Тақырып 7. Ғылыми танымның құрылымы мен деңгейлері. Ғылым әдістемесі.

Дәріс мақсаты:ғылыми білім құрылымын ашу, ғылыми таным әдістемесін талдау.

Жоспар:

1. Ғылыми білім күрделі дамушы жүйе ретінде.

2. Ғылыми зерттеу тәсілдерінің көп түрлілігі.

3. Ғылыми танымның қазіргі әдістемесі.

Негізгі түсініктер:ғылымның жіктелуі, философиялық тәсілдер, жалпы ғылыми тәсілдер, жеке тәсілдер, ғылыми зерттеу әдістемесі.

Дамушы жүйе ретіндегі ғылыми білімніңкүрделі құрылымы бар. Ғылыми білімнің маңызды сипаты оның динамикасы болып табылады. Бұл идея антикалық философияда айтылған еді, ал Гегель "ақиқат ол дайын нәтиже емес, үрдіс" деп оның болмысын құрастырған еді. Білімнің дамуы - сапа жағынан әр түрлі нақты кезеңдерден тұратын күрделі диалектикалық үрдіс. Осылайша, бұл үрдісті қозғалыс ретінде қарауға болады: миф - алғығылым - классикалық ғылым - классикалық емес - постклассикалық емес ғылым.

Дамушы жүйе ретіндегі ғылым өз ішіне бірнеше жеке ғылымдарды қосады, олар өз кезегінде көптеген ғылыми пәндерге бөлінеді. Ғылымның осы аспектідегі құрылымын ашу ғылымның жіктелу мәселесін алға қояды.

Табиғат жайлы ғылымдарды пәні мен таным тәсілдері бойынша былай бөледі - жаратылыстану (меха­ника, физика, химия, геология, биология), қоғам туралы ғылым - қоғамтану (әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар) және таным, ойлау туралы ғылымдар (логика, гносеология, эпистемология, когнитология ж.т.б.). Жеке топты техникалық ғылымдар құрады. Қазіргі математика да ерекше ғылымдардың біріне жатады. Кейбір ғалымдардың айтуынша ол жаратылыс ғылымдарына жатпайды, дегенмен, олардың ойлау тәсілінің маңызды элементіне айналған. Өз кезегінде, ғылымның әрбір тобы толықтай бөлшектеуге тұрарлық.

Ғылыми білім құрылымы оның екі басты деңгейлері - эмпирикалық және теоретикалық деңгейлерінің бірлігі ретінде көрініс табады. Бұл деңгейлер бір - бірімен тығыз байланыста және өз даму үрдісінде бір - біріне өтіп жатады.

Осы екі тәсілдің бірін әмбебаптандыру қате болар, дегенмен бұл эмпиризм мен схоластикалық теоретизацияға тән сипат болған еді.

Ғылыми танымның объектісі мен субъектісінің қарым қатынасы жағынан қарастырсақ, мынадай бөлшектерін атауға болады:

- ғылым субъектісі - оның өзекті элементі: жеке зерттеуші, ғылыми қауымдастық, ғылыми ұжым, жалпылама алсақ, толықтай қоғам;

- объект (пән, пәнаралық жағы) - берілген ғылым немесе ғылыми пән зерттейтін нәрсе. Басқаша айтсақ, зерттеушінің ойы бағытталған жер, сипаттауға, қабылдауға, атауға, ойлауда бейнелеуге келетіннің барлығы;

- өз пәнінің ерекшелігімен ескерілген нақты ғылымға немесе ғылыми пәнге тән тәсілдер мен амалдар жүйесі;

- өзіндік ерекше тіл - табиғи болсын, жасанды болсын (белгілер, таңбалар, математикалық амалдар, химиялық формулалар ж.т.б.).

Ғылыми зерттеулер тәсілдерінің көптүрлілігі. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігінің бірі оның ұйымдасқандығы және зерттеу тәсілдерінің толықтай қатарын пайдалануында. Тәсіл деп бұл жерде адамдар іс-әрекеттерін қайта құратын теоретикалық және практикалық, танымдық ережелерді, тәсілдерді, амалдардың жиынтығын айтады.

Бұл амалдар, ережелер өз еркімен жасалынбайды, зерттеп жатқан объектілердің заңдылықтарынан шығады.

Сондықтан, ақиқатың өзі секілді тәсілдер де өте көп. Таным тәсілдері мен практикалық әрекет тәсілдерін зерттеу ерекше пән - әдістеменің еншісінде. Тәсілдердің көп түрлілігін ескере отырып оларды негізгі бірнеше топтарға бөлуге болады:

1. Жалпы, философиялық тәсілдер, олардың қолдану аумағы өте кең. Олардың қатарына диалектикалық тәсіл де жатады.

2. Жалпы ғылыми тәсілдер, олар барлық ғылымдарда қолданылады. Бұл тәсілдердің ерекшелігі және өзіндігі - олар таным үрдісінің тек қана кейбір деңгейлерінде қолданылады. Мысалы, индукция эмпирикалық деңгейде, дедукция - танымның теоретикалық деңгейінде маңызды ролді атқарады, анализ - зерттеудің басында қолданылса, синтез қорытынды кезінде ж.т.б.

3. Жеке немесе арнайы тәсілдер, олар практикалық әрекеттің аумағында немесе жеке ғылымдарына тән. Олар химия немесе физика, биология немесе математика, металды өңдеуде немесе құрылыс ісінде пайдаланылатын тәсілдер.

Ғылыми танымның қазіргі әдістемесі.Қазіргі ғылымның парадигмалды теориясы ретінде синергетика алға шығады, ол ашық тең емес жүйелердің әрекетін және өзін өзі ұйымдасу үрдісін зерттейді. Әлемнің теңдік, бірбейнелік, тұрақты құрылымы жайлы классикалық түсініктер түбегейлі түрде келмеске кетті. Әлем тұрақтылық кепілдігінен айырылған, мқнда кездейсоқтық, тұрақсыздық, қайтпастық элементтері ерекше орын алады. Ғылыми зерттеулер объектілері ашықтығымен (жүйенің қоршаған ортамен зат және қуат айналымы қабілеті), біркелкі емес (жүйеде оның эволюцияланатын көптеген жолдарының болуы), когеренттігімен (элементтер ара-қатынасының келісімділігі) және өзін - өзі ұйымдастырушылығымен (өзін өзі ұйымдастыру, өзін реттеуші және еске түсіру үрдістерінің болуы) сипатталатын күрделі жүйелер бола бастады.

Әлемнің синергетикалық көрінісімен бірге қазіргі ғылымға хаос, бифуркация, диссипативті құрылымдар, аттракторлар, фракталдар енеді. Жаңа ғылыми парадигма тұрақсыздық пен кездейсоқтықтың конструктивті ролін түсінуде эволюция жолдарының көп үлгілі және альтернативалы идяеларында көрініс табатын іргелі концепт ретінде біркелікліксіздікті тұрақтауға негізделген. Синергетика арқа сүйетін негізгі идеялар тұрақтылық пен реттілікті хаос арқылы тұрақтау, бифрукациялық өзгерістер, уақыттың қайтпастығы және күрделі жүйелердің тұрақсыздығы болып табылады.

Синергетика өзін - өзі ұйымдастыру үрдісінің жалпы заңдылықтарын игеруге бағытталған білім аумағы болып табылады. Айта кететін мәселе, өзін өзі ұйымдастыру принципі тірі емес табиғатқа, биологиялық және әлеуметтік үрдістердің әмбебап заңдары ретінде қарастырылады. Өзін өзі ұйымдастыру құбылысы жылжып жатқан материяның бастапқы сипаты болып табылады, ол бізге классикалық емес ғылымның бастапқы кемшілігін көрсетіп отырғандай.

Синергетика жаңа ғылыми және ғылыми емес (діни, филсоофиялық, мифологиялық, күнделікті) ойлау тәсілін жаңаша түсіндіруге негіз берді. Антиғылыми болып танылған архаикалық кезеңге тән уақыт және кеңістік, кездейсоқтықтың орны синергетикада өзіндік қайта жаңғыртуға ие болады. И.Пригожин және И.Стенгерс эксперимент пен сандық тұжырымға алғашқы мағынасын беретін батыс дәстүрі мен өзін - өзі ұйымдастыратын аяқ астынан өзгеретін әлем туралы шығыс түсінігін біріктіруге талпыныс жасайды.