагноз?

А. Эндометрит

B. Параметрит

C. Перитонит +

D. Метрит

E. Жатырға салынған қосымша тігіс

 

52. Инфекциялық-токсикалық шокта аурудың өлімінің жиілігі?

А. 0,8-1%

B. 12%

C. 23%

D. 55%

E. 60-88% +

 

53. Инфекциялық-токсикалық шоктың дамуына себеп болатын, ол:

А. Айқын интоксикация

B. Инфекциялық аурудың пайда болуы

C. Оперативтік әдіспен босандыру

D. Иммундық күштің төмендеуі

E. Қоздырғыштардың және токсиндердің көп мөлшерде қан айналымына түсуі +

 

54. Сепсисте қанның бактериологиялық зерттеуі нәтиже береді:

А. 20%

B. 40%

C. 60% +

D. 80%

E. 100%

 

55. Босанудан кейінгі маститтің жиілігі?

А. 1-2%

B. 2-3%

C. 1-10%

D. 1-16% +

E. 20%

 

56. Босанудан кейін дамитын маститтің қоздырғыштарының арасында бірінші орында:

А. Стрептококк

B. İшек таяқшасы

C. Стафилококк +

D. Клебсиеллалар

E. Анаэробтық таяқшалар

 

57. Босанудан кейін маститте арнамалы қорғанысты жоғарлату үшін тағайындайды:

А. Интерферон

B. Т-активин

C. Декарис

D. Стафилококктық анатоксин +

E. Нативтік плазма

 

58. Босанудан кейін 12 тәулікте босанған әйелде дене қызуы 38,5ْ С дейін жоғарлады, қалтырау, басының ауруы, сүт безінің ісінуі, пальпация жасағанда ішінде тығыздану және ауырсыну анықталады. Қандай диагноз?

А. Лактостаз

B. Мастопатия

C. Мастит +

D. Сүт безінің фиброаденомасы

E. Сүт безінің ісінуі

 

59. Кесар тілігі операциясынан кейін 4 тәулікте аурудың жағдайы нашарлады, дене қызуы 39˚С, тамыр соғуы 110 рет/мин, ішіне пальпация жасағанда, ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді, жел анда-санда шығады. Ішек стимуляциясы тек уақытша нәтиже береді. Дәрігер тактикасы?

А. Жедел түрде релапоратомия жасау керек

B. Лапороскопия жасау керек

C. 6-12 сағат бақылау, жағдайы жақсы болмаса, релапоратомия +

D. Консервативті ем

E. Жатыр қуысын қыру

 

60. Перитонитте ауруларда ішінің аурғанының күшейуі қимылдағанда, денесінің орналасуының өзгерткенінде қандай жиілікте кездеседі?

А – 10%

B - 20%

C – 40%

D – 66%

E – 77% +

 

61. Қайталап босанушы 26 жаста, жамбас өлшемі орташа, жүктілік мерзіміне жеткен, босану қызметінен 3 сағаттан кейін, қағанақ суының кетуінен 12 сағаттан кейін келіп түсті. Босану үйінің қай бөлімшесіне түсуі керек?

А. босанудан кейін

В. Күндізгі стационар

С. Гинекологиялық

D. Жүктілік патологиясы бөлімшесіне

E. Босану бөлімшесіне +

 

62. Қайталап босанушы 30 жаста, мерзіміне жеткен жүктілік диагнозымен түсті. Қалыпты орналасқан плацента мерзімінен бұрын ажыраған. Кесар тілігі операциясы арқылы босандыру көрсетілген. Қанша уақыттан кейін операция басталуы керек?

А. Бірден +

В. Бір сағаттан кейін

С. 15 минуттан кейін

D. 30 минуттан кейін

E. 2 сағаттан кейін

 

63. Шұғыл босану болды. Салмағы 3000,0, бойы 52 см. асфиксиясы жоқ ұл бала дүниеге келді. Қарағанда, везикулалар анықталды. Неонатологтың диагнозы: пиодермия. Енді нәресте қай жерде жатуы керек?

А. Балалар бөлімшесінде

В. Анасының қасында

С. Интенсивнті палатада

D. Балалар ауруханасында +

E. Үйге жіберіледі

 

64. Салмағы 3200,0, бойы 54 см. мерзіміне жеткен қыз бала дүниеге келді. Босану кезінде жатыр ішілік пневмония. Анасында созылмалы гениталды инфекция. Антенаталды кезеңде жұқпалы ауруға шалдығу жолы?

А. Лимфогенді

В. Аспирациялы

С. Гематогенді +

D. Хориалды ворсиналар арқылы

E. Плацентарлы

 

65. Салмағы 3200,0, бойы 54 см. мерзіміне жеткен қыз бала дүниеге келді. Босану кезінде жатыр ішілік пневмония. Анасында кольпит. Интранаталды кезеңде жұқпалы ауруға шалдығу жолы?

А. Лимфогенді

В. Гематогенді

С. Аспирациялы +

D. Кіндік қанатшасы арқылы

E. Плацентарлы

 

66. Нәрестеге 3 тәулік. Жүктілік пен босану асқынусыз өтті. Қарау кезінде іріңді омфалит анықталды. Жұқпалы ауру ошақтары:

А. Ана

В. Қол жуу техникасын сақтамау +

С. Ана сүті

D. Қосымша тамақ

E. Күнделікті заттар

 

67. Нәрестеге 3 тәулік. Ана және бала режимінде. Анасында іріңді кольпит. Жүктілік пен босану асқынусыз өтті. Педиатр қарағанда, іріңді конъюктив анықталды. Жұқпалы ауру ошағы:

А. Ана +

В. Қол жуу техникасын сақтамау

С. Ана сүті

D. Қосымша тамақ

E. Күнделікті заттар

 

68. Жүкті әйел А., 26 жаста, 8 апта жүктілік мерзімінде үнемі әйелдерге кеңес беру бақыланады. Жүктілік қалыпты өтіп жаты. Жүктіліктің жүкті әйелдің қандай клиникалық-зертханалық көрсеткіштерін анықтау керек?

А. Жалпы қан анализі, несеп анализі, ВИЧ қан тапсыру, RW, терапевттің кеңес беруі

В. Жалпы қан анализі, несеп анализі, ВИЧ қан тапсыру, RW, ұрықты УД зерттеу

С. ВИЧ қан тапсыру, RW, ұрықты УД зерттеу, терапевттің кеңес беруі

D. ВИЧ қан тапсыру, RW, қынаптан жұғын алу, терапевттің кеңес беруі +

E. Жалпы қан анализі, несеп анализі, терапевттің кеңес беруі

 

69. Босанудан кейінгі кезеңді жүргізудің негізгі принциптеріне жатады:

А. Босанушының жалпы жағдайын бақылау, қуықты босату, жыныс жолдарынан бөліністерді бақылау, жатыр массажы.

В. Босанушының жалпы жағдайын бақылау, қуықты босату, жыныс жолдарынан бөліністерді бақылау, Абуладзе әдісі

С. Босанушының жалпы жағдайын бақылау, босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу+

D. Босанушының жалпы жағдайын бақылау, қуықты босату, жыныс жолдарынан бөліністерді, зәр шығаруды бақылау

E. Босанушының жалпы жағдайын бақылау, қуықты босату, жыныс жолдарынан бөліністерді бақылау, кіндігінен тарту.

 

70. Босандырудың негізгі сапалы көрсеткіштеріне жатады:

А. Халықтың табиғи көбеюі

В. Перинаталдық өлім, неонаталдық өлім

С. Ана өлімі, перинаталдық өлім +

D. Нәресте ауруы, перинаталды өлім

E. Фертильдік көрсеткіші, перинаталдық өлім

 

71. Ана өлімінің есебі қалай саналады?

А. 1000 босануға

В. 1000 тірі және өлі туғандарға

С. 100 000 тірі туғандарға +

D. 1000 халыққа

E. 10 000 халыққа

 

72. Перинаталдық өлім ұғымы мынадай мағына береді:

А. Өлі туу

В. Ерте неонаталды өлім, өлі туу

С. Ерте және постнаталдық өлім

D. Антенаталдық өлі туу және нәрестелердің өлімі

E. Өлі туу және ерте неонаталдық өлім +

 

73. Перинаталдық өлімінің есебі қалай саналады?

А. 1000 тірі туғандарға

В. 1000 тірі және өлі туғандарға

С. 100 000 тірі туғандарға +

D. 1000 халыққа

E. 10 000 халыққа

 

74. Ана өлімін талдауына кіретін көрсеткіштер:

А. 1000 босануға келетін аурулар, леталдық %, өлім құрылымы %, 100 000 нәрестеге келетін өлім саны +

В. 1000 босануға келетін леталдық, 1000 өлі және тірі туғандардың өлімі, өлім құрылымы %

С. 1000 босануға келетін аурулар, леталдық %, 100 нәрестеге келетін өлім саны, % қорытынды құрылымы

D. 1000 адамға келетін аурулар, жалпы өлім құрылымы

E. 1000 босануға келетін аурулар, леталдық %, өлім құрылымы %, 10 000 нәрестеге келетін өлім

 

75. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы бойынша тірі туу критерийлері

А. Тыныс алу, жүрек соғысы

В. Тыныс алу, жүрек соғысы, кіндік пульсациясы, қозғалыс белсенділігі +

С. Тыныс алу, жүрек соғысы, кіндік бауының пульсациясы, қозғалыс белсенділігі , плацентаның ажырауы

D. Тыныс алу, жүрек соғысы, плацентаның ажырауы

E. Жүрек соғысы, кіндік бауын кесу

 

76. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы бойынша перинаталдық кезең критерийлері

А. Ұрықтың құрсақ ішілік өмірі туғаннан кейін 28 толық аптадан басталады

В. Ұрықтың құрсақ ішілік өмірінің 28 толық аптадан басталады, туғаннан кейін толық 7 күннен кейін +

С. Ұрық жұмыртқасы имплантациясынан бастап, туғаннан кейін толық 7 күн өткеннен кейін

D. Туғаннан бастап, 42 күн өткеннен кейін

E. Туғаннан бастап, босанғаннан кейін 7 күннен соң

 

77. Неонаталдық кезең ұзақтығы

А. Туғаннан бастап 28 күн +

В. Туғаннан бастап, босанғаннан кейін 7 күннен соң

С. 28 аптадан босаннан кейін 28 күнге дейін

D. Ұрықтандыру мезгілінен бастап, босанғаннан кейін 7 күн өткеннен соң

E. Ұрықтандыру мезгілінен бастап, босанғаннан кейін 28 күн өткеннен соң

 

78. Дені сау нәрестелерді алғаш рет әдетте қашан емізеді?

А. Алғашқы сағат ішінде +

В. Туғаннан кейін 6 сағат өткен соң