Лі-сүннә ақидасы. Шейх ибн Баз

بسم الله الرحمن الرحيم

Аса рақымды, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын

Барлық мақтау жалғыз Аллаһқа тән, соңғы пайғамбар Мұхаммедке, оның отбасына, және сахабаларына Аллаһ-тың сәлемі мен салауаты болсын!

Дұрыс ақида исламның, және үмметтің негізі болған-дықтан, мақаланың тақырыбы ретінде таңдадым.

Құран мен сүннеттен белгілі болғаны, сөздер мен амал-дар дұрыс ақидаға сәйкес болса ғана қабыл етіледі. Егер де ақида дұрыс болмаса, одан шыққан сөздер де, амалдар да жойылып кетеді. Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿ وَمَن يَكْفُرْ بِالإِيمَانِ فَقَدْ حَبِطَ عَمَلُهُ وَهُوَ فِي الآخِرَةِ مِنَ الْخَاسِرين﴾

«Кім иманға күпірлік қылса, ақиқатында оның амалы жойылады да, және ол ақіретте зиянға ұшыраушы-лардан болады».[1]

﴿ وَلَقَدْ أُوحِيَ إِلَيْكَ وَإِلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكَ لَئِنْ أَشْرَكْتَ لَيَحْبَطَنَّ عَمَلُكَ وَلَتَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ ﴾

«Шындығында саған және сенен бұрынғыларға да егер серік келтірсең, әлбетте амалың жойылады да, ақіретте зиянға ұшыраушылардан боласың деп уахи етілді».[2]

Осы мағынаны беретін аяттар өте көп. Аллаһтың кітабы және пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сүннеті дұрыс ақиданың – Аллаһқа, Оның періштелеріне, пайғамбарларына, ақірет күніне және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруден тұратындығына дәлел. Осы алты нәрсе Аллаһтың кітабында келген және Мұхаммед пайғамбар(саллалаһу алейһи уә сәлләм) жеткізген дұрыс ақиданың негізі. Осы негіздерге Аллаһ және оның елшісі хабар берген нәрселердің барлығы және ғайыпқа иман келтіру жатады. Құранда және пайғамбарымыздың(саллалаһу алейһи уә сәлләм) сүннетінде осы алты негіздің дәлелдері өте көп. Аллаһ Тағала былай дейді:

﴿ لَّيْسَ الْبِرَّ أَن تُوَلُّواْ وُجُوهَكُمْ قِبَلَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَلَكِنَّ الْبِرَّ مَنْ آمَنَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَالْمَلآئِكَةِ وَالْكِتَابِ وَالنَّبِيِّينَ ﴾

«Жүздеріңді шығысқа, батысқа бағыттауларың(ғана)бір игілік емес. Бірақта игілік кім Аллаһқа, ақірет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе...».[3]

﴿ آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنزِلَ إِلَيْهِ مِن رَّبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللّهِ وَمَلآئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لاَ نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِّن رُّسُلِهِ ﴾

«Пайғамбар өзіне Раббы тарабынан түсірілгенге иман келтірді және мүміндер де иман келтірді: барлығы Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына иман келтірді. Елшілердің арасын айырмаймыз...(деді)».[4]

﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ آمِنُواْ بِاللّهِ وَرَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِي نَزَّلَ عَلَى رَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِيَ أَنزَلَ مِن قَبْلُ وَمَن يَكْفُرْ بِاللّهِ وَمَلاَئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلاَلاً بَعِيدًا ﴾

«Әй мүміндер! Аллаһқа, Оның пайғамбарына, және оған түсірген кітапқа, сондайақ одан бұрынғы түсірген кітапқа иман келтіріңдер! Ал кім Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ақірет күніне күпір келтірсе, сонда ол тым қатты адасты».[5]

﴿ أَلَمْ تَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاء وَالْأَرْضِ إِنَّ ذَلِكَ فِي كِتَابٍ إِنَّ ذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ﴾

«Аллаһтың жер, көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе? Күмәнсіз бұлар кітапта жазулы Күмәнсіз бұл Аллаһқа оңай».[6]

Бұл негіздерге дәлел болатын сахих хадистер де көп. Соның бірі имам Муслим өзінің сахихінде мүміндердің әмірі Омар ибн Әл Хаттабтан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят еткен хадисте Жебірейіл әлейһиссәләм Пайғамбарымыздан иман жайында сұрады, сонда Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм):

" الإيمان أن تؤمن بالله وملائكته وكتبه ورسله و اليوم الآخر وتؤمن بالقدر خيره وشرِّه "

«Иман: сенің Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақірет күніне және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің»,- деп жауап берді.

Осы алты негізден мұсылманға міндет болған Аллаһтың ақысы, сондай-ақ пенденің қайтып барар жері және тағы басқа көмес істерге иман келтіруі уәжіп болған нәрселер туындайды.

Аллаһқа иман келтірудің негізі: «Шындығында тек қана Аллаһ нағыз құлшылыққа лайықты» деп иман келтіру. Өйткені Аллаһ пенделердің жаратушысы, оларға жақсылық беруші, оларды ризықтандырушы, олардың ішінен өзіне бағынушыларды сауапқа бөлеуге де, бағынбаушыларды азаптауға да құдіретті.

Аллаһ жын мен адамзатты тек өзіне ғибадат етулері үшін жаратып және соған бұйырып былай деді:

﴿ وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ مَا أُرِيدُ مِنْهُم مِّن رِّزْقٍ وَمَا أُرِيدُ أَن يُطْعِمُونِ إِنَّ اللَّهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّة الْمَتِينُ ﴾

«Жын мен адамзатты тек өзіме құлшылық етулері үшін жараттым, Олардан бір несібе тілемеймін, әрі олардан Мені тамақтандыруларын да қаламаймын. Күдіксіз ол Аллаһ ризықтандырушы және мықты күш иесі».[7]

Раббымыз Аллаһ осы жайында:

﴿يأيها النَّاسُ اعْبُدُواْ رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الأَرْضَ فِرَاشاً وَالسَّمَاء بِنَاء وَأَنزَلَ مِنَ السَّمَاء مَاء فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقاً لَّكُمْ فَلاَ تَجْعَلُواْ لِلّهِ أَندَاداً وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ﴾

«Әй, Адамдар! Сендерді және сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар! Ол сондай Аллаһ, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан, біле тұра Аллаһқа серік қоспаңдар!»[8]-деген.

Аллаһ осы ақиқатты баяндау, осыған шақыру, әрі оған қарсы келетін нәрселерден сақтандыру үшін елшілер жіберді, кітаптар түсірді. Аллаһ Құранда былай деді:

﴿ وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ ﴾

«Ақиқатында әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық қылыңдар да тағұттан сақ болыңдар!» дейтін елші жібердік»[9].

﴿وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلَّا نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنَا فَاعْبُدُون ﴾

«(Мұхаммед саллалаһу алейһи уә сәлләм!) Сенен бұрын қандай да бір елші жіберсек, оған Менен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ, сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар!» – деп уахи еттік»[10].

﴿ كِتَبٌ أُحكِمَت ءَايتُه ثمَّ فُصِّلت مِن لَّدُن حَكِيمٍ خَبِرٍ ألاَّ تَعبُدُوا إلاَّ الله ِإِِنَّنِي لَكُم مِّنه نَذِيرٌ وَ بَشِيرٌ ﴾

«Бұл аяттары бекітілген, сонсоң Аса Дана, Толық Білуші тарапынан ашық баян етілген, Аллаһтан басқаға әсте құлшылық қылмауларың үшін түсірілген Кітап. Шын мәнінде мен сендерге Оның тарапынан(тозақтан)сақтандырушы және(жаннатпен)қуандырушымын,- де» - деді.[11]

Пенденің барлық құлшылықтың түрінде Аллаһты бірлеуі, яғни намазда, оразада, дұға етуде, Одан қорқуда, үміт етуде, құрбан шалуда, нәзір беруде және тағы басқа ғибадаттың түрлерінде Аллаһты жалғыз деп тануы – міне осы шынайы құлшылық болады.

Мұның барлығы Аллаһқа бой ұсынған, Одан қорыққан және үміт еткен түрде, Оған деген толық махаббатпен бірге Оның ұлылығының алдында бас июмен болады.

Құран Кәрімнің көп бөлігі осы ұлы негіз (Аллаһты құлшылықта бірлеу) жайында түсірілген. Бұл жайында Аллаһ Тағала:

﴿فَاعْبُدِ اللَّهَ مُخْلِصًا لَّهُ الدِّينَ أَلَا لِلَّهِ الدِّينُ الْخَالِصُ ﴾

«Дінді ықыласпен тек бір Аллаһқа ғана арнап құлшылық қыл ! Шынайы дін Аллаһқа тән емес пе»[12].

﴿وَقَضَى رَبُّكَ أَلاَّ تَعْبُدُواْ إِلاَّ إِيَّاهُ﴾

«Раббың тек Өзіне ғана ғибадат етуіңді бұйырды»[13].

﴿فَادْعُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ وَلَوْ كَرِهَ الْكَافِرُونَ﴾

«Егер кәпірлер жек көрсе де Аллаһқа ықыласпен құлшылық қыл !»[14].

Имам Бухарий мен Муслимнің сахих кітаптарында Мұғаздан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм):

"حق الله على العباد أن يعبدوه ولا يشركوا به شيئا "

«Аллаһтың пенделердегі болған ақысы, олардың Аллаһқа құлшылық етулері және Оған ешкімді серік қоспаулары»– деді.

Сонымен қатар Аллаһ өз пенделеріне міндеттеген исламның сыртқы бес рүкіндеріне: Бір Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед (саллалаһу алейһи уә сәлләм) Оның елшісі деп куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, рамазанда ораза тұту және кімнің шамасы келсе қажылыққа баруы, тағы да бұдан басқа тұнық шариғаттың әкелген парыздары – Аллаһқа иман келтіруден болады.

Бұл рүкіндердің ең маңыздысы және ең ұлырағы:

"شهادة أن لا إله إلاَّ الله و أنَّ محمدا رسول الله"

«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты еш бір тәңір жоқ және Мұхаммед (саллалаһу алейһи уә сәлләм) Оның елшісі»- деп куәлік беру. Өйткені осы куәлік ғибадатты жалғыз Аллаһқа арнауды және Одан басқаға құлшылық етуден қайтуды талап етеді. Міне,«Лә-иләһа-илла-ллаһ» - деген сөздің мағынасы осы. Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты еш бір тәңір жоқ. Аллаһтан өзге бір адамға, не болмаса бір аруаққа, періштеге, жынға арналған құлшылықтың бәрі жалған. Ақиқат құлшылыққа лайықты тек қана Аллаһ! Бұл жайында Аллаһ былай дейді:

﴿ذَلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِن دُونِهِ هُوَ الْبَاطِلُ ﴾

«Міне, күдіксіз Аллаһ – Ол хақ! Расында олардың Аллаһтан өзге сиынғандары – ол бекер»[15].

Аллаһ жын мен адамзатты осы негіз үшін жаратқандығын және соған бұйырғандығын, осы негізбен елшілерін жіберіп, кітаптарын түсіргендігін айтып өтті. Сондықтан осы мәселе жайында терең ойлан!

Қазіргі кезде көп мұсылмандар осы негізді білмейтін жағдайға түсіп қалды, тіпті олар білімсіздіктің себебінен Аллаһтан басқаға құлшылық қылып, тек Аллаһтың Өзіне ғана тән болған ақысын басқа біреуге арнауда.

Аллаһқа иман келтірудің түрлерінің бірі – «Расында Аллаһ бүкіл әлемдердің Жаратушысы, олардың барлық істерін Басқарушы, Аллаһ оларға Өз білімімен, құдіретімен еркін үкім жүргізеді» – деп иман келтіру. Сондай-ақ Аллаһ дүние-ақіреттің Патшасы, әлемдердің Раббысы, Одан басқа ешбір жаратушы жоқ, әрі Одан басқа ешбір тәңір жоқ!-деп иман келтіру.

Аллаһ пенделерін түзеу, дүние-ақіретте олардың құтылулары және олар үшін пайдалы болған нәрсеге шақырулары үшін елшілерін жіберіп, кітаптарын түсірді – деп иман келтіру, әрі осы істердің ешбірінде Оның серігі жоқ деп сену – иманнан болады. Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿اللَّهُ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ وَكِيلٌ﴾

«Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы, әрі ол әр нәрсеге кепіл»[16].

﴿إِنَّ رَبَّكُمُ اللّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ يَطْلُبُهُ حَثِيثًا وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ وَالنُّجُومَ مُسَخَّرَاتٍ بِأَمْرِهِ أَلاَ لَهُ الْخَلْقُ وَالأَمْرُ تَبَارَكَ اللّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ﴾

«Күдіксіз Раббыларың сондай Аллаһ, көктер мен жерді алты күнде жаратқан, сонан кейін аршыға көтерілген. Бірін-бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді және күн мен айды, жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Сақ болыңдар! Жарату және бұйрық беру тек Оған тән. Өте Жоғары Аллаһ – бүкіл әлемнің Раббысы»[17].

Аллаһқа иман келтірудің тағы бірі – Аллаһтың Кітабында келген және Елшісінің сүннетінде бекітілген Аллаһтың көркем есімдері мен жоғары сипаттарына оларды бұрмаламай, жоққа шығармай, қалайша деп сұрамай және бір нәрсеге ұқсатпай иман келтіру.

Аллаһтың сипаттарында болған ұлы мағыналар көрсеткен нәрселерге иман келтірумен, Аллаһтың есім-сипаттарына Құранмен сүннетте келгеніндей, қалайша деместен иман келтіру уәжіп болады. Сондай-ақ жаратылған нәрселердің сипаттарына Аллаһтың сипаттарын ұқсатуға болмайды, өйткені Аллаһ Құранда былай деді:

﴿ لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌ وَهُوَ السَّمِيعُ البَصِيرُ﴾

«Оған еш нәрсе ұқсамайды, Ол Аллаһ өте естуші, әр нәрсені көруші»[18].

﴿فَلاَ تَضْرِبُواْ لِلّهِ الأَمْثَالَ إِنَّ اللّهَ يَعْلَمُ وَأَنتُمْ لاَ تَعْلَمُونَ﴾

«Аллаһты еш нәрсеге теңемеңдер! Негізінде Аллаһ әр нәрсені біледі, сендер білмейсіңдер»[19].

Міне осы — Аллаһтың Елшісінің (саллалаһу алейһи уә сәлләм) сахабаларынан және оларға жақсылықта ергендерден қалдырылған Әһлі сүннәнің[20] ақидасы. Осы ақиданы имам Әбу Әл-Хасан Әл-Ашғари сүннет және хадис ғалымдарынан "Әл-мақолат" атты кітабында жеткізген. Одан басқа да ғалымдар аталған ақиданы өз еңбектерінде ілім және иман иелерінен жазып алған. Имам Аузағий (оған Аллаһтың рақымдылығы болсын):

"سئل الزهري ومكحول عن آيات الصفات فقالا:أمرُّوها كما جاءت"

«Аз-Зуһрий және Мәкхул сипат аяттары жайында сұралғанда: «Оларды қалай келсе, солай өткізіңдер!»-деп жауап берді»,-деген.

Уалид ибн Муслим (оған Аллаһтың рақымдылығы болсын) былай дейді:

"سئل مالك والأوزاعي والليث بن سعد وسفيان الثوري رحمهم الله عن الأ خبار الواردة في الصفات، فقالوا جميعاً: أمُّروها كما جاءت بلا كيف"

«Мәлик, Аузаъий, Ләис ибн Саъд және Суфиан Әс-Сәурий (оларға Аллаһтың рақымдылығы болсын) сипаттар жайында келген хабарлар туралы сұралғанда олардың барлығы: Оларды «Қалай?» деместен, тура келгеніндей өткізіңдер!»-деді. Аузаъий (оған Аллаһтың рақымдылығы болсын):

"كنا - والتابعون متوافرون- نقول إن الله سبحانه على عرشه، ونؤمن بما ورد في السنّة من الصفات"

«Біз Табиғиндер[21] бар кезде: «Аллаһ аршының үстінде және сүннетте келген сипаттарға иман келтіреміз» - дейтін едік»,- деді.

Имам Мәліктің ұстазы Рабиғату ибн Абу Абдурахман (оған Аллаһтың рақымдылығы болсын) Аллаһтың көтерілуі жайында сұралғанда:

"الاستواء غير مجهول و الكيف غير معقول ومن الله الرسالة وعلى الرسول البلاغ المبين وعلينا التصديق"

«Аллаһтың көтерілуі жасырын емес, қалай екені ақылға салынбайды, Аллаһтан бұйрық, пайғамбарға (саллалаһу алейһи уә сәлләм) баяндап жеткізу, бізге соны растау уәжіп»,- деп жауап берді.

Имам Мәлик осы жайында сұралғанда:

" الاستواء معلوم والكيف مجهول و الإيمان به واجب والسؤال عنه بدعة"

«Аллаһтың көтерілуі белгілі, қалай көтерілгені белгісіз, оған иман келтіру уәжіп, ол жайында сұрау бидағат[22]» - деп жауап берді де, сұраған адамға: «Мен сені тек жаман адам деп білемін!» – деп, оны мешіттен шығарттырып жібереді.

Тағы да осы мағына мүміндердің анасы Умму Сәләмә-дан (оған Аллаһтың разылығы болсын) риуаят етілді.

Сондай-ақ имам Абу Абдурахман ибн Мубарак (оған Аллаһтың рақымдылығы болсын): «Раббымызды аспанда, аршының үстінде, өз мақұлықтарынан ажыралып тұр деп білеміз», - деді.

Бұл жайындағы имамдардың сөздері өте көп, оның барлығын бір мақалада айтып өту мүмкін емес. Бірақта кім осы жайлы кеңірек білгісі келсе, сүннет ғұламаларының осы тақырыпта жазған кітаптарын оқысын. Олардың бірі Абдуллаһ ибн имам Ахмадтың «Сунна» кітабы, имам Мұхаммад ибн Хузайманың «Таухид» кітабы, Абу Қасим Ал-ла Лакай Табаридің «Сунна» кітабі, және Абу Бакр ибн Абу Асимнің «Сунна» кітабы, шейхул-ислам ибн Таймияның « Әл-Фатуа Әл-Хамауия» деген кітабы.

Бұл өте пайдалы кітап, осы кітапта ол Әһлі-сүннәнің ақидасын ашық баяндаған және олардың көптеген сөздерін көшіріп, олардың айтқан сөздері дұрыс екендігіне байланысты әрі оларға қарсы топтың айтқан сөздері қате екендігіне байланысты ақли және шарғи дәлелдерді айтқан.

Сол сияқты шейхул-исламның «Тәдмурия» деп аталған кітапшасы. Бұл кітапта ол Әһлі-сүннәнің ақидасына кеңдеу орын бөліп, оны ақли және нақли[23] дәлелдермен баяндаған. Бұл кітапта Әһлі-сүннәға қарсы келушілерге ақиқатты анық қылатын және өтірікті жоятын нәрсемен қайтару берген. Бұны әр бір жүрегінде ақиқатты білсем деген ізгі ниеті болған адам ғана біледі.

Әрбір Әһлі-сүннәға есім-сипат бабындағы ақидасына келіспеген адам әлбетте ақли[24] және нақли дәлелдерге қарсы келуі сөзсіз. Сондай-ақ олардың өздерінің есім және сипатқа қатысты қайтарған және бекіткен нәрселерінің барлығында анық келіспеушіліктері бар.

Ал Әһлі-сүннә уәл-жамағат Құранда және пайғамбардың (саллалаһу алейһи уә сәлләм) хадистерінде келген Аллаһқа қатысты есім-сипаттарды ешбір жаратылыс атаулыға ұқсатпастан және Алаһтың ондай сипаты не есімі жоқ деместен, Құран мен хадисте қалай келсе, еш өзгеріссіз, кемшіліктен ада, пәк әрі толық деп бекітеді, соған иланады. Осы арқылы олар барлық дәлелдерге амал етіп, қарама-қайшылықта қалудан аулақ болады.

Пайғамбарлар әкелген ақиқатты ұстанған, сол үшін тырысқан және оны талап етуде шын ықылас білдірген адамды ақиқатқа жеткізу және оның дәлелін жоғары қылу Аллаһтың заңы. Аллаһ Құранда былай деді:

﴿بَلْ نَقْذِفُ بِالْحَقِّ عَلَى الْبَاطِلِ فَيَدْمَغُهُ فَإِذَا هُوَ زَاهِقٌ ﴾

«Өтірікті ақиқатпен ұрамыз сонда оның өтірік екендігі дәлелденеді де, ол құрып кетеді»[25].

﴿وَلَا يَأْتُونَكَ بِمَثَلٍ إِلَّا جِئْنَاكَ بِالْحَقِّ وَأَحْسَنَ تَفْسِيرًا﴾

«Олар саған бір мысал келтірсе, әрине саған шындықты және көркем түсінікті әкелеміз»[26].

Хафиз ибн Кәсир өз тәпсірінде Аллаһтың:

﴿إِنَّ رَبَّكُمُ اللّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَى عَلَى الْعَرْشِ ﴾

«Күдіксіз Раббыларың сондай Аллаһ, көктер мен жерді алты күнде жаратқан, сонан кейін аршыға көтерілген...» деген аяты жайында өте әдемі сөз айтқан. Соның көп пайдасы болғандығы үшін, оны осы бапта айтып өту жөн болады. Ол кісі:

«Адамдардың осы жайында көптеген сөздері бар, бірақ бұл сол сөздерге кең түсініктеме беретін орын емес.Керісінше бұл мәселеде бізден бұрын өткен ізгі адамдардың жолдарымен жүреміз, олар:Имам Мәлік, Аузаъий, Ас-Сәурий, Ләис ибн Саъд, Шафиъий, Ахмад, Исхақ ибн Раһауия және тағы да олардан басқа қазіргі және бұрынғы мұсылмандардың имамдары. Барлығының жолы — Аллаһтың есім-сипаттары Құранда және сүннетте қалай келсе, оларды тура солай, "қалай?" деместен, жаратылыстардың сипаттарына ұқсатпастан, оларды жоққа шығармастан иман келтіру.

Аллаһтың сипаттарын жаратылғандарға ұқсатушылардың ойларына келген нәрсе – Аллаһтан қайтарылған, өйткені Аллаһқа өз мақұлықтарының еш нәрселері ұқсамайды. Ол сияқты еш нәрсе жоқ, Ол толық естуші, көруші. Керісінше барлығы имамдар айтқанындай болуы тиіс, олардың бірі – Бухарийдің ұстазы Нұғайм ибн Хаммад Әл Хузаъий. Ол кісі былай дейді: «Кімде-кім Аллаһты мақұлықтарға ұқсатса, кәпір болады, кімде-кім Аллаһ Өзін сипаттаған сипаттарын қайтарса кәпір болады, Аллаһтың Өзі немесе Оның елшісі(саллалаһу алейһи уә сәлләм) Оны сипаттаған сипаттарында ешқандай ұқсату жоқ, сондықтан кім Оның аяттарында және сахих хадистерде келген сипаттарды Аллаһтың ұлылығына лайықты деп иман келтірсе, сол сияқты Аллаһтан барлық кемшіліктерді қайтарса – ақиқатында һидаяттың[27]жолымен жүрді", – деді.