Шағын комплектілі бастауыш мектепте оқушылардың математика пәнінен білімдерін бақылау, бағалау және есепке алу

Оқушылардың математикадан алған білімдері, біліктері мен дағдылары күнделікті сабақта ауызша сұрау мен оқушылардың білім деңгейлерін анықтау, яғни бақылау жұмыстары алынатын сабақтарда тексеріледі және бағаланады.

А) Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау: (Т.Қ.Оспанов)

«5» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады;

- Қойылған сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;

- Есептерді дұрыс және барынша тез орындаса;

- Есеп шығаруда өзіндік жоспар құра алса немесе шығара алса, қзінің амалдарын түсіндіріп және есептің сұрақтарына берген жауаптарын дәл тұжырымдап бере алса;

- Практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса.

Егер оқушының жауабы негізінен «5» деген баға үшін тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса, «4» деген баға қойылады:

- Жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;

- Есептеу берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;

- Есептерді шығарған кезде дәлдігі жеткіліксіз (шешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;

- өлшеулер мен сызулар орындаған кезде дәлсіздік жіберілген болса.

Мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлықын да оп-оңай түзете алады.

«3» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:

- есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;

- есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса.

Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алса, есептерді тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара алмаса және есептеулерді жүргізе алмаса, онда «2» деген баға қойылады.

Егер оқушы бағдарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.

Ә) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау (Т.Қ.Оспанов)

Бақылау жұмыстарының көлемі оқушылар орындай алатындай өткен материалға байланысты әр тараудың, тоқсан және жылдың соңында беріледі.

45 минут ішінде оқушылар жұмысты орындап және тексеріп үлгерулері тиіс.

Математикадан жазбаша бағылау жұмысын бағалауда өрескел және өрескел емес қателер кездеседі.

Өрескел қателерге мыналар жатады:

- есепті немесе мысалды есептеуден жіберілген қате;

- арифметикалық амалдардың орындалу тәртібінен жіберілген қате;

- есептің шешуін дұрыс орындамау (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдай алмау, артық амалдар орындау);

- есепті немесе мысалды есептеуде аяқтамау;

- орындалмаған жұмыстар.

Өрескел емес қателерге мыналар жатады:

- есептеп шығару тәсілі орынды болмау;

- есепті шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау;

- есептің тұжырыдалу жауабы дұрыс алмау;

- берілген сандардан, белгілерден көшіргенде қате жіберу;

- қайта құруды соңына дейін аяқтамау.

Жұмысты тексеруге қатысқан адам есептеу дағдыларына баға қоюына болады:

- егер жұмыс қатесіз орындалса, «5», ал жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады;

- егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «3», ал өрескел қате 3-тен, өрескел емес қате 2-ден артса, «2» қойылады.

- барлық тапсырма қате орындалса, «1» деген баға қойылады.

Тек есептерден ғана құралған жұмыс былай бағаланады:

- егер есеп дұрыс орындалса, «5» деген баға қойылады.

- егер есепті шығарғанда, 1-2 өрескел қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады.

- егер есепті шығарғанда, 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, «3» деген баға қойлады.

- егер есеп шығарылмаса, «1» деген баға қойылады.

Құрама бақылау жұмыстары былай бағаланады:

- егер жұмыс қатесіз орындалса, «5» деген баға қойылады;

- егер орындалған жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате болса (есепті шығаруда өрескел қате болмау керек), «4» деген баға қойылады;

- егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, бірақ есептің шығарылу жолы дұрыс болса, «3» деген баға қойылады;

- егер орындалған жұмыста 4 өрескел қате жіберілсе, «2» деген баға қойылады;

- егер оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындамаса, «1» деген баға қойылады.

ШЖБМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу. ШЖБМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау және диагностикалау

Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау және есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижені, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Ал есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен оқытушының жұмысын жинақтап қорыту.

Үлгерімді бағалаудың білімділік және тәрбиелік маңызы бар. Білім беру мағынасы - оқушылар объекті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді.Тәрбиелік мағынасы - объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастыратын құрал.

Білімді, білікті және дағдыны тексеру мен бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және оқытудың кері байланысын есепке алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынандай жағдайларды ескеру қажет:

- оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;

- баға әділетті болуы қажет;

- әрбір баға –бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал;

- бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;

- оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау - өте күрделі мәселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-ала қоңырауда көмекші-лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай және дұрыс бағалай білуге үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп, бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек қана оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай жоспарлағаны, қандай тәсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріп отырғандығын – осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.

ШЖБМ мұғалімдері оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауда өз тәжірибелерінде әр түрлі әдістерді және құралдарды қолданады. Көпшілік жағдайда тапсырмалар әр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді. Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының жауабы соның ішіне салынады. Кейбір мұғалімдер оқушылардың білімдерін бағалау үшін алдын-ала дайындалған геометриялық фигураларды, суреттерді (ұшақ – «5», жеңіл машина – «4», ат –«3», тасбақа – «2» суреттері), жетондарды пайдаланады.

 

 

Лекция 10 (10- апта, 3 сағат)