XVII-XIX ғасырдағы іс жүргізуді ұйымдастыру және нормативтік заң актілері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................3

1 XVII - XIX ғасырдағы іс жүргізуді ұйымдастыру және нормативтік заң актілері......................................................................................................................4

2 XIX ғасырда қазақ тілінде іс жүргізудің қалыптасуы және ерекшелігі..........6

3 XIX ғасырдағы Жәңгір хандығындағы іс жүргізу.............................................8

Қорытынды..............................................................................................................9

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................10

 

 

Кіріспе

XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығы құрылып, дербес мемлекетке айналған тұста оның өзіндік рәміздері де қалыптасты. Хандықтың нақты аумағы, сол аумақта өмір сүрген халқы, мемлекетті басқару аппараты және тағы сол сияқты болғандығына тарих куә. Хандық билік хан кеңесі арқылы іске асырылды. Мемлекеттің, сондай – ақ кеңестің арнайы кеңсесі жұмыс істегенін сол кездегі іс қағаздары дәйектейді. XVIII ғасырдың бас кезінен іс қағаздарын дайындау, құжат айналымына түсіру және сақтау дәстірлі сипатқа ие болып, іс жүргізу мемлекетті басқарудың құрамдас бөліктерінің біріне айналды. Патшалық Ресейдің отарлық жүйесіне тартыла бастаған қазақ даласында іс жүргізудің империялық саясаттың ауқымында кеңсе түсті. Олардың түрлері көбейіп, мазмұндары күрделенді.

Қазақ жеріне енгізілген империялық басқару жүйесі оны патшалы Ресейге толығымен басыбайлы тәуелді етті. Мұқият тиянақты ойластырылған және оң нәтижеге қол жеткізу үшін ұтымды ұйымдастырылған икемді басқару жүйесі ақырындап енгізілді. Алдымен үлкен аумақты басқару үшін аймақтар бойынша басқару мекемелері құрылды, сосын басқару барысында жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті тетіктер іске қосылды. Басқару жүйесі өз аппаратымен барлық саланы қамтыған жағдайда ғана мақсатына қол жеткізетіні белгілі. Осы бағытта әрекет еткен империялық басқару жүйесінің механизмі патшалы Ресейдің отарлардағы саясатын өз мақсаты мен міндеттеріне сай жүзеге асырды.

Отаршылдықты жүйелі әрі заңды жүргізу мақсатында патшалы Ресей қазақ жерінде 1794 жылы алғашқы мекеме - Ішкі істер министрлігінің Орынбор Қырғыздарының Облыстық Басқармасын құрды. Жалпы революцияға дейін ел аумағында империялық отарлық саясатты жүргізу мақсатында мекемелердің кеңейтілген жүйесі ұйымдастырылды. Олардың қатарында Далалық генерал губернатор мен әскери губернаторлар кеңселері; облыстық, уездік және болыстық басқармалар; округтік приказдар , шекара басқармалары статистикалық комитеттер, санақ комиссиялары, облыстық және округтік соттар, нотариустар, жандармдық полицейлік басқармалар, облыстық әскери штабтар құрылды. Бұл мекемелердің ұйымдастырылуының өзі 1794 - 1868 және 1868 - 1917 жылдар аралығын қамтитын үлкен екі кезеңде жүрді.

XVII-XIX ғасырдағы іс жүргізуді ұйымдастыру және нормативтік заң актілері

Қазақ жерінде іс жүргізудің ұйымдастырылуы мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуымен қатар жүрді. Оның алғашқы кезеңдегі дамуы 1794 жылы Бөкей хандығы мұрағатының ашылуы және империялық алғашқы мекемелерінің ұйымдастырылуы кезеңдеріне тұспа - тұс келеді.

XYIII ғасырдың басында патшалы Ресейде мемлекеттің жаңа тұрпаты - абсолюттік монархия қалыптасып, ол заң шығару және атқарушы билікті қолында шоғырландырып, орталық органдар арқылы басқаруды жүзеге асырды. Басқару жүйесінде жоғарғы орталық орган "коллегия" деп аталды. Мемлекеттің күшеюі, басқару аппараты санының өсуі, бюрократиялық механизмінің күрделенуі мемлекеттік іс жүргізуді реттеу, оның құқықтық негіздерін күшейтуді қажет етті. Нәтижесінде басқару ісін заң жолымен реттеу механизмі жасалынып, 1720 жылы Бас регламент қабылданды. Ол басқару жүйесінде коллегиялардың міндеттерін, қызметтерін, құрылымын және жұмыс тәртібін белгіледі. Коллегиялық басқаруға дейін приказдық басқару жүйесімен дамыған патшалы Ресей басқару ісі мен мемлекеттік іс жүргізу саласында қажетті тәжірибе жинақтап үлгерді. Құжаттарды тіркеу және есеп беруді жүргізу 1726 жылғы заң актісі бойынша бекітілді.

Приказдық және коллегиялық іс жүргізу жүйелері империяның мемлекеттік қайта құрылуына байланысты болды. Сол себепті жаңа реформаларға сәйкес іс жүргізу жүйесін де реттеу үшін жаңа заңдар қабылданып отырды. Мәселен, І Александр 1801 - 1825 жылдар аралығы тұсында орталық басқару жүйесі реформаланып, ол іс жүргізудің даму процесін белсенді түрде жеделдетті. Өйткені реформа сол кезеңдегі мемлекеттік аппаратты елдегі жаңа экономикалық және қоғамдық өзгерістерге бейімдеуге бағытталған еді. Мұндай жаңа қайта құрулар мемлекеттік іс жүргізуді белсендіруге тек оңтайлы жағдай туғызды. Дегенмен бұл үрдіс ұзаққа созылып, осы кездегі өтпелі кезең тоғыз жыл аралықты қамтыды. 1811 жылы 25 маусымда қабылданған "Министрліктерді ортақ құру" заңы министрліктердің қызметтерін, құрылымын және қызмет салаларын белгілеп берді. Мемлекеттік аппараттың өзгеруімен іс жүргізу жүйесінде де қайта ұйымдастырулар орын алды. Бұған әсіресе басқару жүйесін жетілдіру барысында үлкен мән берілді. Министрліктерде жаңа құрылым - кеңсе пайда болды. Онда іс жүргізудің бірыңғай жүйесі мен барлық "хаткерлік" жұмысы шоғырланды. Аталмыш заң ХІХ ғасыр бойы іс жүргізудің негізгі принциптерінің сақталуын қамтамасыз еткен әрі кеңестік басқару жүйесі енгізілгенге дейін өзектілігін жоймаған бірден - бір заң актісі саналады. Осы заңға сәйкес іс жүргізу бес кезеңді қамтыды, істердің келіп түсуі, істер қозғалысы, істерді жөнелту, тексеріс және есеп беру. Заңда құжаттармен жұмыс істеудің барлық сатысындағы түрлі лауазымды тұлғалардың өкілеттері мен міндеттері белгіленді. Алдыңғы іс жүргізу жүйесінен ерекшелігі құжаттардың орындалуын бақылау қызметі жетілдірілді. Бұл жұмысты тексеріс түрінде орындау талап етілді. Тексерістер түрде мына критерилер бойынша жүргізілуі тиіс болды: 1) істер талаптарға сай дұрыс жасалынған ба? 2) істерге тақырыпшалар дұрыс құрастырылған ба? 3) іс жүргізуде жайбасарлық жоқ па? 4) іс жүргізуде істердің орындалуы анықтама үшін немесе қажетіне қарай тоқтап қалмай ма?

Министрлік іс жүргізуінің коллегиялық іс жүргізуінен айтарлықтай айырмашылықтары болмады. Әйтсе де құжаттар түрі көбейіп, көлемі өсті, басты іс жүргізу процестері нақтыланып реттелді, белгілі басқару әрекеттерін орындау үшін қажетті құжаттардың түрлік құрамы біртіндеп қалыптасты және құжаттардың нысандары бірізделді. Іс жүргізу жүйесі бірыңғайланып басқару қалыпты жағдайға түскен соң патшалы Ресей шет аймақтардағы отарларды басқаруды күшейтуге кірісті. Осы бағытта ұйымдастырылған мекемелер жүйесіне тоқталып өтсек, себебі Қазақстандағы мекемелер осы жүйенің үлгісінде құрылды. Ал іс жүргізудің дамуы осы мекемелердің қызметімен тығыз байланыста болды. Мемлекеттік Кеңес, Министрлер Комитеті, Сенат тәрізді үкіметтік мекемелер ашылды. Жоғарғы заң кеңесші органы саналатын Мемлекеттік Кеңестің іс жүргізуі оның Мемлекеттік Кеңсесінде шоғырланды. Кеңсені Мемлекеттік хатшы басқарды. Министрлер Комитеті министр құқығын иемденген министрлер мен бас басшылардан тұрды. Ұлы мәртебелі императордың кеңсесі патшаны маңызды заң, басқару және сот мәселелері бойынша барлық үкімет мекемелерімен байланыстырып тұрды. 1826 жылы Император кеңсесі құрамында 1 - ші, 2 - ші, 3 - ші бөлімшелер, 1828 жылы 4 - ші бөлімше, 1836 жылы 5 - ші, 1842 жылы 6 - шы бөлімше құрылды. Әр қайсысы жеке салалық басқару істерімен айналысты.

Қазақ жерінде басқаруды заңдастыруға ұмтылған патшалы Ресей аймақтар бойынша басқару ережелерін қабылдап, жүзеге асыруға белсене атсалысты. 1822 жылғы Сперанский реформасы бойынша (1822 - 1824 жж) Орта және Кіші жүз қазақтарын басқару ережелері іске асырылса, 1844 жылы 14 маусымда Орынбор қазақтарын басқару ережесі қабылданып, ол бойынша Орынбор шекаралық комиссиясы құрылды.

Комиссия құрамына төраға, оның көмекшісі, кеңесшілер, заседательдер және кеңсе штаты бекітілді. Осы ережеде төраға лауазымен қатар "іс жүргізуші" лауазымы да көрсетілген. Демек басқару ісімен қатар іс жүргізуге де аса ден қойылып, оған жауапты адамдар ресми бекітілген.

1854 жылы 19 мамырда император қаулысымен мақұлданған және Сібір комитеті бекіткен "О распространении на Сибирских киргизов общих законов империи" заңының да мәні ерекше. Осы уақыттан бастап Қазақстанда әкімшілік реформаларды толық іске асыру мақсатында Мемлекеттік кеңес, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Үкімет Сенаты, Министрлер комитеті бекіткен арнайы заңдар қолданылды. Терең мақсатты, белгілі бір мүддені көздеген империялық заңдардың да іс жүргізу тарихында өзіндік орны ерекше. Әкімшілік реформалар нәтижесінде қазақ жері генерал - губернатор басқаруына беріліп, қазақтар үшін жат жаңа басқару жүйесі енгізілді. Облыс әскери губернатордың, облыстық басқарма вице - губернатордың, уез аға және кіші көмекшілердің, болыстар сұлтандардың және ауыл старшиналардың басқаруына берілді. Іс жүргізудің ұйымдастырылуына келсек, генерал - губернатордың кеңсесі бөлімдерге бөлінді және әр бөлімде іс жүргізуші, іс жүргізушінің көмекшісі қызметкерлері болды. Кеңседен шығатын құжаттарға кеңсе басқарушысы, іс жүргізуші қолдарын қойып, іс жүргізушінің көмекшісі куәландырып қолымен растайтын. Мәселен, Түркістан генерал - губернаторының кеңсе құрылымын төмендегі кестеден көруге болады (1-сурет).

Түркістан генерал - губернаторының кеңсесі
1-сурет. Түркістан генерал - губернаторының кеңсе құрылымы.

Іс жүргізуші көмекшісі  
Іс жүргізуші
Кеңсе бастығы

 

Оның есесіне Министрлер Комитетіне есеп беру және оны қарау жиіледі.

Мемлекеттік мекемелерде орын алған осындай жағдайлар, әрине, олардың іс жүргізуне де әсер етпей қоймады. Коллегиялық іс жүргізуді министрлік іс жүргізуге алмастырылды. "Министрліктерді ортақ құру" заңы істердің келіп түсуі және қозғалысы тәртібін бекітті. Ол бойынша істерді тіркеудің белгілі нысандары, орындау мерзімі көрсетілген істердің министрлік ішіндегі қозғалысы, құжаттардың жолдануы, орындалуын тексеру және есеп беру тәрізді әрекеттер реттелді. Дегенмен мұндай шырмаланған тәртіп іс жүргізуде бюрократизмнің толықтай сіңісіп орнығуына әкелді. Тек мына бір ғана фактіден оны анық байқауға болады. Министрліктің бір департаментінде құжат қозғалысында 34 операция жүргізілген. Министрліктерді ұйымдастыруда, оның іс жүргізуінде және қызметінің принциптеріндегі бірыңғайлық орталық аппаратты күшейтті. Біртіндеп басқарудың коллегиялық әдістерін ығыстыруға мүмкіндік берді. Уақытша болса да барлық үкімет аппаратының жұмысы күшейтілді.

І Александрдың ішкі реформалары жоғарғы және орталық мемлекеттік аппаратты күшейтіп, жергілікті үкімет және сословие мекемелері орталықпен тығыз байланыста болмады, І Николай тұсында (1825-1855 жж.) мемлекеттік аппаратты әскерилендіру жүрді. Декабристер көтерілісінен кейін ішкі жағдайды қатаң түрде қалыпты ұстау мақсатында жүргізілген әскери реформа нәтижесінде министрліктердің ұйымдық құрылымы өзгерді. Олардың басқару және атқару қызметтері барынша орталықтандырылды. Барлық басқару билігі Ұлы мәртебелінің кеңсесінде шоғырланды. Мемлекетті басқарудың барлық маңызды мәселелері осы кеңседе шешімін тауып отырды. Алайда ХІХ ғасырдағы патшалы Ресейдегі феодалдық - крепостнойлық құрылыс пен оның құрылғысы ерекше дағдарысқа ұшырады. Мемлекеттік аппаратта, әкімшілік, полиция, цензура, сот, тіпті армияның өзі де өз қызметтерін атқара алмайтын деңгейге жетті. Осындай тоқырауға қарамастан қабылданған заңдар Қазақстан аумағында жүзеге асып жатты. Басқару жүйесінде патшалы Ресейдің барлық заңдарының толық мойындалуы Қазақстанды империяға басқару жағынан толық тәуелді етіп, саяси, әкімшілік, сот және тағы басқа жағынан басыбайлығын күшейтті. Демек, басқару жүйесімен тығыз байланысты іс жүргізудің де осы жағынан алғанда орыс іс жүргізуімен ортақтығы басым болды. Яғни бұл үдеріс қазақ жеріндегі империялық іс жүргізуді де қамтыды [1].