Азақстан Республикасының шикізат мөлшері

 

2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.

Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті. Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.

2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.

2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2 %). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.

 

Шикізат көлемі

 

Экономика батыл қарқынмен қалпына келуін жалғастыруда, оған мұнай бағасының қолайлығы және өткен жылғы құрғақшылықтан кейінгі ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі өсуінің қалпына келуі ықпал етуде. Құрылыстағы және жылжымайтын мүлік саласындағы динамиканың әлсіздігіне қарамастан, ХВҚ-ның қызметкерлері нақты ЖІӨ-нің 2011 жылы 6,5 пайызға дейін өсетінін болжап отыр. Шетелдік активтер жоғары деңгейде және халықаралық резервтер мен Ұлттық қордың ресурстарын есептегенде 72,5 млрд. АҚШ долл. (ЖІӨ-нің 40%) құрайды, сол арқылы экономика үшін жеткілікті буфер қалыптастырып отыр. Шикізат экспорты көлемінің ұлғаюының арқасында ағымдағы шоттың оң сальдосы ұлғайды, мұнай саласымен байланысты тікелей шетелдік инвестициялар және сыртқы қаражат көздерінен түскен инвестициялар капитал ағынының сақталуына ықпал етеді. Азық-түліктің және отынның әлемдік бағаларының едәуір дәрежеде жоғары болуынан, сондай-ақ халық кірісінің өсуінен (бюджет саласындағы жалақының шілдеде 30%-ға өсуін қоса алғанда) жылдық инфляцияның қарқыны қыркүйектің соңында 8,75 пайызды құрады және қаңтардан бастап реттелетін бағалардың кеңінен қолданылуына қарамастан, мемлекеттік органдар жоспарлаған 6-8 пайыздық деңгейден асып кетті. Депозиттік база кредиттеу көлемінің ұлғаюы кезінде (мемлекеттік кәсіпорындар қаражатының есебінен) өсуде, бірақ банктердің баланстары әлсіз күйінде қалып отыр, бұл тәуекелдердің қолайсыздығын күшейтіп, қаржылық делдалдыққа зиян келтіреді.

Қазақстан экономикасының 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін жылдам көтерілуі сенім ұялатады. Алайда қалыпқа келу сыртқы экономикалық жағдайдың жылдам нашарлауы аясында жүріп жатыр. Әлемде экономикалық белсенділік төмендеп, әлсірей бастады, сенімділік азаяуда, ал теріс тәуекелдер күшейе түсуде. Дағдарыс нәтижесінде зардап шеккен дамыған елдер бастан кешірген құрылымдық проблемалар күткендегіден күрделірек болды, ал реформалар әзірлеу мен іске асыру үдерісінің сипаты азая бастады. Осындай қиындықтарға байланысты «еуроаймақтағы» дағдарысты реттеудегі және АҚШ-тағы мемлекеттік емес сұранысты қалпына келтірудегі түрлі кідірістердің себебінен ғаламдық өсу үшін анық теріс тәуекелдер туындауда. Бұл тәуекелдер орын ала бастаған жағдайда шикізат бағасы түсіп, әлемдік сауда мен капиталдың қозғалысының көлемдері қысқарады, бұл экономикасы қалыптасу үстіндегі елдердегі және дамушы елдердегі өсуді тоқтатады. Оның шикізат экспортына тәуелділігін және халықаралық нарықтармен тығыз байланысын ескере отырып, Қазақстан басқа да көптеген елдер сияқты осындай күйзелістер нәтижесінде зардап шегуі мүмкін.

Қалыптасқан жағдайда Қазақстанның банк жүйесінде сақталып отырған әлсіз тұстар алаңдаушылық туындатады. Сыртқы берешектің қайта құрылымдауына және мемлекет тарапынан қаржылай көмекке қарамастан банк активтерінің сапасы нашарлай берді, ал жұмыс істемейтін несиелер көлемі өте жоғары деңгейде (халықаралық есеппен алғанда) қалып отыр. Есептелген, бірақ алынбаған пайыздық кіріс көлемінің жоғары болуы, қайта құрылымдалған несиелер үлесінің жоғары болуы және кірістіліктің төмен болуы капитал жеткіліктілігінің нормативтері үшін тәуекелдер туындатады. Банктердің бұрынғысынша тәуекелге барғысы келмеуін, ал ірі заңды тұлғалардың заем қаражатының үлесін төмендетуді жалғастыруын ескерсек, мақсатты қаржы бөлінген кредиттер, мемлекет тарапынан адрестік көмек және бейімделген ақша-кредит саясаты кредиттеудің жақын болашақта өсуіне ықпал етуі екіталай.

Айтарлықтай күйзелістер болмаған кезде банктердің жағдайы біртіндеп жақсаруы мүмкін. Алайда, әлемдік экономикадағы белгісіз ахуалды ескерсек, банк жүйесінің толық сауығуын және оның әлеуетті күйзелістерге қарсы тұруын және жинақталған қаражатты өндірістік қызметке бағыттауын қамтамасыз ету үшін бастамашыл тәсіл қолданған жөн. Әлемдік экономикалық жағдайдың айтарлықтай нашарлауы, атап айтқанда, ірі көршілес мемлекеттер тарапынан болатын ықтимал теріс әсерлер, Қазақстанның экономикасына және оның банк жүйесіне теріс әсер етеді. Ықпалдар қол жетімді ресурстар көлемінің қысқаруы және қарыз құнының ұлғаюы (банктер, заңды тұлғалар және квазимемлекеттік құрылымдар үшін), сондай-ақ сенімнің әлсіреуі түрінде болады, бұл, өз кезегінде, банктер үшін қосымша қиындықтарға әкеп соғады. Экономикадағы қаржы ресурстарының көптігіне қарамастан, мұндай ахуал басқару органдары үшін көптеген қиындықтар туындатады, сондай-ақ «2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарында» көзделген мемлекеттік емес секторды дамыту және экономикалық әртараптандыру есебінен өсуді қамтамасыз етудің міндеттерін іске асыру үшін кедергі болады.

Бұл қиындықтардан шығуға Қазақстанның банк жүйесін орнықты ету жөніндегі уақтылы және шешімді шаралар көмектесуі мүмкін. Мемлекет орынды бірқатар шешімдер қабылдады: үмітсіз несиелерді есептен шығаруға кедергі келтірген салық ережелерінің күші жойылды; шетел валютасында кредиттеуге қарсы және капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды ұлғайтуға бағытталған шаралар есебінен нормативтік-құқықтық база нығайтылды; проблемалық активтерді реттеудің жаңа тұжырымдамасы қабылданды. Соған қарамастан қосымша байыпты күш салу қажет. Бірінші кезекте, барлық банктердің кредиттерді дұрыс бағалауына және резервтер қалыптастыруына (олар қайтарылмаған жағдайда) пәрменді түрде қол жеткізу қажет. Одан басқа тиісті жағдайларда үмітсіз несиелер көлемін төмендету және банктердің капиталын акционерлер немесе мемлекет тарапынан толықтыру үшін нақты іс-қимылдар жасау қажет. Көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайдағы төтенше іс-қимылдардың жоспарларын дайындау қажет.

Жағдайдың белгісіздігін назарға ала отырып икемді макроэкономикалық саясат жүргізген жөн. Міндетті резервтеу нормативінің жақындағы аздап ұлғаюы бейімділігі аз ақша-кредит саясатының жағына қарай жасалған қадам ретінде қабылданады. Ұлттық банк қаржы секторына қолдау көрсету мен инфляцияны ұстап тұрудың арасын байқап теңгеруі қажет. Жоспарланған бюджетті біртіндеп шоғырландыру бұрынғысынша орынды болып табылады және ол шығыстар сапасын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Егер сыртқы күйзелістер отандық экономикаға әсер ететін болса, ақша-кредиттік және салық-бюджеттік реттеу органдары жағдайды реттеуге дайын болғандары жөн. Айырбастау бағамының едәуір икемділігі экономиканың осындай күйзелістерге бейімділігіне жәрдемдесетін болады.

Болашақта қарсы циклдік бюджет саясатын жүргізуді жалғастыра беру қажет, ал бюджетті макроэкономикалық саясат мақсаттарына және мұнай ресурстарын оңтайлы пайдалануға сәйкес дайындаған жөн. Мемлекеттік органдардың мұнайға жатпайтын бюджетті орта мерзімді перспективада қысқарту жөніндегі жоспарлар жасағаны орынды. Әлеуметтік шығыстар инфляцияны ұстап тұрудың әкімшілік шараларына сүйенбес үшін халықты қорғаудың жетілдірілген жүйесі ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа мемлекеттік емес сектордың одан да серпінді қызметі және одан әрі экономиканы әртараптандыру үшін айтарлықтай резерв бар, бұл экономиканың өсуінің кемсітушілік сипатының аз болуын, бүкіл халықтың берекесін қамтамасыз етеді. Соған байланысты жақындағы «Дуинг бизнес» рейтингіндегі көрсеткіштердің жақсаруы сенім ұялататын фактор болып табылады, ал басқару, ашықтық және институционалдық құрылыс мәселесіндегі алдағы табыстар қаржы секторының сауығуымен қатар инвестициялар мен өсу үшін жаңа мүмкіндіктердің туындауына әкеп соғады.