Жасы жеткеніне байланысты егде адамдарға қатысты жиілеп кеткен қылмыс оқиғалары.

Адамға лайықты қарау құқығына мемлекеттік әкімішілік ету проблемасы, шенеуніктерді немқұрайлы қарау үнемі қоғамдық сын объектісі болады. Мемлекеттік қызметшілердің ерекше қаморлық пен назарға лайық егде клиенттерге өрескел төрешілдікпен қарауы «адам-мемлекет» жүйесінде өркениетті жоғары әдепті көзқарастарға дейін өспегендігінің көрсеткіші. Керісінше, егде адамдардың күрделі мәселелерін қараудағы икемділік пен жылдамдық, тұлғалаға сыпайы түзу құрметпен қарау, міне мемлекеттік қызметшілер ұмтылуы тиіс жұмыс стандарты.

Екіншіден, соттық емес қорғау тәсілі Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциямен, заңнамалық актілермен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен кепілдік берілген олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдардың әрекеттеріне және шешімдеріне шағым беру болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 20025 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент пен оның депутаттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңестің, Бас прокурордың, Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы соттарының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарамайды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ереженің 17-тармағына сәйкес Конституциямен, заңнамалық актілермен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен кепілдік берілген олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамдар мен ұйымдардың әрекеттеріне және шешімдеріне азаматтардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың шағымдарын қарайды. Бұл ретте Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам құқықтарын қорғаудың негізгі мемлекеттік құралдарының мүмкіндігін тауыспаған өтініш иелерінің өтініштерін, прокуратураға, тиісті мемлекеттік органға, жоғары тұғһрған министрлікке өтінішті Ереженің 2-тармағына сәйкес қарауға қабылдайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметімен қолданылып жүрген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік құралын толықтырады.

Бүгінгі таңда егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері «Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», «Семей ядролық полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын оңалту туралы» сияқты Қазақстан Республикасының Заңдарына ішінара енгізілген. Тұрғын үйге, Денсаулық сақтауға, әлеуметтік қызмет көрсетуге құқықтарды қорғау мәселелері барлық басқа санаттағы азаматтармен қатар салалық заңдарда бекітілген.

Ұлы отан соғысына қатысқан адамдар тобы «Ұлы Отан соғысына қтысушыларды, мүшедектерді және олардға теңестірілген адамдардың жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі заңымен ерекше әлеуметтік қорғалған. Қазіргі кезде «Ардагерлер туралы» жаңа заңмен ауыстыру жоспарлануда.

Мәселен, осы заңға сәйкес әлеуметтік қорғау шарасы ретінде жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй-құрылыс, бақша және өзге де кооперативтерге кіруге бірінші кезектегі құқық, жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскелерін және бес пайыздық жеңілдікпен 30 жылға жеңілдетілген несие алуға бірінші кезекті құқяқ сияқты жеңілдіктер мен кепілдіктер ұсынылады. Барлық байланыс қызметтерін кезектен тыс пайдалану, зейнетке шыққанжа жұмыс кезеңінде олар бекітілген емханаларды пайдалануға, амбулаториялық-емханалық мекемелерде артық қызмет көрсетуге және кезектен тыс ауруханаға жатуға, протездермен және протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз етілуге, интернат-үйлеріне бірінші кезекте және тегін орналасуға және әлеуметтік қызметтің аумақтық орталықтары мен мекемелерінің қызмет көрсетуіне құқық та пайдаланылады.

Қолданыстағы қылмыстық заңнама жәбірленушінің белгілі бір жасқа жетуін ерекше қиындататын мән-жай деп есептемейді. Сонымен бірге, «Келіп түскен шағымдар мониторингі» бөлімінде айтылғандай, егде адамдарға қатысты алаяықтық оқиғалары жиілеп кетті.Бұл факт бұқаралық ақпарат құралдарындағы көптеген хабарламаларды растайды. Өскемен қаласында жалғыз басты егде әйел Галина Ивановна Радченко коммуналдық қызмет көрсетулерге қарызы үшін және сот орындаушыларының «жедел» әрекетінің арқасында пәтерінен айырылып, далада қала жаздады. Бақытына орай оның ісін жергілікті «Народный контроль» АҚ алып, сот шешімімен Г.И.Радченкоға меншігі қайтарылды («Мегаполис» газеті, 04.09.2006 жылғы № 35). Петропавлда алдау арқылы зейнеткерлерден ақша сыпырған алаяқ әйел жұмыс істеді. Әлеуметтік қамсыздандыру органының қызметкері деп таныстырған әйел алда болатын ақша ауыстыру туралы айтып, ауыстыруға көмегін ұсынады («Қазақпарат» агенттігі, 26.08.2006 ж) . Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы Астанада алаяқтыққа күдік келтіретін ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Негізінен астанада пәтері бар жалғыз басты егде адамдар, зейнеткерлер ұйымдасқан қылмыстық топтың құрбандары болды. «Олар араққа тойғызып, мас күйінде тиісті құжаттарға қол қоюға мәжбүр етті. Құжаттарды таныс нотариат қызмткерлері арқылы ресімдеп, адамдарды тұрғын үйсіз қалдырды». Ұйымдасқан қылмыстық топтарға прокуратура, сот, нотариаттық кеңсе және Әділетмині қызметкерлерінің қатысы барлығы анықталуда («Қазақстан Тудей» агенттігі, 28.01.2006 ж.)

Бұдан басқа егде қауқары жоқ адамдармен үцде де, әлеуметтік мекемелерде де қатыгездікпен қарау оқиғалары жиілеп кетті. Тараз интернат-үйіндегілердің қамқорлығындағыларға өрескел қарау оқиғалары туралы бірнеше рет айтылып, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымын бастамашылық етуге негіз болды. Қолда бар әлеуметтік заңдардың орындалуын тиімді бақылау мен ұсынылатын әлеуметтік қызмет көрсетулердің сапасын бағалау тетіктерінің болуы құқықтық қорғауда маңызды элемент болып табылады. Мысалы, 1985 жылы Ұлыбританияда денсаулық сақтау министрлігінің бөлімшесі ретінде Әлеуметтік Қызмет көрсету Инспектораты құрылды. Елдің әр өңірінде Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік инспекторы болады. Оның негізгі ролі - әлеуметтік қызметтердің жұмысына тәуелсіз баға беру. Ұйымның құрамында муниципалитеттерде көрсетілетін әлеуметтік қызмет көрсетулер сапасын ресми инспекциялауды жүзеге асыратын бөлімше бар. Бас инспектор үкіметте және парламентте министрлердің негізгі кәсіби кеңесшісі болып табылады. Ол әлеуметтік қызметтің жай-күйіне өз көзқарасын ресми айтады.

Дегенмен, елімізде егде адамдарға қаиысты қатігездікпен жіне өрескелдікпен қарау қылмыстары жасырын. Осы мәселе бойынша ресми статистика мен зерттеулер жоқ.

Әлі күнге дейін егде адамдарға қатыгездікпен қарау фактілері туралы іргелі зерттеу дамыған елдерге қатысты жүргізілді және қолда бар деректер шектелген. Алайда қарт адамдар - әйелдерде , еркектер де – қатыгездікпен қарау құрабандары болуда және егде адамдарға бұлайша қарау дамыған, сондай-ақ дамушы елдерде де таралуы таңғаларлық. Австралияда, Канада мен Ұлыбританияда жүргізілген шолулар қатігездікпен қарауға ұшыраған немесе күтімсіз қалған егде адамдардың үлесі 3 пен 10 пайыз аралығында екендігін көрсетті. Канада да барлық хабарланған оқиғаның 55 пайызында қатыгездікпен қараудың ке таралған нысаны - зейін салудың жоқтығы. Он бес пайызы дене қатыгездігіінің оқиғаларын құраса, оқиғаның 12 пайызында қаржылық пайдалану байқалды. АҚШ-та 1986 және 1996 жылдар аралығында Егде адамдарға қаиыгездікпен қарау проблемалары жөнінідегі ұлттық орталық мемлекеттік қорғау қызметтері хабарлаған теріс пайдалану оқиғаларының 150 пайызға көбейгенін тіркеді. Тек бір жылдың ішінде орташа медициналық қызметкердің 36 пайызы дене өорлығының куәгеі болғандығын мәлімдеді, 10 пайызы, анықталғанындай ең аз дегенде бір дене зорлау актісін жасаған; 81 пайызы психологиялық қорлық оқиғасының куәгері болса, 40 пайызы ауруларды қорлаған.

Әлемдегі егде адамдардың көп саны тұратын дамыған елдерде - негізінен кедей, - оларға қандай да бір зерттеулер немесе статистикалық деректерді жүйелі жинау әлі жүршгізілген жоқ. Тіпті бұл жағдайда да қылмыстар мәліметіне, журналистердің хабарламаларына, әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерінің ақпараттарына және жекелеген шағын зерттеулерге негізделген куәліктер де жеткілікті. Куәліктерде дене, моральдық және қаржылық тұрғыда қатыгездік қрау оқиғаларының кеңінен таралғандығы туралы айтылады.

Үндістанда жүргізілген іріктеуге 1000 егде адам енгізілді. Оның 4 пайызы дене қорлығына ұшыраған. Қалада тұратын 70 және одан да жоғары жастағы 50 адамнан тұратын басқа шағын іріктеуде сұралғандардың 20 пайызы өз отбасыларында ешкімнің көңіл бөлмейтіндігін мәлімдеді. Аргентинада қалада тұратын егде адамдарды іріктеуге тартылғандардың 45 пайызы оларға өте нашар қарағандығын, бұл психологиялық тұрғыда жиі болғандығын хабарлады.

Барзилияда жүргізілген шолу қатыгездікпен қараудың хабарланған оқиғаларының 35 пайызы психологиялық, физикалық немесе қаржылық сипатқа ие болғанын анықтады. Қалған оқиғаның 65 пайызы жасына байданысты қоғам тарапынан кемсітушілікетің құрбаны болып есептелген «Әлеуметтік жаман көзқарас» деп аталатын оқиғамен байланысты.

Теріс пайдалану әр түрлі нысандарда көрінеді. Ол физикалық болып, ауртуы және денеге зиян келтіруі мүмкін. Ол моральдық немесе психологиялық болуы мүмкін. Мысалы, сөзбен қорлау, төмендету немесе қорқыныш сезімін тудыру. Немесе ол қаржылық сипатта болуы мүмкін. Егде адамның сеніміне кірген қамқоршы кәрі адамның ақша қаражатын немесе меншігін заңсыз пайдалануы немесе оны өзіне қалдыруы мүмкін.

Теріс пайдалану отбасында да жасалады. Бұл немқұрайлы көзқарас. Мысалы, көңіл бөлгісі келмей, тиісті тамақтандыруды, таза киімді, үйде қауіпсіз және ыңғалй орынды, жақсы медициналық күтімді, жеке гиенаны және әлеуметтік тілдесу мүмкіндігін қамтамасыз етпеу. Егде адамдар отбасы мүшелерінің тарапынан сыйлауды жоғалтудан да зардап шегеді. Сыйламау, ұорлау, жеккөрініштікпен қарау немесе оқшаулану соның нәтижесі болуы мүмкін. Қоғамның және отбасының тарапынан зорлық қарт адам мен оның отбасы арасындағы қарым-қатынас бұзылғанда болады. өкінішке орай, егде адамдарға қатсты зорлық пен қатыгездікпен қарауға кінәлілер көбінесе отбасы мүшелері, достары немесе танысары болады.

Негізгі тақырыптарды талдау қатысушы елдер арасында едәуір ұқсастықтарды көрсетті. Егде адамдар теріс пайдаланудың үш ауқымды санатын ажыратты:

Зейіннің жоқтығы – оқшаулану, қоғам өмірінен шет қалу;

Бұзу – Адам құқықтарын, заңгерлік дәне медициналық құқықтарды;

Жоғалту – сайлау мүмкіндігін, шешуді, мәртебе, қаржы және сый-құрметті шешуді.

 

Осылайша фактілердің шындығы көптеген жазаланатын әрекеттердің объектісі болып табылатын, бірақ тиісті қорғауды қамтамасыз ететін құралдың аз санымен осал топ ретінде егде жастағы азаматтарға ерекше қарау қажеттігін көрсетеді.

Егде азаматтарды қорғау лайықты деңгейден әлі алыс және оларға лайық әділ көзқарасты көрсетпейді. Ағымдағы ахуалды талдау егде жасы жеткен адамның жай-күйіндегі барлық ерекшеліктерді ескеретін және егде адамдарды тиімді қорғаудың бірқатар күрделі мәселелерін анықтайтын нормативтік базаны күшейту қажеттігін көрсетті.

Егде адамның лайықты құрметке құқығын әкімшілік кемсіту;

Жасы жеткен адамдарға жеңілдіктер мен кепілдіктер беру бойынша жекелеген нормативтік құықтық актінің жоқтығына байланысты заңнамалық олқылық.

Жасы жеткеніне байланысты егде адамдарға қатысты жиілеп кеткен қылмыс оқиғалары.