Францияның мемлекеті мен құқығы

Факультет_ ұлттық құқық жоғары мектебі

Оқытушы Спанов А.Қ. Академиялық жыл___2013-2014________

Курс ___1______________________Семестр__1_______

Дәрістің мақсаты: Франция мемлекетінің буржуазиялық құқықтық жүйесі мен қазіргі замандағы Франция мемлекеттік және құқықтық жүйесіндегі ерекшеліктерге талдау жүргізу.

Жоспары:

1. Франция мемлекетінің мемлекеттік құрылысы.

2. Франция мемлекетінің қоғамдық құрылысы.

3. Франция мемлекетінің құқығы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

 

Тақырып 18.Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Францияның мемлекеті мен құқығы

 

Револцияның терең де, түпкі мақсатқа жетудің себебі, елдегі феодалдық өндірістік қатынастарды басқарушылар мен өндіруші күш арасындағы қайшылықтар болды. Феодализм революцияның одан әрі дамуын қамтамасыз ете алмауына байланысты тежегішке айналды. Саудагерлер, көпестер өндірісшілердің негізгі тобы өздерінің жағдайларына қанағаттанбады. Ішкі базар өндіріс үшін тар болды, себебі шаруалардың (елдегі тұрғындардың негізгі бөлігі ) өнеркәсіп тауарларын сатып алуға мүмкіншілігі болмады. Сауданың дамуына ішкі кеденнің көп болуы әсер етті. Дворяндар және духовендердің жоғарғы негізгі бөлігі әрекет етіп жатқан құрылымды сақтап қалуға тырысты. Оны қорғаудың басты құралы ретінде мемлекеттің феодалдық-абсолюттік негізі танылды. Елдің арасында әртүрлі өзгерістер мен ауытқушылықтар болды. Бұған экономикалық және саяси жағынан ұйымдастырылған, феодалдық қозғалыстарға қарсы әлеуметтік топтар құрайтын буржуазия дайындалды. Франция АҚШ-ның, Англияның, Голландияның мемлекеттік-құқықтық құрылыс тәжірибелерін жетекшілікке ала отырып, революция жолын нақты зерттеді.

1789 жылдың мамыр айында Бас штаттың ашылды. Билік топтары бұрынгыдай үкіметтің көпшілік дауысын сақтап қалу үшін дауыс берудің ескі тәртібін қолдануды талап етті, демек әрбір сословие бір дауысқа ие болады. Бұнымен «үшінші сословие» өкілдері келіспеді. Сословиялық жекелеген мәжілістер арасында емес біріккен отырыста көпшіліктің дауыс беруімен шешім қабылдаған жөн деді. Тек осы жағдайда ғана «үшінші сословие» депутаттары өздерінің қалаған жетістіктеріне жете алады, яғни қалай да жалпы артықшылықтары бар сословие депутатары саны жалпы депутаттар санына пара-пар келеді деп есептеген. Сонымен қоса кейбір артықшылығы бар депутаттардың қолдауына сенген еді, бірақ бұл сенімдері ақталмады. Үкімет бұндай жағдайдан бас тартқаннан кейін, депуттаттардың дауыс беру жаңа ережесін қабылдайды. 1789 жылдың маусым айында «үшінші сословие» өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялайды. Бір ай өте бере француз халқының атынан өздерін - Құрылтай жиналысы деп хабарлап, бұрынғы заңдардың қуаттылығын жойып және жаңа заңдар қабылдайтын құқыққа ие болғандарын жариялады.

Парижде басталған революция барлық елді қамтыды. Көтерілісті бастаушылар король шенеуліктерін биліктен қуды, ендігі жерде шаруалар феодалға бағынудан және олардың міндеттерін орындаудан бас тартты. Солдаттар халықты аудан бас тартты. Үшінші сословие басшылары (ірі буржуазия), Құрылтай жиналысында ерекше жағдайға ие бола отырып, саяси билікті басқару үшін халық қозғалысын пайдаланды.

1789 жылы 26 тамызда Құрылтай жиналысында революцияның маңызды құжаты - Адам және азаматтардың құқығы Декларациясы қабылданды. Бұл құжат революция бағдарламасын құрғандай, халықты жұбату мен «ағалық тұтастықты» сақтауға әрекет етті.

Декларация авторлары бірінші кезекте энциклопедистер еңбегіне негізделе отырып жасады. 1776 жылғы Американдықтардың Тәуелсіздік Декларациясын, 1776 жылғы Виргиндік декларация құқығын, сонымен қоса, отандық мемлекеттік-құқықтық тарих құжатын, Француз Бас штат декларциясын, Париж парламентінің ремонстрациясын нақты құжат үлгісі сипатында танып, қолданды. Декларация жалпы ұлттық манифест рухын, адамдардың бостандық қағидасын қалыптастырды: «Адамдар өмірге келген сәттен бастап, ерікті және тең құқықты болып танылады» (1 бап). Декларацияның демократиялық мемлекеттік-құқықтық құрылыс қағидасының ішінде ерекше рөлді «адамның табиғи және айырылмайтын құқығы», «халық егеменділігі» және «билік бөлінісі» қағидалары жүзеге асырады.

Декларация қабылдағаннан кейін, төрт айдан соң, 1789 жылдың желтоқсан айында Құрылтай жиналысында сайлаушылар үшін ценз және басқа да мүліктерді енгізу туралы декрет қабылдады. Осы декретке сәйкес, барлық азаматтар активті және пассивті болып бөлінді. Сайлау құқығына тек активті азаматтар ие болды. Активті (белсенді) азамат болу үшін келесідей талаптар болу керек:1). ұлтының француз болуы; 2). 25 жасқа толу керек; 3). тұрғылықты жерде кемінде бір жыл тұру керек; 4). үш күндік жәрдем ақы көлемінде тікелей салық төлеу керек; 5). қайыршылық жағдайда болмауы керек;

1791 жылы Құрылтай жиналысы мүліктік ценз көлемін бірнеше есеге төмендетті. 6000 адамнан көп қала тұрғындарына әрбір 200 күн үшін жалдамалы еңбектің орташа ақысын тең көлемде есептей отыра, узуфрукт көлемі мен меншік кірісін шектеді.

Құрылтай жиналысы Декларацияны құрастырумен бір уақытта конституцияны дайындап, өңдеуге кірісті. Жиналыста конституцияның негізгі қағидалары , жоғарғы заң шығару билігі корольдің, үкіметтің, соттың, сайлау жүйесі органдарының мәртебесін талқылап, бекітті. Ұлттық жиналыстың құзыретіне келесідей мәселелер жатады:

әскери іс бойынша - жыл сайын қарулы күштердің саны, құрамы жөніндегі қаулыларды қабылдау, ақша көлемін анықтау және соғыс жариялау;

қаржы шеңберінде - жыл сайынғы бюджетті бекіту, құрастыру, салықты бекіту, мемлекет құрылғысына кеткен шығындарды есептеу;

әкімшілік басқару саласында - мемлекеттік лауазымдарды тағайындау;

әділет шеңберінде - мемлекет қауіпсіздігіне қарсы келіссөз жүргізген сезіктілерді, қылмыстық қудалау қозғалған тұлғаларды, Жоғарғы сот министрлерінің және басқа да лауазымды тұлғалардың алдында қылмыстық жауапкершілікке тарту;

сыртқы қатынас шеңберінде - шетел мемлекеттерімен шарттарды ратификациялау. Атқару билігі корольге жүктелді. Король- ішкі қатынастар және сыртқы басқару басшыларын, жоғарғы шенеуніктерді, команда құрамының бөліктерін тағайындап, қарулы күштерді басқарды. Корольдің атқару билігі шектелді. Ол Жиналыс қабылдаған заң шегінде ғана әрекет ете алады. Министлер корольмен тағайындалды, бірақ өз ведомствасы бойынша құқыққа қайшы әрекеті үшін Ұлттық жиналыстың бекітуімен сотқа жіберіледі. Сот билігі белгілі мерзімге бекітілген соттарға жүктелді. Қылмыстық істі қарастыру үшін присяжный соты құрылды. Мемлекетке қауіп төнетін және аса ауыр қылмыстарды қарастыру үшін, министрлердің құқық бұзушылықтарын анықтау мақсатында Жоғарғы сотты құруды көздеді. 1791 жылдың күз айында конституциялық институттарды қалыптастыру негізі аяқталды.

 

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Жаңа және Қазіргі кездегі Франция мемлекетінің құқығы

 

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

1. Рәсімдеу сапасы

2. Сауатты талқылау

 

СОӨЖ тапсырмасы:. Жаңа және Қазіргі кездегі Франция мемлекетінің құқығы

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

 

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

 

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994