Тарату жүйесін және кабельді таңдау

Тарату жүйесі каналдар санына байланысты анықталады. Егер болса, STM-4 тарату жүйесі қолданылады. Қызылорда-Ақтөбе қалаларының арасында 1495 канал ұйымдастыру үшін STM-4 тарату жүйесі таңдалады. Берілген жүйеге сәйкес магистралдың байланыс желісінде бір модтық талшықты-оптикалық кабельдер қолданылады. Бұл кабельдер 1,55 мкм толқын ұзындығында ұзақ жерлерді қосуға және керекті каналдар санын қамтамасыз етуге ыңғайлы. Темір жол линияларын қиып өтетін жерлерге, негізінен, ілінетін ОКМС маркілі кабельдері қолданылады. Темір жолдар жоқ жерлерде кабельдерді жерге төсейді. Көп қолданылатын кабельге ДАУ кабелі жатады. ДАУ кабелі – сыртқы қабаты полиэтленнен жасалған, 4 оптикалық модульден тұратын, 12 стандартты, 1 модтық талшықтан тұратын оптикалық кабель.

Каналдар санын және беру жүйесіне байланысты кабель түрі таңдалады. Таңдап алынған кабельдің техникалық параметрлері келесі кестелерге толтырылады. Таңдалған кабель – ДАУ.

 

Кесте 1 – Оптикалық кабельдің негізгі техникалық параметрлері

Параметрлері Кабель түрі – ДАУ
Талшық саны
Сыртқы диаметрі, мм
Рұқсат етілген тарту күші. кН
Меншікті салмағы, кг/км
Құрылыс ұзындығы, м

 

Кесте 2 – Оптикалық талшықтың сипаттамасы

Параметрлері Талшықтың түрі
Өзекше диаметрі, мкм -
Қабықша диаметрі, мкм 125±1
Қорғау қабатының диаметрі, мкм 250±15
Өшу коэффициенті, дБ/км 0,22
Дисперсия мәні 3,5

 

Таңдап алынған кабельдің құрылысы келтіріледі.

 

 

 

Сурет 1 –ДАУ кабелінің құрылысы

 

1-суретте келесі элементтер келтірілген:

1. Орталық күштік элемент – әйнекті-пластикалық өзекше;

2. Еркін қойылған оптикалық талшықтары және гидрофобты гелі бар ПБТ түтігі;

3. Кордель (тапсырыс бойынша мыстан жасалған 2, 4, 8 изоляцияланған сым);

4. Модуль аралық гидрофобты толтырғыш;

5. Ұзын бойына қойылған су өткізбейтін және алюминді-полиэтиленді лента;

6. Аралық ПЭ қабықшасы;

7. Маркіленуі бар сыртқы қара ПЭ қабықшасы.

 

ІІІ бөлім

Талшықты-оптикалық беру жүйесін таңдау және сипаттамасын

Келтіру

Кабель төсеу құрылысын жүргізу жұмыстары кезінде көлік транспорттарының қозғалысын тоқтатпау үшін тас жол және темір жолдармен қиылысқан жерлерінде кабельді арнайы алдын-ала орналастырып кеткен құбырлар ішімен төсейді.

Асбесцементті немесе пластмассалы құбырларды төсеу, негізінен, көлденең бұрғылау әдісімен орындалады. Теміржол астымен өтетін асбесцементті құбырлардың изоляциясын көбейту үшін құбырдың сыртын ыстық битуммен қаптайды. Жобалау арқылы құбыр санын анықтаймыз. Құбырдың ұштары көветтің шетінен кем дегенде 1 м және кюветтің түбінен 0,8 м тереңдікте жату керек.

Топырақты бұрғылау және құбырды тарту гидравикалық бура көмегімен жасалынады. Бұрғылау процессі былай жүреді: жоғарғы қысымды цилиндр және насос гидравикалық блоктарының көмегімен топыраққа құрыш штанг кіргізіледі, ол 1 м ұзындықтан бір-біріне кигізілген бөліктерден тұрады. Тас жол немесе темір жолдың қарама-қарсы жағына 1 м штанг ұшы шыққан соң, оны кері бағытқа созылған кеңейткішпен алмастырады. Кеңейткіштен кейін каналға труба кіргіземіз. Ол әдісті өтудің ені 12 м болғанда мүмкін болады. Трубаны өтуге төсеген соң оның ұштарын тез арада қоқыстар кірмеу үшін жабу керек.

Курстық жобалау жұмысындағы трасса өзендерді қиып өтсе, сол бөгеулерден өту үшін мынадай жұмыстар жасалынады: суасты кабельдерді төсеу тәсілдері өзеннің сипатына, еніне, тереңдігіне, кеме қатынасы бар-жоғына, төсеудің мезгіліне, кабельдің салмағына, қолда бар төсеуге арналған техникалық құралдарына тәуелді болады. Кабельді кабельтөсегіш немесе сумен жүзетін құралдармен (баржа, қайық немесе баркас) төсейді, ал қыс мезгілінде – мұзда. Кабельдің өту трассасы мүмкіндігінше өзеннің түзүсызықты бөлігімен, жайпақ, қиралмаған жағасымен өтуі керек. Кабельді мұздың қатуынан сақтау үшін, оны автомобиль немесе темір жол магистральдар көпірінің астынан жүргізеді.

Кабельді төсеу жұмыстарының алдында трассаны бөлшектейді. Суасты өту трассасы репермен белгіленеді. Кабель төсеу алдында керек болса, кабельдің өту трассасында сүңгуірлік тексерулер жүргізіп, кедергілерді анықтау және жою жұмыстары жүргізіледі. Судағы ағып келген заттардан және кеме якорінен қорғау үшін кабельді өзеннің ең түбіне орналастырады. Кеме қатынасы бар өзендердің тереңдігі 8 м болса, кабельді 1 метрге тереңдетеді, кеме қатынасы жоқ бөліктерде – 0,7 м-ге.

Кабельтөсегішпен өзен арқылы кабель төсеген кезде өзеннің жағасы жайпақ, тегіс және кедергілер бомлауы керек. Кәдімгі типті кабельтөсегіш өзеннің ені 200 м, тереңдігі 8 м және ағыс жылдамдығы 1,5 м/с болғанда төсей алады.

Күрделі рельефті өзендерің түбімен кабель төсеу үшін арнайы гидравикалық кабельтөсегіштер қолданылады. Кабельтөсегішті кабельмен өзеннің бір жағына, ал оны қозғалысқа түсіретін тракторды өзеннің екінші жағына қояды. Трактордың тросын кабельтөсегішке бекітіп қояды. Содан кейін трактор кабельтөсегішті бір жағадан екінші жағаға тартып, кабельді өзен түбіне төсейді.

 

Кесте 3 – Трасса сипаттамасы

  Көрсеткіштері Мәні
Барлығы ОП1-ОРП2 ОРП2-ОРП3 ОРП3-ОРП4 ОРП14-ОРП15
Трасса ұзындығы, км 329,9        
Автомобильдік жолмен қиылу
Темір жолдармен қиылу - - - -
Өзен арқылы өту - - - -

 

 

ІV-бөлім