Табыс-тұтыну» және «баға-тұтыну» қисықтары

 

Егер тұтынушының табысы көбейе түссе, онда оның бюджет сызығы бастапқы сызыққа параллель түрде өседі, ал теңдестік нүктесіне (Е1, Е2, Е3) тұтынушының ұтымды таңдаулары сәйкес келеді. Егер осы жағдайды жазықтықты бейнелейтін болсақ, онда біз тұтынушылардың теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелердің тізбегін аламыз. Осы нүктелерді бір-бірімен қоссақ, онда табыстық өсуіне байланысты 4.9-суретте көрсетілгендей «табыс-тұтыну» қисығы шығады. Бұл қисықты кейде «тұрмыстың деңгейін көрсететін қисық» деп те атайды.

Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. 4.10-суретте сапасыз тауарлар үшін «табыс-тұтыну» қисығы көрсетілген. Тұтынушы тауарды сапасыз деп қарастырғанда «табыс-тұтыну» қисығы коорлинаттардың вертикаль осіне қарай бұрылады. Табыстың белгілі бір деңгейге жетіп, одан әрі өсуі, бұл тауарды тұтынудың азаюына әкеледі. Осы деңгейге жеткенде «табыс-тұтыну» қисығының көлбеуі теріс сан болады, 4.10-суреттегідей І2 деңгейінен жоғары өсуінің нәтижесі Х тауарын тұтынудың төмендеуіне әкеледі. Сөйтіп, тұтынушылар табыстары белгілі бір деңгейден жоғарылағанда сапасыз тауарларды аз алады.

Еегер тұтынушының табысы өзгермей Х және Y тауарларының тек біреуінің ғана бағасы өзгеретін болса, онда біз әр түрлі бюджет сызықтарын аламыз. Олардың әр қайсысында тұтынушы теңдестік жағдайға ие болады. Егер осындай теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелер тізбегін бір-бірімен қосатын болсақ, онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгергенін бейнелейтін қисық аламыз. Бұл қисық «баға-тұтыну» қисығы деп аталып, 4.11-суреттегідей келтірілген түрде бейнеленеді.

Ал егер тұтынушыны өзінің барлық табысын Х игілігіне жұмсаған болса, онда осы тауарлардың мөлшері графиктегі (4.12-сурет) Qx осінде F1, F2, F3, F4 пен берілген. Осы нүктелер арқылы Х бағасын есептеуге болады. Тұтынылған Х мөлшеріне сәйкес келетін, бағаларды белгілеп, сұраныс қисығын алуға болады.

4.12-суреттегідей а графигіндегі ІF1 бюджет сызығынан бастайық, Х тауарының бағасы 1/ F1 болуы керек. Тұтынушы барлық табысына тек қана Х тауарын сатып алады. Бұл жағдайда басқа (қалған) игіліктерге арналған шығындар нольге тең. Осылайша, бюджеттік шектеу:

І = Р1 F1 + 06

болады, бұдан:

Р1 = І / F1 .

Баға -ге тең болғанда, тұтынушы Х тауарының Q1мөлшерін тұтынады, Е1 тепе-теңдік нүктесі.

Баға Р1-ге тең болғанда, сұраныс көлемі - Q1 · Х тауарының бағасы төмендеген сайын, бюджет сызығы Хосі бойымен әрі қарай оңға жылжиды. Қиылысу нүктесі F2 болғанда баға 1/ F2 немесе Р2-ге тең, Р2 Р1-ден кіші болуы керек, себебі F2 F1-ден үлкен. Бұл жағдайда Х тауарының тұтынылған мөлшері Q2-ге дейін өсіп, тұтынушының тепе-тең нүктесі Е2 болады. Р2, Q2координаталары сұраныс қисығының тағы бір нүктесі ретінде төменгі графикте белгіленген. Сол сияқты, егер Х бағасы Р3 және Р4-ке дейін түссе, онда Х –ті тұтыну, аптасына одан әрі өседі. Осы бағада сұраныс көлемі мен бағаны бірге қоссақ 4.12-суреттегідей В графигінде сұраныс қисығын аламыз.

Бұл қисық әр түрлі бағада жеке тұтынушының сұраныс көлемін көрсетеді. Ал Х тауары үшін тұтынушының сұраныс қисығы болып табылады. Сонымен сұраныс қсығы мен «баға-тұтыну» қисығы – басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда, тауардың бағасы өзгеруіне байланысты осы тауарды сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсетудің екі түрлі әдісі деп айта аламыз.