Пән бойынша тапсырмаларды (МӨЖ) орындау кестесі

Тақырыптар атауы МӨЖ тапсырмалары Сабақтың мақсаты және мазмұны Қолданылаған әдебиет Бақылау түрі Тапсыру мерзімі \апта Бағалау, балл
Ғылым тарихы және философиясы пәні 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. «Ғылым тарихы және философиясы» курсының объектісі, пәні және әдістері. 3. Ғылым философиясы және ғылым тарихы ара-қатынасының ерекшеліктері. 1.Курс мақсаттарын және міндеттерін меңгеру. 2.Ғылым пәні және тәсілдерін меңгеру. 3. Ғылым философиясының негізгі мазмұнын айқындау. Н.Ә.: 1-8, 12,13, 16-19, 23-25 Қ.Ә.: 6, 9, 13, 15   1.Дәрістер конспектісі   2. Машықтану сабақтарына талдау жасау.   МОӨЖ: 3.Экспресс- сұрау, тапсырмалардың орындалуын тексеру. 50/100
Ғылымның дүниетанымдық негіздері 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. Ғылымды зерттеудегі негізгі аспектілердің ерекшелігі және байланысы. 3. Ғылымның рухани шығармашылықтың басқа да түрлерімен байланысы. 1. Ғылым даумындағы философияның дүниетанымдық ролін ашу. 2.Гносеологиялық мәселелерді шешу тәсілін жүйелендіру және жинақтау. 3. Ғылымның гуманисттік көкжиектерін анықтау. Н.Ә.: 1-8, 11-13, 16-19, 22-25 Қ.Ә.: 6, 7, 14, 15   1.Дәріс конспектісі.   2. Пікір-таласты талдау.   МОӨЖ: 3.Презентацияларды тексеру.     50/100
 
Ғылымның атқаратын қызметтері 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. Ғылымның жалпы және әлеуметтік қызметтері. 3. Ғылым философиясы және ғылыми пәндер.   1.Ғылымның мәдениет жүйесіндегі ролін анықтау. 2. Ғылымның негізгі қызметтерін анықтау. 3. Қазіргі замандағы жаһандық мәселелерді шешудегі ғылым ролін анықтау. Н.Ә.: 1-8, 12,13, 16-19, 23-25 Қ.Ә.: 11, 13, 24   1. Дәріс конспектісі.   2.Машықтану сабақтарына талдау жасау.   МОӨЖ: 3.Презентацияларды тексеру. 50/100
Көне әлемдегі, орта ғасырдағы және Қайта өрлеу заманындағы ғылымның туындауы мен қалыптасуы 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. Көне әлемдегі және орта ғасырдағы ғылыми таным. 3. Эксперименталды әдістің қалыптасуы. 1. Көне әлем алғығылым ерекшеліктерін ашу. 2. Ортағасырлық ғылымның негізгі принциптерін анықтау. 3. Қайта өрлеу заманы ғылыми ілімдер мәнін ашу. Н.Ә.: 1, 3, 13, 16, 19, 24 Д.Л.: 12, 14, 17, 19   1. Дәріс конспектісі. 2. Машықтану сабақтарына талдау жасау. МОӨЖ: 3.Экспресс- сұрау, тапсырманың орындалуын тексеру. 4,5 50/100
Жаңа еуропалық ғылым - ғылым дамуының классикалық кезеңі 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. Жаңа замандағы ғылыми таным. 3. Классикалық ғылымның қалыптасуы. 1.Жаңа замандағы ғылым ерекшеліктерін ашу. 2. Рационализм мен эмпиризмнің негізгі принциптерін анықтау. 3. Классикалық ғылымның мәнін ашу. Н.Ә.: 1, 3, 13, 16, 19, 24 Қ.Ә.: 7, 8   1. Дәріс конспектісі. 2. Машықтану сабақтарына талдау жасау. МОӨЖ: 3.Экспресс- сұрау, тапсырманың орындалуын тексеру. 50/100
Ғылым тарихы мен философиясының классикалық емес және постклассикалық емес даму кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттары 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. Неокантшылдық ғылымының әдіснамасы. 3.Постпозитивизм және постмодернизм. 1.Неокантшылдық эпистемологиясының ерекшеліктерін анықтау. 2. Позитивизм әдіснамасының мәнін ашу. 3. Ғылымның әрбір кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтау. Н.Ә.: 1, 3, 7, 10, 11, 14, 15, 20-23 Қ.Ә.: 7, 8, 11, 13, 14, 24   1. Дәріс конспектісі. 2.Машықтану сабақтарының қорытындысын жасау. МОӨЖ: 3. Хабарламаға пікір беру. 4. Презентация- ларды тексеру. 7,8 50/100
Ғылыми танымның құрылымы және деңгейлері 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. Ғылыми танымның эмпирикалық және теоретикалық деңгейлері. 3. Ғылыми зерттеу әдістерінің көпбейнелілігі. 1. Ғылыми таным құрылымы мен деңгейлерін анықтау. 2. Диалектиканы даму принципі ретінде анықтау. 3. Синергетикалық парадигма мәнін ашу. Н.Ә.: 1-7, 12, 13, 23-25 Қ.Ә.: 9, 14, 17, 25   1. Дәріс конспектісі. 2.Машықтану сабақтарының қорытындысын жасау. МОӨЖ: 3. Баяндамаларды пікірлеу.   50/100
Ғылым кәсіп ретінде. Ғылым идеалдары және шарттары 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. Ғылым кәсіп ретінде. Ғылыми қауымдастықтың шарттары және құндылықтары. 3. Қазақстан Республикасындағы ғылым. 1. Ғылымның кәсіп ретіндегі ерекшелігін анықтау. 2. Ғылыми білім шарттары мен құндылықтарының мазмұнын анықтау. 3. Қазақстан Республикасында ғы ғылымның басымдылық бағытын анықтау. Н.Ә.: 1, 2, 4-6, 8, 12, 14, 15, 20-24 Қ.Ә.: 7, 8, 11, 13, 24   1. Дәріс конспектісі. 2. Машықтану сабақтарына талдау жасау. МОӨЖ: 3.Жеке тапсырмаларды тексеру. 4. Презентация-ларды бағалау. 50/100
Ғылымның философия лық негіздері және әлемнің ғылыми бейнесі 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 1. 2.Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері. 3. Жаһандық эволюционизм әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі ретінде. 1. Философиялық идеяларды ғылымның негізгі қағидасы ретінде зерттеу. 2. Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлерін анықтау. 3. Космологиядағы антропты принциптің мәнін ашу. Н.Ә.: 1-3, 6-9, 14-18, 20-25 Қ.Ә.: 4, 20, 21   1. Дәріс конспектісі. 2. Машықтану сабақтарының қорытындысын жасау.   МОӨЖ: 3. Хабарламаға пікір беру. 50/100
Ғылыми дәстүрлер және ғылыми революция лар 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. Жаһандық революциялар және ғылыми рационалдылық түрлерінің ауысуы. 3.Ғылыми рационалдылық құндылықтары. 1.Ғылыми революциялар ерекшеліктерін анықтау. 2. Ғылыми дәстүрлер және ғылыми революциялар ара-қатынасын ашу. 3. Жаһандық революция ерекшеліктерін ашу. Н.Ә.: 1-10, 14, 15, 20-25 Қ.Ә.: 8, 11, 13-15, 20, 24   1. Дәріс конспектісі. 2. Машықтану сабақтарының қорытындысын жасау.   МОӨЖ: 3.Экспресс-сұрау 4. Презентация-ларды тексеру. 50/100
Жаратылыс және техникалық ғылымдар дың тарихы мен философиясы 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. Жаратылыс ғылымдары және мәдениет. 3.Математикалық әдістер мен ғылыми білімнің әдістері және ғылыми білімнің қалыптасуы. 1. Жаратылыс ғылымдарының қазіргі ғылыми білім құрылымындағы ролін анықтау. 2. Қазіргі ғылыми әлем бейнесіндегі техникалық ғылымдардың мәнін ашу. 3. Жаратылыс ғылымдарының және математиканың байланысын ашу.     1. Дәріс конспектісі. 2. Машықтану сабақтарының қорытындысын жасау.   МОӨЖ: 3. Хабарлама- лады пікірлеу.     50/100
Әлеуметтік және гуманитар лық ғылымдар дың тарихы және философиясы 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 1. 2. Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар феномені және оның өркениеттік мәні. 3. Әлемдік ғылыми қауымдастықтағы әлеуметтік ғылымдар. 1.Қоғам туралы ғылымдардың туындауының алғышарттарын айқындау. 2. Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдар мәнін ашу. 3.Қазіргі замандағы әлеуметтік ғылымдар құндылықтарын анықтау. Н.Ә.: 1-3, 8, 10, 11, 14, 15, 20-24 Қ.Ә.: 5, 6, 15, 16, 21   1. Дәріс конспектісі. 2. Машықтану сабақтарының қорытындысын жасау.   МОӨЖ: 3. Баяндама - лады пікірлеу.   50/100
Қазіргі жаһандық өркениет тер дамуының философия лық мәселелері 1. Жоспар бойынша машықтану сабағына дайындалу. 2. Ғылым этосы. Ғылымның жаһандық контекстісі. 3. Өркениеттің тарихи концепциялары және олардың ғылыммен байланысы. 1. Ғылымның қазіргі замандағы сипаттарын айқындау. 2. Өркениеттік дамудың дәстүрлі және техногенды түрлерін салыстырмалы таллдау. 3. Ғылымның жаһандық контекстісін анықтау. Н.Ә.: 1-8, 22 Қ.Ә.: 4, 20, 21   1 Дәріс конспектісі. 2. Машықтану сабақтарының қорытындысын жасау. МОӨЖ: 3.Экспресс-сұрау. 4. Презентация- ларды тексеру. 50/100

 


8. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

1. Абдина А.К. История и философия науки. Учебник. – Астана, 2011.* [1]

2. Абишев К. Философия. Учебник для студентов и магистрантов. – Алматы, 2000.*

3. Артемьев А.Н., Мырзалы С.К. История и философия науки. – Алматы, 2010.*

4. Войтов А.Т. Философия. Учебное пособие для аспирантов. – М., 2003.*

5. Голубинцев В.О., Донцев А.А., Любченко В.С. Философия науки. – Ростов-на-Дону, 2007.*

6. Ивин А.А. Современная философия науки. – М., 2005.

7. Илларионов С.В. Теория познания и философия науки. – М., 2007.

8. Ильенков Э.В. Философия культуры. – М., 1991.*

9. Карнап Р. Философские основания физики. – М., 2005.

10. Коген Г. Теория опыта Канта. – М., 2012.

11. Конт О. Дух позитивной философии. – М., 2003.

12. Кохановский В.П., Пржиленский В.И., Сергодеева Е.А. Философия науки. – М., 2006.*

13. Крянина Ю.В., Моторина Л.Е. История и философия науки. – М., 2007.*

14. Кун Т. Структура научных революций. – М., 2002.

15. Лакатос И. Фальсификация и методология программ научного исследования. – М., 1995.

16. Лебедев С.А., Ильин В.В., Лазарев Ф.В., Лесков Л.В. Введение в историю и философию науки. – М., 2003.*

17. Лешкевич Г.Г. Философия науки. Учебное пособие. – М., 2006.*

18. Липкин А.И. Философия науки. – М., 2007.

19. Никифоров А. Философия науки. История и теория. – М., 2006.

20. Поппер К. Логика научного исследования. – М., 2004.

21. Рассел Б. Избранные труды. – Новосибирск, 2007.

22. Риккерт Г. Науки о природе и науки о культуре. – М., 1998.

23. Степин В.С. Философия науки. Общие проблемы. – М., 2006.

24. Степин В.С. История и философия науки: Учебник для аспирантов и соискателей ученой степени кандидата наук. — М., 2011.

25. Ушаков Е.В. Введение в философию и методологию науки. Учебник. – М., 2005.*

 

Қосымша әдебиет:

1. Аль-Ани Н.М. Философия техники. – СПб., 2004.

2. Горохов В.Г. Основы философии техники и технических наук. – М., 2007.

3. История информатики и философия информационной реальности. – М., 2007.

4. Казютинский В.В.Глобальный эволюционизм и научная картина мира // Глобальный эволюционизм (философский анализ). – М., 1994.

5. Карамова О.В. Философия, методология и история экономической науки. – М., 2007.

6. Косиченко А.Г. Научное творчество. – Алма-Ата, 1992.

7. Котенко В.П. История и философия классической науки. – М., 2005.

8. Лекторский В.А. Эпистемология классическая и неклассическая. – М., 2006.

9. Майданов А.С. Методология научного творчества. – М., 2007.

10. Математика и опыт: Сб. статей. – М., 2003.

11. Мукашев З.А. Концепции современного естествознания. – Алматы, 2005.

12. Надточаев А.С. Философия и наука в эпоху античности. – М., 1990.

13. Печенкин А.А. Современная философия науки. – М., 2005.

14. Розин В.М. Методология: Становление и современное состояние. – М., 2006.

15. Розин В.М. Мышление и творчество. – М., 2006.

16. Рунге В.Ф. История дизайна, науки и техники. – М., 2006.

17. Светлов В.А. История научного метода. – М., 2007.

18. Фейнман Р. Дюжина лекций: шесть попроще и шесть посложнее. – М., 2006.

19. Филинова О.Е. Математика в истории мировой культуры. – М., 2006.

20. Флауэрс Ч. Десять заповедей нестабильности. – М., 2007.

21. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. – М., 2003.

22. Хокинг С., Млодинов Л. Кратчайшая история времени. – СПб.:, 2008.

23. Черняк В.З. История и философия техники. Пособие для аспирантов. – М., 2006.

24. Шишков И.З. В поисках новой рациональности: философия критического разума. – М., 2003.

25. Щукарев А.Н. Проблемы теории познания в их приложении к вопросам естествознания и в разработке его методами. – М., 2007.

 

9. Курс саясаты:

1. Сабаққа кешікпеу.

2. Сабақты себепсіз босатпау, себепсіз қалған жағдайда тиісті құжат көрсету.

3. Оқу материалдарын мұқият зерттеу.

4. МӨЖ тапсырмаларын кестеге сай тапсырып отыру.

5. Тұрақты түрде бастамашылық, жеке жұмысқа бағдарлану.

 

10. Білім бағалау жайында ақпарат:

Студенттер білімін бағалау бақылаудың үш түрін қарастырады:

1. Ағымдық бақылау:

- дәріске қатысу (5 %);

- семинар барысында белсенді жұмыс(15%);

- МӨЖ талаптарын орындау (МӨЖ-дің барлық талаптарын жеке орындау) (20 %).

2. Аралық бақылау:

- курстың 2 бөлігі арасында қарастырылады (бөлек)

Тест түрінде немесе варианттары бар жазбаша жұмыс түрінде қабылданады ж.т.б. (20 %);

З. Қорытынды бақылау — пән бойынша емтихан тапсыру (40 %).

 

11. Білім бағалау саясаты:

Пән бойынша бағалау кестесі

  Студентер жұмысының және сабақ түрлері Балл сандары min\max
I Ағымдық бақылау: -дәрістер -семинарлар -МОӨЖ   50/100 50/100 50/100
  Барлығы 50/100
II Аралық бақылау: Семестрда 10 баллмен екі бақылау   50/100
III Қорытынды бақылау: Емтихан    
  Барлығы 50/100 балл

 

Емтиханда бағалау кестесі

  Емтихан бағасы Баллмен қойылған баға
3 (қанағат) 20\29
4 (жақсы) 30\35
5 (өте жақсы) 36\40

 

Студент білімін бағалау шкаласы:

Әріптік жүйе ретіндегі баға Орташа балл Үлесі Дәстүрлі жүйе ретіндегі баға
А 4,0 ӨТЕ ЖАҚСЫ
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74   ҚАНАҒАТТАРЛЫҚ
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F 0-49 ҚАНАҒАТСЫЗ

 

 

«Ғылым тарихы және философиясы» пәні бойынша аралық және қорытынды бақылауды бағалау сипаты

 

1 аралық бақылау

Тапсырма – Магистрантың зерттеу қызығушылығы аумағындағы ғылыми идеялар дамуының тарихы.

"Ғылым тарихы және философиясы" пәнінің бірінші бөлімі ғылым тарихын сараптауға бағытталған. Бірінші аралық бақылау тапсырмасының мақсаты магистранттың ғылым тарихын толықтай білуінен және өз зерттеу қызығушылықтар аумағындағы ғылыми идеялар дамуының тарихын білуден тұрады.

Тапсырманы орындау түрі – презентацияларды дайындау және қорғау[i].

 

2 аралық бақылау

Тапсырма – Диссертациялық зерттеу әдіснамасы.

"Ғылым тарихы және философиясы" пәнінің бірінші бөлімі ғылым философиясын сараптауға арналған. Философия ғылым әдіснамасы болғандықтан, тапсырма мақсаты - магистранттың өз диссертациялық зерттеуінің әдіснамасын дайындаудан тұрады.

Тапсырманы орындау түрі – презентацияларды дайындау және қорғау.

 

95-100 балл – А (айқын және логикаға сүйенген презентация, тақырыпты ашуда аналитикалық және сыни бағдардың болуы, оқытушының барлық сұрақтарына толықтай жауап беру);

90-94 балл – А- (логикалық презентация, тақырып ашудағы сыни бағдар, оқытушының сұрақтарына жауап беру);

85-89 балл – В+ (тақырыптың толық ашылуы, логикалық презентация, оқытушының сұрақтарына жауап беру);

80-84 балл – В (тақырыптың толық ашылуы, тәуір презентация, оқытушының сұрақтарына толық жауап бермеу);

75-79 балл – В- (тақырыпты жеткілікті толық ашу, тәуір презентация, оқытушының сұрағына жауап берудегі қиындық);

70-74 балл – С+ (тақырыпты жеткілікті толық ашу, әлсіз презентация, оқытушының сұрағына жауап берудегі қиындық);

65-69 балл – С (тақырыпты жеткілікті түрде ашпау, әлсіз презентация, оқытушының сұрағына жауап берудегі қиындық);

60-64 балл – С- (тақырыпты жартылай ашу, әлсіз презентация, оқытушының сұрағына жауап берудегі қиындық);

55-59 балл – D+ (тақырыпты жартылай ашу, әлсіз презентация, оқытушы сұрағына жауап бермеу);

50-54 балл – D (тақырыптың едәуір ашылуы, әлсіз презентация, оқытушы сұрағына жауап бермеу);

0-49 балл – F (презентацияның жоқтығы).

 

Қорытынды бақылау

"Ғылым тарихы және философиясы" пәнінен ауызша емтихан қарастырылған. Магистрантарға таңдау бойынша билеттер ұсынылады. Әрбір билет емтихан сұрақтары тізіміндегі үш сұрақтан (ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттарды) немесе екі сұрақтан (профильды бағыттағы магистранттарда) тұрады. Магистрантқа дайындық үшін 20- минуттан 30- минутқа дейін уақыт беріледі Билетке жауап беру магистрант дайындығының деңгейіне қатысты болады.

 

95-100 балл – А (билет сұрақтарына жауап беруде аналитикалық және сыни көзқарастардың болуы, сұрақ мәнін толықтай ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беру);

90-94 балл – А- (билет сұрақтарына жауап беруде сыни көзқарастың болуы, сұрақтардың толықтай ашылуы, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беру);

85-89 балл – В+ (билет мағынасын толықтай ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беру);

80-84 балл – В (билет мағынасын толықтай ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына толық жауап бермеу);

75-79 балл – В- (билет мағынасын жеткілікті түрде ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына толық жауап бермеу);

70-74 балл – С+ (билет мағынасын жеткілікті түрде ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беруге қиналу);

65-69 балл – С (билет мағынасын жеткілікті түрде ашпау, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беруге қиналу);

60-64 балл – С- (билет мағынасын жеткілікті түрде ашпау, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап бермеу);

55-59 балл – D+ ( билет сұрақтарының мағынасын жартылай ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап беруге қиналу);

50-54 балл – D (билет сұрақтарының мағынасын жартылай ашу, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап бермеу);

0-49 балл – F (сұрақтар мағынасы ашылмаған, оқытушының қосымша сұрақтарына жауап бермеу).

ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ

Тақырып 1. Кіріспе

Дәріс мақсаты:курс объектісін, пәнін, міндеттері мен негізгі мақсаттарын қалыптастыру, ғылымды әлеуметтік институт ретінде сараптау, сонымен қатар, ғылым феноменін және оның мәдениеттегі орнын анықтау.

Жоспар:

1. «Ғылым тарихы және философиясы» курсының пәні.

2. Ғылым әлеуметтік институт ретінде.

3. Мәдениеттегі ғылымның орны және қызметі: сциентизм мен антисциентизм.

4. Ғылым феномены ерекше талдау пәні ретінде: интернализм және экстернализм.

Негізгі түсініктер:ғылым тарихы, ғылым философиясы, ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі құрамдас бөліктері,сциентизм мен антисциентизм, интернализм және экстернализм.

«Ғылым тарихы және философиясы» курсының пәні. Ғылым ерекше талдау пәні болып келеді. «Ғылым тарихы және философиясы» пәнінің аумағында ғылым оның тарихи даму тұғырынан, сонымен қатар, ғылым феноменінің талдауына негізделген әдістемелік және дүниетанымдық негіздемелер қырларынан қарастырылады.

«Ғылым тарихы және философиясы» пәнін зерттеу мақсаты кредиттік технология бойынша оқитын магистранттарды ғылыми білім құрылымымен, ғылыми зерттеулер тәсілдерімен, ғылыми теориялар мен заңдылықтар қызметтерімен таныстыру; дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту; ғылыми зерттеулер және олардың нәтижелеріне сай келетін талаптар мен ғылымилық критерийлері жайында түсініктерді, сонымен қатар, ғылым тарихын зерттеу негізінде ғылыми ойлау стилін қалыптастыру болып табылады.

Пән міндеттері:

- ғылым философиясы және әдістемесінің негізгі идеялары мен нәтижелерін зерттеу;

- ғылыми зерттеу ерекшелігін білу;

- ғылыми таным зерттеулерінің философиялық-әдістемелік мәселелері;

- түпнегіздермен, шет ел және жергілікті ғылым әдістемешілерінің классикалық еңбектеріне талдау жұмыстарын жүргізу;

- жеке және сыни ойлауға жәрдемдесу.

Курс объектісі болып ғылым танымдық қызмет және дәстүр, әлеуметтік институт және мәдениеттің ерекше аумағы ретінде қарастырылады. Курс пәні – тарихи дамуындағы және ауыспалы әлеуметтік мәдени контексттегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтарын зерттеу, сонымен қатар, танымның не екенін түсіндіретін шекті танымдық жорамалын зерттеу.

Ғылым әлеуметтік институт ретінде - бұл өзіндік әрекеттесу, зерттеу еңбектерінің бөліну түрлерін, ғалымдардың санасында ойлау негізін қалыптастырған рухани мәдениеттің, адамзат өркениетінің ұзақ мерзімді дамудағы тарихи өнім ретінде көрініс беретін қоғамдық сананың өзіндік формасы және адам іс-әрекетінің аумағы.

Ғылым институциализациясы үрдісі бұл оның дербестігін, ғылым ролін қоғамдық еңбек бөлісуіндегі орнын, материалды және адами қорларды орналастырудағы ғылым талабын куәландырады. Ғылым әлеуметтік институт ретінде өзіндік бағытталған құрылымға ие және когнитивты, сонымен қатар, ұйымдастырушылық, моральдық қорлары бар. Әлеуметтік институт ретінде ғылымның өз ішіне бірнеше компоненттер енеді:

- білім және оны таратушы жиынтығы;

- ерекше танымдық мақсаттар мен міндеттердің бар болуы;

- нақты қызметке қатысты ерекшеліктерінің бар болуы;

- өзіндік таным және ұйымдар құралдарының бар болуы;

- ғылыми жетістіктерді бағалау, сараптама жасау, бақылау формаларын өндіру;

- нақты шаралардың болуы.

Қазіргі ғылыми практика тек әлеуметтік институт ретінде түсінетін ғылым аумағында іске асады. Қазіргі ғылым институционалдығы рационалдылық идеалын күштеп таңады, ол толықтай әлеуметтік және институционалды талаптарға және ұйғарымдарға тәуелді болып келеді. Институционализация үрдісі өз ішіне төмендегідей бірнеше құрамдас бөліктерді кіргізеді:

- жаңа білімді өндіруге жауапты академиялық және университеттік ғылым;

- ғылыми жаңалықтар мен оларды ендіруге қажет қорлар шоғырларын;

- банк жүйесін және қаржыландыру;

- жаңалықтарды заңдастыратын өкілдік және заң органдары, мысалы, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру барысындағы ғылыми кеңестер, жоғарғы аттестациялаушы комиссиялар;

- баспа институты;

- ұйымдастырушы-басқарушылық институт;

- ішінара ғылыми қақтығыстарды шешетін немесе тоқтататын сот институты.

Қазіргі таңда институционалды көзқарас ғылым дамуындағы басымдылық танытып келе жатқан саты. Дегенмен, оның да өз кемшіліктері бар: немқұрайлы сәттерді асыра сілтеу, адамдар әрекетінің психологиялық және әлеуметтік мәдени жақтарына немқұрайлы қарау, ғылыми іс-әрекеттің қатаң жазылған сипаты, дамудың дәстүрлі емес мүмкіндіктеріне мән бермеу.